Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы,
“Аққайың” бөбекжай -балабақшасы” МКҚК
тәрбиешісі Бақтыбаева Нұржамал
Шәкірқызы
ЖОБА
ТАҚЫРЫБЫ: Су тамшысының саяхаты
Мақсаты: Тірі табиғат пен өлі
табиғат арасындағы байланысты түсіндіру.Судың иіссіз,түссіз,мөлдір
екенін ұғындыру. Суды үнемдей, қорғай білуге
уйрету.
Сабақтың
барысы:
Тәрбиеші:Балалар бүгін
біздірге көп қонақтар келіпті. Амандасайық.
Балалар
амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, көктемде
қандай өзгерістер болады ?
Балалар: Күн жылынады, қар
ериді,шөптер шығады.
Қар су болып ағады. Судың түсі
қандай?Су қайдан шығады ? Түсі қандай?
Тәрбиеші: Осы жоба барысында
осы сұрақтарға жауап береміз.Енді барлығымыз жиналып,бойымызды тік
ұстап ен сендерге жұмбақ жасырғым келеді.
Күн күледі,интерактивті
тақтаға қарап ертегі тыңдайық.
Баяғыда ертеде бір хан
патшалығында көңілді су тамшысы
өмір сүріпті. Ол алдымен бұлт
болып, аспанға ұшыпты, жаңбыр болып жерге тамыпты.Құмға сіңіп, өзен
көлдерге су болып ағып кетіпті. Су тамшы арқылы құстар ән
салып,
жануарлар суға жуынып,
балықтар суға жүзе бастады. Табиғат оянып, тіршілік жандана
бастапты.
( Музыка ойналады,Ғажайып
тамшы келеді.)
Ғажайып тамшы: Саламатсыңдар
ма, балалар. Мен ғажайып су тамшысымын, мен өзімнің сіңлілерімді
іздеп жүрмін.Сіздер оларды кездестірмедіңдер ме?
Балалар:Біз оларды күнде
кездестіреміз.
Ғажайып тамшы: Қай
жерден?
Балалар: Краннан,
аквариумда,гүлдерге су құйғанда.
Ғажайып су:Балалар мен
сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты: « Күн мен жаңбыр»
деп аталады.
Қимылдар арқылы
қайталайды.
Балалар ойынды
ойнайды.
Тәрбиеші: Біздің балалар су
туралы мәліметтер көп біледі.Енді балалар бәріміз отырып, «
Дыбысынан ажырат» деген ойынды ойнайық. Ойынның шарты: музыка
ойналады,сендер дыбыстарынан тауып,судың дыбысын ажыратуларың
қажет. Қане, балалар бәріміз тыңдайық.
(Табиғат құбылыстарының
найзағай,жаңбыр тамшылары,судың дыбысы шығады).
Балалар дыбыстарды
ажыратады.
Тәрбиеші: Балалар
енді,барлығымыз столға жақындап,су бұрқақты қарайықшы. Судың қалай
ағатынын бақылайық.
Балалар қарап
бақылайды.
Балалар: Су ағады, су
сылдырлайды екен.
Тәрбиеші: Балалар енді бәріміз
тәжірбие арқылы судың қасиеттерін бақылайық. Бәріміз солға
отырайық.
Алдымызда столда стаканда су
тұр. Суды ішіп дәмін қарайықшы, судың дәмі бар
ма?
Балалар: Судың дәмі жоқ,су
дәмсіз,дәмі жоқ.
Тәрбиеші:Дұрыс.Енді стакандағы
суға ойыншық салайықшы.Су қандай болды?
Балалар: Су өзгермеді,ойыншық
көрінеді.Су мөлдір .
Тәрбиеші:Енді қолымызға губка
алып,суға салып, жаңбыр жауғызайықшы. Губка қандай ? Губка
құрғақ.Суға салып, жәй ғана сығып көрейік. Не
ағады?
Балалар: Су ағады,жаңбыр
жауады.
Балалар тәжірбиені
орындайды.
Тәрбиеші: Балалар, орнымыздан
тұрып, сергіту жаттығуын орындап жіберейік.
Сылдырлайды мөлдір
су,
Мөлдір суға бетіңді
жу.
Тазалықтың
досы,
Су дегенің
осы.
Ғажайып тамшы: Балалар сендер
су туралы көп біледі екенсіңдер. Су неге қажет ? ойынын ойнап
жіберейік.
Шарты: Су неге қажет екенін
үлгілер арқылы жабыстыру керек. Үлгілерді қажеттіліктерін
жабыстырулары қажет.
Балалар : жабыстырады,су
адамдарға,жануарларға, ағаштарға қажет.
Балалар ойынды
ойнайды.
Тәрбиеші:Ғажайып тамшы, біздің
балалар су туралы тиым сөздерді көп біледі.
Мадина: Су ішкен құдыққа
түкірме.
Алішер: Түнде суға
барма.
Шаһназ: Түнде судың бетін ашық
қалдырма.
Тимур:Өзен көлдерді
ластама.
Ғажайып су:Балалар сендер су
туралы көп біледі екенсіңдер. Менің кетуім керек. Суды
қорғап,үнемдей жүріңдер.Сау болыңдар!
Балалар: Сау
болыңыз!
Тәрбиеші:Балалар сіздерге
сабақ ұнады ма? Әрқашанда суды үнемдеп, қорғап жүріңдер.Апайларға
рахмет айтып,қоштасайық.Осымен сабағымыз
аяқталды.
Балалар:Сау
болыңыздар!