А
бөлімі
3-тоқсан бойынша жиынтық
бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Су- тіршілік көзі.
Қазақстандағы өзен-көлдер»
Оқу
мақсаты 6.2.1.1 –Мәтіннен негізгі және
қосымша, детальды ақпаратты анықтау,
түсіндіру
ӘТН 6.4.4.1 – сөйлемдегі
есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына
қолдану
Бағалау
критерийі Білім
алушы
-
Мәтіннен негізгі және қосымша
ақпаратты анықтайды.
-
Мәтіннен детальды ақпаратты
анықтайды.
-
Есімдікті зат есім және сын
есімнің орнына қолданады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі Білу. Түсіну.
Қолдану
Орындау
уақыты 20
минут
Тапсырма
1-тапсырма. Мәтіннен
негізгі және қосымша, детальды ақпаратты анықтап, кестеге
жазыңыз.
Ғасыр
жаңалығы
1956 жыл. Оңтүстік-Шығыс
Азиядағы жаппай қырып жою қаруын жобалау мен жасау әскери
институтының жабық зертханасы. Жаңа замандағы бактериялық қару
туралы бірнеше сағаттық ғалымдар отырысы басталады. Кенеттен отырыс
тоқтатылып, ғалымдар тамақтан улану белгісімен ауруханаға
әкетіледі. Уланудың себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары
жүргізіледі. Ал ғалымдардың ортақ ішкен асы отырыстағы үстел
үстіндегі қарапайым ауызсу ғана болатын. Суды улауы мүмкін деген
оймен судың құрамына сараптамалық зерттеу жүргізіледі. Бір қызығы,
тексеру нәтижесі көрсеткендей оның құрамында Н2О-дан басқа
молекулалық қосынды табылмайды. Бірақ судан басқа себебі
анықталмаған қорытынды сараптамаға улану «ауыз судан» деп жазылды.
Дәл осы жағдай орын алғаннаннан соң 20 жыл кейін ғалымдар ғажайып
болжам ұсынды. Ол болжам бойынша «судың есте сақтау қабілеті бар»
делінді. Судың жаңа ашылған осы қабілеті судың тұңғиық сырларына
жетелей түсері анық. «Неліктен?» деген сауалға жауап іздеуші
ғалымдар саны күннен-күнге көбейіп келеді. Ресейдегі Мәскеу
Мемлекеттік университетінің биология факультетінің профессоры,
ғылым докторы Владимир Воейков осыған қатысты былай дейді: «Міне,
біз жаңа ғана ғылымда орасан батыл қадам жасадық. Біз шындығында
суды білеміз деп жүріп, ол туралы түк білмейтіндігімізді түсіндік.
Иә, осыны мойындаудың өзі үлкен ерлік, өйткені бұдан кейін адам
бойында білуге деген құштарлық пайда болады». Бүгінде өркениет деп
аталатын, бірақ адам баласының ақыл-ойын тар шеңберге шырмап
тастаған үрдіс негізінде дүниенің көзге көрінетін және көрінбейтін
сырларын тану көкжиегіміз қандай деңгейде екенін бағамдай беріңіз.
Орыс ғалымы А.Одоевский «Европа рационализмі бізді ақиқаттың
қақпасына ғана алып келді, бірақ ол қақпаны ашуға қауқары жоқ
екенін көрсетті» деген тұщымды пікір айтқаны бар. Қазіргі таңда
адам баласы әлемді танудың жаңа заңдылықтары табалдырығында тұр,
бұл үрдіс жаңа әдістемелерге жол ашып отыр. Оған дәлел жақында
жарық көрген «Судың ұлы құпиялары» аталатын қайталанбас тележоба.
Жобаның мақсаты – жалпы физикалық заңдылықтардың шегіне сыймайтын
су көрсетіп отырған құбылыстардың тылсым қасиеттеріне ену. Фильмге
ғалымдармен бірге әртүрлі елдің теолог ғалымдары да қатысқан.
Фильмді дайындаушылар: «Фильм дәлелдемейді, ол нақты айғақтарды
ұсынады. Сену немесе сенбеу – әркімнің ісі. Ең бастысы осы жайында
ойлануға және ойды өрбітуге мүмкіндік туғызу ғана» деп мәлімдейді.
Негізгі идея – суға бағдарлама беру мүмкіндігі арқылы ауыр
сырқаттарды сумен емдеу, ауа-райын басқару, адамтанудың жаңа
сатысын игеру. Фильмнің басы судың төңірегіндегі толассыз жиналған
сұрақтардан басталады. Одан әрі оған ғылымнан жауап
іздейді.
Kazgazeta.kz
-
-
Негізгі
ақпарат
|
Қосымша
ақпарат
|
Деталды
ақпарат
|
1.
|
1.
2.
|
1.
2.
3.
|
2-тапсырма
Сөйлемдегі қарамен жазылған
зат есім, сын есімнің орнына есімдіктерді қойып, көшіріп
жазыңыз.
Су-тіршілік көзі.
Суды адамдар, жануарлар, т.б
ағзалар пайдаланады. Су
өз жолында қандай қатты әрі
берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді.
Сусыз тіршілік
иелері өмір сүре
алмайды. Көп ауылдар ауыз суды көрші
ауылдан алып ішеді. Алыс жерден алып, суды тұтыну –
тұрғындар үшін тиімсіз. Ауыз сумен қамтамасыз ету-бүгінгі күннің
өзекті мәселесі.
Бағалау
критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім
алушы
|
Мәтіннен негізгі
және қосымша, детальды ақпаратты
анықтайды
|
1
|
Мәтіннен негізгі
ақпаратты табады
Негізгі ақпарат:
-
Судың есте сақтау қабілеті
бар
|
1
|
Мәтіннен қосымша
ақпаратты табады
Қосымша
ақпарат:
-
Ғалымдар судың
қасиеті туралы зерттеді.
-
Судың қасиеті туралы фильм
түсірілді.
|
2
|
Мәтіннен детальды
ақпаратты табады
Детальды
ақпарат.
1.Оқиға 1956 жылы
орын алды.
2.Судың
құрамы-H2O
3. Оқиғадан 20 жыл
кейін зерттеді
|
3
|
Есімдікті зат есім,
сын есімнің орнына қолданады
|
2
|
Есімдікті зат есімнің орнына
қолданады: барлығы, ол,
ешкім
|
3
|
Есімдікті сын есімнің орнына
қолданады: біршама, сонау
|
2
|
Барлығы
|
11
|
«Су- тіршілік көзі.
Қазақстандағы өзен-көлдер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні
----------------------------------------------
Бағалау
критерийі
|
Оқу жетістігі
деңгейлері
|
Төмен
|
Орташа
|
Жоғары
|
Мәтіннен негізгі
және қосымша, детальды ақпаратты
анықтайды
|
Мәтіннен негізгі және қосымша,
детальды ақпаратты анықтауда
қиналады.
|
Мәтіннен негізгі
және қосымша, детальды ақпаратты анықтауда
қателіктер
жібереді.
|
Мәтіннен негізгі
және қосымша, детальды ақпаратты
анықтайды
|
Есімдікті зат есім,
сын есімнің орнына қолданады
|
Есімдікті зат есім,
сын есімнің орнына қолдануда
қиналады
|
Есімдікті зат есім,
сын есімнің орнына қолдануда қателіктер
жібереді.
|
Есімдікті зат есім,
сын есімнің орнына
қолданады.
|