Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ!

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып мұғалімдеріне арналған ашық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ.

Мақсаты: 1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: АКТ, бейнебаян, плакаттар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)

МұғалімСыбайлас-жемқорлық  деген не?

    “Сыбайлас-жемқорлық деген параға сатып алу”, “пара ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік бередіРим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды

ҚР Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.                                                                                     

4. Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

   2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

    3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

5. Адамгершілік,әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.
Адамгершілікке арналған үш сауал бар:

Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

6.Сабақты қортындылау: Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар .

- Біз Еліміздің болашағы – жас ұрпаққа сенеміз. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті балалық шақтан дағдыландыру қажет. Сондықтан да бүгінгі іс-шара осы жастардың қатысуымен ұйымдастырылуда. Себебі Еліміздің болашағы жастардың көзқарасы мен ұстанымынан тікелей байланысты. Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
811
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12