Материалдар / Шығарма. Менің анам.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шығарма. Менің анам.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен осы шығармамды аяулы анама арнағым келеді.Ол мен үшін дүниедегі ең керемет жан. Маған жарық дүние сыйлап,әлпештеп өсірген анама тең келер ешкім жоқ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
5257
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Менің анам»

Мен осы шығармамды аяулы анама арнағым келеді.Ол мен үшін дүниедегі ең керемет жан. Маған жарық дүние сыйлап,әлпештеп өсірген анама тең келер ешкім жоқ.
Менің анамның аты-Ақерке.Мен анамды өте жақсы көремін.Ол да мені жақсы көреді.
Ол мені мәпелеген, өсірген, ақ сүтін берген, түн ұйқысын төрт бөлген. Мен анамыды құрметтеймін, қадірлеймін, айтқанын орындаймыз. Сабақтардан жаман баға алмауға, ренжітпеуге тырысамыз. Анамыз әрқашан ақыл айтудан жалықпайды. Өзі мектепте бастауыш сынып мұғалімі. Кейде жұмыстан шаршап келгенде, қолымнан келгенше, үйдің жұмыстарына көмектесемін.Мен өмірімді анасыз елестете алмаймын.
Ана! Ана! «Ана» — дегенде толқымайтын адам жоқ шығар. Ана деген баласы үшін ең ыстық, ең асыл жан. Адамдар «адам» болғысы келсе алдыменен ананы қастерлей білуі керек. Шыр етіп жерге түскен күннен мәпелеп, түн ұйқысын төрт бөліп, бізді ер жеткізген анамызға мың алғыс. Жер бетіндегі аналар қайғы көрмесін, ауырмасын тек қана жарқын болып жүруін тілеймін.Аналардың жүздері әрқашан жайнаған гүлдей болсын. Осы дүниеге әкеліп, еркелетіп жүргенін үшін«Ана» — әрбір адамның жарық дүниедегі ең асылы, ардақтысы, жанашыры, қамқоршысы. Анамды қалай жақсы көретінімді айтып жеткізе алмаспын. Анам менің – асыл адам. Алыста жүрсем дауысын сағынамын. Адамның жақсы қасиеттері де ана арқылы бойға тарайды. Бала дүниеге келісімен құшағына алып, мейіріміне бөлейтін де, бізді әлдилеп жұбататын да ол – Ана! Өз баласы үшін суға да, отқа да түсуге дайын, бар күш-жігерін сарқа жұмсайтын да ол – Ана! Ананың махаббатына бөленген адам қайырымды, мейірімді болады. «Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген халықта сөз бар.Сондықтан анаға сый құрмет көрсету керек.

Біздердің үлгілі,тәрбиелі,өнегелі болып өсуіміз үшін анамыз барын салып келеді. Өзі мектепте бастауыш сынып мұғалімі.Сыныбындағы оқушыларын да өз балаларындай жақсы көреді. Жұмысында тынбай еңбек етіп,үйде де сол жұмысын жалғастырып отырады.Отбасына да уақыт тауып,шаршаса да күлімсіреп жүреді.Үнемі қағаз жазып,слайд жасап түнімен отырады. Таңертең ерте тұрып бізді оятып,таңғы асымызды беріп сабаққа жібереді.Анам біздерге үнемі ақыл айтып отырады. Сол үшін де анамды жақсы көремін. Оның даналығына, қарапайымдылығына басымды иемін.



Біз қуансақ бізбен бірге қуанған да, біз ренжісек бірге ренжіген де осы асыл ана. Біз ана алдындағы қарызымызды еш уақытта өтей алмасымыз анық. Тек қана ана көңіліне қаяу түсірмей әдепті, ақылды, тәрбиелі болып, сабақты жақсы оқып, адамгершілік қасиеттерді бағалай біліп, көңілін тауып отырсақ соның өзі ана үшін көп мерей. Біздің арқа сүйер тірегіміз де, ақылшымыз да ана. Алысқа кетсек сағынатын да ана, бізден хат күтіп сарғайып тосып жүретін де ана. Сол үшін де біз аналарды өте жақсы көреміз.

Ана – бұл қасиетті сөз. Осы сөз менің жүрегімде мәңгі қалады, өйткені ол маған өмір сыйлады. Осы ғажайып өмірдің есігін ашты. Маған өзінің жүрек жылуы мен махаббатын берді. Мен үшін анамнан қымбат адам жоқ. Анам өз балалары үшін ғана өмір сүруде, ол әрқашан біздің жанымызда. Қиналған кездерде де қасымыздан табылады. Біздің мұңайғанымызды қаламайды, біздің күлкіміз оған шат көңіл сыйлайды.Анам-қамқоршым, ақылшым, досым.  Анаға жан жетпейді.  Бар жақсылығын баласына  берген, асыл аналарымыз әрқашанда жанымызда жүріп, аман болсын.

Анамның сенімін ақтау үшін мен жақсы оқып, үлгілі тәртібіммен, спорттағы, өнердегі жетістіктеріммен көзге түсуім керек. Мен анамды сыйлайтынымды, жақсы көретінімді қалайда жақсы қылықтарммен білдіргенім жөн деп ойлаймын.

Ана- бар болғаны үш әріптен құралған,бірақ мағынасы асқақ,бізге ауадай қажет,қадірлі де асыл анамыз. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші аяулы анамыз қасымызда жүрсе біз қиындық көрмейміз,өмірдің тәтті дәмін татып ғұмыр кешеміз.Аяулы анам! Бұл дүниеде сіз қасымда болғанда ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы, данасы– бір өзіңіз! Сізді келе жатқан мерекеңізбен құттықтаймын! Сізге, әйел бақытын,тілеймін!

Арнадым бұл жырымды аналарға
Анадан артық бізге адам бар ма?
Түн ұйқысын төрт бөлген бөбегіүшін
Бұл белгілі әр балаға сана барда
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан сізбен бірге берекеміз!
Ақтасақ ақ сүтіңді асыл анам
Біз сонда кісілікпен теңдесеміз,-деп өлең шумақтарымен аяқтағым келеді

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!