Материалдар / Суды,энергияны үнемді тұтыну
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Суды,энергияны үнемді тұтыну

Материал туралы қысқаша түсінік
Суды,энергияны үнемді тұтыну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
58
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жауапкершілік пен шынайылық ең қымбат қасиет.

Оны арзан адамдардан күтудің қажеті жоқ

Бекітемін:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

25.11.24 ж

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Суды, энергияны үнемді тұтыну»


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

12-САБАҚ

7- сыныптар: «Бейтаныс адамдармен қарым қатынас кезіндегі қауіпті сигналдар)

Мақсаты

Оқушыларға энергия үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру;

Инновациялық технологиялардың тиімділігін көрсету;

Қоршаған ортаға әсерін азайтудың жолдарын үйрету.

Құндылықты дарыту

Әділдік және жауапкершілік

-жақсылық пен жамандықты, әділдік және әділетсіздікті ажырата білу;

-әр адамның еңбегін мен қадір-қасиетін әділ бағалау, оның жеке басына құрмет көрсету және қарым-қатынаста сыпайылық таныту қағидаттарын басшылыққа ала білу;

-қаржылық, материалдық және уақыт ресурстарын ұтымды және ұқыпты қолдану;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

Ынтымақтастық орта қалыптастыру мақсатында оқушылармен шаттық шеңберін құру.

Топқа бөлу

Мозайка” әдісі арқылы.



Тақырыбымызды ашу үшін жұмбақтарға жауап берейік.

Ақ жылан аяғы да, көзі де жоқ,

Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ,

Тоқтамай қысы-жазы жүре берер,

Бір сәтке аялдайтын жері де жоқ. (су)



Табаны бар,бас жоқ,

Жарық берер шашы көп. (электр лампасы)


Жарайсыңдар балалар! Жұмбақтарға жақсы жауап бердіңдер,ендігі кезекті экранға назар аударайық. (“Үнем қоғам қуаты” бейнеролик)


Сонымен балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандау болды?

Иә, “Суды, энергияны үнемдеу”


Ой қозғау

-Біз үнемдеу туралы білеміз бе?

-Энергияны қалай үнемдейміз?

-Суды қалай үнемдейміз?

- Тамақты қалай үнемдейміз?

-Ақшаны қалай үнемдейміз?



Оқушылар ойларын айтады




қағаз қиындыларын құрастырып,суретті жинақтайды.





жұмбақтарға жауап береді.










Мадақтау арқылы бағалау.



презентация






қағаз қиындылары
















https://youtu.be/UDnwTmVu3SM?si=tO6KxPo0_VTi5so-

Сабақтың ортасы

25 минут

Оқушыларға су мен энергия туралы ақпараттар беру.

Су – планетадағы ең қарапайым және ең танымал зат. Бірақ сонымен бірге, суда көптеген құпиялар жасырынып жатыр. Ғалымдар су туралы көбірек қызықты деректер таба отырып, әлі де суды зерттеуін жалғастырып келеді. Қазіргі уақытта біздің планетамыздың 70%-ын су басып жатыр. Дегенмен, осы судың тек 1%-ын ғана ішуге болады, бұл оны қорғаудың,үнемдей білудің өте маңызды екенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта электр қуатын үнемдеу жаһандық мәселеге айналды. Электр қуатын көп тұтыну оны өндіруге жұмсалатын шикізат көздерін көп пайдалануға ғана емес, жаһандық экологияға да көп залал келтіруде. Сондықтан адамзат болашағы үшін алаңдайтын әрбір азамат электр қуатын күнделікті тұрмыста үнемдей алудың алғышарттарын білуі қажет.

Токты үнемдегенде ұялы телефон, ноутбук секілді құрылғылардың зарядтағышын токтан үнемі ажыратып отырыңыз. Розеткаға қосылып тұрған құрылғы энергия тұтынады. Басқа жаққа бірер күнге кетер болсаңыз шамды өшіріп қана қоймай, розеткадан телевизор ағытып кетіңіз. Олар токқа қосылып тұрса аз да болсын энергия шығындап отырады.


Топтық жұмыс

1 топ: Суды қалай үнемдейміз?

2 топ: Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?





Экономикалық есеп:

Бірде Қайраттың анасы үйге ренжіп келіп, «Біз электр энергиясын көп жұмсаймыз. Сондықтан, шығынымыз өсіп жатыр. Не істейміз?»,- деді. Әкесі «үнемдейміз. Бөлмеден шығарда жарықты сөндіріп жүруден бастаймыз. Ал саған Қайрат арнайы өтініш: теледидарды қызықты және пайдалы бағдарламалар болған кезде ғана көр. Оны көрші бөлмеде ұйықтап жатқанда қосып қоюдың қажеті жоқ!»,- деді. Бір айдан соң, кезекті төлем жасалғанда, Қайраттың анасы электр энергиясының көрсеткіші азайғанын хабарлады. Егер үнемдегенге дейін көрсеткіш 3 мың теңгені құраса, жарыққа осы ақшаның 45%-ы, теледидарға 30%-ы кетсе, Қайраттың отбасы электр энергиясына қанша төлегенін есепте. үнемдеудің арқасында отбасы жарыққа шығынын 20%-ға азайтты, ал теледидарға бұрынғы шығынның жартысы кетті. Отбасы қанша ақша үнемдеді?




Мен энергияны қалай үнемдеймін?”

Мен суды қалай үнемдеймін?”

Егер мен ғалым болсам….” тақырыбында эссе жазу.




Бейнеролик тамашалайды.


Олай болса балалар сіздерге айтатыным не болмасын, әр нәрсеге ақылмен,жауапкершілікпен қарап, үнемдеу керек. “Судын да сұрауы бар” дегендей су және электр тоғы біздін өміріміздің бір бөлігі. Біз оларсыз өмірімізді елестете алмаймыз. Бірақ бұнын бәрі уақытша. Уақыт өте келе бұның бәрі таусылады. Сол кезде өміріміз не болмақ. Сондықтанда ысырапшылдықтан сақтанып, ұқыпты, үнемшіл болуымыз қажет.

Жауапкершілік пен шынайылық ең қымбат қасиет. Оны арзан адамдардан күтудің қажеті жоқ дей келеді.Соңғы бейнероликте көрсетілгендей табиғатқа жанашырлықпен,жауапкершілікпен қарап үйренуіміз керек!








ақпаратпен танысады.




















постер құрады.













есеп шығарады.
















эссе жазады.

ойларын ортаға салады.




























екі жұлдыз,бір тілек” әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.









Мадақтау арқылы бағалау.


Интербелсенді тақта

презентация




































































https://youtu.be/8t55HGAUvBo?si=zqAiiaZ322uK2rjk

Қаіпсіздік сабағы

10 минут

«БЕЙТАНЫС АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПТІ СИГНАЛДАР»

Сабақтың мақсаты: бейтаныс адамдармен кездескенде дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіпсіз және қауіпті мінез-құлықты ажырата білуге үйрету.


Сабақтың барысы

Ата-анасының немесе басқа ересектердің қарауынсыз бір минутқа қалған әрбір бала бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде қауіптен аулақ болуға көмектесетін ережелерді білуі керек:

Болмайды:

Мен бейтаныс адаммен сөйлесіп, оларды пәтерге кіргіземін.

Лифт пен кіреберіске бейтаныс адамдармен кіру.

Бейтаныс адамның көлігіне отыру.

Бейтаныс адамдардан сыйлықтар алу және олардың бірге жүрейік деген ұсыныстарына келісу.

Қандай жағдайларда әрқашан «Жоқ!» деу керек:

Егер сізді қонаққа шақырса, тіпті көршілер болса да.

Егер ата-анасы болмаған кезде бейтаныс адам келсе, оны пәтерге кіргізу немесе онымен бірге бір жерге бару.

Егер бейтаныс адам сізбен танысу және уақыт өткізу үшін бірдеңе жасаса.

Бір нәрсені көру немесе ойнау үшін оңаша жерге баруға шақырса, «Жоқ!» деп жауап беру керек, тіпті өте қызықты болса да.

Үйге келгенде ересектерге бұл адам туралы айту керек.













ақпаратпен танысады















бейнеролик көреді.






Ойларымен бөліседі





презентация
























https://youtu.be/4NbBJW7-x-4?si=RsSrH1_tJgcxChy-

Сабақтың соңы

5 минут

Әділ ханның соты

Ертеде бір әділдігімен танымал хан өмір сүріпті. Ол қарапайым халықтың арасында үнемі шындықты іздеп, олардың мәселелерін шешіп отырған. Бір күні ханның алдына екі адам келіп, бір құмыра алтынға таласа бастайды.


Бірінші адам былай дейді:

Бұл алтынды мен тауып алдым, бірақ ол менікі емес. Мен оны екінші адамға апарып бермек болдым, бірақ ол оны алғысы келмеді.


Екінші адам былай дейді:

Мен бұл алтынды алмаймын, себебі ол менікі емес. Бірінші адам маған күштеп бермек болды.


Хан ойланып, олардың екеуін де сынамақ болды. Ол алтынды алып, қазынашысына беріп, былай дейді:

Егер сендердің ешқайсың алғысы келмесе, бұл алтын халықтың игілігіне жұмсалады. Бірақ екеуіңнің шындықты айтқандарыңа көз жеткізуім керек. Ертең әрқайсың ауылдарыңа барып, жақсылық жасағандарың туралы дәлел әкеліңдер. Сонда әділетті шешім шығарамын.


Екі адам тапсырманы орындауға кетті. Бірнеше күннен кейін олар оралып, жасаған істерін баяндайды. Бірінші адам ауылдағы кедейге үй салып бергенін айтады, ал екінші адам жетім баланы асырап алғанын баяндайды.


Хан олардың жауапкершілігін бағалап, былай деп үкім шығарады:

Алтын екеуіңе де тиесілі емес. Бірақ сендердің ізгі істерің халыққа пайда әкелді. Сондықтан алтын халыққа қалады, ал сендерге құрмет көрсетіледі.


Мәні: Әділдік адамдардың жауапкершілікпен әрекет етуіне байланысты, ал шыншылдық пен адалдық қоғамға пайда әкеледі.

Әділдік тек сыртқы әрекетте емес, адамның ниетінде жатыр. Жауапкершілік пен шынайылық әділдіктің негізі.Балалар әрқашанда қандай іс болмасын жауапкершілік танытып, әділ жолмен жүруге ұмтылайық.



Үй тапсырмасы ретінде отбасымен бірге энергия үнемдеу ережелерін талқылап, тізім жасау.


Рефлекция


Идеялар шамы”


аңыз әңгімені оқиды.





талқылайды.


Балалар кітапханасы


Қазақ халық аңызы








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!