сыбайлас жемқорлық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сыбайлас жемқорлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемкорлык. казирги заман талабына сай такырыптардын бірі. педагогтерге оте керек дуние. пайдаларынызга жарайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыбайластық – қоғам дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық – заман ағымымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

Әрбір азамат өзінің қызметін адал атқарып, туған елінің шынайы патриоты болғанда ғана қуатты мемлекет құрылады. Елге адал қызмет ететіндер де, керісінше, теріс қылық жасайтындар да бар. Содан болар, халық несібесі мен ел қазынасына қол салатындардан арылу барлық мемлекеттің өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұл тұрғыда елімізде арнайы заңдар қабылданып, жүйелі бағдарламалар жүзеге асуда. Тіпті, сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттің алдын алуға көмектескендерге үкімет тарапынан арнайы сыйақы да қарастырылған. Олардың қауіпсіздігі заңмен қамтамасыз етілген.

Ұжым мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, теріс әсерін тигізетін сыбайластықты болдырмау мақсатында Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» балабақшасында көптеген оң жұмыстар атқарылып келеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті», «Қауіпті құбылыс», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз», «Сыбайластық абырой әкелмейді» тақырыптарында құқықтық оқулар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, әңгімелер, пікірсайыстар ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет» атты пікірсайыста балабақша педагогтері өз ойларын ортаға салып, дәйекті пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, шара кезінде жемқорлыққа қарсы арнайы түсірілген әсерлі бейнероликтер көрсетілді. «Сыбайлас жемқорлық» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өтті. Аталған онлайн кездесуге балабақша тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты. Кездесуде түсіндірме жұмыстары айтылды, баяндамалар оқылып, берілген сауалдарға жан-жақты жауаптар берілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Азаматтар пара беруді мәселе шешудің ең жеңіл, оңай жолы деп біледі. Ал, кез келген мәмелені заңды жолмен шешуге үйренсек, жемқорлық өзінен-өзі тыйылады.

Көп жағдайларға сыбайлас жемқорлыққа бару, қылмыс жасау қарапайым қағидаларды, заңды білмеушіліктен туындап жатады. Егер адам парақорлық пен жемқорлық үшін өзін қандай жаза, жауапкершілік күтіп тұрғанын білсе, ойланары сөзсіз. Азаматтарымыздың заңға деген құрметі артса, заң үстемдік құрады. Осы жағдайда ғана қоғамымызда жегіқұртқа айналған сыбайлас жемқорлықты жеңетініміз күмәнсіз.


Қалдыбекова Фарида Қалдыбекқызы

«Алматы облысы білім басқармасының

Қапшағай қаласы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен»

балабақшасы» МКҚК,

дене шынықтыру нұсқаушысы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.01.2022
648
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі