жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шығарма "Ұлы Отан соғысына 73 жыл"
Шығармашылық жұмыс: Ұлы Отан соғысына жеңісіне 73 жыл
Адамзат айрықша атап өтетін есте қаларлық тарихи даталар аз емес.Біз үшін Мамырдың 9-ы солардың ішіндегі ең шоқтығы биігі, ең жасампазы, ең салтанаттысы, бірегейі.
Күнтізбедегі бұл күн біздің әрқайсысымыз үшін жүрекке ыстық Ұлы Жеңіс мерекесін-шексіз қуаныш пен шаттық мерекесін, ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайсар күнде еске түсіреді.
Осыдан 71 жыл бұрын, 1945 жылғы мамырдың 9-ында фашистік Германия тізе бүкті, Рейхстатта Жеңіс туы желбіреді. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды.
Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр-қайрат , ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді.
Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкіл халықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге қарсы бір кісідей көтерілді. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Тек жанқиярлықтың рухани бірлікті, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жету мүмкін болды. Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды.
Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендермен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.
Ұлы Жеңіске сайрамдықтар да өзіндік үлесін қосты. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты.
Сайрамдықтар олардың қаһармандық ерлігі, рухи алдында бас иіп, тағзым етеді. Олардың ерлігін Отан алдындағы перзенттік борышты қалтқысыз орындаудың үлгісіне балайды. Соғыс жылдары сайрамдықтар осы парызды жанқиярлықпен орындаудың небір үлгісін танытты.
Жерлестеріміз, Кеңес Одағының Батырлары Таштемир Рустемовты, Ботабай Садықовты, Зиямат Хусановты, Владимир Вишневскийді Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерліктері үшін, Отанымызды қорғаудағы жанкештілігі үшін мақтаныш тұтамыз. Олардың есімдері мен ерліктері еш қашан ұмытылмайды.
Біздің жүздеген, мыңдаған жерлестеріміз қан майданда қаһармандық ерлік көрсетті.
Қарабұлақтық жерлесіміз Таштемир Рүстемов майданға алғашқылардың бірі болып аттанды, 312-ші Смоленск атқыштар дивизиясының 1083-ші полкы құрамында шайқайсты. Т. Рүстемов сым шарбаққа алғашқылардың бірі болып жетіп, неміс траншеясына секіріп түсті. Ол гранаталармен, автоматтың оғымен жаудың 19 солдатын, 1 офицерін жер жастандырды, 4 атыс нүктесін жойып жіберді. Біздің жауынгерлерімізге жол ашты.
Ботабай Садықов фашистік басқыншылармен аяусыз шайқасты. Ол 13 танкті өртеп жіберді, 5 артиллериялық, минометтік батареяны, 23 дзот пен блиндажды, жаудың 2 батальонынан астам жаяу әскерін жойып жіберді.
Шағын бибіктікте пулеметімен берік орныққан Зиямат Хусанов жау жағының шабуылын ірнеше дүркін тойтарды. Немистер оны үш жағынан қоршауға ұмтылды. Зиямат жаулардың бұл шабуылына да тойтарыс берді. Патрондары таусылған кезде 2 гранатаны лақтырды. Осыған қарамастан немістер оның позициясына минометтен оқ жаудырып, өңмендей ұмтылды. Жарықшақтардан жарақаттанған Зиямат қолындағы гранаталарымен жауға қарсы адымдады. Граната жарылғаннан кейін З. Хусанов жау солдаттарымен бірге өзі де құлап түсті.
Ауданымызда соғыста да, бейбіт еңбекте де осылайша үнемі алдынғы шептен табылып, абыройлы болған азаматтар көптеп саналады.
Соғыс аяқтала салысымен миллиондаған сарбаз жаңа майданға-еңбек майданына бел шеше араласты.
Олар неміс фашизмінің туын жығып, елге Жеңіспен оралды, еңбек майданында да алдынғы лектен табылып, ауданымыздың экономикасы мен мәдениетін өркендетуге үлкен еңбек сіңірді. Атап айтсақ, олар- О. Әшіров, Ф. Акрамов, М. И. Бабин, Е. Қуашев, Х. Нығматжанов, К. Нұрымбетов, М. Мұхитдинов, К. Тіленшін, Б. Бабашев, С. К. Карпенко, К. Қамбаров, Д. М. Конский, И. Османов, А. Пратов, Б. Райымбеков, Б. Тошполатов, тағы басқалар. Бүгін олар арамызда жоқ, бірақ олардың жауынгерлік ерліктерін, еңбектегі ерең істерін жерлестері ұмытпайды.
Әйелдердің соғыс жылдарындағы ерлігі жайында біз терең ризашылық сезіммен айта аламыз. Соғыс ардагерлері Н. Әлімова, В. Бабина, Н. Кувычко, А. Лобода, З. Мәкенов, А. Мудрецова, К.нецелова, С. Нагибина-Елтаева, А. Черкасова, тағы басқалар соғыс жылдары кескілескен ұрыстарда ерлермен бірдей, қоян-қолтық шайқасса, соғыстан кейінеңбек майданында жанқиярлық, абыройлы еңбектің үлгісін көрсетіп, алдыңғы лектен табылады. Біз майдангер аналардың алдынды басиіп, тағзым етеміз, құрметтейміз.
Еңбеккер- ананың ортақ жеңіске қосқан орасан зор үлесін, тылдағы шексіз ерлігін атап айтпай болмайды. Олар майданға кеткен ерлерінің орнын жоқтатпай, жер жыртып, егін салды, төрт түлікті түлетті, өндірісті өркендетті, ошағының отын сөндірмей, ұрпағын өрбітті.
Соғыс жылдары сүйген жарынан айырылып, аңырап қалған Р. Атаходжаева, К. Әбдіқадырова, Б. Ахмедова, И. Анарметова, А. Есқалыева, А. Қожанова, П. Багатырова, тағы басқалар жесірліктің ащы дәмін татты, соған қарамастан, отағасына деген аяулы махаббатын сақтап қалды, балаларын қанаттыға қақтырмай, тұрмыстыға шоқтырмай өсірді, азамат етті, ел қатарына қосты. Асыл жарына деген махаббатын өмір бойы жүрегінде сақтаған пәк, әулие аналардың санын бүгінгі күні ауданымызда 84 екен. Отбасы ошағын отын сөндірмей, ұрпағын өрбітіп отырған пәк аналардың, сұрапыл соғыстың қара құйыны жалмаған боздақтар жесірлерінің рухани ерлігінің алдында әрқашан басымызды иіп, тағзым етеміз.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс шын мәнінде бүкілхалықтық ерлік болды. Майданға нан да, ет те, басқа азық-түлік те, киім-кешек, қару-жарақ та керек болатын. Жеңіс үшін халық қолдан келгеннің барлығын жасады. Қарттармен әйелдер, буыны қатпаған балалар қайыспай еңбек етті.
Соғыстағы Жеңіс Отан үшін мерт болған ерлеріміздің қанымен, тылдағылардың маңдай терімен, қажыр-қайратымен, халықтың ынтымақ- бірлігімен келді.
Биыл –Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы жылы. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс –достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған ер намысы болып атылған, ел дауысы болып шақырған Ұлы Жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ұландарымыздың ерлігі еліміздің болашағы үшін қасық қанын қиып, ұрыс даласынан қайтпаған қалғандардың ерлігі, БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ ЕРЛІК ғасырдан ғасырға жалғасып, ұрпақтар жадында жасай береді.
Сөз соңында айтарым, біз бүгінгі жастар ардагер ағаларымыздың көрген тауқыметінің бірде-біреуін көрген жоқпыз. Міне, сондықтан да, ардагерлер ісін өнеге тұтып, сол кісілердей қиындықтарға төзіп, ел-құрметіне –жас ұрпақтың абзал парызы, азаматтық борышы деп білеміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген