жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сұлушаш поэмасындағы кейіпкерлерге талдау
Сұлушаш поэмасындағы басты киіпкерлерге талдау (Алтай,Сұлушаш,Қайсар)
1.Алтай
Ұл
туды деп шашулар шашылған жок,
Қатын
жиып қалжа да асылған жоқ.
Жөргегі
жоқ, қап-қара құрымға орап
Алса да,
жанның жаны ашыған жоқ.
Алтай деп
əлдеқалай атын қойды.
«Азанменен»
құлағы ашылған жоқ.
Шұнақтың ақжүрегі
қуанғаннан
Көпке шейін дүрсілдеп
басылған жоқ.(9 бет)
Алтай Сұлушаш поэмасындағы Шұнақ пен Тезектің отбасында дүниеге келген кезінде Тәлеубердінің қамыт киген құлы,малшысы боларын бәлмейтін пәк сәби басты кейіпкер.
…Күн-күн
санап толқыды туған айдай,
Қап-қара
көз, қыр мұрын, қасқа маңдай,
Қаз
мойынды, кең иық, сұлу тұлға
Тіп-тік
боп тауда өскен қарағайдай.
Кір-қожалақ
табанын тас тілсе де,
Жүдемеді, үдеді
гүл боп жайнай. (10 бет)
Осы үзіндіден Алтайдың қалай ержетіп,қиын өмірге,қорлыққа қарамастан сымбатты болып өскенің көруге болады.
Бір
доғал, жасынан бір бетті болды.
Кекшіл
қасқыр сықылды кекті болды.
Аузынан
шыққын сөзден қайтпай-тұғын,
Сөз
ұстағыш қажырлы, сертті болды.
Сол
бірбеткей бетінен қайтпаймын деп,
Жасында
талайлардан тепкі көрді,
Бала күннен
əлдінің қылығы өтіп,
Жас күнінен
өзегі өртті болды.
Бір доғал, жасынан
бір бетті болды.
Кекшіл қасқыр сықылды
кекті болды.
Аузынан шыққын сөзден
қайтпай-тұғын,
Сөз ұстағыш қажырлы,
сертті болды.
Сол бірбеткей бетінен
қайтпаймын деп,
Жасында талайлардан
тепкі көрді,
Бала күннен əлдінің
қылығы өтіп,
Жас күнінен өзегі өртті
болды. (10 бет)
Ақын Алтайды сымбаттылығымен қоса оны қасқырға теңеп қырсық,кекшіл,бірбеткей қып суреттейді.Ол енді ер жетіп,өмірдің қанша тауқыметін көрседе бәріне төтеп беріп намысшыл,жігерлі,сымбатты болып өседі.
Сәске еді. Нұры балқып, қайнады күн,
Желіге Алтай әуел байлап құлын,
Үйге қарай қайтқанда, ақ отауға
Жүрші деп жүрек соқты бермей тыным,
Есікті ашып үйге кіріп келсе,
Сұлушаш шашын тарап отыр қырын.
Сүйріктей саусағымен шашын ашып,
Жымиды келгендігін көріп мұның.
Қанша арбап қылмыңдап жүрсе-дағы,
Бұлай қарап көрмеген бұдан бұрын. (13 бет)
Алтай Сұлушашты ессіз сүйеді оған ғашық.Бірақ,екеуі екі әлеуметтік ортадан шыққан,Сұлушаш Тілеуберді байдың ерке қызы болса,Алтай қүл мен күннің баласы.
«Құл, күң» деп күнде-күнде шұқып көзге,
Ұрып-соғып, Алтайдың өзін-дағы,
Жасынан қой бақтырып қылған кезбе,
Мойнақ төсеп, иығына құрық іліп,
Денесін жарытпаған бүтін бөзге.
Табанын боп шөгір тілген,
Нәлет қамыт мойнына мықтап ілген.
Баққан қойдан бір қозы жатып қалса,
Ішкен асы бойына зорға сіңген.
Күңнен туған ит-шошқа, шұнақ құл» деп,
Тілеуберді шағатын улы тілмен. (13-14 бет)
Алтай кедейден шыққан құл,Тілеубердінің қора-қора малын,үйір-үйір жылқысын бағатын қара жұмыскері,малшысы.
...Екеуі
серт байласып алысты қол,
Сөздері
«сен мықты бол, сен мықты бол!»
Бүгінгі
көрісуден тапқандары,
Ашылған
сықылданды көмескі жол.
Ернінен бір
шоп етіп сүйді-дағы,
Есік ашып далаға
шықты Алтай,
Сүйгенін шығарып сап: –
болсын деп жол...
...Тұр
екен Тортөбел де тігіп құлақ,
Үстіне
Алтай ырғып мінді бір-ақ.
Жөнеле
бергенінде, арт жағынан
Жаулар да
аттанысып қуды шұбап.
Жармасқанын
сойылмен бір-бір қағып,
Талайының
есі ауып қалды құлап.
Тортөбел ұшқан
құсқа шалдыра ма,
Қара үзіп қуғандардан
шықты жырақ... (37-47 бет)
Сол малшы кедей ортадан шықса да сертке берік,айтқанынан қайтпайтын сері жігіт.Оны Сұлушашқа берген уәдесінен,орындауынан білуге болады.
—
«Міне, Алтай дос, сұрасаң менің сырым,
Мұны саған айтқам жоқ бұдан бұрын,
Саған серік болғаннан осыны ойлап.
Айырылмай келеді сенен жұбым.
Мен саған өле-өлгенше шын жолдаспын,
Көкірекке орнаған иман мұным.
Біз көретін өмірде теңшілік аз,
Тіршілікте теңдіктен болмаса ырым.
Үйтіп тірі болғаннан не қасиет,
Қысқа өмірлі, тез өлер болып шыбын.
Жүргенше, сеніменен бірге өлсін,
Бірге ескен дос денем жазбай жұбын.
«Ылғи тұман қоршамас, бір ашылар,
Бір күні күн жарқырар, нұр шашырар.
Біз ашынып қоймаспыз, нәлет артқан,
Бейнет көрген құл біткен бір ашынар.
Біз елерміз, көш кешер, тұрмыс көшер.
Мықты кеуде құлдарға бір бас ұрар.
— «Бір орында тоқтамас, заман зырлар,
Құлдар ылғи құл болмас, бір күн шыңдар.
Ылғи қаратүнек күн төне бермес,
Алтын күнді бір көрер көзсіз құлдар.
Құл біткендер бірігіп көтерілсе,
Паналарға жер таппас, байлар сұмдар.
Құл жастар құлшылықтан азат болса,
Бізді атаусыз тастамас, толғар, жырлар.
Біз кешірген өмірді жырлағанда,
Жай тыңдамас азат құл жылап тыңдар!!..»
— «Жан жолдасым, разымын, разымын» деп,
Жылады Алтай Қайсарды құшақтап кеп.
— Ренжір, қалса қалсын деп ойлап ем,
Серікті неге әйтпесе көрейін жек.
Сендей сенер сырласы бар жігіттің
Арманынан шығуын қылмаймын шек,
Не өлерміз, кейінгі үлгі алар,
Не қайтар, күштілерден алатын кек!»
— «Міне, Алтай дос, сұрасаң менің сырым,
Мұны саған айтқам жоқ бұдан бұрын,
Саған серік болғаннан осыны ойлап.
Айырылмай келеді сенен жұбым.
Мен саған өле-өлгенше шын жолдаспын,
Көкірекке орнаған иман мұным.
Біз көретін өмірде теңшілік аз,
Тіршілікте теңдіктен болмаса ырым.
Үйтіп тірі болғаннан не қасиет,
Қысқа өмірлі, тез өлер болып шыбын.
Жүргенше, сеніменен бірге өлсін,
Бірге ескен дос денем жазбай жұбын...
— «Бір орында тоқтамас, заман зырлар,
Құлдар ылғи құл болмас, бір күн шыңдар.
Ылғи қаратүнек күн төне бермес,
Алтын күнді бір көрер көзсіз құлдар.
Құл біткендер бірігіп көтерілсе,
Паналарға жер таппас, байлар сұмдар.
Құл жастар құлшылықтан азат болса,
Бізді атаусыз тастамас, толғар, жырлар.
Біз кешірген өмірді жырлағанда,
Жай тыңдамас азат құл жылап тыңдар!!..»
— «Жан жолдасым, разымын, разымын» деп,
Жылады Алтай Қайсарды құшақтап кеп.
— Ренжір, қалса қалсын деп ойлап ем,
Серікті неге әйтпесе көрейін жек.
Сендей сенер сырласы бар жігіттің
Арманынан шығуын қылмаймын шек,
Не өлерміз, кейінгі үлгі алар,
Не қайтар, күштілерден алатын кек!» (53 бет)
Қайсар мен Алтай бала кезден бірге өскен сырлас тамырластар.Олардың достықтарынан адалдықты көруге болады.Бұл достық осы шығарманы оқығандарға үлгі бола алады.
Жайылды ел ішіне бала бақсы,
Жұрттың сөзі — «бақсының алды жақсы
«Көріп кел, айтқандары теріс кетпейді.
Қобызшы, жауырыншы, құмалақшы!
Құрт ауру болды деп жорып қойған,
Байбосын да, елі де Сұлушашты.
Сол бақсы қаңғалақтап өзі келді,
Байбосын боп жүргенде алдырмақшы.
Жайылды ел ішіне бала бақсы,
Жұрттың сөзі — «бақсының алды жақсы
«Көріп кел, айтқандары теріс кетпейді.
Қобызшы, жауырыншы, құмалақшы!
Құрт ауру болды деп жорып қойған,
Байбосын да, елі де Сұлушашты.
Сол бақсы қаңғалақтап өзі келді,
Байбосын боп жүргенде алдырмақшы...
Бақсыны көргеннен-ақ бар денесі,
Шымырлап Сұлушаштың кеткен есі,
Басында күні бойы оралған ой,—
«Жаным-ау, біздің Алтай емес пе осы?!
Егер де Алтай болса жынданған ба,
Ел ақтап, бақсы болып жүрген несі?»
Жұрт қашып шығып сыртқа, бақсы екеуі
Қалғанда, күдік ойдың бар пердесі
Түріліп, танығанда ғашық жарын
Таң болған Сұлушаштың шықты есі.
Бақсыны көргеннен-ақ бар денесі,
Шымырлап Сұлушаштың кеткен есі,
Басында күні бойы оралған ой,—
«Жаным-ау, біздің Алтай емес пе осы?!
Егер де Алтай болса жынданған ба,
Ел ақтап, бақсы болып жүрген несі?»
Жұрт қашып шығып сыртқа, бақсы екеуі
Қалғанда, күдік ойдың бар пердесі
Түріліп, танығанда ғашық жарын
Таң болған Сұлушаштың шықты есі. (61-63 бет)
Алтай бәрін алдын ала болжап, өзінің махабатын,сүйгенің Сұлушашты құтқару үшін бәріне дайын әрі ол елді шулатқан Бақсы болып киініп,қулығын пайдаланады.
Қайсар, Алтай жауларға қарсы жүрді.
Қарсы шыққан қос адам көрінген соң,
Қос боз атты атының басын бұрды.
Садақпен Алтай бірін тартып қалды,
Оқ жаңылмай атқанға тура барды.
Кеудесіне дір етіп қадалып оқ
Бір боз атты атынан домаланды. (64-65 бет)
Осы үзіндіде кешегі қиыншылық пен әділетсіздікті көріп өскен бала Алтайдан ер жетіп мерген,жүрек жұтқан батыр Алтайды көруге болады.
...Алтайға
талусырап келді дыбыс:
«Қош бол, ажал
таянды – деген, – маған!..»
Көзінен
жас Алтайдың кетті ытып,
Ішіне ауа
емес, жалын жұтып,.. (72 бет)
Алтай қанша жүрек жұтқан батыр,кекшіл болса да, ол адамгершілігі бар адам оны досының өліміне көз жасын ағызуынан оның сезімталдығын көруге болады.
2.Сұлушаш
Екі-үш
жылдай отасып Тілеуберді,
Түнғышы,
Алтынайдан бір қыз көрді,
Сұлушаш
қойып атын, ұлан-асыр
Той жасап
дүрілдетті бүкіл елді.(10 бет)
Сұлушашта поэмадағы басты киіпкерлердің бірі,ол Тілеуберді бай мен Алтынайдың тұмсықтыға шоқтырмай,қанаттыға қақтырмай өсірген қыздары.
Ай
мен күндей нұры бар жалғыз ару,
Бесіктен-ақ
бал болып мəпеленді.
Ержеткенде күн
түсіп бұғағынан,
Таң қылды сұлулығы
көргендерді.
Он алтыға келгенде
қыздың жасы,
Төгіліп тізесіне түсті
шашы,
Қаламмен жалғыз сызық тартқандай
боп,
Қиылды қап-кара боп қиғаш
қасы,
Қарақат көз, қыр мұрын, ұзын
кірпік,
Тістері меруеттің тізген
тасы.
Бетінен нұры бөртіп, қаны
тамған,
Толқыған сұлу айдай кесер
басы.
Мойыны иірілген аққу-сынды,
Тамағы
торғындай боп тартты күнді.
Қып-қызыл
жұқа ерін, оймақ ауыз,
Қиылып құмырсқадай
белі үзілді.
Сүйрік саусақ, жұп-жұмыр
жұмсақ білек,
Орта бойлы- шалқақтау
ер пішінді.
Көз қарасы көргенді күндей
ертіп,
Ішпей-жемей мас болып көзін
жұмды.
Ай мен күндей нұры бар жалғыз
ару,
Бесіктен-ақ бал болып
мəпеленді.
Ержеткенде күн түсіп
бұғағынан,
Таң қылды сұлулығы
көргендерді.
Он алтыға келгенде
қыздың жасы,
Төгіліп тізесіне түсті
шашы,
Қаламмен жалғыз сызық тартқандай
боп,
Қиылды қап-кара боп қиғаш
қасы,
Қарақат көз, қыр мұрын, ұзын
кірпік,
Тістері меруеттің тізген
тасы.
Бетінен нұры бөртіп, қаны
тамған,
Толқыған сұлу айдай кесер
басы.
Мойыны иірілген аққу-сынды,
Тамағы
торғындай боп тартты күнді.
Қып-қызыл
жұқа ерін, оймақ ауыз,
Қиылып құмырсқадай
белі үзілді.
Сүйрік саусақ, жұп-жұмыр
жұмсақ білек,
Орта бойлы- шалқақтау
ер пішінді.
Көз қарасы көргенді күндей
ертіп,
Ішпей-жемей мас болып көзін
жұмды.(10-11 бет)
Ақын сол ерке Сұлушашты осы жолдар арқылы атына сай сұлу,ару қылып,эпикалық шығармалардағы сұлуларға теңейді,көрген жігіттердің ішпей мас болып қалатындай бейнелейді.Мәселен,
«Қып-қызыл
жұқа ерін, оймақ ауыз,
Қиылып құмырсқадай
белі үзілді.
Сүйрік саусақ, жұп-жұмыр
жұмсақ білек,» -деген жолдарда «Қыз
Жібек» жырындағы Қыз жібектің ұқсас
сипатын көруге болады.Ал ақын сол секілді
поэмада Сұлушашты да шебер әрі көркем
суреттей алды.
Басқаны
Сұлушаштың сүйері жоқ,
Алтайдан басқа
көңілі иері жоқ,
Кездескен қай мырзаға
кез салса да,
Ішінде тап Алтайдай
біреуі жоқ.
Алтайдың тілі оған бұлбұлға
ұқсас,
Сөйлесе майдай майда, сүйегі
жоқ.
Тəңірісі табынатын жалғыз
Алтай,
Өзінше одан артық киелі жоқ.(15
бет)
Сұлушаш Алтайды сүйеді,оған деген сезімі
пәк,оған қанша жігіт мырзалары көз тігіп
сөз салса да,ол күн мен құлдан туылған
малшы Алтайды сүйеді ғой,шіркін.Жүрекке
әмір жүрмейтінін осы жерден көруге
болады.
Екеуі
Сұлушашты енді білді,
Мінісіп аттарына
қарсы жүрді,
Сұлушаш жақын келіп
аттан түсіп,
Алдына Алтайының тəжім
қылды.
Құшақтап екеуінің көріскенін,
Өзен,
таң, Қайсар, қыздар көріп тұрды.
Шөп
етіп Алтай беттен сүйіп алды,
Сұлушаш
езу тартып қана күлді.
Көп тұрсақ
көзге ұшырап қалармыз деп,
Қайтадан
бəрі тағы атқа мінді.
Жолшыбай
мəз-мейрам боп қарқ-қарқ күліп,
Қайсар
да нөкерлерді сөзбен іліп,
Сұлушаш
Алтаймен ат үстінде,
Келеді құшақтасып
сайда жүріп.
Жол ашты шық басқан жасыл
шөптер,
Майысып басын иіп, тəжім
қылып.
Шуылдап өзен үсті əнге
толды,
Бүгінгі шат көңілді құс та
білді,
Бөлмеуге екі жастың
əңгімесін,
Басылып жел жадырап болды
тымық,
Жарыса аққан өзен мөлдірленіп,
Сыр
бермей күп-күрең боп қалды тұнып. (19-20
бет)
Сол
сұлулардың сұлуы,он жеті жасар Сұлушаш
дала заңына,қызға деген қырық тыйымға,
ата-анасының сөзіне қарсы шығып,Алтаймен
көңіл қосты, бәрінен де өз махаббатын
жоғары қойды.Осы жерден Сұлушаштың
кемшілігін көруге болады,ол жайлы жаман
көзқарас туады.
3.Қайсар
«Жарайды…
Барайын!» – деп сөз ұстатты.
Қайсарды
бүгін Алтай қасына ерткен,
Ол оған
тату құрбы болған көптен.
Сейілдің
сөзін айтып Қайсарға Алтай,
Ақтарды
сырын түгел судай төккен:
– «Сұлушаш
жанған жұлдыз маған бола,
Көрсетіп
жарқын нұрын əуре еткен.
Жасырып
сенен сырды не қылайын.
Сұлуды аламын
деп мен ант еткем.
Адам болып өмірде
жасау қиын,
Таятын болсам егер осы
серттен.
Қане, Қайсар, айтатын ақылың
не?
Жəрдем тілеп, алдына жолым
шеккен»
– «Мұныңның бəрі мақұл
– деді Қайсар, –
Бірақ, іске
аптықпай кіріс еппен!».. (17 бет)
...Бірақ, менің бағым бар,— қатер туса,
Арашалап алатын досым барсың.
Ие... Қайсар!.. Бұның да аты тірлік...
Бүйтіп көрген тіршілік адыра қалсын!»... (49 бет)
— «Бір орында тоқтамас, заман зырлар,
Құлдар ылғи құл болмас, бір күн шыңдар.
Ылғи қаратүнек күн төне бермес,
Алтын күнді бір көрер көзсіз құлдар.
Құл біткендер бірігіп көтерілсе,
Паналарға жер таппас, байлар сұмдар.
Құл жастар құлшылықтан азат болса,
Бізді атаусыз тастамас, толғар, жырлар.
Біз кешірген өмірді жырлағанда,
Жай тыңдамас азат құл жылап тыңдар!!..»
— «Жан жолдасым, разымын, разымын» деп,
Жылады Алтай Қайсарды құшақтап кеп.
— Ренжір, қалса қалсын деп ойлап ем,
Серікті неге әйтпесе көрейін жек.
Сендей сенер сырласы бар жігіттің
Арманынан шығуын қылмаймын шек,
Не өлерміз, кейінгі үлгі алар,
Не қайтар, күштілерден алатын кек!»(53 бет)
Қайсар Алтаймен бала кезден бірге өскен,өзі сияқты кедей отбасыдан шыққан дос қиындықта сыналады дегендей қиын сәттерде жанынан табылатын сырлас адал досы.
Қайсар, Алтай жауларға қарсы жүрді.
Қарсы шыққан қос адам көрінген соң,
Қос боз атты атының басын бұрды.
Садақпен Алтай бірін тартып қалды,
Оқ жаңылмай атқанға тура барды.
Кеудесіне дір етіп қадалып оқ
Бір боз атты атынан домаланды.(64-бет) Қайсардың достығын Сұлушашты құтқару кезінде Алтаймен жауға қарсы шапқан жерінен көруге болады.
– «Қане,
Қайсар, – деді ол – ұшын
ұста!
Өрмелейін тұзаққа түскен
құсқа»
– Жоқ Алтай, сен бармайсың,
мен барамын!»
– «Мен барамын!..»
– «Мен
барам!..»
– Ол дұрыс па?
«Егерде
бізде достық рас болса,
Кезектесіп
кіреміз не жұмысқа!»
Ерегістің үстіне
екеуі де
Ойлады, деп: «қырсық па, əлде
ырыс па?»
Алтайдан қалап Қайсар кезек
алды,
Өрмелеп Сандықтасқа қинап
жанды,
Тер құйылып, алқынып,
өлдім-талдым
Дегенде төбесіне зорға
барды.
Шаңқылдатып, шекпенге орап,
төмен
Жіберген бүркіт зырлап кете
барды.
Сол кезде басқан бұтақ сынып
кетіп,
Асылып құзға Қайсар тұра
қалды.
Домалап бүркіт төмен түсті
аман,
Қайсарға бірақ Алтай болып
алаң.
Айғай салды биікте:
«Бар ма
Қайсар, –
Деп оған – əрі сырғып түсер
шамаң?»
Алтайға талусырап келді
дыбыс:
«Қош бол, ажал таянды – деген,
– маған!..» (71-72 бет)
Алтай мен небір қиындықты басынан кешіп
жүрген де,азық іздеп аса қауіпті тауға
өрмелеген Қайсар тайып жығылып мерт
болады.
Шығарманың сюжеттік желісін ел аузындағы аңыздан алғанымен, ақын оны өз дәуірінің талабымен шебер ұштастырады. Жастардың бостандыққа ұмтылуы арқылы автор жалпы адамзат баласына тән азаттыққа ұмтылу идеясын көрсетеді.Автор аңыздағы халықтық сарынды сақтайды да, оқиға мазмұнына өз жанынан өзгерістер енгізеді. Құстың ұясынан жұмыртқа алам деп жартасқа өрмелеген Қайсар құздан кұлап өледі. Алтай мен Сұлушашты оңайлықпен ұстай алмасын білген қуғыншылар таудың етегіндегі қалың орманға өрт қояды. Сондай бір сәтте өрттен қашқан жолбарыспен бетпе-бет келген Сұлушаш жар басынан өзенге секіріп суға кетеді. Жан досы мен сүйген жарының өлімін көрген Алтай өз жүрегіне өзі қанжар салып көз жұмады. Ел ауызындағы аңыз желісіне құрылған поэманың оқиғасы осындай. Адам баласының бас еркіндігін аңсаған жастардың трагедиясы аянышты.Бұл қайғылы оқиғаға себешпі сол кезеңдегі қазақ өміріндегі әлеуметтік теңсіздік екенін баса айтады.«Сұлушаш» поэмасында автор тек әлеуметтік мәселелерді, екі ғашықтың махаббат жолындағы трагедиялық тағдырын ғана суреттемейді. Поэмада адалдық» ар тазалығы мәселесі бар. Сұлушаш пен Алтай арасындағы ғашықтық арқылы ақын махаббатқа адалдық, ардын тазалығы туралы мәселе көтерсе, Қайсар образы арқылы досқа адалдық, адамгершілік тазалығы жайынан оқырманға ой тастайды.
«Сұлушаш» поэмасы.Роман мен повесть.Алматы «Атамұра» 2002

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген