Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. (дөңгелек үстел)


«Сыбайлас-жемқорлық» сөзінің мағынасы "corruptio" деген латын сөзінен аударғанда “параға сатып алу”, “пара” дегенді білдіреді.  Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас-жемқорлықты «пара беріп сатып алу», «лауазымды адамдардың», «саяси қайраткерлердің сатқындығы» ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал, сауабын аттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болу секілді бастапқы нышандарды сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап келсеңіз алаған қолым береген деген ұстанымға саятын мұндай бақай есепшілік ертеден-ақ көптеген мемлекеттерде орнығып қалған. Олардың бір-бірінен ат төбеліндей айырмашылығы тойымсыздық пен ашкөздіктің әр мемлекетте әр түрлі деңгейде екендігі ғана. Адамзаттың ұшқыр ақыл ойы уақыт шабысымен бірге үзеңгі қағыстырып қатар келе жатқан жемқорлықты болдырмас үшін қандай тәсіл ойлап таппады дейсіз. Олар жұрт күткендегідей нәтиже берсе жемқорлық ұғымы санадан сызылып, ол әлдеқашан көнерген сөздердің қанжығасында кетер еді ғой. Керісінше бай мен кедейдің аражігі ашылып, қоғамдағы қайшылықтар тереңдеген сайын, жұрт сыйлаған лауазымды адамдардың қазына мүлкіне көз тігіп, сұғанақтық жасауы тіптен асқынып бара жатқандай. Мемлекетімізде әлгіндей отбасын ұмытып, асқандарды тәубесіне қоятын заңымызда да бар. Соған қарамастан ел ырысының үстінен қалқып ішіп, сыбайласып жемқорлық жасау бір тыйылмай келеді. Заң талабында мін болмағанымен оның орындалуында олқылықтың көп екендігін, шортандардың емес, ұсақ-түйек шабақтардың ілігетіндігін Елбасымыздың өзі де талай мәрте қадап айтып, мүдделі орындардың басшыларын ел-жұрт алдында әлденеше рет қызартқан еді. Бірақ одан да өңін өзгертіп жатқан жағдай шамалы. Мемлекет басшысының әлгі ащы сындарынан кейін еңселері түскен шенеуніктер әдеттегідей қозғалған сыңай танытып, көз алдаған кейіп танытады да, жемқорлықпен күрес сол баяғы қалпына қайта түседі. Бір қызығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы заңының талаптары қолданысқа енгелі бері заң құрығынан таза шығудың айла-шарғылары да сан құбылып, өзгеріп келеді. Осыдан он шақты жыл бұрын қапияда қылмысы ашылып, абыройдан айырылған лауазымды тұлға аурухана төсегіне қасақана таңылып, есі ауысқан деген анықтама алу арқылы табалдырықтың тұсында тұрған заң құрығынан сытылып шығып кететін. Кейін оның да өрісі тартылды. Неге десеңіз кешегі күнге дейін ел-жұртқа ақыл айтып, жөн-жоба сілтеп келген ақыл-есі түзу данагөй басшының табан астынан жүйке ауруына шалдығып, науқас адамның мүсәпір кейпін танытуы сырт көзге  қара күйе жаққандай бәрібір анық көрініп қалатын. Жоғарыдағылар осыдан ұялды ма екен бес жасар баланың өзін иландырмайтын әлгіндей ұшқары әрекеттер ауаға жайылып бара жатқаннан соң жалған анықтама беріп, сау адамды ауру етіп шығарған дәрігерлік сот сарапшыларын жаппай жазаға тарта бастап еді, талай-талай шенеуніктің жанына сая болған жағымсыз құбылыс та ішін тартып, тына қалған. Алайда бұл да уақытша шара болып шықты. Заң талабын қанша жерден жетілдіріп, қатайтайық деп көңіл демдегенімізбен өкініштісі сол жемқорлықпен күрестің түпкі сипаты өзгеріссіз қалды. Енді былайғы жұрт екпінінен ел жасқанатын басшының жазатайым заң құрығымен іліккенімен оның оңайлықпен аттан аударылып түспейтіндігін, іс насырға шапқан күннің өзінде де оның сот арқылы ақталып немесе жай ғана шартты түрдегі жазаға тартылып, темір тордың ар жағындағы ботқаның дәмін татпайтындығын іштей сезіп отыратын болды. Сонымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының талаптары күдірейген мықтыларға тісі батпайтын, қатардағыларға қаһары күшті науқаншылдыққа айналып кетті. Осы күні мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар жыл сайын салық органдарына тапқан табысы жөнінде кіріс декларациясын тапсырады. Мұны мемлекеттік қызметтегі адамның уақытын ұрлап, едәуір уақыт бойына ащы ішектей шұбатылған кезектің соңына байлап қоятын машақаты көп шаруа демесеңіз ол да жемқор басшының тәбетін шектейтіндей тиімді шара емес, көз үйренген дағдылы науқан. Көлденең табысын ылғи да ішке бүгіп жасырып қалатын лауазымды тұлғаның қылмысы ол депутаттық бәсекеге түсіп, қарсыласының қазбалауымен қапияда ашылып, жалпақ жұртқа жария болып қалмаса, былайша уақытта кез келген атқа мінген басшы лас жолдармен құйылып жатқан кірісін ағынан жарылып, өзгелердің алдына жайып салады деудің өзі ақылға сыймайды.      Қолдағы бар деректерге жүгінсек өткен жылдың тоғыз айы ішінде Алматы облысын мысалға алсақ, сыбайлас жемқорлықпен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментімен 54, ішкі істер органдарымен 5, ұлттық қауіпсіздік органдарымен 11 қылмыс ашылып, прокурорлармен 11 қылмыстық іс қозғалған. Оны тұлғалардың лауазымына қарай жіктесек, осы кезең ішінде 1 соттың төрағасына, аудан әкімінің орынбасарына, 9 ауылдық округтік әкім мен оның орынбасарларына, 10 ішкі істер органдарының қызметкеріне, 5 салық қызметінің тұлғаларына, 5 сот орындаушысына, 9 пара берген немесе соларға делдалдық жасағандарға, тағы да басқа 34 мемлекеттік қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Көрсеткіш тым қомақты болғанымен осынау жауапқа тартылғандардың арасында үлкен лауазымды қызмет атқарып жүріп мемлекетке ірі көлемде залал келтірген басшыға қатысты бір іс жоқ. Таңқаларлығы бұл да емес, осы есепті кезең ішінде тергеу мен анықтама органдарының өндірісіндегі 127 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істің бар болғаны 56 ғана сот табалдырығына жетіп жығылған. Сонда бұл тергеу органдарының әлсіздігінен бе, әлде қылмысты ашу пайызын өсіріп көрсетудің амалы ма? Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстардың денін төменгі және орта буындағы лауазымды тұлғалар жасап, жоғарыдағылар оған аттап баспайды десек кім сенер еді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңының 12-бабында лауазымды тұлғаның өз өкілеттігі шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың мәселелерін белгіленген мерзім ішінде қасақана шешпеуі жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық болып табылатындығы айтылған. Қазақстан Республикасының азаматтарының арыз-шағымын қарау туралы заңында баса көрсетілген мәселенің бірі де осы. Сонда алдына адамды түрлі сылтау айтып, әуре-сарсаңға салып қоятын тоңмойын басшының заңсыз әрекеттерін қалай әшкерелеп, дәлелдеуге болады. Шынтуайтына келсек жаны жаппарға таянған ондай лауазымды тұлғаның ісі шиеленіскен тұста жауапкершілікті басқаға сілтеп не болмаса сырқаттанып қалғандығын растайтын құжаттар ұсынып, заң құрығынан сытылып шығып кететін саңылаулар көп-ақ.
Ел азаматтарының көбісінің менталитеті материалдық пайда табу, алаяқтық жасап, өзінің әл – ауқатын одан сайын жақсарту. Сондықтан, ең бірінші, ел азаматтарының сана – сезімін, мінез – құлқын өзгерту қажет. Жемқорлық арқылы келген ақша елдің экономикалық дамуына инвестицияланбайды, ол жылжымайтын мүлік, қымбат сән бұйымдар алуға жұмсалады немесе шетелдік банктердің есеп – шоттарына салынады. Айналып келгенде, бұл заңды қозғалыстағы ұлттық капитал мөлшерінің азаюына әкеліп соғады, көлеңкелі экономика дегеніміздің өзі осыдан барып туындайды. Бұл жағдайларды болдырмау немесе алдын алу үшін еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сапалы әрі әділ қолданылуын сақтау керек. 
Қазіргі уақытта Үкімет пен Парламент және «Нұр Отан» партиясы тарапынан жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар жетерлік. Халықтың құқықтық сана – сезімін көтеру мақсатында құқықтық насихат жұмыстарын әлсіретпей,  жоғары деңгейде жалғастырған жөн. Жастарымызға  мектеп және жоғары оқу орындарының  қабырғасында біліммен қоса, дұрыс тәлім – тәрбие беріп, имандылыққа, адалдыққа, патриоттық сезімге баулу қажет.   
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламаның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін.
Шет аудандық сотында Елбасы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға, сот қызметкерлері арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-шарасы»  жоспарының аясында  арнайы топ құрылып, жоспарға сай жұмыс атқаруда. Сонымен қоса, төраға әр апта сайын қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау қауіп-қатері, оның зардаптары туралы  профилактикалық іс-шаралар жүргізіп отырады. Әр қызметкер назарына сыбайлас жемқорлық жөніндегі мәліметтер толық ұсынылып, оны болдырмаудың жаңа жолдары талқылауға салынады. Халқымызда «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деген қанатты сөзі бар. Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп ымырасыз күрескеніміз дұрыс. 
Қазақстан кеңестік дәуір кезінде алғашқы болып “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” арнаулы заң қабылдап, арнайы орган – Қаржы полициясы агенттігін құрды. Қылмыстық кодексте сыбайлас жемқорлық қылмыстарының нақты тізбесі белгіленіп, оларды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық қатайтылды. Алайда, Президент әділ атап өткендей, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі пәрменді жұмыс атқарып отыр деп айтуға әлі ертерек.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары статистикасы әлі де жоғары болып отыр, сыбайлас жемқорлық мемлекетке миллиардтаған теңге көлемінде шығын келтіруде. Мұндай жағдай бізді бей-жай қалдырмауға тиіс.
Егер жамандықпен күреспейтін болсақ, онда жамандық күш алып, ақыл-ой мен даму қағидаттарына қайшы келетін өз тәртібі мен ережелерін орнықтыра бастайды. Проблеманы шешудің сыбайлас жемқорлық сипатындағы үлгісінің  келешегі жоқ екеніне әрі мұның болашақта да тиімді болмайтынына адамдар сенімді болуы керек.
Сондықтан заңды орындайтын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымы бар азаматты қалыптастыру мақсатында жоғары және арнаулы білім беру жүйесіндегі  жұмыспен қамту саласындағы   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  басым бағыттың болуы керек деп санаймын.  
«Елім», «Жерім» дейтін көкірегі ояу, жүрегінде таза мінсіз абыройы бар, бойына намыс жинаған әрбір адам, сыбайлас жемқорлық қылмысына жауапкершілікпен қарап, бұл қоғам дертінің бастамасы орын алған сәттен - ақ оның алдын алу үшін тиісті органдарға хабарласуы игі іс екендігі анық. Біз жиырма бірінші ғасырда демократиялық қоғамды өмір сүріп жатырмыз. Сыбайлас жемқорлық қылмысымен күресу үшін мемлекетімізбен барлық жағдайлар жасалған. Олай болса, қолда бар заңдарымызды толық қолданып, қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықты түп тамырынан шабуға тырысуымыз қажет деп білемін.





















"Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені" КММ









Баяндама



Тақырыбы:

« Сыбайлас жемқорлыққа күрес-ортақ парызымыз. »

Дайындаған: Изжанова. Г. .

















2018жыл

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
618
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12