Материалдар / Шығарма: Елін сүйген, елін сүйген-Елбасы

Шығарма: Елін сүйген, елін сүйген-Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы оқушыларға Елбасы туралы мәлімет беру. Елбасынын өмірінен, дара жолынан мағлұмат беру. Оқушылар Елбасы туралы білу керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
373
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы Осыдан жиырма бес жыл бұрын егемендігімізді жариялап,тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бұл біздің,қазақ халқының аңсаған арманы еді.Еліміздің,халқымыздың бостандығын ойламайтын адам жоқ шығар.Осы бағымызды бастайтын тақ иесі болуы керек.Тарихымызда бұрынғы кезде батыр,бабаларымыз,хандар басқарған. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп,өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басшы болды.Елбасымыздың бастауымен Отанымыз әлемге танылды.Қазақ халқына тәуелсіз күндер оңай келген жоқ.Қазақ халқы аштықты да,қызыл қырғынды да бастан өткізді.Бірақ осы қиын қыстауда қазақ қазақтығын,елдігін көрсетіп,қарсы келген дұшпанға қарсы шыға алды.Өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді,ар-намыста таптатқызбады.Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекетімізді орнатып,оны қалыптастырып,эканомикасын реформалау арқылы өзін де,елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы.Аумалы-төкпелі заманда мың өліп,мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да,арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында жетті.Президентіміздің жарқылдаған келбетін,болмысын,кемел дарынын,жақсы қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.Мемлекеттік Тәуелсіздігімізді алған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көрген жақсылығымыз ең алдымен Елбасының еңбегінің,көрегенділігінің арқасы.Елбасымыз қазақ елін әлемдік дамуына араласып,қиын да күрделі,ауыр,абыройлылығын дұрыс жолға қоя білді.Бұл-қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы,елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі. Елбасымыз-ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,халқының бар қадыр қасиетін бойына жинаған,тілін тарихы мен мәдениетін,әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін жетік білетін,ұлтын жан –тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп,қалың елінің жанашыры,мұңдасы,тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.1991 жылы 1-желтоқсанда бүкіл халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы болып сайланды.Ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың аманаты орындалды.Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің аса ірі мемлекет басшылыры мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы,дүниежүзіне әйгілі қайраткерлерінің бірі.Ол ел басқару ісінде халқының ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәрбиені тал бойына тоғыстырған алғыр басшы. Нақты әрекеттерге бару сол жолға таңдалғане бағытын табандылықпен жүзеге асыру.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басшылық қасиеті:Н.Назарбаевтің басшылығымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік тарихи маңызы бар істер атқарылды.Туған елінің тыныштығын,азаматтығының қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының,Ресейдің,Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіс-сөздер жүргізіп,ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті.Елбасының қандай тақырыбын оқысақ та ел тарихын,ұлт рухын,халықтың салт-санасын оятар ойлар,өмірмен тәжірибе,ғибратты танытып жатқанын көруге болады.Еліміздің болашақта үмір күткен ұрпағы,сендер!Қазақстан Республикасының нығайтудан,көркейтуден басқа мақсаты жоқ.Тәуелсіз ел болу,тұңғыш президенттің сайлауы,Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы,жан-жақтағы қандас бауырларымыздың қайта оралуы,Астана қаласының көркеюуі,тәуелсіздігіміздің әр күні,әр сағаты жақсы жаңалығы,игі істерге ұласып жатқаны елбасымыздың арқасы.Қазақ елінің жарқын болашағы,халықтарының бірлігі мен жарқын болашағы,халықтарының бірлігі мен бейбіт өмірі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында. Н.Назарбаев-өзінің ерен еңбегімен,халқымен,алға қойған мақсат пен міндеттін іске асыра білетін саясатшы.Жылдар өтер жүздеген жылдар өтер бірақ Қ.Р.Президенті Ұлт басшысы Н.Назарбаев Қазақстан және жахандық,әлемнің тарихында,біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады.Дана да дара Елбасымыздан үлгі ала отырып осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,бүгінімізді ертеңге жалғайтын,қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ