Материалдар / "Су тіршілік көзі" ересектер тобы, ашық оқу қызметі конспектісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Су тіршілік көзі" ересектер тобы, ашық оқу қызметі конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қаңтар 2019
535
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

31 «Еркемай» бөбекжайы


Мақұлданды: Бекітемін:

31 «Еркемай» бөбекжайы» МКҚК КММ АҚБҮО-ның

Басшысы____________Қожабергенова Г.А _____________әдіскері






Тақырыбы:

«Су –тіршілік көзі»

ересектер тобы





Дайындаған: Досжанова Т.С- әдіскер

Жанкулиева Н.Х-тәрбиеші

Сатаева Д –ағылшын тілі маманы

Искалиева Ж.Т-тәрбиеші















Ақтау-2017ж


Тақырыбы: Су тіршілік көзі

Мақсаты:

Балалардың су туралы түсініктерін молайту. Судың қасиеттерімен таныстыру. Ойын,тілін,байқағыштығын,білімқұмарлығын дамыту. Суды ластамауға,қорғауға,таза ұстауға ,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы сурет салу мүмкіндіктерін,шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Керекті көрнекіліктер: Слайд,бұлақ,су,тіс пастасы,қылқалам,мақта,желім,ақ қағаз,түрлі түсті бояу.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:Балалар бүгін бізде ерекше күн.Бүгін біздің оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр.Ендеше қонақтармен амандасайық.

Балалар қонақтармен амандасады

Шаттық шеңбері :

Күн , саулесін шашып жарқырағаның үшін рахмет!

Жер,дем беріп күш қосқаның үшін рахмет!

Аспан , таза ауа бергенің үшін рахмет!

Ағаш ,көлеңкең үшін рахмет!

Табиғат , сұлулығың үшін рахмет!

Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!

Су, өмірдің нәрі болғаның үшін рахмет!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Балалар отырады.

Жүргізуші:

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын .Сендер жауабын тауып көріңдер:

Дәмі де жоқ,түсіде жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ. Бұл не? ( Cу )

Балалар отырады

Тәрбиеші: Су не үшін қажет?

Балалардың жауабы: Шомылу үшін,ішу үшін,тамақ пісіру үшін,гүлдерді өсіру үшін және т.б

Тәрбиеші: Жер бетіндегі судың бәрін іше беруге болама?

Балалар: Жоқ болмайды.

Тәрбиеші: Су тұщы,ащы болады.Адамдар құбырдан аққан тұщы суды ішеді.Ал өзен,көлдердің ,теңіздің сулары ащы болады.Оны егіншілікке, шаруашылықтарға пайдаланады Суда балықтар тіршілік етеді.

Судың қандай түрлері бар?

Балалар: Сұйық,газ тәріздес

Тәрбиеші: Су қай кезде қатты күйге айналады?

Балалар: Егер суды салқын жерге қойсақ ол сұйық күйден қатты күйге айналады.Мұз болады.Ал салқын жерден жылы жерге қойсақ ол қатты күйден сұйық күйге айналады.Су болады.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін су туралы көбірек білу үшін табиғатқа саяхатқа шығамыз.

Бұлаққа барамыз.

Балалар тәрбиешінің артынан еріп жүреді.Алдарынан Қария шығады.

Балалар қариямен амандасады.

Балалар:Сәләматсызба ата?

Ата: Амансыңдарма балаларым.Жол болсын!Қайда бара жатырсыңдар?

Тәрбиеші: Ата біздің балалар су туралы көбірек білгісі келеді.Бұлақтың басына барып судың дәмін татып судың қасиеттерімен танысқысы келеді.

Ата:Балаларым талаптарың жақсы екен.Көп оқып,көп білген жақсы.Сусыз тіршілік жоқ.Сусыз адамда,жануарда,өсімдікте өмір сүре алмайды.Суды босқа төгіп шашып ысырап қылмау керек.Мен осы жердің қараулышысымын.Осы жерде күні түні сылдырлап ағып жатқан бұлақ бар.Адамдар шаршап келіп осы бұлақтан су ішіп шөлін қандырады. Мен осы бұлақтың көзі бітеліп қалмау үшін қоқыстардан тазалап,таудан домалап түскен тастардан аршып тұрамын.Бұл бұлаққа бару үшін сендер менің тапсырмаларымды орындауларың керек.Тек сонда ғана мен сендерді бұлаққа жібере аламын.

Жүргізуші:Ата айтыңыз тапсырмаларыңызды.Біздің балалар алғыр,білгір.

Ата: Су туралы мақал мәтел ,тыйым сөздер айтыңдаршы?

  • Сулы жер,нулы жер

  • Су бар жерде, ырыс бар

  • Судың да сұрауы бар

  • Су ішкен құдығыңа түкірме

  • Суды төкпе

  • Судың бетін ашық қалдырма

  • Түнде суға барма

  • Таулы жер бұлақсыз болмас

  • Сулы жер құрақсыз болмас

  • Су анасы-бұлақ

Сөз анасы-құлақ

  • Бұлақ көрсең көзін аш

Су туралы тақпақ білесіңдерме?

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен әрдайым

Аппақ сенің маңдайың

Табиғаттың досы

Су дегенің осы

Су туралы өлең білесіңдерма?

Ән «Жаңбыр»

Ата: Жарайсыңдар балаларым!Сендер білімді екенсіңдер.Енді менің соңғы тапсырмамды орындасаңдар мен сендерді бұлаққа жіберемін.

Тапсырмалар:

  1. Қағаз бетіне бұлттың,жаңбырдың суретін салу

  2. Мақтаны жұлып жапсыру арқылы бұлт жасау.

  3. Тіс пастасын қолдану арқылы «ақша бұлттар» жасау.

Балалар тапсырмаларды орындайды.

Ата: Жарайсыңдар балаларым! Сендер білімді балалар екенсіңдер.Енді сендер бұлақтың басына барып,суын ішіп , шөлдеріңді қандырыңдар.Сәт сапар балалар!Жолдарың болсын! –деп ата шығып кетеді.

Балалар бұлақтың басына келеді.

Бұлақ: Саламатсыздарма балалар.Қош келдіңдер! Менің бұлағымның суы сарқылмай ағып, әрлі-берлі жүрген жолаушылар суымды ішіп шөлін қандырады.Сендерде суымды ішіп,шөлдеріңді қандырыңдар.

Балалар бұлақтың суын ішеді.

Тәрбиеші:

Балалар судың дәмі қандай?

Судың түсі қандай?

Пішіні барма?

Суды ластауға болама?

Тәрбиеші:: Балалар бұлақтың суы қандай мөлдір,мұздай. Адамдар осы бұлақтың басына келіп ,демалып, шөлін қандырады.Сондықтанда балалар әрқашан суды босқа төгіп шашпай,ластамай,айналасындағы қоқыстарды жинап таза ұстау керек..Қазақта «Су ішкен құдығыңа түкірме» деп айтады ғой.Сусыз тіршілік ету мүмкін емес.Судың түсін де, дәмінде әр түрлі қоспалар қосу арқылы өзгертуге болады,Балалар біз келесі оқу қызметімізде тәжірбие жасау арқылы судың түсін,дәмінің өзгергенін байқайтын боламыз.Енді тобымызға қайтайық.

Балалар кері қайтады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!