Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ызғырық-C» ЖШС

бастауыш мектеп директорының

оқу ісі бойынша орынбасары

Абдрахимова Назерке

Жұмамұратқызы



Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Жемқорлық – індет

Аластау – міндет

Мұзафар Әлімбай


Әлем дамудың жаңа деңгейіне көтерілсе де күні бүгінге дейін арыла алмай келе жатқан індет бар. Бұл – жемқорлық. Елімізде де осы мәселе бойынша арнайы құрылған заң да, атқарылып жатқан жұмыс та бар. Дегенмен, оң нәтижесін әлі де толықтай көре алмай келеміз.

Қоғамды жайлаған дерттен айығудың жолдарын қалай қарастырсақ болады?
Қоғам – адамдардан құралады. Ал, адамдар бала күінде көрген-білгені арқылы қалыптасады. Сол себепті әр адам алдымен өзін тәрбиелесе, өзінен бастаса бұл келеңсіздіктен айығуымыз бек мүмкін. Жас баланы тәрбиелеуде осы турасында тәрбие бере алсақ, ол – ананың сүтімен баланың бойына сіңсе, мектепте ұстаздар ескерту жасап отырса, жемқорлықтың салдарын қандай болатынын түсіндіре алсақ бұл бізге мәселе болмай да қалады.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Бұл үшін оқушыларға елге деген құрметтің, отанға деген сүйіспеншілік пен өз ісіне деген адалдықты ұғындыра алуымыз керек. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы еместігін түсіндіретіндей, үлкен қылмыс ретінде саналатын жағдай екенін көрсетіп, қоғамның санасын қалыптастыруымыз керек. Әр адам жетістікке параның күшімен емес, қажырлы еңбек пен сапалы білімінің арқасында жете алатынын түсіндірсек болғаны.

Отанымыз үшін жанын қиған бабалар ерлігін еске түсіру арқылы, ата-бабамыздың аманат етіп қалдырған мемлекетін ары қарай гүлдендіремін деген мақсатпен өмір сүретін бала бұл дертке жақындамайды деп те сеніммен айта аламын. Сол үшін жас ұрпақтың, яғни алдымызға келген әр оқушының үлкен өмірге қадам басқандағы басты мақсаты – елімізді жемқорларсыз дамыту болуы керек. Бұл үшін аянбай тер төгуге, еңбек етуге мен қашанда дайынмын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір күннің еншісінде басылмайтыны белгілі. Бұл қоғамның барлық мүшелерінің қатысуымен аяқталады. Қоғамдағы әр азамат өз жауапкершілігін сезініп, өз ісіне жауап бере алатын болса, жұмысын адал атқарса, күндердің бір күні әлемді жаулаған бұл дерттен де айрылатынымыз анық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.00.2024
141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12