Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге геометрия пәнінен қмж. Ашық сабақта немесе панорамалық сабаққа пайдалануға тиімді материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Геометрияның алғашқы мәліметтері

Мектеп: №29 жалпы білім беру орта мектебі, КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Тәуекел Айкүміс Жақсыбайқызы

Сынып: 7

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.1.10

сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану;

Сабақтың мақсаттары

 -Сыбайлас және вертикалъ бұрыштар ұғымдарымен танысу, олардың қасиеттерін білу.

- Сыбайлас және вертикаль бұрыштарды сызба бойынша қолдану.

- Сыбайлас және вертикаль бұрыштарына есептер шығарып үйрену дағдыларын қалыптастыру

Бағалау критерийлері

- Сыбайлас және вертикаль бұрыштарды ажырата алады.

-Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданып, бұрыштың өлшемін таба алады.

-Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге байланысты лексика мен терминология

-Сыбайлас бұрыш

-Вертикаль бұрыш

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- ... бұрыштардың ... -қа тең.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығы бойынша оқушыларды еңбекке және шығармашылыққа, ынтымақтастыққа, өмір бойы білім алуға баулу.

Алдыңғы білім

Бұрыштар туралы ұғым қалыптасты, оларды ажырата алады және қасиеттерін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесе тұрып, оқушыларды түгендеймін. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын дәптерлеріне жаздырамын.

2. Oқушылaр дәптеріне тақырып пен оқу мақсатын жазғаннан кейін, оқушыларға жағымды көңіл күй oрнaту мақсатында «Aрқaғa cурeт caлу» әдісін орындатамын. Oқушылaр бір-бірінің aртында тұру арқылы орналасады. Мұғaлімі мен eң coңғы тұрғaн oқушығa бұрыштық өлшемдерді айтамын, сол оқушы алдында тұрған оқушының арқасына салу арқылы барлық оқушы бір-бірінің арқаларына суреттің бейнесін салады және қандай сурет екенін сезу арқылы анықтайды.

3.Арқаға сурет салу әдісін орындағаннан кейін, оқушыларға қағаз қиықтарын қиықтарын құрастыру арқылы бөлемін.

Рисунок 3

4. Топқа бөлгеннен кейін оқушылардан үй тапсырмасын сәйкестендіру картасы арқылы тексертемін.

Рисунок 1

Сәйкестендіру картасы.

Әр оқушыға сәйкестендіру картасын таратамын. Оқушылар үй тапсырмасына берілген есептерді қасындағы жауаптарымен сәйкестендірулері қажет. Сәйкестендіру парағында есептерді 1 ден 10 ға дейінгі аралықта бағаланып тұрады және оқушылардың араларында жүру арқылы , 1-ден 10-ға дейінгі алған баллдары бойынша жеке мадақтаймын.



Сабақтың ортасы




























































Оқу мақсатына жету үшін

"Басқа сөздермен айту" әдісі

Оқулықтан теорияны әр оқушы жеке өздері оқу арқылы өздеріне түсінікті басқа сөзбен баяндайды.


Оқушылар "Басқа сөздермен айту" әдісін бойынша баяндағаннан кейін, оқушылардың тақырыпты жеткізе білгеніне байланысты бағалаймын.



Оқушыларды бағалағаннан кейін "Барлық оқушылармен жұмыс" әдісі бойынша топтық жұмыс орындатамын


Топтық жұмыс:

"Ромб"тобы

1.Берілген АВС және СВЕ сыбайлас жатқан бұрыштар арқылы АВЕ бұрышын табыңдар.

2. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 1) 35° 2) 121° 3) 16° болса, онда оның екінші бұрышы неге тең?

3. Сыбайлас бұрыштардың бірі 25° болса, онда екіншісі нешеге тең?

4. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 7 есе артық болса, ол бұрыштардың үлкені нешеге тең?



"Квадрат"тобы

1.Берілген АВС және СВЕ сыбайлас жатқан бұрыштар арқылы АВЕ бұрышын табыңдар. АВЕ және АВС бұрыштарын салыстырыңдар.

2. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 1) 53° 2) 119° 3) 28° болса, онда оның екінші бұрышы неге тең?

3. Сыбайлас бұрыштардың бірі 39° болса, онда екіншісі нешеге тең?

4. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 3 есе артық болса, ол бұрыштардың үлкені нешеге тең?


"Шеңбер" тобы

1.Берілген АВС және СВЕ сыбайлас жатқан бұрыштар арқылы АВЕ бұрышын табыңдар. АВЕ және АВС бұрыштарын салыстырыңдар.

2. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 1) 45° 2) 120° 3) 18° болса, онда оның екінші бұрышы неге тең?

3. Сыбайлас бұрыштардың бірі 19° болса, онда екіншісі нешеге тең?

4. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 5 есе артық болса, ол бұрыштардың үлкені нешеге тең?


Дескриптор:

-Сыбайлас бұрыштардың сызбасын салады

-Сыбайлас бұрыштарды салыстырады

-Сыбайлас бұрыштардың екінші бұрышын табады

-Теңдеу құру арқылы, бұрыштардың мәнін табады.


Оқушылар "Барлық оқушылармен жұмыс" әдісін орындағаннан кейін, оқушылардың арасынан тез қабылдайтын және баяу қабылдайтын оқушыларға тақтамен жұмыс әдісін орындатамын.


Тақтамен жұмыс:

Есеп: Егер екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 4 есе үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар

Есеп: Екі түзу қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 500 кіші. Осы бұрыштарды табыңдар.


Тез қабылдайтын және баяу қабылдайтын оқушыларды тақтаға тапсырма орындатқаннан кейін, есепті шығару жолдарына байланысты бағалаймын және көмек керек оқушыға көмектесемін.


Тақтадағы тапсырмасын орындап болғаннан кейін оқушыларды сергіту үшін және де бүгінгі тақырыпты жадында сақтау қабілетін қалыптастыру мақсатында, оқушылар орындарынан тұрып, екі қолдары арқылы бүгінгі өткен тақырыбымыздағы сыбайлас бұрыш, вертикаль бұрыш, жазыңқы бұрыш, доғал және сүйір бұрыштарды жаттығу ретінде жасатамын.


Оқушыларға сергіту жаттығуын орындатып болғаннан кейін саралау мақсатында жеке бағалау үшін саралау тапсырмасын беремін.


Саралау тапсырмасы:

бұрышын ОС сәулесі

Қатынасы орындалатындай екі бұрышқа бөледі. бұрыштарының градустық шамасын табыңыз.


Дескриптор:

  • бұрыштарды өлшеу аксиомасын қолданып, өрнек құрастырады

  • есептеуді орындайды

  • бұрыш бөліктерінің градустық шамасын табады


Саралау тапсырмасының жауабын интербелсенді тақта арқылы көрсетемін. Оқушылар жауабының қаншалықты дұрыстығын белгілейді.


Геометрия 7 сынып

Ә.Н. Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков

"Атамұра"

Алматы,2017


Постер

Сабақтың соңы

( 36-40мин)

Ортадағы қаламсап әдісі

Оқушыларға саралау тапсырмаларын орындатып болғаннан кейін, оқушылардың қаламдарын алу арқылы қаламдардың арасынан кез-келген 5 қаламды таңдап алып, сол қаламдардың иелеріне сұрақ қоямын. Қаламның иесі сұраққа жауап бере алмаған жағдайда өзге оқушылардың қаламдарын пайдалану арқылы сұрақтар қоямын.


  1. Қандай бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды?

  2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы -қа тең екенін дәделдеңдер.

  3. Қандай бұрыштарды вертикаль бұрыш деп атайды?

  4. Вертикаль бұрыштардың тең болатынын дәлелдеңдер

  5. Тік бұрыштың, доғал бұрыштың, сүйір бұрыштық бұрыштық өлшемдері қандай?


Ортадағы қаламсап әдісін орындағаннан кейін орқушыларға үй тапсырмасын беремін.


Үй жұмысы №1.79, №1.87 есептері

Рефлексия: Оқушылармен кері байланыс орнатамын, яғни бүгінгі өткен тақырыптан алған керекті ақпараттарымызбен, толықтыратын ақпараттарымызды және қажет емес ақпараттарымызды талқылаймыз. бүгінгі тақырыпқа берілген рефлексия арқылы оқушылар үшін келесі тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік аламын


Бүгінгі оқу мақсатыма жеттім деп ойлаймын


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
596
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12