Материалдар / Шығарма "Денсаулық зор байлық"

Шығарма "Денсаулық зор байлық"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал денсаулық туралы шығарма. Денсаулықты үнемі ең бірінші орында ұстауымыз керек. Деніміз сау болса көптеген жетістіктерге жетеміз. Деніміз сау болса алынбайтын асу жоқ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
4180
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Денсаулық зор байлықШығарма Біреулер денсаулықты әсемдікпен, әдемілікпен байланыстырады. Енді біреулер үшін денсаулық — күш-қуат, ерік-жігер, салауатты ой сана. Тағы бір топ ағзадағы сырқат белгілерін айта бастайды. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты. Бірақ денсаулықтың нағыз анықтамасы қандай екені осы шығарма бойынша түсіндіріледі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Бірақ, бұл менің ойымша, келешекке бағытталған түсіндірме. Қазақ халқы дұрыс айтқан: «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық». Біздің зерттеуіміз бойынша, Қазақстанда, мысалы, абсолютті 100% дені сау адам жоқ. Халықтың 20%-ы салыстырмалы түрде ғана дені сау деп айта аламыз. Бірақ қатты күйзеліс, қатерлі факторлар әсер ететін болса, олар бұл санаттан шығып қалуы ықтимал. Енді 40%-ы сырқаты емделсе де, нәтижесі нашар жандар. Адамға кез-келген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Соның әсерінен әртүрлі күйзелістер пайда болған адам өз күшімен бұл жағдайдан шығып кете алмайды. 20%-ы ауру алды күйде және аурулардың созылмалы түріне өткен. Енді қалған 20%-да түрлі созылмалы сырқаттар бар. Бұл кісілердің жалпы денсаулығын қалпына келтіру оңай емес, бірақ сол аурулардың асқынуының алдын алуымыз керек. Бір ауру екінші ауруға өтіп кетпеуі керек. Тұрғын халық, денсаулық сақтау ұжымдары, басқа да кез-келген ұжым денсаулыққа көп көңіл аудару қажет. Денсаулығына деген қажеттілік әр жаста әртүрлі көрініс береді. Жаңа туған балаға ананың сүті, жәй ғана мұқтаждық емес, денсаулығының негізгі көзі болса, кейін бала өсе келе оның орнын толықтыру үшін тағам рационынан басқа құндылықтарды керек етеді. Мысалы, май қосылған тамақтар, белок дүниесі, сосын жеңіл кәдімгі тағамдар молырақ болуы керек. Мектеп жасына келгенде бала ойнайды, яғни дене қимылы мол болғандықтан, олардың да тамағында өзгерістер болады. Денсаулығы жақсы болуы үшін, ортасына лайық болуы үшін, мысалы, отырып жұмыс істеутін ғалымдар, мұғалімдер, дәргерлердің энергия жұмсау мөлшері аз болғандықтан, тамақтың сапасын да басқаша көріністе беріп отырады. Жалпы, денсаулықтың 53%-дауы өмір сүру салтына байланысты, 18%-дайы сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты, тағы 18-20%-дайы әр адамның өзінінің генетикасына, яки тұқым қуалаушылығына байланысты. Сонда қалған 5-10%-дайы ғана медицина мамандарына байланысты (денсаулық сақтау саласында қазіргі кезде оң өзгерістер көп, кемшіліктер де жоқ емес). Сондықтан, адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, өзін-өзі күте білуі керек, өзін-өзі жақсы көруі керек. Денсаулық, салауаттылық санадан бастау алады. Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ