Шығарма

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығарма

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға қажет. Шығармада оқушының туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отан неден басталады?

Жоспар

Кіріспе бөлім

Отан дегеніміз не?

Негізгі бөлім

Менің Отаным – Қазақстан.

Қорытынды бөлім

Туған жерім – Зырян қаласы.


Отан дегеніміз не? Отан отбасынан басталады. Отбасында бір-біріне ең жақын адамдар өмір сүреді. Олар әрдайым бір – біріне қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Отбасым – ата-анам, ата-әжем, ағаларым, әпкелерім. Отбасында іңгалап дүниеге келіп, анаңның бесік жырын тыңдап, әлдиіне бөленесің. Ал әкең сенің қауіпсіздік пен қамқорлықта болуың үшін барын салады. Осы жылы ұяда сен барлық жақсы қасиеттерді отбасы мүшелерінен үйренесің. Қазақ отбасы ұлттық құндылықтарға бай. Мен ес білгелі үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, әлсіздерге қамқор болу, өтірік айтпау, адамның ала жібін аттамау сияқты көргенді істерді үйреніп келемін. Менің бақытты балалық шағым Отанымда өтіп жатыр. Ал менің Отаным Каспий теңізінен басталып Алтай өлкесіне дейін созылып жатқан Қазақстан Республикасы. Ана тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тарихы бар мемлекет. Сөзден маржан тізген тілі бар, ән мен күйі күмбірлеген мәдениеті бар, ұрпақтан ұрпаққа жеткен салты бар, имандылыққа тәрбиелейтін діні бар, ұмытылмас тарихы бар менің қазақ елім. Кең байтақ отанымызда туған елімізден басқа бірнеше ұлт өкілдері өмір сүреді. Оларды қазақ елі бөліп – жармайды, өз халқынын кем санамайды. Керісінше жақын тартып, көмектеседі. Республикамызда бірнеше ұлт өмір сүргендіктен мәдениетіміз бен ынтымақтастығымыз біртұтас. Еліміздегі барлық халықтар мемлекеттік тілімізді құрметтейді, ұлттық құндылықтарымызды қатаң сақтайды. Халқымыз ерте заманнан бауырластық пен туыстастыққа аса мән берген. Туғаны немесе қонағы болсын сыйластық пен қонақжайлылық танытқан. Қазір Қазақстан әлемдік деңгейде дамып келе жатыр. Бұл туралы біз мектепте көп мағлұматтар аламыз. Бүгінгі менің сыныптастарым ертеңгі елімізге қызмет жасайтын мамандар. Олар болашақта Қазақстанды бүкіл әлемге танытады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін болады. Тәжірибелі спортшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, қаржыгерлер, дизайнерлер, сәулетшілер, аудармашылар, құрылысшылар, есепшілер, аспаздар, тілшілер, журналистер, кеншілер, құтқарушылар, сақшылар болып қызмет атқаратын болады. Сондықтан мектепте жақсы оқуға тырысамыз. Мен шағын ғана кеншілер қаласында тұрамын. Қалам шағын болғанымен қойнауы кенге толы. Ал алғаш рет Малеевка кен орнын ашуға атсалысқан Арықтай Қайыпов ғалым атамыз. Атамыздың қаламыз үшін жасаған еңбегі ерекше. Ол Зырян кен орны геологиясының өзекті мәселелерін зерттеген. Алғаш рет Кенді Алтай тарихында ірі масштабты Зырян-Бұқтырма ауданының металлогениялық болжау картасын құрастырған. Бірнеше жыл бұрын ғалым атамыздың есімімен қаламызда көше аталып, мемориалды ескерткіш орнатылды. Қаламның өткені мен бүгінінің тамыры терең. Ұлы Отан соғысы ардагерлері тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері жайлы қаншама айтсақ та артық болмайды. Олар біздің бақытты болашағымызды қамтамасыз етті. Олардың есімдері ешқашан ұмытылмайды. Көрсеткен ерліктері мен төккен маңдай терлері бізге үлгі болады. Қаламызда осындай ата-әжелерімізге арналған «Жеңіс алаңы» және ескерткіштер бар. Туған қаламда мәдениет үйлері, білім ғимараттары, саябақтар, балабақшалар, колледждер, спорт мектебі мен алаңдары, этно-мәдени орталықтар, кітапханалар бар. Біздің сапалы білім алуымыз үшін барлық жағдайлар жасалған. Мектебімізде әртүрлі спорттық және мәдени іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Қаламның табиғаты ерекше. Біздің қаламызда басқа бір де бір қалада кездеспейтін ерекше туындылар бар. Жоқ, мен әңгіме немесе повесть туралы айтып отырғаным жоқ. Олар ағаштан ойылып жасалған қайталанбас сұлулық символдары. Жануарлар, батырлар, аналар бейнесі. Ол туындылардың иесі де біздің қаламыздың тұрғыны. Болашақта мен өз сынып жетекшімнен шеберді мектепке шақырып, еңбегінің жемісімен бөлісуін өтінемін. Шағын қаламда ақындар мен жазушылар, әншілер мен бишілер де тұрады. Қаламызда олимпиадаға қатысқан Денис Уланов зілтемірші спортшы бар. Зырян қаласының би өнері бүкіл әлемге танылған. Жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі де бай. Жаз айларында жаныңды рақатқа бөлейтін таулар мен өзендер де жоқ емес. Біздің қасиетті топырағымызда алуан түрлі жемістер мен көкөністер өседі. Оларсыз өмірімізді елестете де алмаймыз.

Мен биыл бесінші сыныпта оқимын. Біз қасиетті әскери формада оқып жүрген ұл-қыздармыз. Сап қатарында қатаң тәртіп сақтап, терең білім алудамыз. Бүгінгі жас ұландар қашан да елінің, қаласының, Отанының бейбітшілігі үшін қызмет етеді. Олар елінің тыныштығы үшін ұйқы мен тамақтан, рахат пен күлкіден кез келген уақытта бас тарта алады. Біз жай оқушылар емеспіз. Біз міндет пен талапты уақытында және сапалы орындаймыз. Біздің болашағымыздан үлкен үміт күтіледі. Сондықтан ата-анамыздың, ұстаздарымыздың, мектебіміздің абыройы үшін аянбай тер төгуге дайын болуымыз қажет. Даңқты жауынгер, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы атамыздың «Терлеп еңбек етерсің, тілегіңе жетерсің» деген сөзі әр кадетке әскери рух, өткірлік пен өжеттік, қайтпас қайсарлық береді.

Мен Отанымды сүйемін, Зырян қаласында тұратынымды мақтан етемін. Отбасыммен, мектебіммен, ұстаздарыммен, достарыммен бақыттымын! Мен Қазақстанның көк байрағын биікке желбірету үшін сабағымды жақсы оқып, үлкен маман иесі боламын. Болашақта туған жерім, Отаным үшін қызмет жасаймын. Қаламды одан әрі көркейтіп, тұрғындарға көмек көрсететін боламын. Мен егеменді елімнің, тәуелсіз мемлекетімнің отансүйгіш ұланымын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
757
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі