Материалдар / Сұлу қыз әдемі күл,сыпайы жүр
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сұлу қыз әдемі күл,сыпайы жүр

Материал туралы қысқаша түсінік
Қыздарға ақыл-кеңес беру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нуржанова Г.Р. - логопед

Утебаева А.С.- педагог-психолог

ГУ «Кабинет психолого-педагогической коррекции

Уалихановского района»

Северо-Казахстанской области



Тақырыбы: «Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойла»
( қарым-қатынасты дамытуға арналған тренингтер)


Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Жұмыс түрі: Тренинг сабақ.


Барысы: 1 Психологиялық дайындық
2 Амандасу тренингі
3 Есіміңді бейнеле
4 Мимика тренингі
5 Мағынаны табу (Шебер қарым-қатынас мәдениеті төңірегінде
түсініктеме беріледі)
6 Майшам (шырақ)
7 Гүл
8 Қорытынды


1. Психологиялық дайындық
Балалар, ыңғайлы отырып, бір-біріміздің көзімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан сендердің көңілдерің көтеріңкі болсын.
Балалар, сәлемдесу сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдерші ( Амансыз ба?, Сәлематсыз ба? Деніңіз саума? Қаліңіз қалай тб)
Дұрыс айтасыңдар, адамдар бір-бірімен кездескенде осы жылы сөздермен амандасып, бір-біріне денсаулық, жақсылық тілеп жатады. Сондықтан адамдар әрқашан да осындай жылы сөздерді естігісі келеді. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.


2 .Амандасу тренингі
Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі-бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол-бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз. Күн- бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек-бейнеленсе құшақтасамыз.


3. «Есіміңді бейнеле»
Шарты: Оқушылар өздерінің есімдерін айта отырып есімінің қандай мағына беретінін кім қойғаны туралы мәлімет бере отырып, алдын-ала үлестірген гүлдердің күлтешелерін тақтаға кезекпен-кезек іледі.
Соңынан психолог балалар мына тақтада әдемі гүл пайда болды. Бізде осы гүл секілді өміріміз жайнай берсін, өміріміздің гүлі болыңыздар дегім келеді.


4. «Мимика» тренингі Көңіл-күйлерің қалай?
1 Көңілді болғанда не істейміз?- Қол шапалақтаймыз.
2
Ренжігенде-бұртияды, қабақ түседі
3
Қорыққанда-көздерін жұмады.
4
Қуанғанда, көңілденгенде- күледі.
5
Таң қалғанда-көздері шарасынан шығады.
Мимика-беттің қимылдары арқылы өз сезіміңізді, ойларыңызды, көңіл-күйіңізді көрсету өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер етеді.
5
Адамның айналадағы адамдармен тілдесуі кезіндегі кішіпейілділік, сыпайылық қарым-қатынас жарастығының басты шарты болып табылады. Осыны білетін, іскерлікке зор мән беріп, оның психологиясын терең зерттеген өркениетті елдерде адам бойында бұл қасиетті қалыптастыруға зор мән береді.
Мәселен, Жапонияда адамдар бір-мәнін керсінше атаумен яғни жағымды мағыналы сөздер арқылы білдіреді екен. Тағы бір мысал: Ертеде өте алыс елде бір қала болыпты. Бұл өте мұңлы еді, өйткені бірімен сөйлескенде «жоқ», «білмеймін» деген сияқты сөздерді қолданбауға тырысады екен. Олардың онда не күн жарқырамаған, не бақшалар гүлдемеген, не гүлдері бүршік атпаған. Кісілердің көңілдері жабыраңқы, қайғылы, ал балалары жылап жүреді екен, өйткені аналары оларды еркелетіп, жылы да мейірімді сөздер айтпаған. Өмірлері қуанышсыз еді. Күндердің бір күнінде бұл қалаға бір ақылды сиқыршы ұшып келеді. Ол өте биязы, сыпайы еді. Ол қаланың көшелерімен өтіп жүріп, барлық кісілерге мынандай сиқырлы сөздер айтады: «рақмет», «өтінемін», «рақым етіңіз» оның сөздерінен адамдар күлімдей бастайды. Адамдар биязы, сыпайы, ізетті бола бастағаннан кейін олар күннің жарық шашқанын, бақшалардың гүлдегенін, гүлдердің бүршік атқанын көрді.


6. « Майшам» (шырақ)
Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағаман. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.


7. «Гүл»
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан жаққа шайқалады( қолдарын жан-жаққа шайқайды) Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тонып, бүрсіп жабылады. (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрсіп отырады) Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдерде құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!