Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Судың пайдасы" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зайырлы қоғам және жоғары руханият: денсаулық сақтау ұлтымыздың дамытудың ең маңызды бөлігі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: №113 Әл-Фараби атындағы жом

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1-бөлімі. Су-тіршілік көзі.

Сабақ тақырыбы: Судың пайдасы.


Күні: 27.04.2018

Мұғалімнің есімі: Турсиметова З

Сынып: 5

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


5.2.5.1-берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

5.4. 2.1-эссе құрылымын сақтай отырып, адамды табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

5.5.1.3- сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Мәтінді түсінеді, сұрақтарға нақты жауап береді. Белгілі бір оқиғаны сипаттап жаза алады. Мәтіннен сан есімді таба алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтіннен негізгі ақпаратты пайдалана отырып, шағын диалогке түседі. Эссе жазуда сан есімдерді орынды қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазуда өз ойын дәлелді жинақтап, дәлелді жеткізеді. Тапсырмаларды орындау барысында сан есімдерді орынды қолдана алады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


1.Мәтіннің мазмұнын түсінеді, диалогке қатысады.

2.Эссе құрылымын сақтай отырып, белгілі бір оқиғаны

сипаттап жазады.

3. Сан есімдердің атауларын біледі, орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: Айтылым, жазылым.

Терминология: Температура, бүйрек, бауыр,дәрумен, минерал, жасуша, бұлшықет.

Сөз тіркестері: Ас қорыту, тәбеті болмау, тері жасушалары, бұлшық еттер, тез шаршау.

Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият: денсаулық сақтау

ұлтымыздың дамытудың ең маңызды бөлігі.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәнімен байланыстылығы – судың үш күйі, ол туралы

мағлұмат алу; Әдебиет – суға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді оқу.

АКТ қолдану дағдылары

Оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалану; білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдану; ғаламторды пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Сусыз жерде тіршілік жоқ екенін біледі.

Суды үнемдеуді біледі.

Су-тазалық пен денсаулық көзі екенін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

40 мин

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

8 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу сабаққа назарын аудару.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Шаттық шеңбері» Әріптер жазылған парақтарды таңдап алып, сол әріптен басталатын тілек айтады.

Түстерді таңдау арқылы сынып оқушылары 3 топқа бірігеді.

1-топ «Көл»

2-топ «Өзен»

3-топ «Бұлақ»

Сабақ тақырыбымен таныстырылады. Оқу мақсаты, бағалау критерийлері айтылады. Оқушыларға тыныштық сақтау, бірін-бірі тыңдау, белсенді қатысу, уақытқа бағынуға ескеріледі.

Үй тапсырмасын сұрау:

«Сөйлемнің жартысы сенде» әдісі. Бір оқушы тақырып бойынша сөйлемнің басын айтып, келесі балаға доп лақтырады. Ол сөйлемді ары қарай жалғастырып, аяқтауы тиіс.

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сан есімдерді қойып жаз, сан есімдердің түрлерін анықта

1.Ол атасы ... су алуға барады. 2. Арман ... сыныпта оқиды. 3. Кешке ... киноға барамыз. 4. Анам дүкеннен ... литр су әкелді.

Қажетті сөздер: бесінші, бес, екеуі, төртеуіміз.

Дескриптор:

- Сөйлем мазмұнын дұрыс түсінеді.

- Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді дұрыс қоя алады.

- Сан есімдердің түрлерін анықтайды.

Кері байланыс беру

Қ.Б: Күлегештер арқылы.
















Қазақ тілі мен әдебиет

«Бәйшешек» Оқулық.

5-сынып

1-бөлім

Ортасы








20 мин

Жаңа сабақты ашу мақсатында «Ой түрткі» сұрақтар қойылады

1.Судың пайдасын білеміз бе? 2. Адам ағзасына судың пайдасы?

3. Судың түсі қандай?

Сөздікпен жұмыс:

-Жаңа сөздерді оқыту.

-Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.

Жаңа сөздер: пайда, ас қорыту, тасымалдау, жарақаттану, сауықтыру, тәбеті болмау.

Диаграмма


1-тапсырма. Судың пайдасын айтып, диаграмманы толтыр.

«Не білесің?» әдісі. Оқушыларға бір сөз немесе ұғым беріледі, олар сол сөзді, не ұғымды ашатын ойларына келген барлық сөздерді, сөз тіркестерін жазып шығады. Су туралы мақал-мәтел жазу.




DrawObject1


DrawObject2

DrawObject3 DrawObject4

DrawObject5

DrawObject7 DrawObject6


DrawObject8

DrawObject10 DrawObject9

DrawObject11


Дескриптор:

- Диаграмманы суға байланысты сөздермен толтыра алады.

- Ол сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін жасайды.

- Тақырыпқа қатысты шағын эссе жазады.

Кері байланыс беру

Қ.Б: Мадақтау арқылы


2-тапсырма. «Суреттер сөйлейді» әдісімен суреттерді пайдаланып,

шағын мәтін құра.

Дескриптор:

-Суреттерді пайдаланып мәтін құрайды.

- Мәтін ішінде сан есімдерді қолданады.

-Сөйлемдерді сауатты жазады.

Кері байланыс беру

Қ.Б: Жұлдызшалар арқылы.

3-тапсырма. «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы мәтінді мәнерлеп оқы және мәтіннен сан есімдерді тап. Қандай сұраққа жауап беретінін айт.

Судың адамға тигізер пайдасы көп. Менің анам күнде таңертең бір стақан суға бал қосып ішеді. Ол- адамның асқазанына пайдалы. Әкем 1,5 литр бұлақтың суын ішеді. Бұлақ суы таза әрі мөлдір. Оның емдік қасиеті бар. Маған суға лимон қ осып ішкен ұнайды. Інім екеуіміз күнде 1,5 стақан суға лимон шырыны қосып ішеміз. Лимон қосылған судың құрамында аскорбин қышқылы бар. Ол адамның иммундық жүйесін нығайтады. Сонымен қатар лимон қосылған су қан құрамындағы қантты азайтады. Ағзаға қуат береді.



Дескриптор:

-Мәтінді сауатты, мәнерлеп оқиды.

- Сан есімдерді табады.

- Сан есімдерді түрлеріне қарай ажыратады.


Кері байланыс беру

Қ.Б: Қошемет арқылы


Қазақ тілі мен әдебиет

«Бәйшешек» Оқулық.

5-сынып

1-бөлім






Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс

Б.К.Умиралиева,З.А.Сапарбаева


























Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс

Б.К.Умиралиева, З.А.Сапарбаева










Аяқталуы







12 мин

4-тапсырма. Көршіңе төмендегі сұрақтарды қойып, диалог құр. Дәптерге көшіріп жаз.

«Сұраққа жетіп ал» әдісі

- Адам ағзасына судың пайдасы бар ма?

-............................................................ .

-Адамның қай мүшесіне су пайдалы?

- ............................................................ .

-Күнде таңертең су ішкен пайдалы ма?

-............................................................. .

-Сен суды көп ішесің бе?

-............................................................. .

-Судың қандай пайдасын білесің?

-............................................................. .

Дескриптор:

- Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

- Диалог құрастырады

- Сөйлем құрылымын ескереді.

Кері байланыс беру

Қ.Б: Өзін-өзі бағалау арқылы

Үйге тапсырма:

5-тапсырма. Сөздердің мағынасын сәйкестендір. Сан

есімдерді қатыстырып сөйлем құра.

Дескриптор:

- Берілген сөздердің мағынасын сәйкестендіру

- Сөйлем құрылымын ескеру.

- Сан есімдерді орынды пайдалану




«5 әдістен» - «50 әдіске»










Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың қабылдау, танымдық деңгейіне байланысты «Сөйлемнің жартысы сенде», «Не білесің», «Суреттер сөйлейді», «Сұраққа жетіп ал» әдістерін таңдадым.

Оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуді жоспарлаймын.

Қабілеті жоғары оқушыларға мүмкіндігінше жоғары деңгейлі сұрақтар мен тапсырмалар әзірлеу.

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Мадақтау, қошемет, күлегештер, жұлдызшалар,

бағалау критерийлері арқылы және сабақ кезінде оқушылардың оқуын тексеру үшін «Өзара жəне өзін-өзі бағалау» парақшасы арқылы қалыптастырушы бағалау тəсілін қолдандым.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


1.Сабақ шынайы мақсатқа құрылған.

2.Оқушылар судың пайдасы туралы мәлімет білді.

3.Барлық оқушылар сабаққа белсене қатысты.

4.Сабaқ барысында жоспарланған саралау жұмыстары тиімді болды.

5.Жоспарланған сабақ тиісті 40 минутта аяқталды.

6.Өз жоспарыма түзетулер енгізген жоқпын, себебі жоспарым нақты.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Сабақтың жүйелі жоспарлануы

2. Әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуы

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Талдау, жинақтау бағалау тапсырмаларының толық орындалуы

2. Қазіргі өмірмен байланыстыру

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.

2.Деңгейлік тапсырмаларды күрделендіру.
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2019
2734
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12