Материалдар / Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлының халық педагогикасына қосқан үлесі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлының халық педагогикасына қосқан үлесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлының халық педагогикасына қосқан үлестері туралы мәлімет бере отырып білімдерін тереңдете түсу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2019
9200
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Топ

Күні



Пән:Этнопедагогика

Сабақтың тақырыбы:Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлының халық педагогикасына қосқан үлесі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік:Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбайұлының халық педагогикасына қосқан үлестері туралы мәлімет бере отырып білімдерін тереңдете түсу.

Дамытушылық:Сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз білімдерін жетілдіруге, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Таңдаған мамандығын мақтан тұтуға, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, белсенділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, технологиялар: топпен жұмыс, постермен жұмыс жасау, «Зымыран сұрақ, жылдам жауап» әдісі, бейнеролик

Пәнаралық байланыстар:Педагогика, философия, лингвистика, психология, әлеуметтану, саясаттану.

Сабақтың жабдықталуы: Тесттер, кестелер, проектор

Қолданылатын әдебиеттер:Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық мәселелері және тарихы; Жарықбаев К.Б., Қалиев С. Қазақ тәлімінің тарихы; Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин

II. Үй тапсырмасын тексеру 10 мин

III. Жаңа сабақ 40 мин

IV. Жаңа материалды бекіту 20 мин

V. Қорытынды кезең 5 мин

  1. Бағалау

  2. Рефлексия


VI. Үйге тапсырма 2 мин

Сабақтың жүру барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Топтағы білім алушыларды түгендеу, келмеу себебін сұрау, анықтап білу.

3. Білім алушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

Ережелер:

  • Бір-бірімізді тыңдаймыз

  • Басқаның пікірін сыйлаймыз

  • Айтылып жатқан тақырып көлемінде сөйлейміз

  • Болжам жасай білеміз

  • Бір айтылған ойдың қайталанбауы.

«Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы келеді, ми ойлағысы келеді» - деген - атақты швейцариялық педагог Иоганн Генрих Песталоцци.

Түрлі-түсті ленталардағы жазулар арқылы топқа бөлу.

  1. «Көзімнің қарасы..»

  2. «Ыбырайдың мысалдары»

  3. «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз»

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Педагогикалық жұмбақ

1. «Ғылым түрлері жайында жазылған таза шындық» атты 50 тараудан тұратын еңбектің авторы кім?

2. «Арғымаққа міндім деп, артқы топтан адаспа, артық үшін айтысып, достарыңмен сынаспа» дегенді кім айтқан?

3. «Түркілер – Алланың әділет сарбазы» деген кімнің сөзі?

4. «Шығыс ренессансы» идеяларының нұсқасын ұсынды:

5. «Этнопедагогика» терминін алғашқы рет енгізген кім?

6. Халықтық педагогика идеяларын қалыптастыруға әсерін тигізген X ғасырдағы қазақ ойшылы

7. Жүсіп Баласағұнидың “Құтты білік” дастанында қай саладағы тәлімдік мақсаттар орындалады?

8. Ахмет Яссауидің “Даналық кітабында” төртінші бөлім “Хақиқат” деп аталады. Бұл сөздің мағынасы не?

9. Жүсіп Баласағұни адам мәдениетінің қандай екі тегін көрсетті?

10. Этнография — бұл…

11. Этнопедагогика — бұл…

12. Этнопедагогика ғылым ретінде зерттейді…

13. Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы

14. «Құттыбілік» дастанының авторы кім?

15.Адам өмiрiнiң мәнгiлiк болуын армандаған ежелгi ойшылдың аты (IXғ)..

Жауаптары:

1. М. Қашғари

2. Асан Қайғы

3. М.Қашқари

4. Ж.Баласағұн

5. Г.Н.Волков

6. Әл-Фараби

7. Ақыл, бақ- дәулет, әділдік, қанағат

8. Құдайға құлшылық ете білу

9. Тіл мен діл

10.тайпалар мен халықтарды зерттейтін қоғам туралы ғылымның бір саласы.

11. педагогика ғылымын фольклормен, этнографиямен байланыстыратын ғылым саласы

12. халық тәрбиесі зандылықтары мен ерекшеліктерін

13. этнопсихология, философия, этнография

14.Ж. Баласұғыни

15.Қорқыт ата

ІІI. Жаңа сабақ

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин(1841-1889ж.ж.) Қостанай өңіріне белгілі атақты Балкожа бидің отбасында тәрбиеленді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі шығыс зерттеушісі В.Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан дүние жүзі әдебиеті классиктері В.Шекспир, И.Гете, Д.Байрон, А.Пушкин, Н.Гоголь, М.Лермонтов, Ә.Фирдауси, Г.Низами, Ә.Науаи т.б. шығармаларынан білім алады.

Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары өз атасының песірі болады да, 1860 жылы Орынбор облыстык баскармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейін өз қалауы бойынша Торғай қаласында бастауыш мектепте мүғалім болып жұмыс жасайды. 1864 жылы мектеп ашады.

Ы.Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазып, оларды халык арасына таратуды көздеді. Оның оқу-ағарту ісіндегі тағы бір ерен еңбегі қазақ жастарына кәсіптік мамандық беру мәселесін қолға алуында еді. Сонымен қатар, қазақ қыздарының оқытып-тәрбиеленуіне жол ашып, Ырғызды қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері: Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой т.б. гуманисттік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында мектеп өміріне енгізген түңғыш педагог болды.

Оның педагогикалық көзқарастарынан да бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алтын діңгегі гуманисттік көзкарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымактастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз.

Ы. Алтынсарин өз халқының жарқын келешегі үшін саналы өмірін сарп еткен, халқына қызмет етуден артық ісі жоқ деп түйген, туған халқын, ел-жұртын шексіз сүйген, нағыз отаншыл азамат еді. Сондықтан да оның көптеген шығармаларында қазақ халқының өзіндік психологиялық қасиеттері, салт-санасы, әдет-ғұрпы жайлы айтқандары ерекше назар аудартады.

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалык әрі психологиялық еңбектерінде халықтық педагогиканың алатын орны зор. Алтынсарин мектепте татарша діни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, оларды халықтық дәстүр, аңыз-әңгіме, мақал-мәтел негізінде оқытып, тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге, жақсы адамгершілік қасиеттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізді.

Ол да Шоқан секілді арнайы психологиялық еңбектер қалдырған жоқ, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары т.б.) қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Ол қазақ балаларының өзіндік кейбір ұлттық ерекшеліктерін көрсете келе, осы жәйтті де оқу-тәрбие ісінде мүғалімдердің үнемі ескеріп отыруын қажет деп санады. Мәселен, оның өзі қазақ балалары үшін «Хрестоматия» құрастырғанда осы жағдайды қатты ескергені байқалады.

Профессор Т.Тәжібаев Алтынсаринді «Қазақстандағы педагогикалық ойдың пионері» деп бағалаған.

Кезіндегі Ы.Алтынсариннің көптеген ұлттық тәлім-тәрбиелік, психологиялык-педагогикалық мәселелерін кейіннен Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов т.б. жалғастырғаны белгілі.

Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) - қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшылы.

Оның поэтикалық шығармалары мен «Ғақлия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалык ой-пікірлерге толы.

Абай Құнанбаев тәрбие мэселесіне үлкен көңіл бөлді. Ол адамның өсіп-жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келіп, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қосылады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» - деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді.

Абай сана-сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін материалисттік көзқараспен түсіндіреді. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды, ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақсүйек тұкымнан шыкқандар ақылды, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалисттік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдейді.

¥лы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», - деген гуманисттік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүние жүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант т.б. орыстың ұлы ойшыл педагогтары: Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен қабысып жатыр.

Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып отыр.

Абай психологиядан арнайы еңбек жазбаса да оның көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен осы ғылымның сан алуан мәселелеріне байланысты ғылыми мәні зор, ерекше көңіл аударарлық түрлі ой-пікірлер көптеп кездеседі. Ақын творчествосында психологияның негізгі мәселесі - жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімінің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық психологияның жекелеген мәселелері де көрініс тапқан. Ол бұларды талдап, талқылағанда адамның психологиялық өмірінің бір қыры мен сырына табиғи-ғылыми түрғыда түсініктеме бере қоймайды. Алайда Абай тұжырымдарының ауқымы мен тереңдігі - оның әлем психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Нақтырақ айтсақ, оның психологиялық көзқарастары П.К.Аристотель, Әл-Фараби көзқарастарымен астарласып жатады.

Абайдың психологиялық мәселелерге көзқарасы, ең алдымен, поэзия мен өнердің міндеті адам өмірін, олардың көңіл-күйін, іс-әрекеттерін шыншылдықпен көрсете білу деген түсінігіне орай қалыптасқан. Оның пікірінше ән мен музыка қазақ халқының өмірі мен тұрмысынан ерте заманнан-ақ берік орын алып, олардың сенімді де айнымас серігіне айналған дүниелер. Сондықтан өз тақырыптарында оларды талдауға баса мән берді.

Абай қазақтың қоғамдық ой-пікірінің қалыптасуы тарихында алғаш рет ақындық шабытты шақтың психологиялық астарына терең үңіліп, оны адам рухының ерекше күйі деп сипаттады, әрі халықтық тәрбиенің бір құралы деп таныды.

Абайдың психологиялық мәселелеріне байланысты бізге жеткен пікірлері, оның қазақ тарихында түңғыш рет психологиялық терминдер жасауға талаптанып, бұл ғылымға қазақ тілінің аса бай сөздік қорынан бірқатар түсініктер енгізіп, осы жолда қазақ фольклорындағы төл тіліміздегі психологиялық ұғымдарды өңдеп, әрлеп, нақтылап, орнықтырып қана қоймай, сонымен қатар, көшпелілердің психологиялық әлемі туралы өзіндік көзқарас жүйесін қалыптастырғанына тіреледі.

Шоқан Уәли­ханов(1835–1865). Аса көрнекті ағар­ту­шы, ғалым және зерт­те­уші Ш. Уәли­ханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жа­сына дейін Шоқан Құсмұрын­дағы же­ке меншік мек­тепте оқып, мұсыл­ман діні ілімімен та­ныс­ты. 1847 жыл­дың күзінде Шоқан Ом­бы ка­дет кор­пу­сына оқуға түсті. Ка­дет кор­пу­сын­да Шоқан Уәли­ханов белгілі ғалым, ге­ог­раф және Ази­яны зерт­те­уші Г. Н. По­танин­мен бірге оқып, дос­та­сып кетті. Ол орыс тілін та­маша меңгерді. Дос­то­евс­кий мен Ш. Уәли­ханов­тың дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын олар­дың түрлі уақыт­та жа­зысқан хат­та­ры дәлел­дейді. Ф. М. Дос­то­евс­кий өзінің хат­та­рын­да дос ретінде Шоқанға пай­да­лы кеңес­тер беріп, ру­хын көтеріп, оның ал­ды­на аса зор игі міндет­тер қояды. 1853 жы­лы Шоқан ка­дет кор­пу­сын бітірген­нен кейін Сібір ка­зак әскеріне қыз­метке жіберіледі. Көп ұза­май Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гас­форт оның қабілеттілігіне на­зар ауда­рып, 1854 жы­лы Шоқан оған адъютант бо­лып тағайын­далды. 1855 жы­лы Ш. Уәли­хановГас­форт­тыңОм­бы­данІлеАла­та­уынадейінгіса­пары­нақаты­сады.

ІV. Жаңа материалды бекіту

  1. Бейнематериалмен жұмыс

Тапсырманы орындауға нұсқаулық:

  1. Видеоны тамашалап, сұрақтарға жауап берініз.

  2. Топпен жауаптарынызды талқылап, толықтырулар енгізініздер.

  3. Өзге топтардың жауаптарын тыңдап, кестелерінізді қажет жағдайда толықтырыныздар.

  1. «Өлді деуге бола ма айтындаршы...» (топтық жұмыс, постер қорғау)

Б

Ағартушылар

алалар күннің бейнесінде төрт баған бойынша жұмыстар жасайды.
  1. Өлмес мұралары

  2. Қоғамдық қызметі

  3. Ағартушылық мектебі

  4. Өлді деуге бола ма айтыңдаршы... (шығармашылық тапсырма)

  1. «Зымыран сұрақ – жылдам сұрақ» әдісі

Жаңа материалды игеру мақсатында сұрақтарға тез, ұтқыр жауап беру қажет.

1 топ сұрақтары:

1.« Әке мен Анапедагогикасы» еңбегінің авторы?Г.Н.Волков

2.« Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» – деп кім айтқан? Шоқан

3. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиессіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі». Бұл пікір қай ғұламаныкі?Әл – Фараби

4. «Ақжүніс» қай жырдың кейіпкері?Ер Тарғын

5.«Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол» деп, адамгершілік қарым-қатынас атаға бөлуге байланысты болмау керектігін айтқан кім? А. Құнанбаев;

6.«Жетілген адам» идеясымен балалар ең бірінші халық педагогикасыныњ қандай құралы арқылы танысады?ертегі;

7.«Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырларының ортақ байланысы: халықты бірлікке шақырып, жастарды ерлікке тәрбиелеуде;

8.«Қазақ шежіресі» шығармасының авторы кім? Ш. Уәлиханов;

9.«Мұсылмандықтың тұтқасы» атты кітаптың авторы?Ы.Алтынсарин;

10.Әл-Фарабидің пікірінше ақылдың даму базасы не?таным

2 топ тапсырмалары

1.«Ұстазсыз шәкірт – тіл, шәкіртсіз ұстаз – тіл» – деп айтқан қазақ халқының ұлы ақын-жазушысы?Ы. Алтынсарин

2.Басқа дастандардан демократиялық бағыты мен ерекшеленетін «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық дастанның авторы кім? Қ.А. Яссауи

3.Дүние жүзіндегі тамаша оқулықтарын жасаудың қайнар көзі болып табылатын, «Таза бұлақ» еңбегінің авторы? Ы.Алтынсарин

4.“Тәрбиелеу - жеке адамның кісілігін көрсету”, - деген нақыл сөздердің авторы кім? Әль-Фараби

5.К.Д. Ушинский сияқты «балаларды халық тіліне енгізе отырып, оны халықтың ой-пікірі, халық сезімі, халық өмірі әлеміне, халық рухы саласына енгіземіз» деп санаға қазақ педагогтарының ішіндегі кім? Ы. Алтынсарин;

6.Қазақ халық ауыз әдебиетін жинауда көп еңбек сіңірген және осы мұраларға бірінші болып ғылыми пікір айтқан ағартушы – демократ: Ш. Уалиханов

7.Тәлім-тәрбиелік ой – пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы:халықтық педагогика

8. Жұмбақтарды «Жан-жақты жымыңдасқан метафора» деген деп атаған? Аристотель

9.«Сұлулық шындықпен моральмен бір туысқан. Егер шығарманы көркемдік құндылыққа ие десек, онда ол сөз жоқ, әдеп-инабаттылық жағынан да құнды болады» - сөзінің авторы: В.А. Белинский

10.Қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендік өнерін жоғары бағалаған қай ғалым? Ш.Уәлиханов

3 топ тапсырмалары

1.Қазақ этнопедагогикасы ғылымының қайнар бұлағын ашқан, қазақ мәдениетінің шамшырағын жаққан кім?Ш.Уәлиханов.

2.Оқыту мен тәрбиелеудiң алғашқы идеяларын бейнелейтiн ежелгi түрiк жазба ескерткiшi (VI–VIIIЈ)?..Орхон – Енисей ескерткiштерi

3.Т.Н.Волков қай жылы алғаш рет «этнопедагогика» терминiн қолданды?1974ж

4.Түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген талантты перзенттерінің бірі:М. Қашғари

5.Қай педагог-классик Қазақстан жерiнде көп ұлттық мектеп және әйелдерге бiлiм берудi дамытуға өз үлесiн қосқан? Ы. Алтынсарин;

6.Ы.Алтынсарин көп жылдар аңсап, өз өмірінің арманы болған мектебін қай жылы ашты?1864

7.«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі» сөзінің авторы кім ? Ыбырай Алтынсарин

8.Халық фольклорының қай кейіпкері шешендікпен сипатталады? Жиренше шешен

9.« Этнопедагогика халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.» деп айтқан ғалым? Г.Н. Волков

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!