Қызылорда
қаласы
химия - биология бағытындағы
Назарбаев зияткерлік мектебінің
Ақынбекова Гүлнұр Оразбайқызы
Сығанақ қаласының зерттелу тарихы
Зерттеу жұмысының мақсаты: дәл қазіргі таңда Сығанақ қаласы төмпек астында қайнаған сыр, сарғайған тарихымыздың құпиясын тығып сіресіп жатқаны мәлім. Кезінде осы қаланың тарихта ойып тұрып орын алатын, өз дәуірінде Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ірі сауда және Ақ Орда мен Қазақ хандығының саяси орталығы болған ортағасырлық - Сығанақ қаласының зерттелу тарихы жайында болып отыр.
Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің үлкен мәдени ошағы болған. X ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлы тайпаларының, ал XI ғасырдың II жартысында қазақ халқының құрылуына ұйытқы болған қыпшақтардың, Ақ Орданың, Қазақ хандығының алғашқы ордасы болған.
Сығанақ туралы 1867 жылы Лерх қала орнын көрген. Ал 1899 жылы жол-жөнекей соғып өткен А.Ю.Якубовский арнайы зерттеп еңбек жазған. Олар қазба жұмыстарын жүргізбеседе, Сығанақ қаласының жұртын, күмбезді құрылыстардың қалдықтарын көріп, өлшеп, суретке түсірген, өрнекті керамикалық бұйымдарын музейге алып кеткен. А.Ю.Якубовский Сығанақ қорғанын өлшеп 630 сажен екенін айтса, ал В.Каллаур 540 сажен екенін айтады.
1219 жылы Жошы әскері қиратқан Сығанақ қаласы 100 жылдан соң, яғни XIV ғасырдың басында қайта қалпына келтірілген дейді. Өйткені, Ерзен хан, Мүбарак-Қожа, Ұрыс хандардың кезінде қала гүлденген. Хандар теңге соқтырған.
Көбінесе ғимараттар күйдірілген кірпіштен салынған. В.Каллаур Сығанақта салынған ғимаратты Сахиби-Нихаяның жатқан жеріне орнатылған мазар-ғимарат дейді.
И.Кастанье «Развалины древнего города Саганак» зерттеу мақаласында Сығанақ қаласында суландыру жүйелері болғандығын айтады.
Жергілікті тұрғындар қала қақпасына жақын Қаратау етегінен –Мыңбұлақтан шығатын жер асты жолы болған дейді. Ол ертеде жалдамалы жұмысшылар күшімен салынған дейді. Ал қаздырушы билік иесі құпия салдырған. Бұл жол туралы ақиқат ашылмасада, болжамдық негіз боларлық жайттар бар. Оған дәлел, қала қақпасына таяу үңгір бары рас. Ол оның аузы бұл күнде ақ шеңгелмен жабулы. Сығанақ жер асты жолы – құпия әскери мақсаттар мүддесінен туған деген деректер де бар.
Мұнда, «Қасиетті құдық» бары да айтылған. Хандар оны «чашма» деп атаған. Бартольд: «Бұл құдық мағынасында болғанын» айтқан. Бұл құдықты Кастанье 1906 жылы өзі көріп жазған. Ол: «осында керуендер құдық басына келіп сусындау, тынығу үшін кідіріс жасаған» -дейді. Ол 2 тәулік бойы XII-XIII ғасырларға тән керамикалық коллекциясын жинады. Сонымен қатар, биік болып өсетін сүйекті сексеуілдер туралы да жазған.
Махмұд Қашқари: «Диуани-лұғад-ат-турк» еңбегінде Сығанақ қаласының тұрғындары арасында бөгде тілде сөйлейтін немесе басқа қаладан келген аралас қауым өкілдері бар екені байқалады» деп жазған. «Сығанақ-оғыздар еліндегі қала»-деп атаған.
А.Ю.Якубовский «Сығанақ мешіті XIV ғасырдың екінші жартысында салынды»-дейді. Оның салынуын Ұрыс ханмен байланыстырады. Осы мешіттің батысында 140 сажен жерде мавзолей қалдығы бар деген тұжырым айтады. Ол мешіттен кіші. Ол қатты бүлінген, күмбезі жоқ. Ал мавзолей А.Ю.Якубовскийдің пікірінше Ұлықбек заманында XV ғасырдың алғашқы жартысында салынған - дейді. Олар түгел күйдірілген қыштан салынған. Ол зираттардың ішінен мазар тауып,одан өрнектері бар жарты баған тапқан. Ол Шымкент мұражайына қойылған. Оны XIV ғасырға жатқызады.
Сығанақтағы «Көккесене» туралы А.Ю.Якубовский: «Шайбан әулетінен шыққан хандар жерленгенін» айтады. Зерттеуші «Көккесене» аталуының себебін сырлы зер кірпіштерінің көгілдір айрықша сәулетіне байланысты ие болғанын айтады.
Ғалым, тіл маманы А.Қыраубаева Әзірбайжанның ұлы ақыны Кутбтың «Хұсрау мен Шырын» дастаны Сығанақта дүниеге келгенін айтады. XIV ғасырда жазылған. Көшірмесі Парижде ұлттық кітапханада сақтаулы.
Археолог В.Каллаур Сығанақ қаласының сызбасын жасаған. Ол өзінің «Пратаколы Туркестанское кружка любителей археологий» жинағында: «Сығанақта ең алдымен күйдірілген қыштан соғылған екі құрылыстың назар аудартатынын жазған. Құрылыстың 3 тіреу есігі бар, 2 бөлмеден тұрады. Бұл бөлменің ұзындығы мен ені 9 кез» деп жазған. В.Каллаур екінші бөлменің астында табыт болғанын анықтаған. Сонымен қатар, Сығанақ қаласының тұрғындары онда сунақтардың тұратынын айтқан. Кейін олар қыпшақтарға бағынғанын жазады.
Қаланың қасында Сунақ-ата мешіті бар. Ал құрылыс іздері төбе-төбе болып кездеседі. 1988-1996 жылдары барлау қазбалары жүргізілген.
Ержановтың «Сунақтар» деген кітабында: «Әр базар сайын 500 түйе сатылған» деп жазған. Сығанақ қаласында табылған қыш ыдыстар Ы.Жахаев мұражайында тұр.
Сығанақ жайлы Тәңірберген Мәмиевтың «Қызылорда облысының археологиялық ескерткіштері», К.Байпақовтың «Қазақстанның ежелгі қалалары», Әбілхан Әбіласановтың «Сығанақ» еңбектерінен қала жайлы көптеген мағұлматтар кездеседі.
Қорыта келгенде, Сығанақ қаласының орнынан тек үйінді төмпешіктерді кездестіреміз. Ал кезінде оның үлкен қала болғанын қала орнынан табылған дәлелдерден ол қаланың үлкен шаһар болғанын жоққа шығара алмаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. К.Байпақов Қазақстанның ежелгі қалалары. Аруна 2007жыл. 361-364 бет.
2. Тәңірберген Мәми. «Кейінгі орта ғасырдағы Арал өңірінің қалалары»
Қызылорда,2007жыл
3. Тәңірберген Мәмиев «Қызылорда облысының археологиялық
ескерткіштері». Алматы,2000жыл.
4. Әбілхан Әбіласанов «Сығанақ». Алматы,1991жыл.
5. Қазақстан тарихы, Көне заманнан бүгінге дейін. 2-том.Алматы, 1998жыл,
75-99бет.
6. Егемен Қазақстан. 17.09.2015жыл. 2-бет.
7. А.Сопыбеков «Сығанақ» Сыр өнері 3.06.2006жыл.№14
8. А.Ю.Якубовский «Развалин Сыганака» Гаймк Сообщение 1929жыл.24 бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз