Шығарма
КӨКТЕМ
Бір жылда төрт жыл
мезгілі болады.Олар: жаз,күз,қыс,көкткм.Әр жыл мезгілінің өз
ерекшелігі бар.Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі –
Көктем.Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып,жан-жануарлар
көбейеді.
Көктем айларында
көптеген мерекелер аталып өтіледі.Осы мезгілге сай көктемнің
алғашқы мерекесі Аналар күні.Жер дүниенің жаңару
«НАУРЫЗ»,ғарышкерлер мерекесі,бейбітшілік мейрамы,Ұлы жеңістің
мерейлі тойы – Осы көктемнің ең ішіндегі атаулы күндер.
Көктемнің басқа жыл
мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар.Мен жыл айларының
ішінде көктем айларын ұнатамын.Күн жылынысымен біз сенбілік күні
әрқайсымыз өз ауламызды тазалаймыз.Ағаштар отырғызамыз,түрлі гүлдер
егеміз. «ТАЗАЛЫҚ –ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»-деп қазақ атам тегін
айтпаған.
-Ендеше әрбіріміз өз
қаламыз бен оқитын мектебімізді ,ауламызды көгертуге атсалыссақ нұр
үстіне –нұр болары сөзсіз!Сондықтан тазалық пен көгерудің
көзі-көктем айын жақсы көремін.
Менің көктем туралы ойға
түйгенім осындай.Көктем айы бәрімізге денсаулық,мол
бақыт,молшылық,береке-бірлік,тыныштық әкелсін.Мен көктем мезгілін
жақсы көремін!
ҚЫС
Қыс түсті.Қар жауды.Қыс
айлары:Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Қыс біздің жаққа ерте
түседі,яғни алғашқы қар қараша айының ортасында түсе бастайды.Қар
ерте түскені мен біздің жақтың қысы өте жайлы.
Қыс біз үшін өте керемет
мезгіл.Өйткені ,мерекелер
коп.Атап айтсақ : «1 желтоқсан – ҚР тұңғыш Президенті күні»Елімізде
бұл мереекні ерекше атап өтеді.Осыған орай біздің мектебімзде де
концерттік бағдарламалар ұйымдастырып,іс-шаралар
өткізілді.
16 желтоқсан –Еліміздің «ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ»
мерекесі.Бұл күннің де тарихта да ,біз үшін де ерекше маңызы
зор.Бұл мерекеде біз сыныбымызбен белсене қатысамыз.
1 қаңтар – «Жаңа жыл» мерекесі.Бұл күні
балалар Аяз Атаны күтіп өз өнерлерін ортаға салып,сыйлық алып мәз
мейрам болады.
Бізде солтүстіктегідей,шығыстағыдай қатты
аяз жоқ.Қыс ерте түскенімен біздің өлкеде көктем ерте келеді.маған
туған өлкемнің табиғаты өте қатты ұнайды.
Қыста біз шаңғы,шана,коньки сырғанақ
ойнауға шығамыз.
Балалармен қар лақтырып шаттыққа
кенелеміз.
Маған қыс мезгілі ұнайды!