Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су -тіршілік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне ,жас мамандарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы № 22

Өтетін топтың аты: «Ақ көгершін» (2-3 жас) І кіші тобы

Күні: 04.02.2020 ж

Уақыты: 10.00-10.15

Бала саны: 20

Оқу қызметінің ұзақтығы: 7-15 минут

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу қызметі: «Жаратылыстану»

Тақырыбы: «Су – тіршілік көзі»

Мақсаты:

Б\м:Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 

Д\м:Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. Судың қасиетін тәжірибе арқылы ұғындыру.

Т/м: Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: таныстыру, түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ –жауап,тәжірибе

Көрнекіліктер: су, қант, тұз, қасық, сүт, субояулар, әр түрлі суреттер стақан, қар, мұз,ноудбук, теледидар,слайд.

Билингвальды компонент: Су-вода

Пәнаралық байланыс: «Коммуникация » білім беру саласы-сөйлеуді дамыту, «Таным» білім беру саласы-сенсорика

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

1 мин






Шаттық шеңбері


Табиғат- біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз,

Иіліп сәлем береміз.

Біз әдепті баламыз.

- Тамаша!


- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыста неше ай бар?

- Атап беріңдерші?

- Қазір қыстың қай айы?

-Өте жақсы балалар,қыстың соңғы айы-ақпан айы .

Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Жарайсыңдар ,балалар.





Балалар шеңберге тұрып,қайталап айтады.




- Қазір жылдың қыс мезгілі.

- Қыста үш ай бар.

- Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

- Ақпан айы.



- Күн суытып, аяз болады,қар жауады,жылы киім киеміз.




Жұмбақ жасыру


















Билингвальды компонент:














Негізгі бөлім

12 мин






































Билингвальды компонент:












Сергіту сәті









Тосын сәт:

Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын арттыру.

































































Көліктер туралы білімдерін бекіту.


Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, сендер жауабын шешіп көріңдер.

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Дұрыс балалар, әрине су.

-Қалай ойлайсыңдар, мұз, қарды жылы жерге әкелсек не болады?

-Әрине балалар,қар,мұздың еріген күйі суға айналады.

Судың дыбысын тыңдау.

- Балалар сендер қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?

Су бізге не үшін қажет?








Су-вода


-Балалар барлық тіршілік иесі сусыз өмір сүре алмайды.Сонымен қатар егін суарамыз, өрт сөндіреміз. Жан - жануарлар, балықтар, құстар да сусыз өмір сүре алмайды. Су-табиғаттың бізге берген сыйы.Табиғатты аялауымыз керек.Балалар, мына экранға қараңдаршы, жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр. Бірақ суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзенге,көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған қалдықтардың барлығын жинап бірге алып кетуіміз керек.


-Алтын балық :

-Балалар маған да су өте қажет,мен сусыз өмір сүре алмаймын.Сендер су туралы көбірек білгілерің келсе,мына қорапшалардағы тапсырмаларды орындай беріңдер.Мен сендерге арналған сыйлығымды ұмытып кетіппін,соны алып келейін.

-Мына қорапшаның түсі қандай?

Пішіні ше?

- Ішінде не бар екен?Ыдыста қар , мұз, су мен түрлі-түсті субояулар және сүт ,қасық ,кішкентай таяқшалар ,сұйық сабын салыпты.

Балалар алтын балық сендерге арналған сыйлықтарын ұмытып жүріп ,тапсырма емес тәжірибе жасауға әртүрлі заттар әкеліпті.

Өткен оқу қызметінде мұзға тәжірибе жасап көргенбіз































Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? 

Су мен ванилин бар

Судың иісі жоқ

(Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыстағы суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады).

ІІІ.Мына қорапшаның түсін кім айтады?

-Алтын балық бұл қорапшаға ыдысқа құйылған су мен әртүрлі ыдыстар салып қойыпты.Бізге судың пішінін анықтау үшін салып қойған сияқты.

Судың пішіні бар ма?

«Суда пішін жоқ»

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

ҮІ. Балалар мына қорапша қандай түсті?



Судың дәмі бар ма? 

«Суда дәм жоқ»

Осыны да біз тексерейік, мына ыдыстарға су құйылған.

Енді оң жақтағы ыдыстағы суға    қант қосып,сол жақтағы ыдысқа тұз қосып көрейік. Суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

Ү. Судың түсі бар ма? 

«Су — мөлдір»





























































өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағысуға гуашь бояуларынқосайық. Соныменқатар суды мен сүттісалыстырыпкөрейік, су бар стақанғақасықсалайық, қасықкөрінедіме? Иә көрінеді, ал сүтқұйылғанстақанғақасықсалсақолкөрінедіме? Жоқкөрінбейді, сондықтансудыңтүсіжоқ, ол – мөлдірекен.

Балаларсонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақтыпішініжоқ табиғи ресурс.

Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. 

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, олмұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

 Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен?(балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

























Орнымыздан тұрамыз,

Қанатымызды жаямыз.

Ұшақ болып ұшамыз,

Суда жүйткіп жүземіз.

Кемелерді түземіз

Жол тәртібін сақтап,

Машинамен жүреміз.



Телефон шырылдайды.Телефонмен сөйлесіп, балаларға қоянның қиын жағдайға тап болғанын, оған көмек керек екенін айту.

-Балалар қоян сендерге ойын ойнатпақшы болып келе жатып,орманның ішінен адасып кетіпті.

- Балалар қоянға көмектесеміз бе?

-Қоянды өзіміз тауып алайық па?

- Ол үшін алдымен барлығымыз сиятын көлікті таңдап алуымыз керек.Балаларға слайдтан жеңіл көлік түрлерін көрсету.Бізге қай көлік қажет?

Автобусты қалай жүргіземіз,ол үшін бізге кім қажет?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
13.06.2021
409
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12