«Сыбдыры сұлу, Алтын Күз!»
«Сыбдыры сұлу, Алтын Күз!»
атты ертеңгілігінің сценариі
Зал қызыл-сары жапырақтармен әсем безендірілген. Төрде осы мерекенің тақырыбы ілінген. Орындықтар жарты шеңбер ретінде қойылған. Балалар көңілді әуен ырғағымен жүгіріп кіріп, орындықтар алдына келіп тұрады.
Қош келіпсіз, ұстаздармен ата-аналар! Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған Біз алаңсыз, балғын шақты балаларымызды ортаға шақырайық.
1ж. Береке ғой, мереке ғой күз деген,
Байлығы ғой еліміздің жүздеген
Таза еңбек, маңдай терің төгілген.
Адал асың, алдыңдағы іздеген!
2ж. Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар! Міне табиғаттың бізге байлығы мен берекесін сыйлайтын сары алтын Алтын Күзде келді. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, жазира даланың дархан дастарханы. Сіздерді «Сыбдыры сұлу Алтын Күзім!» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз! Сөз балаларда!
1б Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиын-терін болғансон
Той жасайды халқымыз!
2б Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген!
3б Мерейлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ризамыз
Аппақ арай таңында,
Шомыламыз нұрға біз!
4б Көбейді құт-береке
Астық толы қоймамыз,
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз!
5б Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала, бай дала,
Алтын астық айнала!
Хор « Күз келгенде»
1ж: Балалар,мерекемізге Алтын күз келе жатыр,дауыстап шақырайық.
Келші,келші Алтын Күз
Келші, келші Жарқын Күз!
(Сырттан қолында жемістер салынған себеті бар Алтын Күз кіріп келеді).
Күз: Сәлем балғын достарым!
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Б-Р: Сәлеметсіз бе, Алтын Күз!
Күз: Мен – Алтын Күзбін.Өте еркемін,сәл нәрсеге ренжіп,бұртиып қаламын.Кейде өкпелеп, жаңбырымды төгіп-төгіп жіберемін.Әйтседе менің жомарттығыммен ақ көнілдігім үшін бәрі ұнатады.
2-жург:Қош келдің Алтын Күз! Біз сізді дархан алтын күз деп байлық, молшылықпен келетініңізді білеміз!Отырыңыз
Күз: Балалар мен сендерге ертегі-мысал айтып берейін,ал сендер мұқият тыңдап, тамашалаңдар! Ал, тыңдандар! «Бидай мен қаңбақ»!
Өзі қаңбақ болсын,
Онда қандай салмақ болсын?
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тірелді бір күні егістікке
Дауыспен былай тіл қатты:
(Ортаға қанбақ пен 3 бидай шығады)
Қаңбақ: -Сен осы бидаймысың?
Бидай: -Бидаймын
Қаңбақ: -Ақыл айтсам тыңдаймысың?
Бидай: - Тыңдаймын.
Қаңбақ: -Осы қай тұрысың?
Жүрмейсің, көрмейсің,кезбейсің,
Не бар, не жоқты да сезбейсің,
Көктемде шығып, күз болса бұғып,
Бастарың сараптұрғандарың маужырап!
1-бидай: Әй, қаңбақ!
Қанатыма сыймай,
Осы қай жүрісің?
Белгілі тұрағың жоқ,
Бас түгіл құғағың жоқ
«Үф» десе ұшасың, «Сүф» десе қонасың!
2-бидай: Қаңғырған қанбақсың
Кімге тұлға болмақсың?
Күні мен түні ұшарыңды жел біліп,
Сайран салып жүргенің!
3-бидай: Ал, біздің
Жинағанымыз дән,
Айналамыз толған ән
Абырой да, данқ та, ерлік те жеңісте,
Барлығы осы егісте!
Күз: Бидайдың сөзі осымен бітті,
Қаңбақ жөніне зытты
Дұрысын айтқан Бидай ма,Қаңбақ па?
Оны өздерің салмақта!
(Бәрі басын изеп кетеді)
-Балалар, қалай ойлайсыңдар,кімдікі дұрыс?
-Бидайдікі!
1 жүрг: Рахмет,Алтын Күз! Ертегің өте қызықты әрі маңызды екен.
Бізге енді қонақ бол,өлең-тақпақ, ән биіміз өзіңе арналады!
Сөз балаларда
6б Күздің салқын самалы,
Аймалайды маңдайдан,
Алып қашып барады,
Жапырақты сарғайған.
7б Қарашы күз келді,күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.
8б Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Тандандырып халқын күз.
9б Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
1. Би «Жапырақтар»
-
Ойын Жемісті дәміне қарай ажырат
-
Ән
Мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.
Сөз балаларда 10 б Мынау алма,
Түрлі –түсті болатын,
Бірі ерте, бірі кеш
Кезектесіп салатын!
11б Мынау алмұрт Күзде жинап алатын Балбырап біреуін Жесең тойып қалатын!
12б Мынау шабдалы
Сырты түкті, өзі ірі
Денсаулыққа пайдалы
Жемістердің бір түрі!
13 б Өрік,шие,алма алма,
Жидек, жүзім піседі
Қауын-қарбыз, қияр- сәбіз
Қоймаларға түседі!
14б Мынау-анар
Қабығы қалың болатын
Мөлт-мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын!
15 б Мынау-жүзім,
Сөлі балдай шырын,
Тәттілігін біледі,
Ара менен шыбын!
Ән «Атамекен»
Құрметті қонақтар, мерекеміз ары қарай жалғасады. Енді балаларымыздың орыс тіліндегі тақпақтарын тамашалаңыздар.
16 б Осень для всех постаралась,
Разные краски взяла
Только для тучки осталась
Серая краска одна.
17б Шедрая и яркая,
Золотая осень,
Каждый день подарки нам,
В октябрье приносить!
18б Яблоки янтарные,
Соком наливные.
Дыни ярко-желтые,
Словно золотые!
19б Листья опускаеться
Золотою стаей
Вот и получаеться
Песнья золотая!
20б Зашумели воды
Быстрого ручья.
Птички улетели
Втеплые края!
21б Миновало лето
Осень наступила
На полях и в рощах
Тустло и уныло!
1 жүрг: Құрметті қонақтар! Ендігі кезекті биге береміз,біздің ұлдарымыздың биін тамашалаңыздар.
«Аққулар! Биі
2 жүрг: балалар сендерге жұмбақ жасырып көрейін, жауабын тауып көріңдерші!
-
Жер бетінде шашы бар,
Жер астында басы бар! (Сәбіз)
-
Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарды күзге жеткенде. (алма,алмұрт)
-
Асты тас, үсті тас,
-
Ортасында піскен ас. (Нан)
Би «Таңғы Жаңбыр»
22б Берекелі, мерекелі,
Келді бізге алтын күз.
Қалаға да далаға да.
Келе жатыр Алтын Күз!
23б Қызыл, сары, алтын, көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап!
24 б О, алақай тамаша
Шашу жапты жапырақ,
Бақтың іші алаша
Аунар ма едік жатып ап!
25б Жылы жаққа қайтты құс
Ән еттік бұл жайтты біз,
Түнгі қара суықпен,
Елге сәлем айтты күз!
26б Қыры толы егіске,
Бағы толы жеміске.
Елді сыйға кенелтті,
Қолы ашық періште.
Рахмет, жас тапақшыларға! Ұл-қыздарымыздың орындауында би
Би: Вальс
1-жүрг: Күз халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі
Тойладық біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!
2-жүрг: Уақыт өтпес бірліксіз,
Бақыт келмес тірліксіз
Талмай еңбек етіңі
Қыстан аман өтіңіздер,
Хор: « Жау жау жаңбыр»
Осымен «Сыбдыры сұлу, Алтын Күз!»атты ертеңгілігіміз аяқталды.Келесі кездескенше қош сау болып түрыңыздар!
Соңы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыбдыры сұлу,Алтын күз.

шағым қалдыра аласыз