жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Су. Ол қандай екен? 2 сынып
|
САБАҚ: Су. Ол қандай екен? |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Байшуақова Ж |
|||||
|
СЫНЫП: 2 |
Қатысқандар саны: 24 |
Қатыспағандар: 0 |
||||
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) |
2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы); 2.3.3.3 -судың табиғи көздерін анықтау 2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру |
|||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
|||||
|
||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
||||||
|
||||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||||
|
||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||
|
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, тәжірибеге қажетті заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, слайдтар, видеоролик |
|||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. тәжірибе. Рефлексия. |
|||||
|
Пәнаралық байланыс |
қазақ тілі,тарих. |
|||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||
|
Басталуы 2 минут |
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Күндей күлімдеп, Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір, таза көңілмен Біз сабақты бастаймыз! |
|
||||
|
Үй тапсырмасын тексеру 5 минут |
Тест тапсырмалары
а) 1 күн ә) 1 ай б) 1 минут 2. Ауаның дәмі қандай? а)ащы ә) дәмсіз б) тәтті 3. Ауаның иісі бар ма? а) иә, иісі бар ә)жоқ, иіссіз б) кейде иіссіз, кейде иісі бар 4. Ауа ... а) жылуды сақтайды ә) отты сөндіреді б) сығылмайды
(мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні, иісі жоқ, сығылады, серпіледі, ауасыз от жанбайды)
(ауасыз тіршілік жоқ. Ауа жерді күн сәулесінің қатты күйдіріп жіберуінен сақтайды.)
( түрлі қалдықтар, улы газдар, түтіндер, радиация т.б) |
Тест тапсырмалары слайд түрінде Түрлі түсті қағаздар |
||||
|
Жаңа сабақ 10 минут |
Жұмбақ Аяғы жоқ жорғалайды , жүреді, Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі. Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су) Су-вода-winter Су туралы не білеміз? (оқушылардың алдымен су туралы ойларын тыңдау) «Дария басы-бұлақ» деген мақалды қалай түсінесіңдер? Дария –көп су дегенді білдіреді. Бұлақ аға отырып, біртіндеп кеңейеді, суы молаяды, өзен-көлдерге құяды. Видеоролик көрсету. Су жердің үштен төрт бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су –тіршілік көзі.
Мұны білесің бе? Шипажайлар туралы айта кету Сарыағаш, Қапал-арасан. Алма-арасан т.б. шипажайлары туралы |
Видеоролик Слайдтар Шипажайлар туралы слайдтар |
||||
|
Практикалық жұмыс 10 минут |
Судың қандай қасиеттері бар? Оны тәжірибе жасау барысында анықтау. 1-тәжірибе. Су-түссіз Суды аз мөлшерде алсақ, ол түссіз. Ал өзен, көл , теңіз сулары әртүрлі болады. Себебі судың тереңдігіне байланысты, терең жердің суы көгілдір болады. 2-тәжірибе. Су-мөлдір. Су құйып, қасық салу. Суға бояу тамызып, қасық салу.Қайсысы анық көрінеді? 3-тәжірибе. Судың тұрақты пішіні болмайды. Стаканға, кесеге, тарелкеге су құйып көрсету. 4-тәжірибе. Су –сұйық, ол ағады. Суды тегіс нәрсеге құйып көрсету. 5-тәжірибе. Су-жабысқақ. Кез-келген нәрсені суға малып көрсету 6-тәжірибе. Су-дәмсіз, еріткіш. Суға тұз, қант салып көрсету. Еритінін дәлелдеу. Тәжірибені қорытындылау. Судың нақты пішіні болмайды, түссіз, мөлдір, дәмсіз, сұйық, ағады.
Әр қатар берілген сөздердің ішінен керектісін тауып жабыстырады. Дәмсіз, пішінсіз, түссіз, сұйық, мөлдір, пішіні бар, ақ түсті, ақпайды, жабысқақ, тәтті, ащы.
Д
Су
Мөлдір жабысқақ пішінсіз |
Тәжірибеге қатысты заттар. Кеспе қағаздар |
||||
|
Сергіту сәті 2 минут |
Ал, балалар бір ауық Дұрыс, бұрысты ұғалық. Дұрыс болса, отырып, Бұрыс болса тұралық.
Ауаны ұстаймыз (тұру-бұрыс) Суды ішеміз (отыру-дұрыс) Суды жейміз (тұру-бұрыс) Ауамен дем аламыз (отыру-дұрыс) Ауа көрінеді (тұру-бұрыс) Су –сұйық (отыру-дұрыс) Су қатпайды (тұру –бұрыс)
Қосымша тапсырма Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты. Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта.Олар терең өзеннен өту керек болды. Үстіне тұз артқаны судан шыға салып,бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта салынғаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті. Неге? (тұз еріп кетеді) |
Сергіту жинағы |
||||
|
Дәптермен жұмыс 3 минут |
Судың қасиеті
|
|
||||
|
Кері байланыс 3 минут Қорытындылау 3 минут Бағалау 2 минут |
Рефлекция Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған стакандарға «Білмедім», «Орташа», «Білдім» жабыстырады
Сонымен, су-тіршілік көзі. Сусыз тіршілік көзінің жойылатыны анық. Құрметті оқушылар, суды аялап, оны қастерлеп күту керек екенін естен шығармаңыздар Алған смайликтері бойынша бағалау Су деген тіршіліктің қаны емес пе, Су деген табиғаттың жаны емес пе, Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат Күміс су қара жердің көркі емес пе?! |
Стикерлер смайликтер |
||||
|
Үйге тапсырма: су туралы мақал-мәтел жаттап келу. оқу |
||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау
ережелері | ||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген