400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Су иесі-Сүлеймен

Материал туралы қысқаша түсінік
ӘТН. 6.4.4.1 - сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану. -сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Су - тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.

Педагогтің аты-жөні

Абдығалі Қуаныш

Күні:

30.01.2023 ж

Сынып: 6 «А»

Қатысушылар саны: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Су иесі – Сүлеймен

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

ӘТН. 6.4.4.1 - сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

Сабақтың мақсаты

-сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдана алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

5 мин

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу.

Психологиялық ахуал.

«Мен кіммін?» жаттығуы

Мен самал желге ұқсаймын, себебі...

Мен кейде... өзімді құмырсқадай сезінемін.

Мен стакандағы сумын, өйткені...

Мен айсбергпін, себебі...

Мен әдемі гүлмін, себебі...

Мен биік жартаспын, себебі...

Мен балыққа ұқсаймын, өйткені...

Мен қызық кітаппын, себебі...

Мен әнмін, өйткені...

Мен кейде тышқанға ұқсаймын, себебі...

Мен «О» әрпі секілдімін, себебі...

Мен шамшырақпын...

Мен дәмді таңғы аспын, себебі...


Мұғаліммен амандасады.


















Сабақтың ортасы

30 мин


Өткен білімді еске түсіру



Жаңа білім



Пәндік дағды

Топқа бөлу. Тақырыпқа қатысты сөздер беріледі. «Жарық» әдісімен топқа бөлінеді.

Есімдік

Су

Сүлеймен

Үй тапсырмасы.

«Иә, жоқ» әдісі бойынша Рillapp қосымша браузері арқылы есімдік және оның түрлері сұралады.
1.Есімдік сөз табы ма?
2.Ол зат есім, сын есім, сан есім орнына жұмсалады ма?
3.Есімдіктің 6 түрі бар
4.Сілтеу есімдігі «қай?» Деген сұраққа жауап береді.
5.«Анау» деген сұрау есімдігі.
6.«Өз елім - өлең төсегім» деген мақалдың ішінде есімдік бар.
7.Есімдіктер орынбасар сөз табы деп аталады.
8.Жалпылау, жинақтау мағынасын білдіретін Жалпылау есімдігі.
9.Болымсыздық мағынаны білдіретін сілтеу есімдігі.
10«Әрқашан күн сөнбесін» сөйлемінде жіктеу есімдігі қолданылған.

Жаңа тақырып. Тыңдалым.

Су иесі – Сүлеймен

Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар. Аңыз бойынша бұл дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі.
Дәуіт пайғамбар отыз ұлынан айрылған соң қайғыдан қан жұтады. Ұлық Алла оны жұбату үшін оған тағы бір ұл сыйлайды. Дәуіт ұлды болардың қарсаңында Жебірейіл періште уахи әкеледі.
– Әй, Дәуіт! Ұлық Алла саған бір ұл нәсіп етеді. Бірақ шарты сол: ол баланың қызығын тоғыз жыл ғана көресің. Осыған ризасың ба? – дейді. Дәуіт іштей қынжылса да: «Жаппар иемнің әміріне не қылса да, ризамын», – деп келіседі. Көп ұзамай Дәуіт ұлды болып, есімін Сүлеймен қояды.
Дәуіт патша болғандықтан, оның сарайына күн сайын жүздеген адам қонаққа келеді екен. Сол кезде жеті жасар Сүлейменді бір қолына құман, бір қолына сүлгі ұстатып, сарайдың алдында қызметке қояды. Бала күні бойы кірген-шыққан қонақтардың қолына су құйып, алғысын алады. Оның адал қызметіне риза болған қонақтар:
– Ғұмыр жасың ұзақ болсын!
– Құдайдың сүйікті құлы бол!
– Басыңнан бақ, астыңнан тақ кетпесін!
– Әділ патша бол!
– Екі дүниенің сырын біл!
– Дұшпаныңа қатал, досыңа адал бол!

Ғалым бол! – деп, тоқсан тоғыз түрлі тілек айтып, бата береді екен. Арада он бес жыл өтеді. Сүлейменнің бұғанасы бекіп, қабырғасы қатайып, ойы да, бойы да өсіп, азамат болып ер жетеді.

Бір күні Дәуіт Ұлық Аллаға:
– Уа, Алла, маған ұлыңның қызығын тоғыз жыл ғана көресің деп едің. Бұл не хикмет? – деп сұрайды. Ұлық Алла:
– Рас айтасың. Сүлейменнің пешенесіне тоғыз жылдық ғұмыр жаздым. Бірақ зерек ұлың қонаққа қызмет етуден шаршамады. Ақсақалдардың батасын алуға құмар болды. Күн сайын адамдар оған менің 99 есімімді айтып, шын жүректен алғыс жаудырып, батасын береді. Көптің алғысымен оның ғұмыр жасы ұзарды. Менің бір есімім – Халық. Халықтың тілегін қабыл етпеу ұлықтығыма сын болар. Бүгіннен бастап Сүлейменге 99 түрлі мұғжиза берем. Жердегі бүкіл тау-тас, аң-құс, он сегіз мың ғаламға патша қыламын, – деді. Содан бастап Сүлейменге дарымаған керемет қалмапты деседі.
Осыған орай «Сүлеймен де су құйған», «Су иесі Сүлеймен» деген сөздер ел арасына таралыпты. Қазір де қазақ халқы үйге қонақ келгенде жас баласының қолына құман мен сүлгі беріп: «Үлкен кісілердің батасын ал», – деп су құйғызады. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген тәмсіл сөз Сүлейменнен қалған екен.

1-тапсырма. Ойтүрткі сұрақтары.



Әдеби тіл нормалары.

2-тапсырма.

Мәтіннен алынған есімдіктердің қызметін анықтаңдар.

Аңыз бойынша бұл дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған деседі.

Ұлық Алла оны жұбату үшін оған тағы бір ұл сыйлайды. Жердегі бүкіл тау-тас, аң-құс, он сегіз мың ғаламға патша қыламын.

Көптің алғысымен оның ғұмыр жасы ұзарды.


Ізденімпаздық тапсырма.

4-тапсырма.

Су туралы мақал-мәтелдерді жинақтап, оларға түсініктеме беріңдер.


«Бас қатырғыш» ойыны немесе «Филворд» әдісі. Жасырын тұрған есімдік сөздерді дұрыс табу.


Топқа бөлінеді.



Үй тапсырмасына жауап береді.



Жаңа білімді меңгереді.





Пәндік дағдылары сабақ барысында қалыптасады.

Дескриптор :

-Үй тапсырмасына жауап береді;

2 балл



Оқушылар видео үзіндімен танысады.


«Білім қуаты» әдісімен бағалау






































Дескриптор :

- сұрақтарға жауап береді, өз ойларын білдіреді.

1 балл


Дескриптор :

-Мәтіннен есімдікті табады.

-Сөйлемдегі қызметін табады.

2 балл

Дескриптор:

- Су туралы мақал-мәтелдерді теріп жазады.

-түсінік береді.

2 балл










https://www.youtube.com/watch?v=SdtyDcEBH_U

Сабақтың соңы

5 мин


Сергіту сәті




Сабақты бекіту















Үй тапсырмасы












Рефлексия



П

Т

Ә

Р

К

І

М

К

Р

Л

Д

Н

М

Ж

Б

Э

Щ

Ғ

О

Р

Щ

Д

Ь

Б

Е

С

Қ

А

А

Т

Қ

Ү

П

Р

У

А

Л

А

Б

І

Р

І

Ы

Д

Ы

Р

У

Ш

У

Л

Ю

О

У

К

М

И

Т

Ә

Р

Қ

А

Ш

А

Н

А

Д

М

Т

С

Е

Б

Е

П

Б

А

Р

Л

Ы

Қ

И

Е

О

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.02.2023
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі