Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шығармада кездесетін әр түрлі өлшемдермен жұмыс "

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка мектебінде қызмет атқаратын мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҚО,Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің домбыра класының оқытушысы Бейсенғалиева Ханзада Самиғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Шығармада кездесетін әр түрлі өлшемдермен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың домбырада ойнау шеберлігін одан ары арттыру мақсатында күрделі өлшемдерді сауатты санап үйрету.Шығарма ойнау арқылы музыкалық білімін жетілдіру.

Дамытушылығы: Гамма, жаттығуларды түрлендіріп ойнату арқылы аспапта еркін ойнауын дамыту.

Әдісі: Түсіндіру, аспапта ойнап көрсету, сұрақ –жауап

Сабақтың өту барысы:

Кіріспе.
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Оқушының сабаққа әзірлігін, оқу құралдарын дайындату.
б) Гамма G- dur r(әртүрлі әдістермен) әр түрлі позициялармен орындату
Үй тапсырмасын сұрау:
Этюд
ә) Оқушыны бағалау.
б) Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушымен амандасып,психологиялық дайындық жасау. сабаққа зейінін аудартамын.
2. Гамма туралы сұрау, түсіндіру.
Гамма дегеніміз бір октава көлемін қамтитын дыбыс тізбегі. Гамманы кез - келген нотадан бастап жоғары және төмен бағытта құруға болады. Гамманың хроматикалық, мажорлық және минорлық түрлері бар.
Жаңа сабақ: Шығармада кездесетін ауыспалы өлшемдермен жұмыс

Белгілі бір такт ішіндегі әлді және әлсіз үлестердің жүйелі түрде қайталанып келуін өлшем деп атаймыз. Өлшем әуен сазды такті сызықтары арқылы тең үлестерге бөліп отырады. Кілттік белгіден кейін шығарманың қандай өлшемде орындалатыны көрсетіліп, сандық таңба қойылады. Мұндағы бөлшектің асты нота ұзақтығын, үстіңгі көрсеткіш соның қанша бөлігін тарту керектігін көрсетеді Өлшемдік шаманың заңдылықтарын бұзбай қолданғанда ғана жүйе ге түскен  .Слайдтан өлшемдерді көрсету
Ауыспалы өлшемдер
Музыкада бір шығарманың ішінде өлшем өзгереді, демек оның көлемі де өзгереді деген сөз. Мұндай өзгерістерді ауыспалы 
өлшем  деп атаймыз. Ауыспалы көлемдерді халық музыкасынан, сол сияқты кəсіпкерлік музыкадан да көптеп кездестіруге болады.Өлшемдердің бірқалыпты жəне бірқалыпты емес – əртүрлі 
алмасулары болады. Бірқалыпты алмасуда ауысатын өлшемдер музыкалық кілттің жанынан бірінен кейін бірі кезекпен жазылып, белгіленеді. Ал бірқалыпты емес алмасуда көлемді шығарманың қай 
жерінде өзгерту керек болса, сол жерге жазылып, белгіленеді. 
Ауыспалы өлшемнің осы екінші түрі іс жүзінде көп кездеседі. 
Бұл сөзімізге мына төмендегі мысалдар дəлел бола алады: 

( домбырамен жаттығулар жасату)

Мына мысалда ¾ өлшеуі жазылған. Нота кілтінің қасындағы жазылған өлшемге байланысты ойналатын музыка үшке жүреді, ал санның әрбір үлесіне бір ширектік нотадан келеді.Яғни бір тактке үш ширектік нотадан келеді.

Жоғарыдағы 2/4, 3/4 бөлшек сандармен жазылған өлшеулерді музыкада жай өлшемдер деп атайды.

Түрлі өлшеулермен жазылған музыканы орындағанда тактының ішіндегі ноталардың бірінші ширегі әр уақытта қатты үлес, ал кейінгісі жай үлеске жатады. Сегіздік ноталардың созылуы дұрыс, тең шығу үшін «бір», «екі» деген санға «ге» буынын қосып, бір-ге, екі-ге деп санап тарту керек.

Жаңа сабағымызға Халық әні «Гүлдерайым» әнін алдық.



Размері:2/4 3/4

Тональност: Соль Мажор G-dur

Алтерациялықт белгі: Фа диез

Екпіні:Орташа

Қортынды. Бағалау















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.04.2021
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12