Менің
Қазақстаным!
«... Уақыт қарқыны зымыран.
Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та
үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің
азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт
аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар
дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі
биіктей беретініне сенемін.»
Н.Ә.
Назарбаев
Отан... Атамекен... Атажұрт...
Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге
келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден
қоя бастайды...
Ата – бабаларымыз сан ғасырлар
бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел болғанымызға,
етек – жеңімізді жинап, әлемнің азулы елдерімен терезесі тең
мемлекет құрғанымызға, еліміздің дербес мемлекет ретінде тұғырын
тіктегеніне міне, биыл 27 жыл толады. Осы бір тарихи кезеңнің
қазақстандықтар үшін қаншалықты маңызды екендігі айтпаса да
түсінікті. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты күш – жігер керек
болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр – қайрат қажет
болғаны белгілі. Өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ұлт –
азаттық көтеріліске шығып, тоталитарлық жүйенің темір құрсауын
сетінеткен қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы ел тарихының ең
қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда өшпек емес. Бұл сөз
жоқ, тәуелсіздікке қарай батыл қадам бастап берген оқиға
болды.
16 желтоқсан – Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен
құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік,
егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің
Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған
елдің түпкі мақсаты орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз
мемлекеттілігін бұдан 27 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке
күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда
қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып
өтіледі.
Бізді бұл күнге дейін
жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт – азаттық
көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын
асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес
мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр
16 – желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша, бұл
тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін
білеміз.
Тәуелсіздігімізді
жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол
жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген
саясатының нәтижесі. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп
ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы арқасында
болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға
түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами
беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,
қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге
айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды
құрайды.
Сондықтан бұл күн жас
мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен
татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды, салауат пен
болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің
ұлы тарихына, ата – баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір
жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымызды – Қазақстанға деген
құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы
да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау
үшін мына біздер аянбауымыз керек. Ата – бабаларымыздың алдында
тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны
нығайта түсу міндеті тұр.
Ендеше, әрқашан да
әрқайсысымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең – байтақ ұлы
Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен
астасқан көк туымыз әрдайым биіктен желбірей
берсін!
Тәуелсіздігіміздің көк туына
қол жеткізген осы күндерде әрбір азаматтың көкейінде бір сұрақ
пайда болады: - «Мен өз Отаным үшін не істей аламын?» - деген сұрақ
жүруге тиіс.
Жеріне көсіліп жатқан, ұшы –
қиырсыз кермиық кербез дала – ұланғайыр байтақ, шетсіз – шексіз кең
жазира Қазақстанның болашағы – біз, қадірлі жастар. Себебі, жарқын
болашақ – жастардың қолында.
Отан!.. Аман бол сен, сен
барда мен сенің перзентіңмін, қанатыңмын. Сенің кәдеңе жарасақ,
қиын сәтте тірек болсақ – сол бақыт!
Ел болашағы – біздің
қолымызда. Сондықтан Елбасымыз жастардың сапалы білім алуына жете
көңіл бөліп отыр.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша
жүздеген дарынды балалар шет елдерде білім алуда. Облыс
орталықтарында дарынды балаларға арналған мектеп, лицейлер бар.
Барлық мектептер компьютерлендіруде, жаңа оқу орындары ашылуда.
Айта берсек, жасалған жақсылықтарға біздердің, жастардың
жақсылықпен қайтарымы болуы керек. Бос сандалыс, жүріс пен «дайын
асқа тік қасық» тірліктен гөрі, ел болашағы – біздер екенін
толыққанды ұғуымыз қажет.
Елім, жерім деп еміреген өршіл
ақын Мағжан:
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай
қайратты,
Қырандай күшті
қанатты,
Мен жастарға сенемін! – деп,
болашақ жастарға үлкен сенім артады.
Барлық қазақ баласы қазақша
бала – бақшаға барып, қазақша мектепте оқуы тиіс! Н.Ә Назарбаев
айтқандай: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесуі керек». Себебі, ел
болудың басты кепілі – тіл, ана тілі.
Біз өз Отанымыздың халқымыз,
біз өз ана тілімізді, қазақ тілін қастерлеуіміз, құрметтеуіміз,
сыйлауымыз керек.
Ес жияр, еңсені көтерер шақ
туды. Туған жерді шын сүйетін азамат болсақ, ата – баба аманатына
кір келтірмесі, оның намысын ту қып көтерер кезең келді. Олай
болса, «ештен кеш жақсы» дегендей, атамекен,туған жерге деген зор
сүйіспеншілікке толы салтымызды жандандырып, жадымызға сіңіруіміз
қажет.
Жарқын болашаққа қол жеткізу
үшін Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясын жасады. Ол
дегеніміз 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық
бағдарламасы. Бұл стратегия 1997 жылы қазанда
қабылданды.
Стартегия мақсаты – ұлттық
бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтық –
экономикалық әл – ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз,
гүлденген және саясаты тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Ал,
«Қазақстан – 2050 стратегиясы» - бұл қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты. Біздің Елбасымыздың арқасында мемлекетіміз тіпті қол
жетпес деген белестерге де жететінімізге күмәнім
жоқ.
Ел болып қалу жолында елін,
жерін «білектің күшімен, найзаның ұшымен» қорғаған, намысты да
қолдан бермей, Отанын шексіз сүйген ержүрек ата – бабаларымыздың
арманын жүзеге асыру – біздің перзенттік
парызымыз!
Біздің бойымызда ер қазақтың,
өр қазақтың қаны бар. Ойымды аяқтай келе, жүректен шыққан жыр
жолдарымен жеткізгім келеді:
Нұрлы болашақ
жолында,
Жанын аямаған ата –
баба.
Тәуелсіздік таңын
армандап,
Тыныштық сыйлаған
ұрпаққа.
Сыйлаған ата – баба біздерге
аманатын,
Қастерлейік біздер оның
арманын.
Тәуелсіздік туын биіктерге
көтеріп,
Жан аямай, оқу оқып биіктерге
өрлейік!