Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыбайлас жемқорлық деген не?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ашық тәрбие сағаты |
Уақыты:09.02.2018 |
Кабинет:№7 |
Мұғалім:Канибекова Г |
|
Сабақтың атауы |
Сыбайлас жемқорлық деген не? |
|||
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, видео Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик |
|||
Психологиялық ахуал |
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
||
Қызығушылықты ояту |
Ақшалар арқылы үш топқа бөлінеді Шықдық Адалдық Әділдік
Екі жүргізуші ортаға шығады 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!! 2-жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. 2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев. Мұғалім: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. 2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні деп жариялады. Келесі кезекте бейнероликке берсек (Шырақ бейнеролигі) Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
1 -
оқушы Ақзере
1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: - қоғамның бақытты болашағын тежейді; - елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді; - жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.
2-жүргізуші: Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады? 1.Пара бермеу және алмау. 2.Мақсатты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс. 3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер. |
|||
|
Бейнеролик «Жемқорлық-қоғам дерті» |
Ой сергітеді, шашағандары басылады |
||
Ой толғаныс
|
Топтық жұмыс: «Шындық» тобы «Егер мен болашақта президент болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?» «Адалдық» тобы Жемқорлықсыз Қазақстан! «Әділдік» тобы Жемқорлық - ғасыр дерті. (Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды) Баукен
Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану • Коммерциялық сатып алу • Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану • Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану • Пара алу • Қылмыстық жалғандық жасау 2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады. Викториналық сұрақтар
Сөздік жұмыс Үш тілде сөйлей білейік Жемқорлық – коррупция – corruption Жағдаят Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі барлық алынған білімдері бойынша, әр топқа жеке тапсырма беріледі, тапсырманы сахналау керек. 1 жағдай: Колледж оқытушысы емтиханда сізді үшінші рет құлатты. Өзінің барлық келбетімен, пара беруіңізді сұрайды. Сіздің әрекетіңіз. 2 жағдай: Сіз, заң қызметкерісіз, заңнамаға сәйкес емес арнайы қызмет үшін ақшалай көмек ұсынады. Сіздің әрекетіңіз. 3 жағдай: Ыстық жақта демалу үшін, сізге жедел түрінде шетелдік құжат қажет. Брақ оны бір айдан кейін алаласыз. Сіздің әрекетіңіз. Ақиқаттың ауылы М. МақатаевЖол қайда ақиқатқа
апаратын? Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .
1.Адамгершілік болмай,
Шөлге құдық қазған бір
сауап, |
|||
Қорытындылау |
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар |
|||
Кері байланыс |
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |