Сары алтындай Алтын күз
Мақсаты: Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы
түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға,
табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.
Инабатты, иманды, іскер, мәдениетті,жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ұқыптылыққа, шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі
болуға тәрбиелеу.
1 жүргізуші:
Құрметті ата – аналар ,ұстаздар , оқушылар !
Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізге
қош келдіңіздер!
Алтын күзге шырайлы
Ауласында жиналды .
Берекелі күз келді ,
Мерекелі күз келді.
Тілейміз әркімге
Молшылық пен байлықты !
2
жүргізуші
Қош келдіңіз көрермен ,
Отырыңыз қол соғып ,
«Алтын күз» кешіне .
Шат күлкіге бөлене .
Көбейді құт – береке ,
Құтты болсын мереке ,
Астық толы қоймамыз .
«Алтын күзді» тойлаймыз!—дей келе бүгінгі кешіміздің сайыскерлерін
қошеметпен ортаға шақырамыз!
5 сынып оқушылары
6 сынып оқушылары
7 сынып оқушылары
1 жүргізуші:
Келді міне алтын күз
Астық толы қырманға ,
Бақшамызға арайлы .
Қызу еңбек басталды .
Қуанамыз бәріміз
Шаттанамыз бәріміз- дей келе бүгінгі сайыстың жоспарымен таныстырып өтелік
-
Таныстыру ( әр топ өздерін таныстырып өтеді)
-
Қол өнері
-
Қоржыннан сұрақ
-
Өз өнері
-
Дастархан мәзірі
-
Сән үлгісі
Енді әділқазы алқаларымен таныстырып өтсек
-
Жаман Ербұлан –мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
-
Мизамбаева Күлзия – технология пәні мұғалімі
-
Мизамбаева Гүлнаш Ұзақбаевна- биология пәні мұғалімі
1- жүргізуші: Өлең
сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы – дей отырып кезегімізді
таныстыру кезеңіне береміз:
таныстырып өтеді
1-жүргізуші: Әділ баға беретін әділқазылар алқасы таныстыру бөлімінің әділ бағасын берсеңіздер.
1 жүргізуші
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!
2 бөліміміз сайыскерлердің қол өнеріне кезек берелік
жүргізуші: Енді осы сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік
1 жүргізуші Келесі бөлім қоржыннан сұрақ бөлімі әр топ өз білімдерін сынға түсіреді
2 жүргізуші
Шырқал ән төгіл дауыс көмейдегі,
Сайра тіл ағыл – тегіл салған жерден.
Кел достар, кел халайық ән салайық,
Жарқын үн тарап жатсын шәкірттерден
Өнерлі өрге жүзер талаптының,
Талантты талмай ұшар қанаттының.
Мың бұралған бишілері сыныптың
Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі тамаша өнер кезегіне
береміз.
Әділқазылар алқасына сөз берелік
1-жүргізуші:
Келесі бөліміміз: дастархан мәзірі Әр топтан бір оқушыдан шығып өз
тағамын қорғайды: 1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ
2-жүргізуші: Әділ -
қазылар дастархан мәзірі сайысының бағасын беріп
жіберсеңіздер
2 жүргізуші Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Бүгінгі кеш өтіп жатыр сәнімен,
Әр адам әсем болар өз тәнімен.
Өз қолынан шығарған киім сәнін,
Сіздерге көрсетеді өз мәнімен,-дей келе келесі кезекті үй
тапсырмасы яғни күзгі сән үлгісіне береміз.
Әділ - қазылар күзгі сән үлгісі сайысының бағасын беріп
жіберсеңіздер
2жүргізуші: Құрметті көрермендер « Алтын
күз» мерекесін қорытындылау үшін сөз кезегін Ербұлан ағайға
береміз.
Қазылар алқасы жеңген топтарды мақтау қағаздарымен
марапаттайды.
1-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз
аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп
рахмет!
атты тәрбие сағатының сценариі
Категориясы: Ұстазға керек / Тәрбие сағаттары
Жарияланды: 12-02-2015, 16:33
Қарау саны: 1792
«
Алтын күз!» атты тәрбие сағатының сценариі:
Мақсаты:
Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз
кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүйюге,сақтауға
үйрету.
Инабатты, иманды, іскер, мәдениетті,жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ұқыптылыққа,сшымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза
әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахнада күз көріністері, күздік дастархан мәзәрі,
нақыл сөздер, шар.
Қатысушылар: 4-сынып оқушылары
Іс-шара барысы:
1-жүргізуші: -Армысыздар,ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1-жүргізуші : Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз!
2- жүргізуші : Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы,
алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне
тән ерекшелігі, жақсылығы әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның
ішінде күз мезгілінің алтын орны ерекше.
1- жүргізуші : Олай болса берекелі, мерекелі алтын күз құтты
болсын!
2- жүргізуші :Уа, халайық, халайық!
1-жүргізуші :Мұнда назар салайық!
2- жүргізуші :Мерекесі халықтың
1-жүргізуші :Алтын күзге арналған,
2- жүргізуші: Кешіміздің 1нші кезеңін бастайық!
Би орындалады. қазақша би
1- жүргізуші: Өлең сөздің патшасы сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп
Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы – дей отырып кезегімізді көркем
сөз шеберлеріне береміз:
2-жүргізуші: Шырқал ән төгіл дауыс көмейдегі,
Сайра тіл ағыл – тегіл салған жерден.
Кел достар, кел халайық ән салайық,
Жарқын үн тарап жатсын шәкірттерден – деп кезегімізді тамаша әнге
береміз.
Оқушылар ән айтады
1-жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптының,
Талантты талмай ұшар қанаттының.
Мың бұралған бишілері сыныптың
Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті биге
береміз.
би орындалады.
1-жүргізуші: Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу
мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.Күзде күн суытып,
барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кетеді. Егін жиналады.
Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес
пе!?
2-жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз!» деп айтар едім.
Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске
боялды.-дей келе ендігі кезекті көрініске берейік:
Көрініс
1-жүргізуші: Енді «Алтын күз» атты мерекеміздің 2 кезеңін сайыс
түрінде тамашалайық.
2-жүргізуші: Осы сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.
1. таныстыру
2. Өз өнерлерін көрсету
3. мерекелік салат жасау
4. үй тапсырмасы, яғни әр сынып өздерінің үйде дайындап келген
күзгі сән үлгісін көрсетеді.
1- жүргізуші: Енді осы сайысымыздың әділ бағасын беретін, әділ
қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
2-жүргізуші: Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға
сәттілік тілей отырып, сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыруға
кезек берейік. Ендеше қатысушыларымызды қол соғып қошеметпен қарсы
алайық.
1. Арсен, Эркайым.
2. Жұлдыз, Назбек
3. Ержан, Әсел
4. Перизат, Ерғали
1-жүргізуші: Әділ баға беретін әділқазылар алқасы таныстыру
бөлімінің әділ бағасын берсеңіздер.
1-жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдедің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Біздерге бірлікпенен ортақтассын!
О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Өнер-жастан жаныңдар.
Шақырған сайыстарға бірі-бірін,
Өнерпаздар- дарындар,
Көрейік тамашалап көрермендер,
Көрсетсін сайыскерлер өздері дайындаған өнерлерін,-дей келе келесі
бөлімімізді өз өнерін көрсету сайысына береміз:
2-жүргізуші: Әділ - қазылар өз өнерін көрсетудің әділ бағасын
берсеңіздер
1-жүргізуші: Келесі бөліміміз: күзгі салат сайысы. Әр топтан бір
оқушыдан шығып өз тағамын қорғайды: 1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ
2-жүргізуші: Әділ - қазылар күзгі салат сайысының бағасын беріп
жіберсеңіздер
1-жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр әнімен,
Әр адам әсем болар өз тәнімен.
Өз қолынан шығарған киім сәнін,
Сіздерге көрсетеді өз мәнімен,-дей келе келесі кезекті үй
тапсырмасы яғни күзгі сән үлгісіне береміз.
2-жүргізуші: Әділ - қазылар күзгі сән үлгісі сайысының бағасын
беріп жіберсеңіздер
1жүргізуші: Әділ қазылар осы сайыстың бағасын есептеп болғанша
Ерсұлтанның ...... орындауында «.Күзгі қайың..» әнін қабыл
алыңыздар.
2жүргізуші: Құрметті көрермендер « Алтын күз» мерекесін
қорытындылау үшін сөз кезегін Динара апайға береміз.
Қазылар алқасы жеңген топтарды мақтау қағаздарымен
марапаттайды.
1-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды.Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар және ұстаздар! Бүгін міне мектебімізде болғалы жатырған бастауыш сынып оқушыларының дайындаған «Аяулы күз, алтын күз!» атты күз кешіне қош келдіңіздер.
Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі — күз мезгілі. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді. Көктем мен жаз бойы тер төгіп еткен еңбектің нәтижесінде уылжып піскен, пайдалы түрлі жеміс жидектер — дастарханымыздың сәні, өміріміздің мәні екені сөзсіз. Олай болса, құрметті қонақтар, бүгінгі күз кеші осы жеміс жидектерге арналмақ.
Бүгінгі сайыс түрінде өткелі отырған мерекелік кешімізге мектебіміздің бастауыш 2-3, және 4 сыныптарының арасындағы ұл, қыздарымыз қатыспақшы.
Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайысқа төрелік етуші әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.
2.
3.
4.
Әділқазылармен танысып болсақ, кешімізді бастамас бұрын «Аяулы күз, алтын күз!» атты кешіміздің шарттарымен танысып алайық.
-
Алғашқы сайыс кезеңі: Таныстыру.
Шарттары:
А) таңдаған жемістерін қатыстырып, өлеңдетіп таныстыру;
Ә) таңдаған жемістерін бейнелейтін киім үлгісін көрсету;
Б) таңдаған жемістері туралы қабырға газетін дайындау.
(Сайыскерлер өздерін таныстырады. Әділқазы алқасы бағалайды.)
-
Сайыстың келесі кезеңі: Білім сайысы
А) Жұмбақ шешу
Ә) Мақал-мәтелдің жалғасын табу
Б) Логикалық тапсырманы орындау.
-
Өнер сайысы.
Бұл сайыста сайыскерлеріміздің ән айтуына немесе би билеуіне, сондай-ақ көркем сөз оқуына болады.
-
«Күзгі дастархан»
-
«Сән үлгісі »
Ал енді ортаға жеміс-жидектерімізді шақырайық, қарсы алыңыздар!
Алғашқы боп ортаға 2 а сыныбы келе жатыр. Қарсы алыңыздар! Жүргізуші:
Жемістермен таныс болу үшін сөзді өздеріне береміз.
……………………………2бсыныбы…………………………………………
……………………………3а сыныбы
3б сыныбы
4а.4б,4в сыныптары
Ғалымдардың айтуы бойынша жемістердің ішінен ең пайдалысы, ол — алма. Алма — өте кең тараған жеміс ағашы. Алманың жаздық, күздік, қыстық сорттары бар. Өмір сүру ұзақтығы 20 — 100 жыл. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы. Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады. Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет екен.
Жүргізуші:
Көздің көргіштігін жақсартатын құлпынайларды ортаға шақырамыз! ………………………
Құлпынай – жемісі жидек, тәтті, хош иісті көп жылдық жарықсүйгіш шөптесін өсімдік. Құлпынайдың табиғи түрі тек Еуропада өседі. Бізде екпе түрлері ғана өседі. Сұрпына қарай ерте көктемде, жазда, күзде жеміс береді. Сонымен қатар жаз бойы, күздің суық күндеріне дейін жеміс беретін сұрыптары бар. Құлпынай дәрумендерге аса бай. Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.
Жүргізуші:
Ертеде шырыны уланған адамдарды емдеуге пайдаланылған емдік қасиеті бар алмұрттарды қарсы алайық! 4 ………………………………………………………………………………………..
Алмұрт — алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. 5 000-нан астам сорты бар. Қысқа өте төзімді. Жемісі тәтті, ерте піседі және ірі болады.Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Алмұрт – бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды.Алмұрт ағашының жемісі – өте пайдалы, әрі тәтті. Емдік мақсатта жаңа піскен немесе кептірілген жемісін және жапырақтарын пайдаланады. Алмұрттың құрамындағы арбутин деген антибиотик микробтарды жояды. Алмұртты тамақ, кондитер өнеркәсібінде қолданады.
Жүргізуші:
Жемістер шеруін енді апельсиндер жалғастырады. Қарсы алайық! 4…………………………..
……………………………………………………………………………………………………………………………………….
Апельсин — тәтті, шырынды жеміс.Ол –цитрустық жеміс ағашы. Шыққан жері – Оңтүстік Қытай және Υндістан. Апельсиннің тәтті және ащы түрі бар. Еуропалық саяхатшылар апельсинді XV ғасырда әкелген. Ағаштары жылуды сүйеді. Түсі ақшыл сарыдан, қызыл сарыға дейін әр түрлі болып келеді. Жемісі көбінесе, эфир майын алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ тағам, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Ағзадағы зат алмасу үдерісін жақсартып, бауыр және жүрек сырқаты бар адамдарға пайдалы.Қабығының тұнбасы дене қызуын түсіреді.
Жүргізуші:
Өседі екен топтанып,
Өседі екен шоқтанып.
Жүр оңтүстік қазағы,
Жүзімімен мақтанып, дей отырып, ортамызға жүзімдерді шақырамыз! 4………………………..
………………………………………………………………………………………………………………………………………..
Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микро элементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырады. Жүзім ағзаны токсиндерден тазартады және жасартады. Жүзімнен эфир майы,сірке су алынады.
Жүргізуші:
Оңтүстік Америкадан келген ананастар бүгінгі кешіміздің басты қонақтарының бірі. Олай болса, қарсы алыңыздар! 4………………………………………………………………………………………
………………………………………………………………………………………………………………………………………..
Ананас — көпжылдық жылусүйгіш, жарықсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді шөптектес өсімдік. Ананастың отаны — Оңтүстік Америка құрлығы. Қазіргі кезде тропиктік аймақтарда өсіріледі. Бір қызығы, тропиктен шалғай жатқан Голландияда ананас өсімдігі жылыжайда өсіріледі. Ананастың жемісі өте дәмді әрі пайдалы. Оның шырынындағы ферменттер ас қорыту барысында пайдасын тигізеді. Ананас жемісін жеген кезде ол піскен болуы керек. Піспеген жеміс ерін мен ауыз қуысын зақымдайды. Ананастың құрамындағы минералды заттар: калий, темір, мыс, мырыш, марганец, магний, кальций және йод. Ананас қан қысымын төмендетуге және қан тамырларының қызметін жақсартуға қызмет етеді.
Жүргізуші:
Кезекті шиелерге берейік.Ортаға 4……………………………………………………………………………..
Шие ағашы – биіктігі 7 метрге дейін жететін ағаш. Мәдени өсімдік ретінде көп жерлерде егіледі. Гүлі ақ, кейде қызғылт. Жер жүзінде шиенің 150 түрі, Қазақстанда 7 түрі таралған. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жемісін, жапырағы мен майда бүршіктерін пайдаланады. Шиенің құрамында қант, эфир майлары, А, В, С, РР дәрумендері, лимон және алма қышқылдары, илік заттар, мыс бар. Дәнін көп мөлшерде жесе, кісіні уландырады. Шие ағашының жемісі өте пайдалы әрі тәтті.Шиенің емдік қасиеті бар.
Жүргізуші:
-
Алғашқы сайыс кезеңі: Таныстыру.
Жүргізуші:
-
Сайыстың келесі кезеңі: Білім сайысы
Ал енді балалар мен сендерге мынандай сұрақ қояйын.
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
(Балалар: Жапырақ)
Тәрбиеші Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
Қане, менің «жемістерім», енді білімдеріңді тексеріп көрейік.
Мына алдарыңыздағы теректегі әр жапырақта өздеріңе дайындаған тапсырмаларым бар. Әр жапырақтағы тапсырманы өз жұбыңызбен бірігіп орындап, ортаға шығып жауап берулеріңіз керек! Қане, бастайық!
Жұмбақтар
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
(Сәбіз)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр.
(Қызылша)
Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат – қабат тоным бар,
Қалай оны шешемін?
(Қырыққабат)
Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп».
(Картоп)
«Қызыл қырман ойнайтын»
Қай мезгіл деп ойлайсың.(Күз)
Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды.
(Жапырақ)
Алтын сары тоны бар.
Қойынында дәні бар. (бидай)
Әрі қызыл әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты. (алма)
Қызыл жасыл кемелер
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел
Ырғалады толқиды. (жапырақ)
Аласа ғана бойы бар
Қабат-қабат тоны бар (қырыққабат)
Көк лағым көгенде жатып семіреді.(қарбыз)
Көзіңе көрінбейді,
Қаңғуға ерінбейді.
Шалғынды жапырады,
Жол бойын сыпырады. Жел
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады Күн
Әкеміз ала баспақ асырады,
Күз келсе соямын деп асығыды.
Баспағым бойын шөпке жасырады.
Еті қызыл, терісі жасыл
әлі.
(Қарбыз)
Мақал мәтелдер
Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы
Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.
Егініңді күн суар,
Күн суарма, түн суар.
Ырыс алды – ынтымак.
Ас адамның – аркауы.
Сабыр түбі сары алтын.
Арпа, бидай – ас екен,
Алтын, күміс – тас екен.
Жаңбыр жауса, жерге сый,
Жігіт туса, елге сый.
Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің сөзі — ортақ.
Ағаш көркі жапырақ
Адам көркі шүберек
Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Жазда не ексең-күзде соны орасың
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Мына сөздерден сөз құрау
Амал
Ларұмт
Арна
Рабқзы
Əріптерден сөз жина:
өкз, лоқ, мала, оыйн.
Логикалық ойын
Екі сиырдың мүйізі қанша?
Бір мысықтың аяғы қанша?
Логикалық ойын
Бес қойдың басы нешеу?
Үш адамның қолы нешеу?
Құрамында сан келтірілген, сөз бен жаз.
тү+1, к+3+ік, жел+90, 6+бақан.
Қара түстен басталатын қаланы ата.
Есептер шығару.
– Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша.
Барлығы қанша?
– Сырғанақта 5 бала сырғанақ теуіп жүр еді, екеуі кетіп қалды.
Нешеуі қалды?
Алдымен сары жапырақтар, (жұмбақтар) қызыл жапырақтар, (мақал- мәтел) жасыл жапырақтар (логикалық тапсырмалар)
А) Жұмбақ шешу
Ә) Мақал-мәтелдің жалғасын табу
Б) Логикалық тапсырманы орындау.
(Сайыскерлер жауап береді. Жауап бергендер келесі сайыс бөліміне арнап киіне береді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)
-
Өнер сайысы.
Бұл сайыста сайыскерлеріміздің ән айтуына немесе би билеуіне, сондай-ақ көркем сөз оқуына болады.
(Сайыскерлер өнер көрсетеді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)
-
«Күзгі дастархан»
Сайыстың бұл бөлімінде құрамында таңдаған жемістері бар тағам түрін дайындап әкелу тапсырылған болатын. Дастарханымыздан молшылық кетпесін дей отырып, сайыскерлерге сөз береміз.
(Сайыскерлер дайындап әкелген тағам түрін көрсетеді де, келесі бөлімге арнап киінуге кетеді.Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)
Бүгін мейрам,бүгін той,
Қуаныш күн, біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап
Алақанды соғып қой, — дей отырып, күзгі киім үлгісін көрсетуге келген сайыскерлерімізді қошеметтеп отырайық. Сайыстың соңғы бөлімі сән үлгісіне кезек келді.
(Сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді. Әділқазы алқасының бағасы тыңдалады.)
Өңі қашқан бәрінің Оңып кеткен атырап,
Қолдарындай кәрінің Қалтырайды жапырақ,
Соңғы кезде жерге күн Қырын қарап алыпты,
Қара бұлттар жөргегін Кептіре алмай қалыпты, — демекші, міне, балалар, жылдың қай мезгілінде болмасын барлығыңыздың амандықтарыңызды тілеймін. Балалар, білімді болыңыздар, өнерлі болыңыздар!
Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.
Жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.
Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын: Майлыбай Айнұр
1-оқушы: Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай,
Кімге болсын қарттық жетер аяңдап.
2-оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр.
Ақыл айтып жүрмесе қасымызда,
Сонда орнайды жетімдік басымызға.
Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп,
Бір күлшесін бөліскен ашымызға.
Неменеңе жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр…
3-оқушы: «Реніш» (Мұқағали Мақатаев)
Әй, балам – ай,
Шамалы – ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін кісілігің…
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам – ай, шамалы – ау түсінігің…!
… Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез – мінезім емес менің.
Адамдардан қарым алу үшін
Не көрмедім, өмірде не кешпедім.
Аяры жоқ адуын жауыздықтан
Алып шықтым арымды тамыздықтап.
Амалым не жастықтың кер тұлпарын
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер қыршын ем алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің – ай, балам – ай, мінезің – ай,
Кетпегей – ді мерт етіп, жарға сүйреп.
Жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.
Би: Аққу биі
Көрініс:
Оқушы: Бүгін біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге бар мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата, ендігі сөз өзіңізде.
Мақалбай ата: Ата – анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ
Әке – асқар тау,
Ана – бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.
Маған мынаны айтып беріңдерші, балаларым.
Дүниеде не қымбат?
Не қатты?
Не тәтті?
Жеті тойымсыз бен жеті жұрты атап беріңдерші?
Балалар жауабы тыңдалады.
Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой!
Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
1-оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2-оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3-оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4-оқушы: Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
5-оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
6-оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
7-оқушы: Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
8-оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
9-оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
10-оқушы: Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
11-оқушы: В. А Сухомлинский: «Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер»
12 – оқушы: Махмуд Қашғари: «жақсы үленді қадірлесе – құт болар.»
13- оқушы: Махмуд Қашғари: «кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі»
14- оқушы Фарид – ад – дин Аттар: «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезінде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл.»
15- оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер. Шал ақын.
16- оқушы: А. Поп: «Кішіпейілдіктің кетімсіздігі – ақылдың жетімсіздігі.»
17- оқушы: Г. Плеханов: «Кішіпейілділік талаптылыққа тура пропорционал»
Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарайсыңдар! Енді өздеріңе ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке
Балалар үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!
Жүргізуші:
Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.
Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген,
тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды. Ия, ұрпағының өсіп, жетіліп, айналасына
үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?
Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр
болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлы
ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын
өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,
зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққа
жолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен
қатар өсіп келеді.
Ән: «Қариялар азайып бара жатыр» орындайтын:Аятбек Айдана
4-оқушы:
Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем
Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем.
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
5-оқушы:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген,
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені?
Мен қазақтың баласы
Атаң болса анаңмен
Алтыннан соққан қорғанмын
Санаң болса ақылды,
Ешкімнен кем болмадың
Інің болса мақалшы
Семсер қылыш білегің
Ақылды қыз, ақылды ұл-
Өкпе, бауыр, жүрегің.
6-оқушы:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара-пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Ән: «Ана» орындайтын:Пернебай Сәния
Жүргізуші:
Жас ұлғайып, кәрілік кезеңге аяқ аттау – қазақ қауымын қай уақытта да
ойлантып, толғандырған. Өзі де дәулетті әулеттен, не ішем, не кием деп бас
қатырмай ән қанатына тербелген Біржан сал:
«Әудем жер баса алмаймын аяғымнан,
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан.
Кәрілік келіп қалдың қай жағынан?»-деп жырласа, Абай атамыз да: «Қартайдық,
қайғы ойладық, ұлғайды арман», - деп күңіренген.
Ащы айқайымен Сыр бойын ұйқыдан оятқан ер Нартай да:
«Қартайдым, елім, қартайдым,
Келе де береді жантайғым»,- демеп пе еді.
Ия, кәрілік дегенің, бажайлап көрсең, қуанышы аз кезең сыңайлы. Дегенмен өлі арыстаннан тірі тышқан артық дегендей, бір- бірімізге ұзақ ғұмыр тілеп, «жүз жаса», «жағың түскенше, жаманшылық көрме», «шөбереңнің алақанынан су іш» деп жатамыз.
7-оқушы:
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
8-оқушы:
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.
Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», – демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.
9-оқушы:
Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.
Ата-анаға қажетті – баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?!
Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», – дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.
Жүргізуші:
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кеш сценарий
Жарияланды 7-11-2012, 10:39 Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің тәлімгері
Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы
1 қазан Қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел
ардақты» атты кеш сценарий
Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді
сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден
нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге
аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты
аналар! Шынайы да ізгі сезімдерді, білімнің алтын діңгегін сыйлаушы
ұстаздар қауымы! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері
қарттар, ұстаздар мерекесі тоғысқан күнімен құттықтаймыз.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген
інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын
ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны
ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері
қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән
қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі
– үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық
ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей
теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына
бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып,
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош
келдіңіздер.
Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры
Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет
Құрыштан құйған құдірет
Балалар, ол кім?
Әрине қарттарымыз.
Олай болса бүгінгі кешімізді орындауындағы «Туған жер» әнімен
ашамыз. Орындайтындар Қаракөз және Теңел
Өн бойың тұнған ақыл, ұлағат
Ешкімге жасамайтын қиянат
Жайлап қана ақылменен түзейсің
Болып қалса ұғына алмай бір сағат
Ауылымыздың ардагері, қарт зейнеткер ұстазымыз Мақсат ағайға сөз
береміз.
Жадыраймын жадырайын,
Көңілденіп күлемін.
Жанар ма деп талабым,
Ата ақылын тыңдаймын.
Ән: «Қарттар азайып бара жатыр» орындайтын Бақнұр
Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже
өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді
қалыптастыру көзделген. Ендеше «Мен атам мен әжемнің жалғасымын»
бөліміне құлақ түрелік.
Тақпақтар:
1-Жансая:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары
Жас баладай жаутаңдаған жанары
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап
Ниеті ақ, көңілі кең даладай
Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.
2-Айбек:
Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
3-Бекнұр:
Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.
4-Расул:
Атам менің әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда
Жүрмін тура жолменен
Ей, тәкаппар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы.
5-Фариза:
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
6-Жадыра:
Ата күні - әже күні әлем күні
Әлемде теберінділер ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
Жүргізуші:
Асқар тауым, ақылгөйім, ғұлама,
Аспанымдай мәңгі жаса, құлама
Ер жетсем де еркелігім қалмайды,
Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!
Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық
ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының,
қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық
іс - әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді,
өсиет айтады.
Көркем сөз: М. Мақатаев «Әкеге арнау» орындайтын Қожахмет
Малика.
Бүгінгі кешке ауылымыздағы асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз
қазір зейнеткер Мұратова Набиға апай келіп отыр. Анамызға
рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Тұра – тұршы есейгенде ұл – қызың
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің
Маған бақыт неге керек ақ әже – ау
Өзің бірге көре алмасаң қызығың
Анамызға арнап 10 сынып оқушысы Нағыметова Қаракөздің орындауында
«Анама хат» әнін қабыл алыңыздар.
Адамдар арасындағы қарым – қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат
үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен
олардың жекелеген отбасында өркен жаюына яғни баланың ата – анасын
жан – жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап инабат тағылымымен
үлкендерге деген қарым – қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге
асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтейтін олардың алдындағы
перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын әдептілік
кішіпейілділік сергек сезімталдық көрсетпейтін бұл қасиеттер қанына
сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның
өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі –
баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір
сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама
қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды
қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып
табылады және ол мемлекеттік мекеме. Қартаю – биологиялық процесс,
белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің
үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте
жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік
құқы бар. Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек. Кім де кімнің
үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді
қымбатты «қонағы» болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті
өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,
қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып
табылады. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ
көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты.
Көрініс: «тоқта балам, атаң келер артыңда»
Көркем сөз: М. Мұқатаев «Реніш» орындайтын 10 сынып оқушысы
Сүйеуова Жібек
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады
«Қазақ биі» бір топ бишілер
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке нақты анық бастық.
Туған жердің тұғыры биік бол деп,
Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.
Ән: «Әкелер» орындайтын Ғарифулла
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал әкелер өздеріңе арналмақ
Бұл айтатын асқақ ән.
Ән: «Ауылым сенің іргелі» орындайтын Аида
Көкке өрмелеп көңілің
Нұрға толсын өмірің
Бақытты бол жан әке
Ұзақ болсын өмірің
Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын Дархан
Арайлы ақ тілекпен
Ән жолдаймын өзіңе
Сағыныш сазы жүрекпен
Сыр арнаймын өзіңе
Ән: «Неге сені сүйдім-ай» орындайтын Дәуірхан
Арманым едің аңсаған
Әке сен бақыт мен саған
Ұрпағым болып жалғадым
Қуаныш әке сен маған
Ән: «Ақерке жайық» орындайтын Нұртуған
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.
Тыныштық елімізге бере берсін.
Молшылық жерімізге ене берсін.
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін
Тап-таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін
деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып
тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы
оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.
Қарттарым-асыл қазынам тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қарттарым-асыл қазынам
Мақсаты:
Оқушылардың бойына
халқымыздың қадір-қасиетін
сіңіру,үлкенді сыйлай білуге,
өз
ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті
тақта, нақыл
сөздер жазылған
плакаттар
Барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір
сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн
бармақты.
Қымбатты
ақ
жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 3-сынып
оқушыларының қатысуымен 1
қазан - Қарттар
күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам»
атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата
ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі,
халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі
істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде
біздің
мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп,
көңіл аударып, жан-
жақты үкімет тарапынан
қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне,
еліміздің бейбітшілік тыныш
өмір
кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да
аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне,
енді қарттар күні
саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз
еңбектерімен
мемлекетіміздің негізін салуға жол
ашқан алдыңғы буын
ата- әжелеріміздің төл мерекесі.
Олардың
өмір жолдары
бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын
үлкен
ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек
сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына
сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не
қайыр?!
Адамның
өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне
сенімділігі – баланың ата-анасын
ардақ
тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір
сәтке де есінен
шығармауында. Үлкендіктен
ешкім құтыла алмаған.
Бірақ
кәріліктің өзінің сәні – мәні
бар.
Қарт кісіні құт-береке деп
танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана
әр кезде де
бақытты.
Біздің
ауылымызда қырыққа жуық қарт ата-әжелеріміз
бар. Солардың бірі Аязбаев Жапбасбай атамыз
және Жұбаназарова Ұлжан
және Шәкірова Гүлжаһан әжеміз
бүгін бізде қонақта.
Қадірлі
ата-әжелер бүгінгі
мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас
ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор
денсаулық,ұзақ ғұмыр тілейміз.
Біздің
бүгінгі тәрбие
сағатымыз үш
бөлімнен тұрады.
І бөлім Ата-әжем мақтанышым
ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
а/ Жұмбақ шешу:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған
бұл адам.
Әкесі
ол әкеңнің,
Білер оны сұраған,
Ол кім? (Ата)
Аймалайды «Күнім»деп,
Мейірімді жүзі күлім деп.
«Тәтті-ақ» дейді
немере,
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім? (әже)
І бөлім
«Ата-әжем мақтанышым»
Ата- ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы,
ата жолын қусайшы» деп
халық
ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды
уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды,мейірімді,ақылды.іскер
болуын тілеп,сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта
береді,өнеге көрсетеді,өсиет айтады.
ә/
Ауыл қариялары туралы
мәлімет беру.
Әже-
ақ
сүт берген
аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал
дәреннің басықасында
болып,асыраушы,аялаушы,тәрбиелеуші
басты кісі.өмір өрнектеріне,тіршілікке
көбірек араласқан ана
перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады.
«Жан жүрегім,жарығым»деп әже немересін,шөбересін
жүрегіне теңейді. Жан
жүрегін салып нәрестені,бүлдіршін жасөспірімді
тәрбиелейді.
б/ Ауыл әжелері туралы
мәлімет беру.
ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»
Халқымызда «Өзің өлгенше, немерең өлгенше» деген
сөз бар.
Бала,немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев
былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең
де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
в/ Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр
шумақтарына берелік.
1 оқушы
Менің
әжем,ақ әжем.
Ұл
мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
2 оқушы:
Менің
әжем,гүл әжем,
Алтын әжем,нұр әжем.
Анам үшін,мен үшін,
Нағыз әжем,тіл әжем.
3 оқушы:
Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам
асырып.
Маған сақтап
жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің
үйде
осындай,
Әжетайым бар
менің.
4-оқушы:
Ата-әжем мақтанышым
менің
де,
Қонақ болып отыр
менің
төрімде.
Өзіңе арнап былай
тәтті үніммен,
Ән салатын
кезім келді менің де.
Ән: Анашым
-------------------------------------------------
Ақиқатты айқындап
жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып қариялар.
Көрініс: Атасы мен немересі
Ата-әже ауылымның асылдары,
Жйнасын көңілдердің жасыл
бағы.
Сіздер үшін ән мен күй,өлең мен би.
Сіздер үшін мереке шашулары.
Би: Өзбек
биі-----------------------------
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ
тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Бұл бөлімде біздің кейінгі ұрпағымыз өздерінің өткен ата-бабаларын біле
мекен соны білмекпіз.
а/Оқушыларға жеті
атасын айтқызу
ә/
Оқушылардың ата-әже туралы эсселеріне кезек
берелік
Қорытындылау
«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл
бердің,
Өмірге мен
мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев
атамыз айтқандай міне, балалар, біз
өзіміздің ата-әжелеріміз алдында
қарыздармыз.
Ол қарызымызды тек
жақсы тәрбие арқылы,
адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген
жерде құрметтеп сыйлау
арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды
сыйлаңдар, қадірлеңдер!
«Асыл қариялар»
қарттар күніне арналған мерекелік бағдарлама
Өткізілетін орны: Макинск №4 орта мектебі
Өткізілу уақыты: 11.10.2013ж сағат 16.30-17.30
Өткізілу барысы
(Қариялар мен құрметті қонақтарды оқушылар сап түзеп қарсы алады)
Би «Қазақ биі» орындайтын аудандық мәдениет үйі
1-жүгізуші: -
Қош келіпсіздер, ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған ақ сақалды аталар.
Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі
Сіздер үшін айтылады баталар
Сіздерсіздер мақтанышым қариялар
Сіздер жайлы жыр шалқып, ән ұялар
Өткенменен жалғаған болашақты
Ақылы ұшан теңіз дариялар
2-жүгізуші: Армысыздар ардақты аталар, ақ жаулықты
әжелер, қымбатты қонақтар! Бүгін бізде ерекше мейрам, барша баланың
ең сүйікті де, ең жақсы көретін мейрімді аталарымыз бен
әжелеріміздің мерейлі мерекесі.
Ардақты ата-әже қариялар
Елімнің шежіресі дариялар
Қуат алған нәр алған
Әр шаңырақ жанұялар-
-құрметті қариялар бүгінгі «Асыл қариялар» атты мерекелік кешімізге
қош келдіңіздер.
1-жүгізуші: Қарты бар үйдің -қазынасы бар дейді, -халқымыз.
Отбасының тірегі әрі ұйтқысы немерелеріңіздің қорғанышы,
балаларыңыздың ақылшысы, асқар тауы да әрине сіздерсіздер.
Ғұмырларыңыздың ең қызықты да жарқыраған жастық шағын еліміздің
өркендеуіне, келер ұрпақтың игілігіне арнадыңыздар. Бүгінде қарттар
күнін атап өту, оларға құрмет, қолдау көрсету дәстүрлі
іс-шаралардың біріне айналды. Ардақты аталар, аяулы әжелер сіздерді
бүгінгі мерекелеріңіз шын жүректен құттықтаймыз. Асқар таудай
панамыз болып ортамызда аман-сау жүре беріңіздер.
2-жүгізуші: В последнее время стало доброй традицией
отмечать замечательный праздник – День пожилых. В этот день мы
благодарим вас за тепло ваших сердец, за тот опыт, которым вы
делитесь с молодым поколением: с вашими детьми, с вашими внуками.
Мы хотим пожелать вам крепкого здоровья, благополучия, любви и
внимания близких, чтобы вы испытывали только радость.
1-жүгізуші: Құрметті қонақтар сіздерді бүгінгі
мейрамдарыңызбен құтықтау үшін сөз кезегін аудан әкімі Балпан Мұрат
Сағатұлына береміз.
(Ән: «Ағаларым»)
2-жүгізуші:
Ортамызда қадірменді қарттар бар,
Ащы өмірдің тауқыметін тартқандар.
Арқасында нардың жүгін артқандар.
Омырауға қос-қос орден таққандар-
Бүгінгі мерекелік кешімізге келген құрметті қонақтарымызбен таныс
болайық:
-
Бұланды аудынының әкімі-Балпан Мұрат Сағатұлы -
Макинск қаласының әкімі -Маулиев Қайрат Маулиұлы -
Аудандық маслихатты хатшысы -Құсайынов Шахман Байдүйсенұлы -
Аудандық аурухананың бас дәрігері- Нұрсадықова Алма Жантаевна -
Аудандық білім бөлімінің басшысы-Төлегенов Жангелді Мейрамұлы -
Бұланды ауданы әуімінің баспасөз-хатшысы-Аманжолова Айгүл Егізбайқызы
1-жүгізуші:Құрметті аталар, әжелер, сіздердің бүгінгі
мерекелеріңізге құттықтау лебіз ретінде биден шашу шашылмақ, қабыл
алыңыздар.
Би: «өзбек биі»-орындайтын оқушылар тобы
Ән: «......................................»
2-жүгізуші:
Құзы терең, кең құлашты шалқардай,
Ғасырлардан сырлар шертіп, айтардай,
Отыратын үй төрінде қомданып,
Бұрынғының аңқылдаған қарттары-ай!
Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір
кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың
арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа
таусылмас қазына.
Би «орыс халық биі»-орындайтын мұғалімдер тобы.
1 - жүргізуші: Қарттарды құрметтеп, олардың алдындағы
перзенттік парызымызды үлкен ынтамен орындап, әдептілік көрсету,
біздің адами қасиетіміз және басты міндетіміз.
Ән: «Жақсы көрем атамды» бастауыш сынып оқушысы
Чокан Лада.
2-жүгізуші:Бала ата-анасына қамқорлық жасап, құрмет
көрсетсе, қариялар отбасының құтын қондырып, береке-бірлігін
артырары сөссіз.
1 - жүргізуші: Қадірлі аталар мен әжелер!Бұл мереке аға
ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін
және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.Қарттарға
қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ел
президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының
арқасында Қазақстанда ардагерлерге қамқорлық жасауда ауқымды
шаралар іске асырылуда. Сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңізге,
тәлімді тәрбие, сапалы білім беріп, өмірдің небір қиындықтарын
қайыспай жеңе білуге және жеңістерге шаттана білуге үйреткендеріңіз
үшін алғысымызды білдіріп, басымызды иеміз.
Тақпақтар:
1оқушы:
Болашақ күшін бәріне шыдаған
Көз жасын көрсетпеген ешқашан
Шаршамаймын сіздерді мен мақтауға
Жолдарыңыз ашық болсын әрқашан
2 оқушы
Ардақты ата-әже қариялар
Елімнің шежіресі дариялар
Қуат алған нәр алған
Әрбір шаңырақ жанұялар.
3 оқушы
Дей алмаймын қартайды
Батыр ұлын Отанның
Елі аңыз ғып айтады.
Жүрген жолын атамның
Сүй- дейді,-өз еліңді
Ер өспейді бата алмай
Қартайғанда мейрімді
Болсам деймін атамдай
4 оқушы
Менің атам сақалы
Асқардағы ақ қардай
Таусылмайды мақалы
Таудан бұлақ аққандай
Ой мен қырын даланың
Бес саусақтай біледі
Өзі туған алабын
Ойша шарлап жүреді
Ауа райын білгірі
Осы кісі деседі
Босқа кетпес бір күні
Дәл келеді есебі
Менің атам мықты адам
Күштілерден ықпаған
Жас кезінде өзінің
Жігіті жоқ жықпаған
Менің атам мықты адам
Фашистен де ықпаған
Отан үшін от кешкен
Басып алға нық қадам
Менің атам мықты адам
Боранннан да ықпаған
Жылқы жайып қой бағып
Биігі жоқ шықпаған
2 - жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата -
бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен
ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек.
Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер.
Ән: «Терме»-орындайтын Азамат Бейбітхан
Би: «мектеп вальсі»-орындайтын 5 сынып оқушылары
Ән: «..........................................»
1 - жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ үшін жасаған бар
жақсылықтарыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор
денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз
арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Егде
тартқан жастарыңыз еңселеріңізді түсірмей, өмірлік күш -
қуаттарыңыз ұзағынан болғай! Баршаңызға мықты денсаулық, көтеріңкі
көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілейміз сонымен қатар бала- шағаларыңыздың
қызықтарына тоймай ортамызда асқар тауымыз болып отыра
беріңіздер.
Бүгінгі мерекелік кешімізге келгендеріңізге көп алғыс
білдіреміз.Келесі жақсылық кештерде жолыққанша аман-сау
болыңыздар.
Тәрбие сағатының
тақырыбы: Ы. Алтынсаринға 170 жыл толуына
арналған
«Тапқыр
достар» ойыны.
Мақсаты:
-
Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету; -
Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау; -
Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
ойын сабағы.
Көрнекілігі:
слайд, интерактивтік тақта.
Тәрбие
сағатының барысы:
Мұғалімнің алғашқы
сөзі:
-
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар, ойынға қатысушылар! Бүгінгі 6 сыныпта өткізілгелі отырған «Тапқыр достар» ойынына қош келдіңіздер! Ойын, сайыс болғаннан кейін баға беруші қазылар алқасы болуы шарт, сондықтан алдымен әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасының құрамында ұстаздар
болады. Ал енді, сабағымызды бастамас бұрын Ы.Алтынсариннің өмірі
мен шығармашылығына қысқаша тоқтала
кетсек. Ыбырай
Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) —
қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф,
фольклоршы.Туып-өскен
жері — Қостанай
облысының Қостанай
ауданы,
Арқарағай ауылы. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде
қайтыс болады, үлкен әкесі Балғожаның тәрбиесінде өседі. 1844 жылы
Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық мектеп ашу туралы
патша ережесі бекітіледі. Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5
жасар немересі Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 23 тамызда
орыс-қазақ мектебі ашылып, қазақтардан 30 бала алынады, солардың
бірі Ыбырай Алтынсарин болады. Алтынсаринның мектеп ашу, бала
оқыту, ондағы тәлім-тәрбие жұмыстарын алдына нысана етіп қойып,
белгілі жүйемен жүргізу мәселесі өз алдына, сонымен қатар ол өзінің
педагогтік, тәрбиешілдік міндетін бір минут ұмытпай, оны әрбір
ісінде жүзеге асыруға
тырысады.
Әр топта
5 оқушыдан: Эмблемасы, топтың
аты.
Ойынымыз
6 кезеңнен тұрады:
І
Таныстыру.
ІІ Кім
тапқыр? (Сұрақтарға жауап
беру)
ІІІ Ойлан
тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап
беру)
ІҮ Сөзтапқыш
(суреттегі бейнені бейнелеп
көрсету)
Ү Актерлік
шеберлік (Ы.Алтынсариннің әңгімелерін
көрсету)
ҮІ Қорытынды
(жеңімпаздарды анықтау)
І кезең-
Таныстыру
Әр топ
өздерін , эмблемаларын
таныстырады.
(әділқазылар
алқасы бағалау парағы бойынша
бағалайды)
1топ: Топтың
аты: Бүркіт (эмблемада бүркіттің суреті
бейнеленген)
Тобымыздың
ұраны: Бүркіттей боп
самғаймыз,
Биікте де,
көкте де.
Қол қусырып
тұрмаймыз.
Көрінеміз
биіктен.
1топта
қатысушылар:
Албанбек: Аты жөнім Албанбек
Эгемберді
Мен қырғыз
баласы сүйетұғын қазақ тілді.
Максим: Атым Максим Тимошенко тегім
менің,
Жақсы көрем
қазағымның қара жерін.
Евгений: Мен Евгений Белорус
баласымын,
Қазақстанда
туып, өсіп келемін.
Бұл жердің
халықтары біргеміз.
Мән береміз
мемлекеттік тілге біз.
Карина: Мен Карина Сергейқызы, келіп тұрмын
қатарымнан қалмай бұл сайысқа.
Медеу: мен
қазақтың баласы Медеу болам.
Қазақстан
атамекен арайлы
Астанасы ақ
ордалы сарайлы.
Ел басымыз
айбында айтқан әр бір сөз,
Қазақ тілде
барлық әлемге тарайды.
2 топ:
Топтың аты: Жалын (эмблемада оттың суреті
бейнеленген)
Тобымыздың
ұраны: Жалын болып
жалындап,
От болып,
лаулап жанамыз.
Қарсы топты
әрқашан,
Жеңіп біз де
шығамыз.
Самат: Армысың айналайын
көрерменім,
Ақтарайын ән
жырдың алтын кенің.
Салтымнан,
дәстүрімнен айналып мен.
Иіліп
бәріңізге мен, Самат сәлем
бердім.
Максим: Алдарыңызға келіп тұрған орыстың Максим деген
ұлымын.
Рахат: Мен қазақтың баласы, сен қазақтың
баласы.
Қатысайын
деп келіп тұр, бұл сайысқа.
Рахат деген,
қазақтың қара домалақ баласы.
Настя: Туған жерін әрқашан
қастерлейтің,
Орыс аруы
мен болам Анастасия деген.
Данияр: Мен Данияр боламын ұлтым
қазақ.
Халықтардың
достығын ғұрыптайтың кез
бүгін.
Тапқыр
достар ойының тамашала ел
жұртым.
ІІ кезең
– Кім тапқыр?
Әр топ
басшысы жетон таңдап алады. Қай топқа қызыл түс түссе, сол топ
бірінші боп қойылатын сұрақтарға жауап
береді.
Сұрақтары:
(әр топқа 7 сұрақтан қойылады)
1
топқа қойылатын
сұрақтар.
1. Ыбырай
Алтынсарин кім?
2. Ыбырай
неше жасында болған кезде әкесі қайтыс болады? (4
жасында)
3. Балқожа
би деген кім? ( атасы)
4. Мектепті
қай жылы бітіріп шығады? ( 1857
жылы)
5. 1864 жылы
ашылған мектепке неше бала барады? (14
бала)
6. Ең алған
шыққан кітабын атаңдар. ( қазақ
хрестоматиясы)
7.Ы.Алтынсариннің өлеңдері,әңгімелері неге
тәрбиелейді?
2
топқа қойылатын
сұрақтар.
1.Ыбырай
Алтынсарин кім?
2.Ыбырай қай
жерде дүниеге келді?
3. Ыбырай
қай жылы мектепке барады? ( 1850
жылы)
4. Ол қандай
мектеп еді? ( орыс-қазақ
мектебі)
5. Қай жылы
мектепке Ыбырай ұстаз болады? (
1864)
6.
Ы.Алтынсариннің өлеңдерін
атаңдар.
7.Қандай
қалаларда мектеп ашты? (Елек, Қостанай, Торғай,
Ырғыз)
ІII кезең
–« Ойлан тап».
Ойыншылар
ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап
береді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бірінші
бағандағы 10 саны – Берілген мақалды аяқта.( Туған жердей жер
болмас, туған елдей ел
болмас.)
Бірінші
бағандағы 20 саны – Бейне
сұрақ.
Бірінші
бағандағы 30 саны – Суреттегі жазушы кім?(Абай
Құнанбаев)
Екінші
бағандағы 10 саны – Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге
келді?
Екінші
бағандағы 20 саны – Бейне
сұрақ.
Екінші
бағандағы 30 саны – «Менің атым- Қожа» әңгімесінде Қожа өз-өзіне
қандай уәде береді?
Үшінші
бағандағы 10 саны – 10 ұпай сыйға
беріледі.
Үшінші
бағандағы 20 саны – Берілген өлең шумағын
жалғастыр.
Үшінші
бағандағы 30 саны – Бейне
сұрақ.
IҮ кезең
– Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп
көрсету)
- иттің қимылын көрсетеді немесе бейнелеп
айтады.
-
кеме.
- шырша.
-
торт.
-карта.
-тақта.
- гүл.
Бейне
клип Ы.Алтынсарин
туралы.
Ү кезең –
Актерлік шеберлік.
2 топ
өздері Ы.Алтынсариннің әңгімелерін
сахналайды.
ҮI кезең
- Қорытынды:
Адамға ақыл
беретін кімдер? – депті бір қария жас
жігітке.
- Ана тілі
ғой ақыл беретін, - депті
жігіт.
- Жоқ балам,
ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы
екенін
ұмытпа.
Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос.
Адал дос ақылшың,
ақылшы дос –
жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны
көп.
Достықтың
көзі ақылдан басталады, - депті
қарт.
Ендеше
осымен «тапқыр достар» ойынын әсем әнмен
аяқтаймыз.
Соңында
«Отан» туралы ән орындалады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Сыбдыры сұлу, Алтын күз!" ашық тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз