400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтану пәні бойынша оқушылар арасындағы пікірталас сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы


«О.Бапышев атындағы ЖОМ КММ»












Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі




( дөңгелек ұстел)

11 сыныптар











Дайындаған: Бесбаева М








2017-2018 оқу жылы


Дөнгелек үстелдің мақсаты:

1.Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «сыбайлас жемқорлық» ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту,дүниетанымдарын кеңейту;

3. Өз мемлекетіне жауапкершілік пен қарау және әділдікке тәрбиелеу.Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайдтар, плакат, видео роликтер

Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер:

1.А Құнанбаев «Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса ,оның ұяты да жоқ»

2.Ғ.Мүсірепов «Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек»

Дөнгелек үстел барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Әңгіме сұхбат.

3. Баяндама 1.«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті»

2. «Жемқорлықтың ислам дініндегі үкімі қандай?»

4. Тақырып төңірегіндегі сұрақтар.

Қазақстан Республикасының №267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 1998жылы 2шілдеде қабылданды.

БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы 2003жылы 30қазан айында қабылданды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн 2003 жылы 9 желтоқсанда жарияланды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы»Заңы 18.11.2015жылы қабылданды.

Бұл заңның мақсаты –азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу.анықтау, олардың жолын кесу және ашу,олардың зардаптарын жою және кінәілерді жакапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қоғамдық өзекті мәселелер, осы әлеуметтік қауіпті құбылыс пен күрес бірқатар мән-жайларға байланысты. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары менбостандықтарының бұзылуына әкенсоғады.

Біздің ел-ТМД елдерінің ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арнайы заң қабылдаған бірінші және бірден-бір мемлекет. Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмыстарының нысандылығы мен тиімділігі,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері Елбасының жеке бақылауында тұрғандығына негізделген.

Сыбайлас –жемқорлықпен күрес жүргізу-мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің ,тұтастай қоғамныңбасты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

Видеоролик көрсетіледі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сұрақтар тізбегі:

  1. Пара дегеніміз не?

  2. Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті?

  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?

  4. Жемқорлық пен күресудің алғы шарты қандай?

  5. Адамдардың көбі пара беру мен сыбалыстықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады?


11 сынып оқушысы Естемиров Еркеғали өз шығармашылығынан өлең оқыды:

Әлемді билеген аты өшкір жемқорлық,

Қарапайым халық,көріп жатыр тек қорлық.

Барлығы қалайды оңай келген олжаны

Қалайды алтыннан соғылған сарайды,

Ертеде қылмыскерді асар еді дарға,

Бостандық береді ақшасы барға,

Әділдік жүрсін алдағы таңда,

Әділдік,әділдік тек қана алға.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі