Сыбайлас
жемқорлық - барша адамзатқа төнген қауіп
!
Жемқорлық
–
қызметтік лауазымды пайдалана отырып,
оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық,
әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті.
Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық
мемлекеттік басқару жүйесін бұзады,
экономиканың дамуына шектеу қояды,
әсіресе экономика саласында ұйымдасқан
қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің
бәсекеге қабілеттілігін едәуір
төмендететіні, қоғамда демократиялық
қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні,
елдің халықаралық беделіне көлеңке
түсіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың
қоғамның демократиялық негізіне деген
сеніміне, заң мен әділдікке деген
сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген
сеніміне кері әсер ететіні хақ. Жасыратыны
жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде
елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді
мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің
мемлекеттік қызметкерлер тарапынан
көрініс табуы мемлекеттің дамуына
кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда
өкіметке, билікке деген сенімсіздік
тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан
жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты
әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл
дерт еліміздің дамуына, экономиканың
өркендеп өсуіне өрескел кедергі
келтіретіні даусыз.Қазіргі кезде, бізде,
жемқорлықтың дамып кеткендігі соншалық
жасыруға да келмей қалды. Оны бұқара
халық күнделікті өз бастарынан өткізіп
жатыр. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып
тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын
тереңге жайған, өзге сау органдарын
шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын,
сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне
қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны
емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму,
таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына
қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек.
Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы
тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік
тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне
қолдан келгенше тосқауыл қойылып,
қолында билігі бар азаматтар осы жолда
өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана
халық сенімінің үддесінен шығатынымыз
сөзсіз. Елбасы
жолдауында:
«Заңды бұзған екенсің, оның баптарына
сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты
ереже бар. Олай болмаған күнде біз
кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң,
солай бұралатын тәртенің» керін
қайталайтын боламыз», - деп атап көрсеткен.
Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен
сот жүйесі де жолдауда берілген
тапсырмалардың шындыққа айналып,
заңнамалардың талапқа сай орындалуына
мүдделілік танытуды міндеті деп санайды.
Адамзатқа
ертеден таныс сыбайлас жемқорлық –
заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір
тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп,
қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге
тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай
отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа
дамушы елдер сияқты, біздің жас
мемлекетімізді де жегі құрттай бұл
кесел айналып өткен жоқ.
«Жемқорлыққа
қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық
әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз
сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға
қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз.
Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан
қауіпті індетпен көп болып күресуіміз
қажет.
Кентау
көпсалалы колледжі
Информатика
пәнінің мұғалімі
Ботабекова
Асия Ердебековна