Екібастұз қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің №26 Балапан б/б» КМҚК
Экология
негіздері
«Судың сиқырлы
қасиеттері»
2 кіші «А» «Құлпынай»
тобы
Тәрбиеші: Мусилимова
А.Н.
Екінші кіші «А» «Құлпынай»
тобы үшін білім барысын ұйымдастырудың
технологиялық
картасы
Білім беру
саласы:
«Әлеумет»
Бөлімі: Экология
негіздері
Тақырыбы:
«Судың сиқырлы
қасиеттері»
Мақсаты: Су қасиеттерімен таныстыру, суды ластамаудын маңызы туралы
түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Білімділік: Судың адамға пайдасын
түсіндіру
Дамытушылық: Сумен тәжірибие жасау арқылы танымдық эмоционалды, жағымды
қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Судың маңызын түсіндіре отырып, үнемдеуге
тәрбиелеу
Сабақтың
көрнекілігі: Су туралы суреттер (табиғат),
стакан, кесе, сүт, қасық.
Сабақтың
технологиясы: Мнемотехнология
Сабақтың
әдісі: Ойлану, тәжірибе жасау,
түсіну, сұрақ – жауап.
Сөздік
жұмыс: мөлдір, түссіз, тамшы,
көрінбейді.
Билингвальдік
компонент: тамшы – капля - water drop,
түссіз – безцветный - colorless, мөлдір – прозрачный - transparent,
мұхит – океан - ocean.
|
Іс - әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Баланың
қызметі
|
Есеп
+
|
Есеп
-
|
|
Мотивациялық
қозғаушы
|
-Сәлеметсіндер ме балалар! Мен
там-шымын, сендерді саяхатқа шақырам-ын. Олай болса қайда
баратынымыз-ды табындар.
Ағып жатқан судың дыбысы
естіледі.
-Бұл ненін
дыбысы?
Ендеше біз "Су әлеміне"
саяхатқа ба-рамыз.
|
Балалар қызығушылық
таны-тады.
Ол ағып жатқан судың
дыбы-сы.
|
|
|
|
Ұйымдастыру-іздену
|
Балалардың назарын суреттерге
ауда-ру. Суретпен жұмыс жасау.

-Балалар су бізге не үшін
керек? Дұрыс айтасындар, мынау суреттерге қарап, тағы нелерге су
керек екен?
Ал енді үстел басына
келіндер.
1 – тәжірибе: Алдымыздағы
стаканда су тұр. Барлығымыз иіскеп көрейік. Иісі бар
ма?

Ал енді кішкене ішеміз. Дәмі
бар ма?

Мынау
не?
Стаканға – сүт, екіншіге су
құю арқы лы салыстыру.
Сүт – ақ, су – түссіз.
Қасықтарды алып су мен сүтке
салын дар. Қай стаканда қасықты көріп
тұр-сындар?

- Сонымен су мөлдір, одан
қасық көрі ніп тұр, ал сүт ақ одан қасық
көрін-бейді.
-Жарайсындар. Енді мен
сендермен ойын ойнайын дегенмін.
Қимылды ойын:
«Тамшылар» Шарты: Тәрбиеші бұлт - ана. Балалар -
тамшылар.
2 – тәжірибе: Судың әр түсті
болаты-нын анықтау.
- Мен сендерге бір сиқырды
көрсет-кім келеді.
Қарандар: таза су бар банкіні
шайқап көрсету, су қызыл түсті
болады.
-Қылқылымды бояуға малып, суға
батырындар.

-Сонымен су әр түсті бола
алады.
Биік
болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Ағаштарға су құйып,
Өсіреміз
сая бақ.
|
Суды ішеміз, онымен жуына мыз,
тамақ пісіруге пайдала-намыз. Және суды ағаштарға, гүлдерге құямыз
өсу үшін, жануарлар да суды ішеді.
Иісі
жоқ
Дәмі
жоқ
Мынау - сүт, ал мынау -
су.
Балалар қасықтарды алып су-ға
және сүтке салады.
Су құйылған стаканда қасық
жартылай көрінеді.
Балалар ойынға
қатысады.
Музыка ойналып, тамшылар серуенге шығады.
Жүгіреді, секіреді, билейді. Тамшылар жерге түседі. Олар бірігіп,
ағын су болады. (Бір - бірінің қолдарынан ұстайды.) Бірігіп үлкен
өзен жасайды, бір тізбекке тізіледі. Осылайша үлкен мұхитқа тап
болады. (Балалар шеңбер жасап,
жү-реді.)
Су әр түске
боянады.
Менің суым сары түске боян
ды.
Менің суым көк түске боян
ды.
Менің суым жасыл түске бо-янды
- деп жауап береді.
|
|
|
|
Рефлексивті-түзетуші
|
-Балалар біз бүгін не туралы
сөйлес-тік?
Суды қалай
пайдаланамыз?
Су
тамшысы:
Балалар мен сендермен уақытымды көңілді әрі
қызықты өткіздім. Барлы-ғың да менің сұрақтарыма жауап бер-іп,
өздеріңді жақсы жағынан көрсет-тіңдер, сендерге рахмет! Мені үлкен
жұмыстар күтіп тұр.
|
-Балалар суреттемелерді
қа-растырып, сұрақтарға жауап береді.
Су тамшысымен
қоштасады.
|
|
|
Күтілетін
нәтиже:
Ұғынады: судың түсі жоқ, ол әр түсті
болу мүмкін;
Түсінеді: тәжірибе орындау
жолдарын;
Қолданады: суды таза түрінде
пайдалану.