"Шуақты шұғыла" лагерінің ашылу салтанаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шуақты шұғыла" лагерінің ашылу салтанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері үшін дайындалған жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шуақты Шұғыла лагерінің ашылу салтанаты».

Жүргізуші .

«Күн сөнбесін» әні шырқалады,балалардың алдына Күн шуақтарымен шығады.

1 шуақ: Келді міне тағы жаз, Күн шуағымен жылытады Жылуын төгіп бізге, Бәрімізді қуантады (қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: «Қуаныш»)

2 шуақ: Жазғы лагерді ашамын Бәрлерінді шақырамыз Күлеміз,ойнаймыз,ән шырқаймыз спортпенен шұғылданамыз (эмблемалық екінші дөңгелегі «Спорт»)

3 шуақ:Бақыт үшін не керек ? Әрине,достық қажет! (эмблеманың үшінші дөңгелегі «Достық»)

4 шуақ: Мәселеде қиналма досыңа тез көмек бер. Енді міне бері қара, Өзара көмекті ұмытпа! (эмблеманың 4-дөңгелегі «Өзара көмек»)

5 шуақ: Лагерден шығып қалмау үшін Тәртіпті сақта! (эмблеманың 5-дөңгелегі «Тәртіп»)

Жүргізуші :Қуан, Шаттан,күн,балақай! Қуанатын күн бүгін! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін!

Құрметті балалар,сендерді шын жүректен қуанып қарсы аламын!Сендерге жазғы лагеріміздің эмблемасын салтанатты түрде таныстыруға қуаныштымын!Біздің ұран:-«Достық,өзара көмек,тәртіп,спорт,қуаныш»сендерді осы сөздерді естеріне сақтап алып,лагерде дәл осыларды ұстанып жүрулеріңізді сұраймын.

Жүргізуші :

-Ауылымыздағы балалардың денсаулығын нығайту,жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында бүгін балалар лагері өз есігін ашады.

Тілі балдай бүлдіршіндер!

Жігерлі ұлдар!

Әсем жанды,айдай қыздар!

Сендерді лагердің ашылуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Сөз кезегі: тәрбие ісінің меңгерушісіне беріледі.

Жүргізуші .

Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл жоқ шешек атпаған

Балалар гүлдей,

құлпырып күндей.

Баршамызды бал тілімен баурайтын

Бала деген бәр бақыт қой самғайтын.

Ата – ананың арманы мен тілегін

Бала емеспе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімділер, періштелер, сендерсіндер,

Қандай бейне өздеріне тең келсін!

Данышпанда, ғарышкерде, Ғалымда

Ең алдымен балалықты менгерсін.

Жүргізуші

. Ия, рас, бала болған бәріде, Салған олар балалықтын әнінде Бала кезді еске алып отырсақ Сол емеспе тіршіліктің мәніде.

«Болашақ балалар көзімен» бормен сурет салу (түрлі-түсті бормен сурет салу)

«Балалар биі» (интербелсенді тақтадағы би қимылдарына қарап би билейді)

«Түрлі ойындар»



Жүргізуші :-Осымен лагердің ашылу салтанаты өз мәресіне келіп жетті.Келесі кездескенше ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі