Сұрыптау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сұрыптау

Материал туралы қысқаша түсінік
тамаша
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім:

PYTON тілінде алгоритмдерді программалау.

Педагогтың аты-жөні:

Cабдалиева М.Б

Күні:


Сынып: 9

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Сұрыптау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Сұрыптау алгоритмдерін анықтау;

Көптеген оқушылар үшін:

Сұрыптау алгоритмдерін салыстыру;

Кейбір оқушылар үшін:

Сұрыптау алгоритмдерін қолдану.

Оқу мақсаты:

9.3.2.1- сұрыптау алгоритмдерін қолдану

Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы:


Ой сергіту жаттығуы. «Титаник» ойыны Титаник кемесі апатқа ұшыраған, құтқарушылар адамдарды құтқару үшін келіп тұр. Бірақ барлығы қайыққа сыймайды. Сол үшін жағдайларына қарап құтқару керек. Үш құтқарушыға жасырын тапсырма берілген. Бірінші құтқарушы жағдайын айтып келген әрбір екінші адамды құтқарады, екінші құтқарушы жағдайын айтып келген әрбір үшінші адамды құтқаруы керек. Ал үшінші құтқарушы қанша жағдайын айтса да құтқармай тұрады.

Қайыққа отыру үшін оқушылар құтқарушыларға барынша жағдайларын айтады. Мысалы, үйде қарт әжем бар, анамды емдетуім керек деген секілді сылтау айтылады.

Бұл ойында адамдарды жағдайына қарап сұрыптау арқылы тақырып ашылады.

Үй тапсырмасын пысықтау.

Өткен тақырып бойынша оқулықта берілген тапсырмалардың шығу жолын тақтада, топта талдайды.

Ауызша мадақтау, ынталандыру.















Сабақтың ортасы:






















































Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау

  • Сұрыптау деген не?

  • Массив элементтерін сұрыптау дегенде не түсінесің?

  • Осы тақырыпқа байланысты күнделікті тұрмыстан қандай мысалдарды келтіре аласың?


Оқулықпен жұмыс


Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім толықтырып отырады.

Компьютермен жұмыс

«Алма сыйлау» жобасы

Гүләселдің N алмасы бар (0<N<100). Алмаларының салмақтары ai массивін құрайды (ai<1000). Гүләсел сіңлісі Гауһарға сол алмалардың арасынан ең үлкен К алмасын сыйлағысы келеді (0<К < N). Python программалау тілінде Гүләселге сыйға тартатын алмаларын таңдауға көмектестін программа дайында.

Түсініктеме: Жобаның программасын дайындау кезеңінде алмалар салмағына арналған массивті кездейсоқ сандармен құраймыз. Алмалардың санының шегі үлкен болғандықтан, жылдам сұрыптау үшін Qsort әдісін қолданамыз. Жобаның программалық кодында (3-код) алмаларды салмағының кему ретімен орналастырамыз. Сый- лауға алғашқы К алманы нәтиже ретінде баспаға береміз

Топтық жұмыс

«Алма сыйлау» жобасының программасына талдау жүргіз. Жоба программасындағы әрбір оператордың қызметін және ұйымдастырылған әрбір циклдің қызметіне жеке-жеке талдау жасап, нақты қызметін айқындаңдар.

Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалау.
































Сабақтың соңы







Рефлексия

  1. Массивті сұрыптау деген не?

  2. Массивтерді сұрыптайтын негізгі әдістер туралы не айтуға болады?

  3. Сұрыптау алгоритмдеріне қандай талаптар қойылады?

  4. Сұрыптауды қолданып, массивтің минималды элементін қалай табуға болады?

  5. Ең жылдам сұрыптау әдісі жайлы не айта аласың?

  6. Көпіршік әдісте сұрыптау қалай жүзеге асады?


Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Қандай тапсырма қызықты болды? Көңіл күйім қандай?







Үй тапсырмасы

Жинақтау бөлімінде «100 кітап жобасы» аясында өздерің оқыған 10 кітаптың атауы мен шыққан жылы бойынша құрастырған деректерің бойынша жоспарлаған жобаларыңның визуалды ортада жобасын дайында.

Оқулық, компьютер


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2023
518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі