Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінің тақырыбы мен идеясы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сынып: 6

Мектеп: Жыланды қазақ негізгі мектебі

Мұғалім: Исмаилова Қымбат

Күні: 19.01.2021

Қатыcқан: 6

Қатыспаған: 0

Бөлім: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»

Тақырып: «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінің тақырыбы мен идеясы.

Оқу мақсаты :

6.Т/Ж.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

Бағалау критерий:

Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды.


Сабақ мақсаты:

Барлығы үшін: Өлеңнің мазмұнын түсінеді.

Көпшілік үшін: Өлеңге сатылай кешенді талдау жасай алады.

Кейбірі үшін: Өлеңді негізге ала отырып, «Төрт сөйлем» әдісі арқылы өз ойын дәлелдейді.

Қолданылатын модульдер:

Оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;

Оқу мен оқытуды бағалау;

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер;

Дарынды және талантты балалармен жұмыс.

Қолданылатын көрнекіліктер:

Бас бармақ, жұлдызшалар,смайликтер.

Алдыңғы білім:

«Шәкірт ойы» өлеңінің ақын өмірімен байланысы















Cабақ кезеңі

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  1. Сәлемдесу

  2. Сыныпты түгендеу

  3. Үй тапсырмасын сұрау.

  4. Психологиялық ахуал туғызу.

«Шаттық шеңбері» оқушыларды ортаға шығарып бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.




Сабақ ортасы



10 минут

















10 минут

Жаңа тақырыппен танысу.

Жаңа білімді меңгеру.

1-тапсырма. Өлеңді екі-үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, содан соң өлеңмен жұмыс жүргіземін.


Сөздікпен жұмыс.

Сәуле қуған – білім іздеген;

белді буған – талаптанған,ұмтылған;

асылық айту – артық сөйлегенім емес;

надандықты тебу – қараңғылықты жеңу,оқу , көңілге тоқу.

Жиһанда-өмірде;

Жаман болып-оқымаған адам;

Надан болып-білімсіз болып.


2-тапсырма. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңіне құрлысына сатылай кешенді талдау жасаңыздар.

1. Авторы - С. Торайғыров.

2. Тақырыбы - Адамдық

3. Жанр түрі - өлең

4. Идеясы - Білім - ғылымға, өмірге деген құштарлық

5. Шумақ - 3

6. Тармақ - 4

7. Бунақ саны - 3 бунақты

8. Буын саны - 11

9. Ұйқас - а/а/б/а/- қара өлең ұйқасы

10. Әдеби - теориялық ұғымдар - эпитет,теңеу


3-тапсырма. «Иә-жоқ» әдісі арқылы кестеге қарап өз ойларынды білдіріңдер.


Мәлімет

Иә-жоқ

  1. Сұлтанмахмұт жас ақындардың ішіндегі ең үлкені.

  2. Ол байлықта, өмір сүрді.

  3. Ешқандай қиындық көрмеді.

  4. Тұрмыспен алысып, жеңе алмай мерт болды.



Мәлімет

Иә-жоқ

  1. Сұлтанмахмұт бала кезінен көп ұйықтайтын.

  2. Ол зеректігімен, алғырлығымен көзге түседі.

  3. Ол нашар оқитын балаларға көмектеспейтін.

  4. Ол көптеген өлең жазды



Дескриптор

  1. Өлеңді мәнерлеп оқиды.

  2. Сөздікпен жұмыс жасайды.

  3. Сатылай кешенді талдау жасайды.

  4. «Иә, жоқ» әдісі бойынша тапсыраны орындайды.


ҚБ. Жұлдызшалар арқылы бағалау.







10 минут










4-тапсырма. Өлеңді негізге ала отырып, өз ойыңды «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы дәлелде.


Пікір: Оқыған мәтін бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз.

Дәлел: Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал: Пікіріңді өмірмен байланыстырып,мысал келтір.

Қорытынды: Тақырып бойынша қорытынды жаз.


ҚБ. Смайликтер.


Сабақтың соңы

5 минут

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Үй тапсырмасы: «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жаттау.



















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
1474
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12