жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сүт қоректілер
Тексерілді:
Мектеп дир. оқу ісі жөн орынбасары:
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасуаы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары. |
Мұғалімнің аты-жөні: Сыдықова А Күні: 22.04.17ж. Пәні: Биология |
|||||
Сынып: 7б |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: |
итті мысалға ала отырып, сүтқоректілердің көбеюі және даму ерекшеліктерін анықтау, олардың алдында өткен кластардың өкілдерімен салыстыра отырып, едәуір күрделі болу белгілерін көрсету. |
|||||
Сабақтан күтілетін нәтиже: 1-деңгей (білу, түсіну): |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Ұрпақтарына қамқорлық жаусауын біледі |
|||||
2-деңгей (қолдану, талдау): |
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алад: Жылдық тіршілік циклы мен аусымдық өзгерістерін біледі |
|||||
3-деңгей (жинақтау, бағалау): |
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Сүтқоректілердің көбеюі және дамуын біледі |
|||||
Тілдік мақсат: |
Термин сөздердің мағынасын дұрыс түсініп, айтылуы мен жазылуын дұрыс орындай алуын қадағалау. |
|||||
Ресурстар: |
Бейнежазба, слайд, балықтың макеті, әртүрлі әдістер |
|||||
Пәнаралық байланыс: |
Жануартану,география,жануарлар әлемі атласы,география және табиғат журналы |
|||||
Алдыңғы оқу: (өткен сабақ) |
Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы. Сүтқоретілердің тіршілік ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері |
|||||
САБАҚ ЖОСПАРЫ |
||||||
Сабақ барысы және жоспарланған уақыт |
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер |
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері |
||||
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында тренинг ұйымдастыру. Психологиялық дайындық «Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсаң да, ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса, ғылым тұл» (хормен айту) Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр. «Келгенше қонақ ұялады, Келген соң үй иесі ұялады»,- демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық. |
|
||||
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ 1-деңгей (білу, түсіну): |
Биологиялық диктант. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы................... деп аталады. (Маммалогия) Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын ........... пайда болған. (көкет) Ауыз қуысында .............. сілекей бездерінің өзектері ашылады. (3-4 жұп) Сүтқоректілердің .......... өте жақсы дамыған (иіс сезуі) Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы ......... бөлінген. (дабыл жарғағымен) |
Ауызша Әр дұрыс жауап 1 ұпай |
||||
2-деңгей (қолдану, талдау): |
а) Сүткоректілер деп қандай жануарларды атаймыз? б) Сүтқоректілердің сыртқы құрылыс ерекшеліктері қандай? в) Сүтқоректілердің жүрек құрылысы қандай? г) Сүткоректілерде қандай сезім мүшелері жетілген? |
жазбаша Дұрыс жауап 2 ұпай |
||||
3-деңгей (жинақтау, бағалау): |
«Миға шабуыл сұрақтары» 1. Желілер типі неше
тип тармаққа бөлінеді? |
Ауызша 3 ұпай |
||||
ЖАҢА САБАҚ |
1.Топтық жұмыс «Топтық тергеу» Оқулықпен жұмыс. 1-топ.Сүтқоректілердің көбеюі және дамуы 2-топ. Ұрпақтарына қамқорлық жасуаы. 3-топ. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстары. |
Формативті бағалау Жазбаша және ауызша |
||||
САБАҚТЫ БЕКІТУ 1-деңгей (білу, түсіну): |
«Ыстық орындық» |
ауызша Әр дұрыс жауап 1 ұпай |
||||
2-деңгей (қолдану, талдау): |
1.Ашық хат |
Ауызша 2 ұпай |
||||
3-деңгей (жинақтау, бағалау): |
1) Көбею ерекшеліктеріне қарай қандай топтарға бөлінеді? 2) Жұмыртқа салушы мен қалталы сүтқоректілерді неліктен қағанақсыз деп атайды? 3) Қағанақ деген не? 4) Қандай қағанақты сүтқоректілердің балалары жақсы жетілген күйінде туылады? 5) Кіші және ірі аңдардың көбеюінде қандай айырмашылық бар? 6) Жатыр дегеніміз не? |
жазбаша деңгейіне қарай 3 ұпай |
||||
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА 1-деңгей (білу, түсіну): |
Глоссария жазу. Жабық және ашық сұрақтар құрастыру |
Әрбір дұрыс жазылған анықтама 1 ұпай |
||||
2-деңгей (қолдану, талдау): |
Табиғатты аялау және оларды қорғау барлық адамдардың міндеттері, олай болса «Егер жер бетінде барлық сүтқоректілер жойылып кетсе» деген тақырыпта шағын эссе жазып келеміз. |
Ауызша Әр дұрыс сұрақ және жауап 4 ұпай |
||||
3-деңгей |
Сүтқоректілер туралы қызықты мәліметтер жинау: ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер |
Әрбір ақпарат 5 ұпай |
||||
БАҒАЛАУ |
Бағалау критерийіне сүйене отырып бағалау. |
Бағалау критерииі |
||||
КЕРІ БАЙЛАНЫС |
“Аяқталмаған сөйлем” Бүгін мен мынаны білдім ... Қызықты болғаны ... Қиын болғаны ... Мен осыны түсіндім |
Кері байланыс береді |
||||
Рефлексия |
||||||
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды? |
|
|||||
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды? |
|
|||||
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз? |
|
Тәлімгер:
Ұқсас сөздер
арқылы
1 - топ: карын, ішек, өңеш, бауыр (ас қорыту жүйесінің
мүшелері)
2 - топ: жүрек салатамыр, көк тамыр, қылтамыр (қан тарату жүйесінің
мүшелері)
3 - топ: мұрын, өкпе, кеңірдек, көмей (тыныс алу жүйесі
мүшелері)
4 - топ: ми сауыты, ми, омыртқа жотасы, жұлын (ми - ми сауыты
ішінде, омыртқа жотасы ішінде - жұлын орналасады)
2. «Жансыз
зат» ойыны
Маркер аламыз ақ қағазға 10 см көлемінде кез келген жансыз заттың
суретін саламыз. 10секунт уақыт. Салған суреттерін сүтқоректілерге
ұқсасатығын айтып сөйлем құрастырады. 4 топтан бір оқушы оқиды,
қалғандары өз топтарының тұсына іледі. Барлық оқушылар орындарыннан
тұрып аралау (галерея) арқылы өзгелердің жұмыстарын
көреді.
Сызба
суреттер беріледі. Әр топ өз сұрағына толық жауап береді және осы
жүйемен байланысатын жүйені айтады.
І топ: 1. Сүтқоректілердің ас қорыту жүйесі және ол басқа қандай
жүйелермен байланысуы мүмкін?
ІІ топ: 1. Сүтқоректілердің қан айналым жүйесі және ол қандай
жүйелермен байлысады?
ІІІ топ: 1. Сүтқоректілердің тірк - қимыл жүйесі және ол қандай
жүйелермен байланысады?
ІҮ топ: Сүтқоректілердің жүйке жүйесі және оның басқа жүйелермен
байланысы
Рефлексия Адам үлкен кемедей теңіз атты өмірден жүзіп барады. Кеме қандай іспен толады екен? Алдарыңда «Эмоционалды аралдар». Сабақтан қандай көңіл-күйлеріңмен қайтып барасыңдар? (Кемелер таратылады)
Сабақтың жоспары: Нені білу керек?
1) Сүтқоректілердің көбею ерекшеліктері.
2) Қағанақсыз сүтқоректілер.
3) Қағанақты сүтқоректілер.
4) Төлдерін сүтпен асырау.
5) Ұрпақтарына қамқорлық.
Жаңа терминдер: жатыр, қағанақ, буаз болу, сүт
1)Сүтқоректілердің көбею ерекшеліктері.
Сүтқоректілер дара жынысты, аталық және аналық. Барлық сүтқоректілердің өздерінің балаларын сүтпен асырайтындығын сендер білесіңдер. Сүттің құрамы: су, май, ақуыз, көмірсу, минералды тұздар, витаминдер мол болатын ақ түсті кенеуші сұйықтық. Сүтқоректілердің көбею және даму ерекшеліктеріне байланысты үш топқа бөлінеді (кестені қолдану):
Сүтқоректілердің көбеюі: қағанақты, қағанақсыз: жұмыртқа салушылар қалталылар
2) Қағанақсыз сүтқоректілер екі топқа бөлінеді, олар:
а) жұмыртқа салушылар (үйректұмсық, түрпі, түрпітек) тірі бала тумайды, оның есесіне жұмыртқа салады.
Үйректұмсық - өте ерекше жануар, үйректің тұмсығына ұқсас тұмсығы болады, жұмыртқа туып оны басып шығарады, бірақ оның баласы жұмыртқадан соң сүтпен қоректенетіні анықталады. Сүт теріден бөлініп, баласы жалайды.
Түрпі – кірпілерге ұқсас жануар. Олар да жұмыртқа салады, бірақ оны басып шығармайды, керісінше құрсағында болатын қалтасына салып жүреді.
б) Қалталылар : кенгуру, коала, қалталы тышқан, қалталы қасқыр, оппоссум.
Кенгуру – бойының ұзындығы 2 м, бар болғаны 3 см бала туады. Мұндай баласын анасы құрсақ жағындағы қалтасына 6 ай салып жүреді. Қалтасындағы сүт бездерін еміп өсе береді.
Коала – бойы 80 см, тек қана эквалипт деген талдың жапырағымен қоректенеді.
Оппоссум – қалталы мысық, 5-6 баласы болады, талдарға мінгенде бар баласын арқасына мінгізіп, құйрығымен талға жабысып жүреді.
3) Қағанақты сүтқоректілер.
Сүтқоректілердің кішкене жұмыртқасы ұрықтанғаннан соң ерекше мүше жатырда дамиды, ал ұрық жатырдың қабырғасына қағанақ арқылы бекиді. Қағанақта кіндік арқылы анасы мен ұрықтың қантамырлары тығыз байланысады. Анасының қаны арқылы ұрыққа барлық қажетті қоректі заттар мен оттегі келеді, ал керісінше анасының қанына зат алмасу өнімдері шығарылады. Тірі туатын жануарлар мен адамның ана организмінің ішіндегі ұрығының даму процесін буаз болу деп атайды. Сүтқоректілердің буаз болу мерзімі әр түрлі. Кіші сүтқоректілерде ол қысқа мерзімді (мысалы, кейбір тышқан тәрізді кемірушілерде 11-15 тәулік), орташа мөлшердегі аңдарда бірнеше айға, ірілерінде жылға және одан ұзақ созылады. Сонымен бірге бұл мерзімге тіршілік жағдайы да әсер етеді. Аңдардың өз ұрпағын көтеру мерзімі әр түрлі болып келеді. Мұның ішінде ең ұзақ көтеретіндері – піл (22ай), мүйізтұмсық (16 ай), жираф (15 ай), есек (12 ай), түйе (11 ай) – бір ғана бала туады. Қасқыр, арыстан, қабылан секілді аңдарда бұл мерзім 2,5 – 3,5 ай болса, ең жылдам балалайтындар қатарына қоян (50 күн), кірпі (40 күн), тиін (35 күн), көртышқан (40 күн), кенгуру (39 күн).
4) Төлдерін сүтпен асырау – барлық сүтқоректілерге тән басты ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Аналықтарының сүт бөлетін сүт бездері негізінен денесінің кеуде немесе құрсақ тұсында орналасады. Сүт бездерінің өзектері емшектерінің ұшына кішкене тесік түрінде ашылады, емшектерінің саны түрліше (2 – ден 22 – ге дейін) болады. Алғашында өз баласын анасы тек сүтпен асырайды. Төлдері өсе келе басқа тағамға ауысады.
V. Жаңа сабақты бекіту.
1) Көбею ерекшеліктеріне қарай қандай топтарға бөлінеді?
2) Жұмыртқа салушы мен қалталы сүтқоректілерді неліктен қағанақсыз деп атайды?
3) Қағанақ деген не?
4) Қандай қағанақты сүтқоректілердің балалары жақсы жетілген күйінде туылады?
5) Кіші және ірі аңдардың көбеюінде қандай айырмашылық бар?
6) Жатыр дегеніміз не?
Төлдерін ата (ойын)
VI. Сабақты қорытындылау.
1. Сүтқоректілер төлдерін сүт бездерінде түзілетін және қажетті барлық қоректік заттары бар сүтпен асырайды.
2. Түрдің тіршілік әрекетіне қарай, буаздығының ұзақтығына байланысты балалары әр түрлі даму деңгейінде туылады.
3. Сүтқоректілер балаларының даму ерекшелігіне байланысты ұрпақтарына түрліше қамқорлық жасайды.
VII. Үйге тапсырма. § 69 оқып келу.
Аңдардың баласы қалай аталады?
«Малдың баласын сүйю» өлеңін оқып келіңдер
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.

