Материалдар / Шуағын шашқан ұстазым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шуағын шашқан ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
Шуағын шашқан ұстазым
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі







Shape1



Тақырыбы: Шуағын шашқан ұстазым











Сыныбы: 5

Сынып жетекшісі: Р Нурекеева














2017-2018 оқу жылы

Тәрбие сағаты «Шуағын шашқан ұстазым»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды білімге шақыру.Ұстаз сөзінде қаншама мән мағына құдретті күш қасиетті ұғым бар екенін оқушыларға түсіндіру.

Оқушылардың ұстаздардан алатын үлгі –өнеге ,тәрбиені қадірлеп , ұстаздардың әрбір үйреткен тәрбие , біліміне құрметпен қарауға шақыру.

Оқушылардың ой өрісін білімін дамыту, тақпақ өлеідер арқылы олардың білімін жетілдіру.

(Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады)
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

(музыкамен  жүргізушілер шығады.)

1- Ақниет

-Армысыздар құрметті де аяулы ұстаздар!
.

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

-Шұғыла, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

2- Шұғыла

-Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:- Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-Ақниет:

-Сен қалай ойлайсың, Шұғыла? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Шұғыла:

-Апай, мен осы сөзіңіз дәлелді болу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-Ақниет:

-Ендеше,

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! 

Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен  —хор————————————

1-Ақниет:

Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.

2-Шұғыла:

«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

2-Ақниет:

-Кітап-біздің ақылшы досымыз, барлық білім, ғылым кітапта. Оны неге сұрадыңыз?

1-Шұғыла:

-Иә, дұрыс айтасың. Кітап туралы сұрауымның себебі, біздің арамызда сол кітапқа немқұрайды қарап, таза ұстамайтын оқушыларымыз да бар екен.

2-Ақниет:

-Ендеше сондай балалардың қолына түскен кітаптардың мұңын тыңдап көрелік.

Көрініс. «Кітаптар мұңы»

Автор:

-/Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды. Ыңырсыған дауыстар/.

Қазақ әдебиеті: (Нұрқанат)

-Ей, /жанындағысын түртіп/ тұрсаңшы, қайда келдік?

Дүние жүзі тарихы:(Санжар)

-Ойбай, басым! Мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді.

Қазақ әдебиеті:(Әкімлұқыпан)

-Не болды? Жалғыз сенің басыңа келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

Дүние жүзі тарихы:(Санжар)

-Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қанша қызмет етті.
Әуелі көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп тастап кетті.

Математика:(Әкім)

-Дұрыс айтасыңдар! Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, 10-сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау!

Қазақ әдебиеті(Нұрқанат):

-Енді бізді не істер екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен.

(Бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.)

Математика:(Әкім) -Қой, мүмкін бір кәдеге жаратар. Қайтадан түптер.

Бәрі:

-Иә, иә, соны айтсаңшы. Ылайым солай болсын. Бізді аялап ұстаса ғой.

/Бәрі үміттеніп кетеді/.

1-Ақниет:

 -Иә, балалар, кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса, кітапты күтіп ұстау – бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл-ойымызды өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанынан хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстау, оны жан досыңдай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға қандай кезде де ақылшы, дос бола алады.

2-Шұғыла:

-Ақниет, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-Ақниет:

-Ал ендеше баста.

2-Шұғыла: -«Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Ақниет:  «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Шұғыла«Аспаз көрген ас таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Ақниет: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Шұғыла: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Ақниет:

-Шұғыла, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
Гүлназ

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын 
Шәкірттерін өзінен де озғанын. 

Нұрқанат:

 Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар

Әйгерім:

Ұстаздықты сүйіп, қалап таңдаса,

Өнегесін жасұрпаққа арнаса

Нағыз ұстаз міне осы дер едім,

Қиыны мен қызығына қанбаса

Ұлықпан

Жалықпай үйреттіңіз

Өмірге тату еттің даналарды

Ізгілікке жол ашып көрсетумен

Қара шашын қылаулап, ағарады

Қыз жібек

Ұстаздардың ұлағатты сөзінен

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз

Ұстаздардың мейірімді көзінен

Бізге деген жылылықты табамызнамыз

Санжар:

Білім құйып санамыз бен зердемізге Гүл ектіңіз адамдық кеудемізге Тәлім менен тәрбие жемісі ғой, Көтеріліп келеміз өрге бізде. Ақмоншақ Ұстаздық биік дархан даналығың Арқалап асқар таудай өмір жүгін

Сөзінен жанға жылу қуат тауып, Өзіңнен алдым тәлім, сана, білім. Ринат Атағым Алатаудай болып биік

Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп Алдыңда әрқашанда тағзым етіп Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

1-Ақниет:

 -«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 -Шұғыла:

 -Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі — ұстаздарымыз ортамызда отыр.

Көрініс:

.“Суретші”

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.

- Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.

1-Ақниет: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
апай: -Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немесе бір жағдай болды ма?
Апай:- «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен бірге тағы қандай қасиет ұстаздың бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
апай: -«Осы мектепте балалар мен жұмыс істеудің ерекшелігі қандай?»
-Сіздерге көп рахмет, аяулы ұстаздар.

Би «Кең жайлау»
2-Шұғыла:

 Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

-Ақниет, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

1-Ақниет:

- Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

2-Шұғыла:

Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын,ал біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

1-Ақниет:

-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз..
Сұрақтар:

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?

2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?

3. Жел соққанда тау ық бола ма?

4. Теңізде қандай тас болмайды?

5. Ертістің ортасында не бар?

6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не?

1-Ақниет:
-Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

2-Шұғыла:

-Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана,ардақты әке. Мына ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар! 

Ән: «Мереке күніңмен» Орындайтын: Бір топ жігіттер.

2-Шұғыла: Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

1-Ақниет:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.



















































Ақпаратпен бөлісу:

Google+

Изгилик Нагиев

Related

tagged with Тәрбие сағаттары Без рубрики

Добавить комментарий Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

Асан:

- ???

Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

- Асан:

- ???

- Мұғалім:

- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?

Асан:

- Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.


2-Айтжан:

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Каникул – жылдың ең қысқа күндері.
Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.
Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.
Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.
Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.
Спорт секциясы – анама айтатын басты сылтауым.
“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1- Әлия:

Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.

-Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

1) -Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 3-4 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

2)-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яғни режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

3)-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

4)-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.Яғни,жазушы да өзі.

5)-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтарды меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды жұмысқа шақыруларыңызға болады.

3)«География»



Ильяс:

Учитель в жизнь распахивает двери

Учителя все выше нас ведут.

Учитель! Чем сумеем мы измерить

Его нелегкий труд?

Виталий:

Вы с детьми- вы всегда молодые,

Грусть и радости с нами деля,

Наши строгие, наши родные,

Терпеливые учителя!

Руслан:

Нам о правде и чести твердите

Воспитайте сердца и умы!

Все заветы, что вы нам дадите

Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек

1-Әлия:
Ендеше мен сіздерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңіздер.

(Көрермендер көмегіне жүгінуге болады)

1. Қына басқа бітеді / тасқа

Білім шашқа бітеді /басқа

2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал

3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле

4. Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені

5. Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл

6. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге

2- Айтжан:

Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

1-Әлия:

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

(Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді)

Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не?

———————————————————————————————-

Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?

—————————————————————————————————

Жел соққанда тау ық бола ма?

—————————————————————————————————

Теңізде қандай тас болмайды?

—————————————————————————————————

Ертістің ортасында не бар?

—————————————————————————————————

Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не?

—————————————————————————————————-

 

Постараемся выполнить мыКонец формы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!