400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шығарма "Менің сүйікті анам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің сүйікті анам Менің анам, менің алғашқы – ұстазым. Әліппені де, алғаш оқытып, жазуға үйреткен – анам.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығарма тақырыбы: « Менің сүйікті анам»

Орындаған:Иманбаева Айнагуль Амангельдиновна

Телефон нөмірі: 87755342052

Электрондық адрес: aina_iman@mail.ru







































Менің сүйікті анам

Менің анам, менің алғашқы – ұстазым. Әліппені де, алғаш оқытып, жазуға үйреткен – анам.

Анам-қамқоршым, ақылшым, досым.  Анаға жан жетпейді. 
Ана- барлық өмірдің бастауы. Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз.
Бар жақсылығын баласына  берген, асыл аналарымыз әрқашанда жанымызда жүріп, аман болсын. 

Мен анама қанша алғыс айтсам да алдындағы қарызымды еш өтей алмасымды білемін. Себебі, ол мені тоғыз ай, тоғыз күнде жүрегінің астында аман сақтап, мына жарық керемет өмірді сыйлады. Сондықтан да мен анамды өте қатты жақсы көремін. Ол мен үшін бүкіл әлемдегі ең сұлу, ең әдемі жан. Маған осындай ғажайып өмір сыйлап, осы күнге дейін мәпелеп өсірген ардақты жанның есімі – Айнагуль. Анам мамандығы бойынша мұғалім болып жұмыс істейді. Менің анам өте мейірімді кісі. Оның жылуы өте шетсіз,шексіз.
Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Егер мен ауырып қалған сәттер болатын болса, анам тез арада – ақ мені емдеп алады. Барлық аналар сияқты менің де анам мені әрдайым ойлап, жаман қасиеттерден аулақ жүргенмімді тілеп отырады. Кей кездері мен ананмның айтқан ақылын ұмытып, бұзықтық жасап қойсам, анам маған ұрсып та береді. Бірақ, мен анама ренжімеуге тырысамын. Өйткені, аналарымыз біздің болашағымызға алаңдап, дұрыс жол көрсету үшін ұрсады деп ойлаймын.

Мен анамның жүзінен мейірімді күлкісінің кетпегенін қалаймын. Сондықтан да анамды әрдайым қуантып отыруға тырысамын. Сабақтан бос кезімде үй шаруасына көмектесіп, айтқан тапсырмаларын уақытында орындап отырамын. Мен анаммен бос уақытымда әр түрлі тақырыпқа әңгіме айтамын. Анамның көңілінен шығуға тырысамын Кей кездері анам маған «Сен маған ұқсайсың» деп айтады. Анамнан осындай сөздерді естіген кезде бойымды бір қуаныш пен мақтаныш сезімі баурап алады. Менің ойымша, дүниедегі ең қымбат, ең әдемі сөз ол – ана.

Барлық аналар әлемдегі ең ардақты, аяулы, сүйікті де сүйкімді жандар деген ойыммен келіспейтін адам баласы жоқ шығар деп ойлаймын.

Егер менен біреу келіп «Әлемдегі ең тәтті сусын мен ең жұмсақ заттарды аташы» деп сұраса мен еш ойланбастан әлемдегі ең тәтті сусын ананың сүті болса, ең жұмсақ ол – ананың аялы алақаны деп жауап берер едім.

Мен үшін бұдан асқан бақыт жоқ сияқты көрінеді. Сондықтанда мен анамның қасына барып құшақтап «Рахмет анашым!» деп айтқым келеді.

Міне, менің сүйікті анам осындай!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
2374
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі