400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі". Шоқанның саяхатқа шығуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі". Шоқанның саяхатқа шығуы
Материалдың қысқаша нұсқасы

40 орта мектеп

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі". Шоқанның саяхатқа шығуы

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім

ІІ ТАРАУ. ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМ

Педагогтің аты -жөні

Утегулова Айала Нусипбаевна

Күні

8 желтоқсан

Сынып: 9

Қазақ әдебиеті

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі". Шоқанның саяхатқа шығуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті


Бағалау


Ресурстар


Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңі


5 минут

1)Амандасу, оқушылардың көңіл күйін сұрау;

2)Оқушыларды түгендеу;

3)Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру;


Мұғаліммен амандасу;

Өткен тақырып бойынша өз ойларын айту;

Оқушылардың көңіл- күйін және сабаққа дайындығын ынталандыру;

Сабақта орындалатын тапсырмаларға сәйкес ҚБ мен таныстыру

Оқулық

137-153 беттер


Сабақтың ортасы

Жаңа материал меңгерту


10 минут



1.Бірлесіп орындалатын жұмыстарға берілген мәтіндік ақпараттармен танысады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1 . Ш.Уәлихановтың туып-өскен ортасы туралы не білесіңдер?

2. Шоқанның қандай ғылыми еңбектерін атай аласыңдар?

Ой қозғау.

Мағынаны тану.

Ш.Уәлиханов құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тым келте ғұмыр кешсе де, өшпестей із қалдырған ерекше тұлға. Болашақ ғалымның дарындылығы, талантының жан-жақтылығы, ұлы тұлғаның әр қыры неден бастау алды? Осы сұраққа «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісімен жауап іздеп көріңіздер:Кім? Қашан?Қандай?

Барлық оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау критерийі

-әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды.








Жаңа материалды түсінгенін тексеру


10 минут



1-тапсырма. Берілген үзіндідегі бір күннің оқиғасына сюжеттік-композициялық талдау жасаңыз.

1. Оқиғаның басталуы: ...

2. Оқиғаның дамуы: ...

3. Оқиғаның байланысуы: ...

4. Оқиғаның шарықтау шегі:

5. Оқиғаның шешімі: ...

Өзіңді тексер!

1. Оқиғаның басталуы: Тұлпартастағы ауыл

2. Оқиғаның дамуы: Қырғыз киіз үйінің көрінісі

3. Оқиғаның байланысуы: Шоқанға көрсетілген сый-сияпат

4. Оқиғаның шарықтау шегі: Қырғыз әйелдерінің киім үлгісі

5. Оқиғаның шешімі: Табысты күн

Білім алушы

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

Дескриптор

- оқиғаның басталуын табады; -1 б

- оқиғаның дамуын анықтайды; -1 б

- оқиғаның байланысуын ажыратады; -1 б

- оқиғаның шарықтау шегін анықтайды; -1 б

- оқиғаның шешімін жазады; -1 б

Барлығы – 5 балл.

Кері байланыс

Үлестірме қағаз


10 минут


2-тапсырма. Топтық жұмыс.

1-тапсырма. Берілген үзінді бойынша автор бейнесін талдаңдар.

1-топ – «Тарихшылар»

ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уәлихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті».

2-топ – «Ғалымдар»

«Корпуста ой-өрісі, білім жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды.Оған талайлар – ақ назар аударды.Ол сондай қабілетті еді, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да білім , идея жағынан басып озды»

Т.Н. Потанин

3-топ – «Саяхатшылар»

«Шоқан Шығысқа тән ұшқыр қиялды әрі ақынжанды адам еді. Ол араб өлеңдерін қатты ұнататын және ол ұстазы Костылецскиймен бірге сол өлеңдерге рахаттанып, тамсанып отыратын.» Н.М.Ядринцев

Білім алушы

Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды.

Дескриптор:

-автор бейнесінің идеялық-стилистикалық бейнесін анықтайды; -2 б

-автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды.-2 б

+белсенділік 1 балл Барлығы-5 балл.

Кері байланыс

ҚБ тапсырмасынан

Сабақтың соңы.

Сабақтың қорытындысы

5 минут

«Түйінді ой» идеясы арқылы сабақты қорытындылау

Шығармада автор бейнесі қалай көрінеді?

Шығарманың композициясын анықтай алдың ба?

Үйге тапсырма : Махамбет өлеңдерінің ішінен өзіңе ұнаған біреуін жаттау

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлексия жасайды

Үй тапсырмасын алады

1)Бағалау

2) неше балл жинағанын айту;

3)Оқушының прогресі туралы айту

Оқулық



Бағалау парқшасы

Тексерді ________





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.11.2025
24
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12