Тақырып бойынша 31 материал табылды

Су асты әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың су әсты әлеміне деген сүйіспеншілігін арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі


Тобы: Жұлдыз» ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Пән: Жаратылыстану, жапсыру

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемі»

Тақырыбы: «Су асты әлеміне саяхат»

Мақсаттары:

- Тәрбиелік:Су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

-Дамыту: Дәстүрден тыс жапсыру әдісін қолдана отырып, ұсақ қол маторикасын жаттықтыру, шығармашылық қабілетін дамыту.

-Оқыту: Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету. Балықтар, сегізаяқ, тасбақа т.б. су асты әлемінің тіршілік иелерімен тасныстыру.

Педагогикалық технологиялар: түсіндіру, таныстыру, көрсету, әңгімелесу,

сұрақ-жауап.

Ресустармен қамтамасыз ету: Суреттер, су асты әлемі туралы слайд, құм, желім, аквариум,

қағаз. теңіздің дыбысы,

Билингвалдық компонент: су асты әлемі – подводный мир, балық – рыба-fish,сегізаяқ – осминог-octopus,медуза- jellyfish, теңіз жұлдызы – морская звезда-starfish, атбасты балық –морской конек- sea horse, тасбақа –черепаха-turtle, Кит – whale, акула-shark, дельфин-dolphin, теңіз кірпісі-морской ёж-sea urchin, мұхит – океан, теңіз – море.

Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, көк асан!

Қайырлы таң, Жер-Ана!

Қайырлы таң, қонақтар,

Қайырлы таң балалар!

Ұйымдастырушылық кезеңі

  1. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі

-Қыс айларын атап беріңдерші!

-Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қазір қай ай?

-Ақпан айы.

-Ауа райы қандай?

-Қар жауып тұр.

2.Негізгі бөлім:

-Балалар, мына дүние жүзі картасына қараңдаршы, ең көп түс қандай?

Көк түс суды білдіреді. Біздің ғаламшарымыздың көп бөлігін мұхиттар мен теңіздер алып жатыр.

Балалар бүгін біз ерекше, қызықты саяхатқа барамыз. Сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?

Балаларға теңіз дыбысын тыңдату.
- Балалар ненің дыбысы?
- Теңіздің.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Бүгін біз сендермен теңізге саяхатқа шығамыз
- Бәріміз көзімізді жұмайық.
(Балалар көздерін жұмады)
1 - 2 - 3 қатамыз,
Теңіз әлемін аралап.
Ғажайыпқа батамыз.
Енді көзімізді ашамыз.
1. Интерактивты тақтадан мұхит тұрғындары туралы видео көрсете отырып, жаңа сөздердін мағынасын түсіндіру.
-Теңіз өте үлкен болғандықтан, онда көп түрлі балықтар бар. Олар теңіз астындағы балдырлармен, су асты шөптерімен, теңіздің ұсақ жәндіктерімен қоректенеді.Ұсақ балықтар топтасып жүзеді.



Медуза – ол домалақ болып келеді, шар сияқты. Жалпақ келген, олар көбінесе ұлы, адам сақтану керек. Кей кезде адам денесіне тисе күйдіруі мүмкін.
Теңіз жұлдызы - жыртқыш, бір орында тұратын сияқты, бірақ ол теңіз түбінде әрқашан ақырын жылжып жүреді.
Атбасты балық - орташа балық. Оның басы атқа ұқсайды. Оның денесінде өсіп тұрған талшықтары жауларынан қорғайды.
Сегізаяқ - оның денесі алмұртқа ұқсайды. Ол түсін тез өзгерте алады. Жыртқыш, ұсақ теңіз балықтарымен қоректенеді, оның атына сай сегіз аяғы бар, теңіздің ең түбінде өмір сүреді.
Тасбақа - сауытына қарап бірден тануға болады. Олардың бәрі өсімдіктермен қоректенеді. Тасбақа құмды қазып жұмыртқа салады да оны көміп тастайды.
Кит - теңіздегі ең ірі сүтқоректі. Әсіресе «Көк кит» ұзындығы - 30 метр,
салмағы - 150 тонна. Бұл киттің бойының ұзындығын түсіне алу үшін көз алдымызға 5 қабатты үйді елестетіп көру керек.

-Акула – теңіздер мен мұхиттарда кездеседі.Акуланың иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған. Жыртқыш болып келеді.

-Теңіз кірпісі- денесі шар тәрізді, сыртында қаптаған инелері мен тікенектері бар.

-Ал, енді балалар, мына теңіз жануарларына назар аударыңдаршы! (Балалардың назарын шарларда ілініп тұрған теңіз жануарларының суреттеріне назар аудартады).

-Балалар, бұл жануарлар сусыз өмір сүре алады ма?

-Жоқ!

-Олай болса, балалар, бұл жануарларды су астына жіберуге көмектесейік!

( Балалар бір-бірден теңіз жануарларының суреттерін алып тақтаға, яғни алдын ала көк түсті матадан дайындалған теңізге жапсырып шығады).

Балаларға теңіз жануарлары туралы видео көрсетіледі.

https://youtu.be/Pz_ez3nh_EM

Сергіту сәті:

Балық жүзді таза суда,

Бір керіліп, бір жиырылуда.

Жүзіп,жүзіп шаршағанда,

Тығылады тасты құмға.

2.Олай болса, балалар, саяхатымызды жалғастырайық.(Балалар құм салынған ыдыстар тұрған столға жақындайды)

- Саусақтарымызды құмға салып, жүргізіп көрейік. Қандай әсер алғандарымызды айтайық. (Балалар өздерінің әсерлерін айтады.)

-Балалар құмға тереңірек қолымызды салып көрейік. Құмның астына жасырынған теңіз жануарларын тауып көрейік. (Балалар құмның арасынан теңіз жануарларын табады, олардың атауларын атайды).

-Ал енді балалар құмның үстіне теңіз толқындарының, жануарларының бейнесін салып көрейік. (Балалар саусақтарымен суреттер салады).








-Балалар біздің тобымызға оралатын уақытымыз келді. (Балалар орындарына жайғасады).

3. Тәрбиеші балалардың назарын аквариумға аударады. Аквариумда жалғыз ғана балық бар екен. Оның көңіл-күйі жоқ екен. Қане, балалар, аквариумға көп балықтар жасап салайық. Оның достары көп болсын!

Балалар үстел үстінде тұрған балықтың дайын үлгісіне құм жапсырады.







3.Қорытынды:

-Балалар біз бүгін қайда саяхатқа бардық?

-Қандай су асты тіршілігімен таныстыңдар?

-Ең үлкен су жануары не деп аталады?

Балалар сұрақтарға жауап береді. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын мақтап мадақтайды.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12