жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» кураторлық сағат
|
Қысқа мерзімді жоспары |
||
|
Күні |
31. 01 . 2025ж |
|
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
|
Оқу тобы: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» кураторлық сағат Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады?» |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Білім алушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру |
|
|
Қауіпсіздік мақсаты |
Білім алушыларға көшеде қауіпсіздікті сақтау ережелерімен таныстыру. |
|
|
Қауіпсіздік міндеті |
1.Көшеде, жолда оқушылардың қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру. 2.Өз өміріне ұқыпты қарауды үйрету. |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Білім алушылырды сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. |
|
Сабақ барысы:
|
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар назарын сабаққа аудару. Миға шабуыл Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ не мағына білдіреді? Білім алушылар сұраққа жауап береді, пікір алмасады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Миға шабуыл (бейнеролик) Оқытушы: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы? Сыбайлас жемқорлық дегенді қалай түсінесіңдер? |
Білім алушы өз ойларын ортаға салады. Білім алушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Білім алушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді |
Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo |
|
Сабақтың ортасы |
Оқытушының сөзі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңынна сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу деп түсініктеме берілген. 1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген не? 2. ҚҰҚЫҚ деген не ? 3. Заң деген не? 4. Пара беру дегеніміз не? 5. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген Негізгі бөлім : 1. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік - “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында "corrumpire" түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Білім алушылардың пікірлерін тыңдау. Жағдай: «Сені сыбайластыққа итермеледі. Сен қалай әрекет етесің?» Дұрыс шешімдерді талқылау. Практикалық бөлім : Рөлдік ойын Топқа бөлініп, әртүрлі жағдайларды сахналау. Мысалы: Бір білім алушы ренжіп тұрғанда, достары оған көмектеседі. Қорытынды бөлім : Мұғалімнің сөзі: Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары: - қоғамның бақытты болашағын тежейді; - елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді; - жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. Сұрақтар: «Сыбайлас жемқорлық орын алып жатса қалай әрекет етесің?» «Бүгін не үйрендің?» Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан білім алушыларды мақтау. Әр топтың жұмысына баға беру. Үй тапсырмасы: Өз айналаңда мейірімділік көрсетудің үш тәсілін ойлап, орында. Сыбайлас жемқорлық туралы ата-анаңмен немесе достарыңмен пікір алмас. Нәтиже: Білім алушыларсыбайлас жемқорлықтың зиянды заңсыз екенін түсініп, оған қарсы тұру жолдарын үйренеді. Олар сенімді және қолдаушы |
Білім алушы оқытушыны мұқият тыңдап, ақпараттар алады.
Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзіндік ойларын айтып, пікірталасқа түседі
Жағдаяттарды шешеді. Өмірлік мысалдарды шешу арқылы өз пікірлерін ұстанып, құндылығын аңғарады. Білім алушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады
|
Қима қағаздар, маркерлер |
|
Сабақтың соңы Қауіпсіздік сабағы (10 минут)
|
Энергия объектілерінің жанында болған кездеқауіпсіздік қағидаларын сақтау. Энергия объектілері - бұл электр тоқ берудің әуе және кабельдік желілері, станциялар, трансформаторлық қосалқы станциялар, тарату пункттері. Электр тоқ берудің әуе мен кәбілдік желілері қалалар мен кенттерді электр тоқ көзімен жабдықтауға жауап береді. Трансформаторлық қосалқы станциялар әрбір елді мекенде орналасқан.Барлық жерде болуына байланысты, ерекше қауіп төндіреді, сондықтан қауіпсіздік қағидаларын сақтау керек. Қарапайым ережелерді есте сақта: Үзілген немесе жерде жатқан сымдарға тиісуге немесе оларға жақындауға «БОЛМАЙДЫ!». Ток соққысын сымнан бірнеше метр қашықтықта алуға болады. Кез келген сым немесе электр аспабы кернеуде болуы мүмкін.Сен оны қолыңа алсан, дәл сол уақытта біреу рубильникті қосып қалу мүмкін. Егер «кернеу» аймағына түссең, ол жерде жүгіруге немесе жылдам жүруге болмайды. Сымнан «ақырын қадамымен» алшақтау жағына қарай қозғалу керек. Жерде жатқан үзілген сымды көрсен, ешбір жағдайда оған 8 метрден жақын жақындама. Егер сен үзілген сымды, трансформаторлық үйшіктердің немесе электр қалқандарының жабылмаған немесе зақымдалған есіктерін көрсең, «ЕШТЕҢЕГЕ ТИІСПЕ» және ересектерге дереу хабарлас. Ешқандай жағдайда үйлердің кіре берістеріндегі электр тоқ қалқандарын ашуға, жақын маңдағы электр сымдары өтетін үйлер мен құрылыстардың шатырларына шығуға, трансформаторлық үйшіктерге, электр техникалық ғимараттарға кіруге, электр сымдарды қолмен ұстауға «БОЛМАЙДЫ». Электр қауіпсіздігі туралы ескерту белгілері мен плакаттар. Электр тогымен зақымдануын болдырмау үшін арнайы ескерту белгілері мен плакаттар болады. Олар кез келген электр жабдығы орналасқан әртүрлі электр қалқандарының есіктеріне және қоршауларға ілінеді. Оларды елемеу, әсіресе оларды жұлып алып тастауға болмайды! Қорытынды Сабақтықорытындылау. Электрмен қауіпсіздік техникасын қайталау. «Электр қауіпсіздігі ережелері» жадынамасын талқылау. Жедел қызмет туралы еске салу - 101, 102, 103, 112. |
Білім алушылар көшеде қауіпсіздікті сақтау ережелерімен танысады |
Қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар. |
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген