15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
С.Ы.Бегалин “Балалар әдебиетің бәйтерегі! ”
№ 104 Е.Юсупов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әдеби кеш
Тақырыбы: С.Ы.Бегалин “Балалар әдебиетің бәйтерегі! ”
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Буранбаева С.Н
2026-2027 оқу жылы
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар және оқушылар!
Бүгін біз қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі атанған Сапарғали Бегалин атамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби кешімізді бастаймыз. Ол балаларға арнап жазған алғашқы қазақ жазушыларының бірі, үлкен жүректі ұстаз,ұлттық рухтың жаршысы.
Бүгінгі кеште біз жазушының өмірі, шығармалары және олардың тәрбиелік мәні жайында әңгімелеп, көрініс көрсетеміз
2-жүргізуші:
Қазақ балалар әдебиетінің бәйтерегі:
Еңсеңді көкке көтере,
Кен есігін кең аштың,
Байлықтың өрін төтелеп
Мақтасам қалай жарастың.
Өсіп ем сенің өріңде,
Қайнарыңнан нәр алып,
Алуан қилы өмірге
Ер жеттім сенде жаралып... -деп «Туған жер» атты өлеңінде өзі жырлағандай, Сапарғали Бегалин 1895 жылы, қарашаның 24 жұлдызында, бұрынғы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы Дегелең ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Сапарғали атаның ата қонысы- Шоқан мадақтаған, айтыс ақыны- Жанақ жырына қосқан Арқаның киелі мекендерінің бірі- Дегелең таулары.
1-жүргізуші:
Бағзы қазақ қауымындағы жақсы дәстүр бойынша, атасы Бегалы немерелері секілді Сапарғалидың да бес жасында кәлимаға тілін келтіріп, арабша сауатын ашып, өзі оқытқан. Табиғатынан зерек, ұғымтал балаға оқу оқыған, білім алған өте ұнайды. Бала Сапаштың одан кейінгі білім алуына немере ағасы, сол кездегі оқымысты Ысмағұлдың ықпалы өте зор болады.
Окушы:
Немере ағасының көмегімен Сапарғали Фирдоусидың «Шахнамасын», Ахмет Иассаудың «Хикметімен», Сайхали мен Бақырғани өлеңдерін, «Жүсіп- Зылиқа» дастанын, «Мың бір түнді» бас алмай, жастығы астына жастанып оқиды. Қазан баспасынан шыққан қиссалармен, хикаялармен танысады.
Оқыған сайын өзіне үздіктіретін «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Ер Көкше» жырларын және де көптеген ертегілерді жаттап, жұртқа жаяды.
Оқушы:
«Осыншама өмірдегі ең бір бақытты күндерімнің бірі деп әкем Семейден Абайдың 1909 жылғы алғашқы жинағын базарлыққа берген күнін айтар едім. Содан бері ұлы ұстазымыздың ұлағатты сөздерінен екі елі ажырап көрген емен. Менің ең үлкен ұстазым-халық, ел дәстүрі. Ал әдеби үлгі-өнегем-Абай», - дейді жазушының өзі.
Оқушы:
«Шешеміздің айтуы бойынша, салқын күздің аяғында, терістіктен ызғырықтап жел соғып, ұшқындап қар жауып тұрған суық күні дүниеге келіппін. Табиғаттың маған еншіге бергені ме, әлде жасағанның бұйрығымен болатын құбылыс па,-білмеймін, әйтеуір жылда осылай, менің туған күнімде терістіктен жел ызғырықтап, ұшқындап қар жауып тұратын әдеті. Бүгін де, міне, ауа райының күрт бұзыла қалғанын көрмейсің бе. Сірә, мені қыспаққа салғысы, сынап алғысы келетін шығар. Бірақ мен де көне қоймаспын»,-дейді жазушы.
Оқушы:
Сапарғали Бегалин өз өмірінің жастық шағын суреттеп, ертеректе жазған бір өлеңінде былай дейді:
Мен бала боп өскелі,
Елім боп өмір кешкелі,
Қай белесті аспадым,
Қай қиянды баспадым.
Қай азапты көрмедім,
Қай мазаққа көнбедім.
Оқушы:
Алаңсыз өмір кешкен бүлдіршін шағынан кейін, ақынның жасөспірімдік шағы қараңғылық қамаған көңілсіз, жүдеу өмір қыспағында өтеді. Жұттан қашып, алыстан жұмыс іздеген әкесіне еріп, 1911 жылы қалаға келген бала пристаньда қара жұмысқа түседі. Содан қазақтың тұңғыш ағартушы мұғалімі Құлжанов Нұрғали мен Нәзипаның үйінде атының басын ұстап, делбеші боп жүріп, орыс-қазақ училищесін 1915 жылы бітіріп шығады.
Қарындасқа
Сәулем Шәни,
Келші кәні,
Берші қолды ағаңа
Еркіндік ап,
Жүрмей жылап
Жетті көзің бағыңа
Совет заңы
Бақыт таңы
Болды саған, азатсың.
Тылсым өмір,
Жабы көңіл
Қайта оралмай шым батсын.
Азиза
Өшті ғұрып,
Дауыл ұрып,
Октябрь кеп үйретті.
Ұлы Октябрь
Беріпті нұр,
Қайта гүлдеп жайнапсың.
Азат құс боп,
Бейне алтын шоқ.
Шығып үнің сайрапсың
Оқушы:
Сапарғали көбінесе Абай өлеңдері мен Тоқай өлеңдерін қайта-қайталай, ойлана, толғана оқиды. Алғаш өлең жазғанда да осы екі ақынға ден қойып еліктей жазады. 1914 жылы жас Сапарғалидың тұңғыш өлеңі «Айқап» журналында басылады. Қазақ бозбалалары
Қыналған киім, сыптай бой,
Қырынған жігіт желекпе ой,
Киініп кербез ат баптап,
Іздегенің айт пен той.
Барынды киіп үстіне,
Қырынып үсті-үстіне;
Ел қыдырып, ет аңдып,
Оныңнан пайда түсті ме?..
Талапсыз, ойсыз бос кеуде,
Ермегің елден ет жеуде,
Көп барған үйің мезі боп,
Ұялар бірақ кет деуге
Оқушы:
«Шығармашылық балалық шақ әсерлерінен басталады. Әжеңнен, анаңнан, сананда ән болып сінетін бесік жыры, елдің эпос айтушыларынан естіген аңыз, ертегілерің, батырлық ғаламат жырлар бала қиялыңды қозғап, қилы-қилы ойларға жетелері хақ. Біз әдебиетке фольклордан келдік. Халық ауыз әдебиетінен үйрендік. Олар - ертегілер, қиял байлығы – тапқырлық, жауыздықтың жазасы болған халық қаһармандары жайлы аңыз. Адамшылықтың қиыннан қиысқан әралуан сипатталатын тапқыр ойшылдықтың түрлері кейде жыр болып, кейде тақпақ болып айтылар еді. Балалар жазушысы болып қалыптасуымдағы мектептерім де, осылар» дейді Сапарғали Бегалин
Теңізді дауыл сапырып,
Жартасты толқын тарпиды,
Үйіріліп толқын лапырып,
Толқынды толқын қарпиды.
Көз жеткісіз көз майдан
Теңіз де, көк те қаракек
Алыста тұман бір ойдан-
Жүрегін ақын қайғы жеп:
Ақынның ұшқыр қиялы,
Сүңгиді теңіз суына
Дауыл мен толқын ем болып,
Жүректің ащы уына
Қош айтқалы ақын тұр,
Сүйген теңіз шуына
Оқушы:
Алысқа келу керек Сапекенше:
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе,
Сиятын қара көз осы қарақасқа
Отыз бен отыз бестің бірін берсе!
Сүйсініп оқитұғын туған халқы,
Жеткені талант, ойдың шамашарқы,
Бірталай еңбек жазды, алды жарқын,
Ласы, кіршігі жоқ, таза арты, - деп көрнекті жазушымыз Сәбит Мұқанов өлеңге қосқандай Сапарғали жазушымыз сияқты шежіре адамның өмірі қандай қызық болса, шығармашылығы да сондай қызық
Сапеке!
Сапарғали, атың Сапар,
Жылдарды бастан кештің сексен қатар.
Өзіндей болсын мыкты бір жолаушы,
Тірліктің аспай-саспай дәмін татар.
Халқымның әрі атайы, әрі ағайы,
Тұрмыстың әрі кедей, әрі байы,
Бойынан бұтақ өрбіп,
жапырақ шашқан
Семейдің сексен бунақ қарағайы.
Өткен күндер
Бір көктемде қолыма алып,
Иіскеп ем бір жас гүлді.
Жұпар исі мұрын жарып
Балбырады гүл біртүрлі.
Қалдым гүлден мен көз жазып,
Қайда түсті қалай қурап...
Іштен ойлап жүрдім азып,
Сағыныштың дертіне улап
Өтті жылдар, өтті күндер,
Ере бердім мен артынан,
Уақытқа әрең ерді гүлдер.
Бөгелтпеді бос тартынған
Ойда жоқта сол бір гүлді,
Көрдім өмір сүрлеуінен.
Ойыма алып өткен күнді
Кеттім сүңгіп ойға терең
1-жүргізуші:
Алғашқы өлеңі - «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының № 9 санында басылды.
«Қыран кегі» (1943),
«Цимлян теңізі» (1953).
«Таңдамалы» (1956),
«Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар
«Көксегеннің көргендері» (1948),
«Ермектің алмасы» (1955, 1985),
«Сәтжан» (1947, 1973, 1978),
«Жас бұтақ» (1953),
«Жеткіншектер» (1960)
2- жүргізуші
«Мектеп түлектері» (1961).
«Шоқан асулары» (1971),
«Қыран туралы аңыз» (1976),
«Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме,повестер жинақтары,
«Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.
Пушкиннің, Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын,
Д.Н. Мамин-Сибиряктың, Л.В.Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған.Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы,
замандастары жайлы ТЫҢ деректер.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген