Шығармашылық дағдыларды дамытуға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық дағдыларды дамытуға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық дағдыларды дамытуға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығармашылық дағдыларды дамытуға негізделген

тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал















Автор: Буркутбаева Айнур Наврузбековна





Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған дістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан драмалық ойындарға арналған қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған.





















КІРІСПЕ


Өз қолдарыңызбен жасалған бұйымдардың құндылығы


Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған «Step by Step» бағдарламасының әдістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған. Барлық берілген сабақтар мен материалдар «Step by Step» бағдарламасының: оқытуды жекешелендіру, балаларға таңдау еркіндігін беру және баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіне ата-аналарды тарту сияқты негізгі талаптарына сай келеді.

Бұл бағдарлама енгізілген елдердің бәрінде бірдей топтарды қажетті дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз ете алмау қиындығы осындай құралды құрастыру қажеттігін туғызды. Балабақшалар мен мектептердің барлығының бірдей қымбат материалдар сатып алуға мүмкіндіктері болмайды. Бар материалдардың өзі де балаларға математика мен жаратылыстану ғылымдарынан нақты, шынайы тәжірибе бере алмайды.

Тіпті топта алуан түрлі материал болғанның өзінде, тәрбиешіге өзіндік кәсіби жинағы болғанның артықтығы жоқ. Жақсы оқу материалдары – жемісті оқудың кепілі, сондықтан, материалдардың балалар еркін тәжірибе жасап үйрену үшін жеткілікті болғаны жөн. Тәрбиешінің қолымен жасалған материалдар баланың жеке қызығушылығын оятады және сол даму кезеңіндегі талап-тілегін қанағаттандыра алады.

Тәрбиешінің негізгі жұмысы төмендегідей:

- Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бала өз бетімен бір нәрсе жасағанда ғана жақсы үйренеді. Олар өз бетімен сынап көру, қателесу арқылы әлемнің қалай құрылғанын анықтаулары қажет. Үйренген білім белсенді жаттығулар арқылы жақсы бекітіледі. Мысалы, құрылымның жүйелілігі мен жүйесіздігі жөніндегі түсінікті бала барабанда музыкалық екпінді ұру арқылы: трам-там-там, та-рам-там-там; түрлі-түсті жіптерді түстерін кезектестіріп өре отырып: жіпке көк, сары, көк, сары, көк моншақтарды өткізу арқылы игертуіне болады.

- Тәрбиеші балалардың материалдармен қалай жұмыс істейтінін бақылайды. Мұндай бақылаулар баланың қызығушылығына (машиналар, жануарлар), өзіндік талап-тілек, мұқтаждығына (мысалы, баланың көзі нашар көретін болса, оған көре алмауына байланысты көбірек тактильді түйсікке негізделген жаттығулар), баланың қабылдау стиліне (мысалы, өте қозғалғыш баланы сумен ойнату арқылы тыныштандыруы мүмкін) байланысты қандай тапсырмалар беруге болатынын анықтауға көмектеседі. Осылайша тәрбиешіге қай сабақтар мен қандай орталықтарға балалардың қызығушылықтарының неліктен жоғары немесе төмен екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

- Тәрбиешінің аталған уақыттағы баланың даму ерекшелігі туралы білуі тиіс. Ол әр балаға даму кезеңдеріне сәйкес қандай материал қажет екенін анықтайды.

- Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Егер тәрбиеші топта сұрақты көп қойса, балалар да көп нәрсені сұрай бастайды. Білім алуда жалаң фактілерді жаттағаннан гөрі, ойлауды дамытудың мәні зор.

- Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмыстары туралы ойлануға уақыт береді. Бұл берілген ұғымды терең түсінуге жағдай жасайды. Ол сұрақтар мен жауаптарға, өз ойларын білдіруге уақыт қалдырады.

- Тәрбиеші барлық дұрыс, жуық жауаптармен, шығарылған қорытындылар мен тұжырымдарды балалармен бірге талдайды. Көп жағдайда осындай қате жауаптарды талдау дұрыс жауаптарды талдауға қарағанда көбірек пайда әкеледі.

- Балалар сияқты, тәрбиешілер де тәуекелге бара алуы керек. Ол әрнәрсені сынап көріп, ескіні пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіруі тиіс. Кейбір сабақтар сәтті, кейбірі-керісінше шығуы мүмкін. Барлық бала бірдей әрбір сабағыңызға ынталы, қызығушылықпен қатысады деп күтпеңіз. Ізденгіш тәрбиеші дер мезгілінде материалды ауыстырады немесе сабақты одан әрі дамытып, сәтті аяқтауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол балаларға жаңалықты белсенді қабылдауға үйрету үшін жаңа сабақтар ұсынады.

- Тәрбиеші балаларға қате немесе тура емес жауап бергеннен гөрі, өзінің кейбір заттарды білмейтінін мойындағаны жөн. «Білмеймін» деген жауап бере отырып, тәрбиеші балалармен бірлесіп жауап іздеп, шешім қабылдайтын ахуал туғызады. Бұл балаларға әртүрлі басылымдарды пайдалана білуге үйретеді. Соған қоса, балалар үлкендердің де ізденіп оқитынын көреді.

- Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.

- Ең бастысы тәрбиеші өзінің қатысының артықтығын сезіне білуі керек, олар танымдық процесті өз бетімен басқаруы үшін балаларды өз еріктеріне жіберуі қажет.


Оқу материалдары неден жасалады


Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, тұрақты шығып тұратын бюллетеньге беріңіз немесе жеке жазып қолдарына ұстатыңыз. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:

- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;

- тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.

Жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар.

Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.


Аталған құралды қалай пайдалану қажет


Әр бөлімге (1 сабаққа) суреттер берілген. Бөлімнің басында мақсаты - осы сабақтың негізінде педагогикалық тұжырымдама айқындалған. Сосын материалдар тізімі мен сілтемелер, сабақты қалай жүргізу сипаттамасы, сабақты дайындау мен өткізуге ата-аналарды тарту, сол сияқты оқуды бейімдеу мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұсынатын нұсқаулар мен толықтырулар берілген.

Сонымен қатар, құралды пайдалануға ыңғайлы болу үшін арнаулы белгілер қай жастағы балаларға арналғанын, сабақ өткізуге ыңғайлы орталықты көрсетеді.

Барлық сабақтар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Нақты жасы келесі белгімен көрсетілген.


3 4 5 6


Ал мына белгілер сабақ өткізуге қолайлы орталықты көрсетеді:


Шығармашылық Оқу мен Құм Ашық Табиғаттану жұмыстар сауат ашу және ойын

орталығы орталығы су алаңы


Математика Құрылыс Музыкалық Желілі-рольді

орталығы орталығы сабақтар ойындар

орталығы орталығы


Төменде көрсетілген кесте қай сабақ қандай орталықта болатынын тез бағдарлауға көмектеседі.

Кестеде әр сабақ үшін бірнеше орталық берілген. Кез-келген сабақ дамудың белгілі бір саласымен байланысты: әлеуметтік немесе сезімдік дамуы, шығармашылық қабілеттері, тіл дамыту, табиғаттану, математика, дене шынықтыру, қоғамдық ғылымдар.

Берілген құралдағы сипатталған барлық сабақтарды тәрбиешілер бірнеше рет өткізген, егер сіз бірінші рет өткізіп отырсаңыз, алдын-ала дайындалып алғаныңыз жөн. Балаға бағытталған әдістемені толық меңгеріп, жеткілікті тәжірибе жинақтағаннан кейін, сізге түгел топқа немесе әрбір жеке балаға арналған оқу материалдарын ойластырып, құрастыру жеңіл болады. Бұл құралда берілген материалдар балалар көшіріп алатын үлгі емес. Керісінше, олар баланың елесі мен қиялын ынталандырып, оларды пайдалануда шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелеуге арналған.

Барлық ұсынылған сабақтарды тәрбиешілер құрастырған, олар әлемнің көптеген елдерінде тиімді қолданылып жүр. Егер сіз бұл іске шығармашылықпен қарап, өз ойларыңызды басқа әріптестеріңізбен бөліссеңіз, берілген материалдар сіз жинақтайтын қайталанбас жеке жинағыңыздың бастауы болсын.






ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ


Дәндерден жасалған коллаж

3-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге

Сипап сезу-бұл бала білімінің бағасыз бастауы екенін ата-аналардың естеріне салыңыз. Ата-аналар тамақ дайындағанда, үйдегі және бақтағы жұмыс кезінде балаларға заттар мен материалдарды ұстап, сипап көруге рұқсат берулері керек. Ата-аналар балалармен бірге дәндерден және басқа да қолда бар материалдардан коллаж жасауы мүмкін.


Дәндерден жасалған коллаж

3-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Балалар айналадағы заттарды сипап, шұқылап, ұстап көргенді, заттың беті мен көлемін зерттегенді ұнатады. Дәндерден жасалған коллаж-бұл екі деңгейдегі беткі қабатты зерттеудің тамаша тәсілі. Қоршаған ортаны мұндай тәсілмен танып-білудің баланың дамуына үлкен әсері бар. Мұндай коллажды жасай отырып бала табиғат туралы, өсімдіктердің қалай өсетіні туралы әңгімелей алады. Дәндерді санауға, сұрыптауға, топтастыруға болады. Коллажды жасау кезінде балалар «үлкен», «ірі», «ұсақ», «жұмсақ», «қатты», «жылтыр», «бұдыр», «қатпарлы», «түрпіленген», «бұжырланған» тағы да басқа сын есімдерді естеріне сақтап, қолдануды үйренеді.



Қажетті құралдар:

Кішкене банкаға немесе пластикалық стаканға құйылған су, газеттер, дәндерге арналған жеке ыдыстар, ақ түсті желім, қылқалам, қатты қағаз, әртүрлі дәндер мен тұқымдар: қарбыздың, асқабақтың, кәдіштің, күнбағыстың.


Дайындық:

1. Газетті еденге немесе үстелге төсеңіз.

2. Қарбыздың, асқабақтың, күнбағыстың, кәдіштің тұқымдарын жеке тегештерге салыңыз.

3. Пластикалық стаканға ақ түсті желімді сумен араластырып құйыңыз.

4. Әрбір балаға қылқалам мен бір парақ қатты қағаз беріңіз.


Сабақтың барысы:

Балалар қылқаламды желімге батырып қағаз бетіне өздері дәнді жапсыратын суретті салсын. Кішкентайлар үшін сіздердің көмектеріңіз қажет. Олармен коллаж үшін қандай дәндер керектігі туралы әңгімелесіңіз. Балалар өздері тұқымдарды таңдап, өздері суретке қалай орналастыратынын шешеді. Балалармен олардың суреттері қандай болатыны, олар дәндерді жапсырып, сипап көрген кезде қандай болатыны туралы сұраңыз. Жағылған желімнің үстіне дәндерді шашып тастауға да болады. Желім кепкеннен кейін артық дәндерді қағып, түсіріп тастаңыз. Дайын жұмысты орнына қойыңыз.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

  • Тәрбиеші коллаж үшін арнайы тақырып алуына болады, мысалы, геометриялық пішіндер, құстар т.б.

  • Балалардың шағын тобындағы балалар бәрі бірігіп бір коллаж жасауы мүмкін.

  • Математика сабағында дәндерді әртүрлі қасиеттеріне қарай сұрыптауға болады. Алдымен олардың бәрін бір тегешке салыңыз. Сосын балалар ұқсас дәндерді бір үйіндіге жинасын. Олардан қандай ерекшелігіне қарай топтастырғанын сұраңыз. Басқалар олардың қандай белгілерге сүйеніп біріктіргенін анықтасын, мысалы, түсіне қарай немесе пішініне қарай, көлеміне қарай.

  • Балалар коллажды жасап бітіргеннен кейін, қалған дәндерді бір тегешке салып, қанша екенін көзбен мөлшерлеп айтуын сұраңыз. Сосын санаңыздар.

  • Ересек балалар бірнеше коллаж жасап, оларды қиып алып, қозғалмалы құрылым шығуы үшін бір-бірімен жіппен біріктіруі мүмкін.

  • Ересек балалар алдымен суретті белгілеп алып, сосын оған дәндерді жапсырып, фонын акварель бояумен бояуы мүмкін.



Таңбалар

3-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Бұл тапсырманы ата-аналар мен балалар бірге жасайды, мысалы, жаңа жылдық немесе басқа да сыйлықтардың сыртқы орауыш қағазына жеке мөрлерін басуы мүмкін.





Таңбалар

3-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Балалар заттардың таңбасын жасауды үйренеді. Бұл кез-келген заттың бетін көшіру арқылы қағазға суретін түсіру әдісі.

Бұл сабақ ойлау мен шешім қабылдай білуін дамытады. Таңбасын жасайтын затты таңдай отырып, бала қанша заттың бейнесін қалай орналастыру қажеттілігін, қанша зат салып, оны қанша рет көшіру керек екенін шешу керек. Сонымен қатар, баланың ұсақ қимылы нығайып, ажырата білу дағдылары дамиды. Үйде және көшеде алуан түрлі заттарды жинаудың өзі балаларды күнделікті өмірге де қажетті тапқырлық пен шығармашылыққа баулиды.


Қажетті құралдар:

Газеттер, ақ немесе түрлі-түсті қағаздар, ыдысқа салынған губка немесе бүктелген қағаз майлықтар, түрлі-түсті бояулар, гуашьтар, бөтелке тығындары, ағаштың ұсақ шырпылары, қорап қақпақтары, қиыршықтар, орауынтар, жаңғақтар, болттар, печенье жасайтын пішіндер, өшіргіштер, губкадан қиылған кішкене фигуралар.


Дайындық:

1. Дымқыл губкаға немесе бірнеше рет бүктелген қағаз майлыққа бояуды сіңіріңіз.

2. Таңдаған нәрсені осы губкаға шаншып басу.

3. Таңбаны қағазға басыңыз.

4. Әр түрлі түстерді пайдаланып, әр түрлі заттардан қалауынша қайталаңыз.


Сабақтың барысы:

Кішкентай балалардың көшірме суреттері нәтижесінде ретсіз, бүлінген болып шығуы мүмкін. Олар өскен сайын осы «жанрда» өздерін байқап көріп, олар шағарған нақыштары нақты, жүйелі болып өзгереді. Сәбилерге зерттеуге уақыт беріп, олардың не істеуі керектігін тәрбиеші айтпауы жөн.

Ересектеу балаларға егер белгілі бір форма мен түстерді қайталасақ қандай да болмасын жүйелі сурет шығатынын түсінуге көмектесу. Оларға мата, түсқағаз, басқа да әрлеу бұйымдарының бетіндегі суреттерді көрсету қажет. Балаларға «Қайталанатын бөлшектері бар осындай суреттерді тағы қайдан көрдіңдер?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы, оларды ойландыру керек.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Губкадан жасаған фигуралардың таңбасын жасаңыз. Тәрбиеші жұлдызша, үшбұрыш, дөңгелек, ромб сияқты пішіндерді қайшымен қиып жасайды.

- Көшірме таңбалар жасау үшін серуен кезінде балалармен бірге табиғи материалдар жинаңыз.


Саусақпен сурет салу

4-6 жас


Сабақтың мақсаты:

Саусақпен сурет салу - кішкентай балалардың сүйікті жұмысы. Бояуларды араластырып, олар қалай өзгеретінін көргенде ол балалардың дағдыларын ашуға көмектеседі.


Қажетті құралдар: жабыспақ лента, халаттар, саусақпен салынатын бояулар: көк, сары, қызыл.


Дайындық:

1. Жуылатын таза сурет салатын үстелді таңдап алып екі банка алғашқы түсті бояуларды алындар.

2. Үстелді жабысатын ленталармен төртке бөліңдер. Екі балаға бір түсті бояу беріп, тағы екі балаға бір түсті бояу беріңіз. Әр баланы өз орталығында сурет салуға қаолдырыңыз.

3. Изолентаны шешіп балаларды өз еркімен ешқандай кедергісіз сурет салдыртыңыз. Сурет салу барысында балалар барлық бояуларды араластырады, сонда бояулар қандай болатындықтарын өздері көреді. Олар өз қуаныштарымен бөлісіп, бояуларды араластырады.


Сабақ барысы:

Балаларға ғылыми тәжірибеде жасалатынын айтып, түсіндіру. Әр балаға өзіне бөлінген төртбұрышында сурет салулары керек. Әрқайсысына өз төртбұрышын көрсету. Егер де балалардың ішінен екі бояуды сұрайтын болса, оған міндетті түрде екі бояу беріледі деп, бірақ кейінірек, ал қазір алдында тұрған бояуды қолдану керек. Егер де балалардың саусақпен салуға қызығушылығы төмендей бастаса, лентаны шешіп алыңыз, енді барлығы бірігіп салуларына болады. Балаларға бояуларды араластырғанда басқа түс пайда болатынын түсіндіру керек. Балалар суретті аяқтаған кезде бір шетіне баланың атын жазып қойыңыз. Сұрақ: Түстермен не болды?

Түсіндіру: Түстерді араластырғанда алғашқы түс шығады — қызыл, сары, және көк.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Үлкен қағаз алып үлгі суретті жауып қой. Ақырын қағазды алып тастау керек.

- Басқа да түстерді қолданыңыздар.



Саусақпен сурет салу

3-6 жас


Ата-аналармен бірге:

Балалар іс-әрекет арқылы үйренетіндіктерін ата-аналарға түсіндіру керек. Түрлі ескертулермен (үстіңді былғайсың) балалардың жұмысын тоқтатуға болмайды. Бояулармен жұмыс істегенде халатты қолдану керектігін айту. Бірақ киген киімдері балалардың еркін қозғалуларына ыңғайлы болу қажет.


Реттелген және реттелмеген құрылым

4-6 жас


Ата-аналармен бірге:

Ата-аналар күнделікті балалармен қарым-қатынас жасағанда айналадан реттелген құрылымдар мен заңдылықтарды тапқызып отыруы қажеттігі туралы оларға хат жазыңыз. Бұл ойынды олар үйде де, серуенде де ойнауына болады. Жаяу қыдырған кезде немесе машинамен жүргенде ата-аналар мен балалар дыбыстардың қайталанатын жүйелілігін тауып, оны бір -біріне қайталатқызыңыз.


Сабақтың мақсаты:

Әр түрлі құрылымдағы қайталанатын бөлімдерді табу — математикалық ойлаудың негізі. Есептеудің барлық жүйелі құрылымдарымен жұмыс істеуі қажет. Бұл бағытта олар визуальды, тілдік, физикалық тәжірибе жинақтайды. Қайталанатын жүйелі құрылымдарды ерекшелеу жалпылауға үйрету мен математика ғылымының логикасын түсіну үшін қажет.


Қажетті құралдар:

Бөтелке қақпақтары, кілттер, түймелер, конструктор «Unit Blocks» тығындар, тастар, таяқшалар, түрлі-түсті кубиктер.


Дайындық:

Бір жүйесі жасаңыз, мысалы, тығын, тас, ал балалар бақылап, қарайды.


Сабақтың барысы:

Сіз жасаған жүйені балалардың бірі сол қалпында қайталап жасасын. Олар өздері көргенін әңгімелесін. Жүйелі құрылым тізбегін талқылай отырып, балалар бірте-бірте талдауға үйренеді. Содан кейін басқа материалдардан да осындай жүйелі тізбек жасауын сұраңыз.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Егер жүйелі тізбек жасау балаға ұнамаса, оған қалауынша ойнауды ұсыныңыз. Мүмкін, ол өзінше бір нәрсе жасар.

- Жүйелі тізбекті балалар заттардан, қимылдардан, сөздерден жасасын, мысалы, саусақпен сытырлату — қол шапалақтау — қол қапалақтау — саусақпен сытырлату — қол шапалақтау — қол шапалақтау, немесе, отыру — тұру — отыру — тұру.

- Балалармен бірге балабақша үйі мен ойын аралап, жүйелі тізбектер, құрылымын табыңдар.



Түрлі-түсті «терезелер»

4-6 жас


Ата-аналармен бірге:

Тұнық түсті «терезе» бастапқы екі түстің бірігуінен келесі жаңа түстің шығатындығын балаға түсіндіру. Балалар шыққан түстерді таныс заттармен байланыстыра алады.

Қажетті құрал: қайшы, қызыл, сары, көк жолақшалар, жабыстыратын лента, целлофан.

Дайындық:

1. Қызыл, сары және көк жолақшалы целлофан пленкалар. Әр түстен 12*5 см болатындай етіп кесіңіз.

2. Егер плексигласты қолданатын болсаңыз, өткір жағын жабыстыратын лентаны жабыстырыңыз.





Сабақты барысы:

Төрт баладан тұратын шағын топ жинаңыз. Әр балаға бір «терезешелер» беріңіз. Сол терезешелер арқылы сыртқа қарасын, содан кейін кезек-кезек бойынша түстекрге сәйкес заттарды атайды. Мысалы: көкшіл, теңіз бен аспан көкшіл болады. «Терезешелері әр түрлі түстегі балаларды біріктіріңіз». Әр жұп терезешелерінің сыртынан екеуін бірақ қарасын, кейін қандай түс шыққанын бақылаңыз. Тәрбиеші әр жұпқа үшінші «терезешені» беріп, әр жұпта қызыл, сары, және көк түс болуын бақылаңыз. Балалар түстерді жаттау арқылы «терезешелерді» ауыстырады. Егер балалар шаршай бастаса, оларды шеңберге жинап, әр жұпқа шыққан түстерді айтқызып, сол түске келетін заттарды атауды ұсыныңыз.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Балалар өз қалаулары бойынша түстерді таңдап, терезені өздері кесулеріне рұқсат етіңіз. Витраж жасау үшін жапсырылатын ленталардың көмегімен плексигластың бөліктерін жабыстырып бекітсін.

- Тәрбиеші осы сабаққа қосымша ретінде әр түрлі түстерді балалардың көңіл-күйлерімен байланыстыра отырып, салыстырып , пікірлерін тыңдап, салыстыруға болады. Мысалы: сары түс — күн, бұл қуанышты бейнелейді. Көк түс - теңіз, маған толқындар ұнайды Қызыл түс — от, одан ыстықты және жылылықты аламыз.


Ата-аналармен бірге:

Целлофан пленканы табу қиын болғандықтан ата-аналардан көнфет фантиктерін немесе гүлдердің сыртын тастамай жинап әкелулерін сұраңыз.


Штриховка (Бедерлі сурет)

4-6 жас


Сабақтың мақсаты:

Бұл жұмысты істеу арқылы бала, өзінің таңдаған затын қағазға түсіре алады және қолдың ұсақ моторикасын және бұлшық еттерін дамытады, өйткені бала бормен жұмыс істеген уақытта қағазды қозғалтып алмауға үйренеді. Сол сияқты бала әр түрлі заттардың бетінің бедерлерін зерттейді.


Қажетті құралдар:

Жұқа ақ қағаз, сурет, желім қағаздары, түрлі-түсті бояулар, әр түрлі тегіс емес заттарды да алуға болады, мысалы: жапырақғ тарақ, кілт, қайыршақтар және т.б.


Дайындық:

1. Әр бала өзіне ұнаған затын, тәрбиешінің ұсынысымен немесе серуен кезінде өздері тауып алған заттарды да қолдануға болады.

2. Кез келген заттың үстіне бір қағазды қойыңыз. Кіші топ балаларына ақ қағазды изолентаның көмегімен үстелге жабыстырып қою қажет.

3. Үлкен бор алып, заттың бетіне қойылған қағаздың үстінен жоғары — төмен ақырын штрих сызықтарымен бояңыз. Сурет айқындалып шығады.


Сабақтың барысы:

Өздері таңдаған заттардың көшірмесін өте қызық әдіспен жасайтындарын ескертіңіз. Бала қағаз бетінен бейненің айқындалғанын көргенде таңғалады. Бала үшін нәтижесінен гөрі жұмыс процесі қызықты. Бұл сабақ барысында балаларға мына сөздерге көңіл аудартыңыз: «үстінде», «астында», «қалың», «жолақ».


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Топта отырып, балалар келесі жұптан өзінің нені бейнелегенін сұрайды.

- Түсірілген суреттерді акварель бояуымен бояңыз.

- Әр түрлі заттардан түсірілген суреттерді жинастырып, бір үлкен сурет салуға болады. Мысалы: түймелер немесе тиындарды қолдану арқылы көзді бейнелеуге болады.


Ата-аналармен бірге:

Ақ қағазға балауыздың көмегімен сурет салыңыз. Содан кейін сулы бояумен бетін бояңыз.



Сиқырлы балауыз

4-6 жас


Сабақтың мақсаты:

Бұл технология барысы: құрамында балауыз бормен, ақ қағаз бетіне сурет салынады. Кейін суреттің үстінен түрлі-түсті бояулармен бояу керек. Балалар бояулармен , суреттермен, түстермен тәжірибе жүргізгенді ұнатса, осындай суреттерді салу қиынға түспейді. Бұл жұмыс кіші және ересек топтағы балаларға лайықты болады. Ұсақ моториканы дамытып, шешім қабылдауға және жоспар жасауға тәрбиелейді.


Қажетті құралдар: ақ қағаз, борлар, бояулар, қылқалам, газеттер, су.

Дайындық:

1. Үстел үстіне балалардың жұмыс істеуіне қолайлы болу үшін газет төсеңіз.

2. Әр балаға бір ақ қағаз бет, бор , бояулар беру керек.

3. Әр үстелдің үстінде су, қылқалам болу қажет.


Сабақтың барысы:

Балаларға өз еркімен қағаз бетіне бормен сурет салуды ұсыну керек, оны қатты басу керек. Сурет дайын болғанда бала оны бояумен бояйды. Бұл процедура суреттерді тірілтіп балалар оны сиқыр деп ойлауы мүмкін. Бұл сиқыр емес — ғылым деп , балаларға түсіндіру керек.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Бояулар орнына суретті, сиямен, гуашьпен немесе табиғи бояулармен бояуға болады.

- Суретті қара қағаз бетіне салып, кейін оны араласқан ақ гуашпен бояса, нәтижесі басқа болады.

- Бұл сабақты өздері оқыған тақырып бөлімдерімен немесе сүйікті кітабымен байланыстыруға болады. Егер сабақ тақырыбы жапырақ болса, балалардан жапырақ салуды сұрау немесе сол техникада сүйікті ктаптарына мазмұнды салуын ұсыну.










Өзендер мен көпірлер

3 жастан 6 жасқа дейін


Ата-аналармен бірге:

Балаларға ата-аналарымен бірге әр-түрлі үйлер мен көпірлерді көріп көшеде қыдыру пайдалы. Балалар құрылыстардағы өзгерістерге назар аударып, үйлер қалай салынатыны туралы сұрақтар қоя білуі тиіс.


Сабақтың мақсаты:

Балалар кубиктен кез-келген затты құрастырған кезде олар шешім қабылдауға, елестетуге үйренеді, көлем, пішін, кеңістік туралы ұғымдарды ажырата біледі. Кубиктермен ойнау арқылы логикалық ойлау қабілеті дамып, жоғарыда, төменде, алдында, артында, жоғары, төмен, кең, тар, мықты, орнықсыз сияқты кеңістік ұымдарды ажырата білуге үйренеді. Белгілі бір затты құрастыра отырып, балалар командада жұмыс істеуге, заттарымен бөлісуге, басқаның еңбегін бағалауға үйренеді.


Қажетті құралдар:

Газета

Көпір бейнеленген суреттер үлкен парақ қағаз немесе қағаз пакеттер;

жалпақ қылқаламдар;

желімді лента (таспа);

қайшы;

гуашь: көгілдір;

жасыл, ақ


Дайындық:

1. Балалардың шағын тобын жинап, өзен жасап ойнауды ұсыныңыз.

2. Үлкен парақ қағаздардың немесе қағаз пакеттердің бірнешеуін бір-біріне желімдеңіз. Орталықтың ұзына бойына созылып жататындай түзу немесе ирек өзенді қиып алыңыз.

3. Астына газет төсеп балалармен бірге өзенді көгілдір, жасыл, ақ түстерге бояңыз.

4. Кепкеннен кейін оны кубикпен ойнау орталығының еденіне желімді таспамен желімдеңіз. Әртүрлі көпір бейнеленген суреттерді таңдап алып, баланың көзінің деңгейін іліп қойыңыз.


Сабақтың барысы:

Балалар өзенде шынында да су ағып жатыр деп елестетсін. Олардан адамдар, аңдар, машиналар өзеннің келесі жағасына қалай өтетінін сұраңыз. Балалардан көпір арқылы деген жауап алынған бойда көпірдің құрылысын бастауды ұсыныңыз. Егер мұндай ой айтылмаса кітаптың енмесе суреттің көмегімен итермелеп бағыттаңыз. Естеріңізде болсын, барлық баланың дамуы бірдей деңгейде болмайды: барлық бала бірдей көпір салуға дайын емес. Соған қарамастан барлығы да жекеленген кезеңде, өзінің тұсындағы өзенде драмаланған ойыннан рахаттанады. Біреулері өзеннің екі жағасын жалғастыратын қарапайым көпір салуы мүмкін. Ересектеу балаларға: «Сенің көпіріңнің астынан кеме өте ала ма?» деген сияқты сұрақтарды қоя отырып, күрделі тәжірибелер мен қызықты құрылыстар жасауға бағыттаңыз. Мүмкін көпірді көтеру қажет шығар. «Ал сенің көпіріңнің үстімен жүк машинасы жүре алады ма?» деген сұрақтар құрылысты кеңейтіп, бекіту қажеттігін тудырады.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Балалармен бірге өзеннен тастардың үстімен өтіп ойнаңыз. «Тастарды» қағаздан жасап, оларды өзеннің бетіне қойыңыз. Балаларға өзеннен өтуді ұсыныңыз. Бұл ойын тепе-теңдікті сақтауға үйретіп, ірі бұлшық еттерді дамытады.

- Балалармен бірге айналаға серуенге шығып, оларды жақын жердегі көпірге апарыңыз. Көпірмен кімдер жүреді – адамдар, аңдар, машиналар, пойыздар? Көпір неден жасалған — кірпіштен, тастан, ағаштан, темірден?


Жүк арба

4 жастан 6 жасқа дейін


Ата-аналармен бірге:

Ата-аналардан балаларымен бірге арнайы лифтімен жүруді, жоғары көтеріліп, төмен түсуді ұсыныңыз. Машина адам еңбегін жеңілдететінін түсіндірсін. Үйлеріне жұмысты жеңілдететінін қандай машиналар бар?

Сабақтың мақсаты:

Кубиктермен ойнай отырып, балалар орнықтылық, тұрақтылық туралы ұғымдармен танысып, кеңістікті бағдарлау дағдылары қалыптасады. Олар заттың ұзындығы, ені, биіктігі, ауданы туралы мағлұмат алады. Тәрбиеші әртүрлі қарапайым құралдарды: жүк арба, жүк көтергіш, немесе құрылыстың жоғарғы қабаттарына адамдарды көтеретін лифтіні пайдалануды ұсына отырып, жұмысты күрделендіруіне болады. Ауылдық жерде тұратын балалар лифтінің не екенін білмеуі мүмкін, бірақ арбаны көрген шығар.

Қажетті құралдар:

Әжетхана қағазының картон түтікшесі;

қайшы, шағын қорапша;

қағаз тескіш немесе кішкене біз;

жіп;


Дайындық:

1. Қораптың төрт жерінен тесік жасаңыз.

2. Картон түтікшенің шетінен қорапты бекіту үшін тесік тесіңіз де, түтікшедегі әр тесікке жіп өткізіңіз. Қораптағы төрт тесікке жіпті ішінен сыртына қарай өткізіпі, ұшып түйіңіз.

3. Жіпті түтікке орай отырып, сіз өзіңіздің «лифтіңізді» көрсетіңіз.

Сабақ барысы:

дайын жүк арбаны кубиктермен ойнайтын орталықтың ортасына қойыңыз. Балалардың назарын аударып, зерттеубелсендлігін арттыру үшін тәрбиеші: «мынадай биік үйлердің жоғарғы қабаттарына жұмысшылар заттарды қалай шығарады?» немесе «Ал имына үйде адамдар жоғарғы қабаттарға қалай шығады?» деген сияқты сұрақтар қоюына болады. Алдымен лифтінің қорабына кішкене кубик, тағы басқа нәрселерді салып көрсетіңіз. Сонан кейін өздеріне сынап көруге уақыт беріңіз.


Толықтырулар мен нұсқаулар:

- балалардың жас ерекшелігіне қарай, тәрбиеші лифтінің, жүк арбаның немесе жүк көтергіштің арасындағы өзгешелікті түсіндіруіне де, түсіндірмеуіне де болады.

- егер балалар ешуақытта лифтіні немесе жүк арбаны көрмесе, оларды көруге мүмкіндік бар жерлерге саяхат ұйымдастырыңыз.



Жол белгілері

4 жастан 6 жасқа дейін


Ата-аналармен бірге:

Ата-аналар барлық уақытта да топтың күтулі қонағы. Олар балаларды әкелген немесе әкеткен кезде топқа аз уақытқа болса да кіріп, көруін өтініңіз. Бұл — балалар кубиктен тұрғызған құрылыстарды көрсетудің тамаша сәті. Олардың назарын балалар тұрғызған көшелер мен үйлердегі қойылған, ілінген белгілерге аударыңыз. Сол сияқты ата-анлараға балалардың көңілін көшедегі нағыз белгілерге аударуға үйретуді сұраңыз. Бұл балаларға белгілердің не үшін қажет екенін түсінуге көмектеседі, әрі жазуға үйренудің алғашқы қадамы.



Сиқырлы балауыз

4 тен 6- ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Кез-келген жазу немесе суреттерді балауыздың көмегімен салыңыз. Сосын сулы бояулармен сурет салуға мүмкіндік беріңіз.







Өрмелер

4- тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Өрім-арқылы балалардың тану және елестеу, жүйелілік құрылымына жетелейді. Сонымен қатар балалар жіптің қалай жасалатындығын біледі. Бұл сабақта баланың кеңестік пен байланыс және де ұсақ қол қимылдары дамиды.


Қажетті құралдар: қорап қақпағы, пластмассалары ине, түрлі-түсті жүннен иірілген жіптер, қайшы, біз.


Дайындық:

1. Өру қорабын дайындау үшін, әр қабырғасын ара қашықтағы 1-2 см дей орналасуы қажет.


Сабақтың барысы:

Сабақталған инені қалай тесіктен өткізу керектігін 2-3 балаға көрсетіңіз. (Жіп түйінін ішіне қаратып түю керектігін ескертіңіз). Ендігі жұмысты балалардың өздеріне тапсырыңыз. Қорап жиегіндегі тесіктерге, жіптерді керіп тартыңыз. Тартылған жіптердің арасына жіптермен сурет салыңыз. Енді бұған қоса басқа түсті қосса, тіпті күрделене түседі. Балалар ендігі кезекте өздері өрнекті жасауларына мүмкіндік берілуі қажет.



Нұсқаулар мен толықтырулар:

Балалар инемен жұмыс істеуге сенімдірек болғаннан кейін келесі жұмысқа көшуі қажет. Қорап ішінен бірнеше жіппен тартыңыз. Бір жағынан бастап, келесі ұшын қалдыруға болады, кейін де түюге болады. Жіптердің бірдей тартылуына көңіл бөліңіз. Мүмкін балаларға көмек қажет болар.

Өрнектеуге сонымен қатар моншақтарды да қосуға болады.

Балалар өріп тоқуға өте қатты қызығады. Осыған ұқсас өрілген және матадан жасалған заттарды өз жандарынан іздеп көруді ұсыныңыз. Сонымен қатар тірі табиғаттағы өрмекші, құстардың да өрнек тоқитындығын бала түсінсін.



Өрмелер.

4- тен 6-ға дейін


Ата-аналардан немесе жанұя мүшелерінен бір қызықты өнерлерін балаларға үйретулерін сұрасаңыздар, ата-аналар қарсы болмас. Өрім тоқып үйрету қызықты болар сондықтан топқа келулерін сұраңыз және де мұны қалай үйренгендіктерін айтып беріңіз. Сіздің қонағыңыз сабақ аяақталғанша топқа қалып, бір нәрсе өріп көрсетсін.



Сүттен босаған пакеттерден жасалған алқа

5-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Әдетте « тасталатын» заттардың да өзіндік құндылығы барына ата-аналардың көзін жеткізіңіз.

Ата-аналар балаларымен бірге табиғаттану немесе шығармашылықпен айналысатын сабақтарға қажет болуы мүмкін әртүрлі нәрселерді жинасын. Балалар да, ата-аналар да бұл іске қызығушылықпен кірісіп, жағымды істі пайдалы іспен үйлестіреді.


Сабақтың мақсаты:

Алқа-бұл сүттің бос пакеттерінен жасалған, үш шамадан тұратын қозғалмалы құрылым.

Алқаны жасай отырып балалар тепе-теңдік,тартылыс күші, салмақ туралы ұғымдарды түсінеді.

Дамудың бастапқы кезеңдерінде меңгерілген мұндай тәжірибе логикалық ойлау, кеңістікті тепе-теңдікті қалыптастыруға игі әсер етеді. Түстердің, пішін, суреттерді таңдай отырып, балада өзіндік пікір қалыптасады, істелген жұмысты эстетикалық талғаммен бағалауға үйренеді.


Қажетті құралдар:

Сүттен босаған кішкентай пакеттер немесе қораптар, жіңішке сымнан жасалған киім ілгіштер (әрқайсысына біреуден), қарындаштар қалың түрлі-түсті жабысқақ таспа, жіп, жүннен иірілген жіптер немесе сым, желім, қайшы, бейтараптандырылған таспа.


Дайындық:

1. Жұмысты бастамас бұрын киім ілгішті түрлі-түсті жабысқақ таспамен немесе қағазбен, жүнмен ораңыз; кесіп не жырып кетпес үшін барлық үшкір ұштарын жабыңыз.

2. Балалардан алқаны жасау үшін бірнеше пакет немесе қорап алуын сұраңыз.

3. Әртүрлі ұзындықтағы жүннен иірілген немесе жай жіптерді пакеттерге байлаңыз немесе жапсырыңыз.


Сабақтың барысы:

Бұл алқаны ересектер үшін күрделі, ал кішкентайлар үшін қарапайым түрде жасауға болады. Мысалы, ілгіштерге бекіту үшін әрқилы заттарды ұсынуға болады. Төрт жастағы балалар жуан жүн жіпті алдын-ала дайындалған жабысқақ таспаның қиындыларының көмегімен жабыстыра алады. Ата-аналар мен басқа да көмекшілер балаларға жіпті ілгішке байлауға көмектеседі. Алдымен балалардың бәрін жинап, кім бір аяғымен тұра алатынын сұрастырыңыз. Тұра алатындар ортаға шығып көрсетсін. Ортаға шыққан баланың «тепе-теңдікті» сақтап тұрғанын, өз салмағымен реттей білетініне басқалардың назарын аудару қажет. Балаларға қарындаш немесе таяқша беріп, алға созылған қолының екі саусағымен ұстап көруге ұсыныс жасаңыз. Бұған белгілі бір уақыт бөліңіз. Сосын дайын алқаны көрсетіңіз. Ілгіштің ілінген пакеттердің көмегімен көлденеңінен түзу тұрғанын түсіндіріңіз. Балаларға бүгін өздері алқа жасайтынын айтыңыз. Олар тапсырманы орындап, пакеттердің көмегімен көлденеңінен түзу тұрғанын түсіндіріңіз. Балаларға бүгін өздері алқа жасайтынын айтыңыз. Олар тапсырманы орындап, пакеттерді ілгішке байлай бастайды. Бірте-бірте конструкция тепе-тең жағдайдаға келетіндей тиімді шешімдер табады.

Ересек балалар пакеттерді ілгішке байламас бұрын оны әртүрлі түске бояуы мүмкін. Ал кішкентайлар құрылымды тепе-теңдік жағдайға келтіруге жұмыстансын. Жұмыс аяқталғаннан кейін балалардан егер жіптерді қозғасақ, пакеттерді бір-біріне жақындатып, немесе керісінше алшақтатсақ, қандай өзгеріс болар еді. Оларға байқап көруге, салыстыруға мүмкіндік беріңіз. Дайын жұмыстарды топқа іліңіз.

Нұсқаулар мен толықтырулар:

Оларға өткен бөлімдер бойынша, мысалы « «Күз» тақырыбына алқа жасаңыз.

Ересек балалар одан үлкенірек алқаны-ұжымдық жұмыс жасауына болады..


Мольбретті қалай жасауға болады

3-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Құрметті ата-аналар! Өтінеміз, топқа келіп, мольберт жасауға көмектесіңіздер.


Сабақтың мақсаты:

Мольберт- топқа қажетті зат. Мұнда топтың ішінде де, далада да пайдалануға болатын тасымалды мольберттің құрылысы сипатталған. Оны қажетті биіктікке қабырғаға ілуге немесе далада қоршауға бекітілген болады. Балаларға бояумен жұмыс істейтін кеңістік керек, бұл орын дұрыс ойластырылған болуы тиіс. Егер ата-аналар келіп көмектессе, үлкен көмек болар еді.


Қажетті құралдар:

Ағаш панель көлемі 60х62 см, жақсы өңделген (ламинатталған ағаш панель көлемі 12х60см, 2 темір қысқыш, 2-S -пішінді ілмек, бұрғы шегелер.


Дайындық:

- Мольберттің бетін кесіп алыңыз.

- Оның жоғарғы жағынан ілмектер үшін тесік тесіңіз.

- Бояуларды қоятын қондырманы кесіп алып, онда банкаларды орналастыратын тесіктерді көлемін есептеп жасаңыз немесе панелдің төменгі жағына жай қорапты шегемен қағып қойыңыз

- Суретте қабырғада ілулі тұрған дайын мольберт (алдынан және қырынан түсірілген). Қорабы бар мольбертті үстелдің үстіне қоюға болады, өйткені оның құрылысы бұған мүмкіндік береді. Жеңіл ағаштан жасалған панельді пайдаланыңыз. Жеңіл мольберт алып журуге қолайлы.


Пайдалы кеңес:

Балалар сурет салған уақытта астына қағаз немесе пластик төсеңіз, жұмыс соңынан жинауға жеңіл болады. Пайдаланбаған уақытта бояулардың қақпағын жауып қойыңыз.


Сабақтың жүрісі:

Балаларға қағаз, бояу, қылқалам беріңіз. Үш-төрт жастағы балалар әртүрлі екі-үш түстен бастап бірте-бірте бес-алты түске жетуіне болады. Үйренген тәжірибелі алты жастағы «суретші» алты, сегіз түстен бастап, одан да көп түсті таңдауы мүмкін.

Балаларға бояулар мен қылқаламды емін-еркін қолдануға мүмкіндік беріңіз. Оларға өздері қалаған уақытта қанша салғысы келсе, сонша сурет салуға мүмкіндік беріңіз.

Жұмыс үстіне балалар бояуды пайдаланудың түрлі тәсілдерін, материал таңдауды және өз шығармаларының әдістерін меңгерді.




Нұсқаулар мен толықтырулар:

Балаларға сурет салуға бор беріңіз.

Түрлендіру үшін балаларға әдеттен тыс: дөңгелек, сопақ, жүрек пішіндес қағаздар беріңіз.

Қосымша материалдар: қауырсындар, мақта, жыртылған газет, қиықтар пайдаланыңыз.



Гербарий

3-тен 6-ға дейін

Румыниялықтардың идеясы


Ата -аналармен бірге:

Ата-аналарға балалармен бірге гербарийді қарап көруге кеңес беріңіз. Ата-аналар балаларды тыңдауы, сұрақ қоюы, түсіндірген әңгімелеріне мұқият көңіл аударулары қажет.


Сабақтың мақсаты:

Балалар әртүрлі заттарды ұстап көру арқылы үйренеді. Көше мен аулатүс, пішін, көлем, жазықтық туралы ұғымдарды оқып-үйрену мен бекітуге ең қолайлы орын. Әртүрлі жапырақтарды салыстыру және гербарий құрастыру концептуалдық білім базаларын көбейтеді.

Сонымен қатар, балалар жапырақтардың түсуі-күздің белгісі екенін біледі.


Қажетті құралдар:

Үлкен ауыр кітап, балауызды қағаз, түрлі-түсті жапырақтар, жіптер немесе темір сақиналар, ақ қағаз, желім.


Даярлық:

1 Жапырақтарды кітаптың арасына салмастан бұрын, олар кітапты бүлдірмес үшін балауызды қағазға немесе қағаз салфеткаларға орап салыңыз.

2 Жапырақтарды кітап беттерінің арасына салып , үстіне бір ауыр нәрсе қойыңыз.

3 Ақ қағаздан бірдей көлемде қиып алып, суретте көрсетілгендей кітап жасаңыз.


Сабақтың барысы:

Балаларды серуенге алып шығып, олардан әрқилы пішіндегі, түрлі-түсті, беттерді де әртүрлі жапырақтарды тауып, оны әрі қарай қарап, зерттеу үшін топқа алып келулерін сұраңыз. Әкелінген жапырақтарды жайып, балалардан ортақ гербарийге бір-бірден жапырақ таңдауын сұраңыз. Жапырақтар кептірілгеннен кейін оны дайын қағаздарға жапсырыңыз. Жапырақтардың астына тәрбиеші балалардың айтқан сөздерін жазып қоюуы керек. Мысалы: «Бұл-қызыл, түкті жапырақ» «Бұл жапырақ жұлдызшаға ұқсайды».

Үлкендеу балаларға өздерінің аттарын жазуына болады. Сіздің бүлдіршіндеріңіз өз гербарийлерін қайта-қайта қызыға қарайтын болады.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

Жапырақтың штрихталған таңбасын басып алыңыз. Жапырақтың желілі бетін қағазбен жауып, жұмсақ қарындашпен немесе бормен жеңіл штрихтап бояңыз. Жапырақты сия сіңген жастықшаға батырып, оның сиялы таңбасын жасаңыз. Жапырақты таза парақ қағазға қойып, оны басқа парақпен жауып, саусақтың ұшымен бастырып, уқалаңыз.

Гүлдерден гербарий жасауға болады. Әртүрлі пішіндегі, көлемдегі, түрлі-түсті гүлдерді таңдап, сосын оларды балалармен бірге талдаңыз.

Жапырақты балауызды екі қағаздың арасына салып, үтіктеңіз(мұны міндетті түрде үлкен адам істеуі керек). Жапырақтар неліктен желімденіп қалғанын балалардан сұраңыз.

Анық, мөлдір жұмыстарды терезеге іліңіз. Олар жапырақ жауғандай әсер қалдырады.



Cумен сурет салу

3-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Ата-аналарға балалармен бірге бояудың орнына сумен сурет салуға көмек беріңіз. Бұл өзара жеңіл қарым-қатынастың, ешнәрсеге міндеттемейтін әңгімелесудің уақыты. Ата-аналар үшін балаларының суда болатын өзгерістер туралы әңгімесін тыңдауға өте жақсы мүмкіндік береді.


Сабақтың мақсаты:

Балалар белгілі бір қатты нәрсенің үстіне қылқаламмен су жағады да, оның қалай кепкенін бақылайды. Олар өздерінің сулы суреттеріне қарай отырып күннің, ауаның суға қалай әсер еткенін байқайды. Балалар булану ұғымымен танысады, бұл сабақтар олардың ірі және ұсақ қимылдарын нығайтады, қиялы мен елесін дамытады, өз бетімен зерттеуге үйретеді.




Қажетті құралдар:

Кең банкалар, үлкен жалпақ қылқаламдар, су құйылған құмыра.


Дайындақ:

  1. Балаларға бір-бірден жартылай су құйылған банка мен жалпақ қылқаламнан беріңіз.

  2. Ашық, құрғақ күні далаға шығып, осы жұмысты орындайтын жер таңдаңыз.

  3. Бұл жұмысқа әдеттегі тротуар да, үйдің қабырғасы, плита төселген бақтағы соқпақ жол да жарайды.


Сабақтың барысы:

Жұмысты шағын топтармен жүргізіңіз. Күннің суға әсер ететін, мұнда ешқандай құпия жоқтығын, бұл-ғылым екенін түсіндіріңіз. Балалар сумен сурет салып, олардың суреті қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылайды. Олардың судың қалай буланатынын қарап көруіне жеткілікті уақыт бөлінгеннен кейін, «Сіздердің суреттеріңіз қандай өзгеріске ұшырады? Күн суды қыздырғанда, ол жоқ болып кетеді, мұны судың булануы» дейміз. Естеріңе түсіріңдерші, тағы қай уақытта су буланады? Осы тәжірибені енді күн түсетін жерге емес, көлеңкелі жерде жасап көруді ұсыныңыз. «Айырмашылығы бар ма? Қалай ойлайсындар, желде су тез кебе ме? Егер бұлтты күн болса ше?»


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Су құйылған жайпақ легенді күн түсетін жерге қойыңыз. Нәтижесінде не болғанын айтыңыз.

- Судың булануы тақырыбын жалғастырып, теңіз, өзен, көл, тұман, бұлт туралы әңгімелеңіз.Күн тоғандағы суды қыздыра ма? Ондағы су булана ма?

- Дымқыл жаймаларды жіпке ілгенде қандай өзгеріске ұшырайды? Су құйылған леген, сабын, жіп, кірқыстырғыш алып, аулада кір жуыңыз. Жуылған заттарды күнге кептіріңіз



Мен бағбан болып туғанмын

3-тен 6-ға дейін


- Шығуы мен өсуінің графигін жасаңыз. Өсімдіктерді ұдайы өлшеп, олардың биіктігі мен пішінін салыстырып отырыңыз.

- Бақша өсірумен айналысатын ата-аналардың біріне балабақшаға келіп, өзінің қызығушылығы туралы әңгімілеп беруін сұраңыз. Не өсіруді ұнатады, не үшін? Оларға бақшада жұмыс істеу неліктен ұнайды? Бағбандықпен айналысудың отбасы үшін пайдасы қандай?


Ата-аналармен бірге:

Ата-аналар балаларымен бірге қандай да болмасын көшет отырғызсын. Бала көшетті күте отырып, өзін жауапты сезінеді.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

1. Оранжереяға, фермаға немесе біреулердің бақшасына саяхат ұйымдастырыңыз.

2. Бақшаның топырағын зерттеңіз. Құрттар тағы да басқа жер асты тіршілік иелері жас бағбандардың қызығушылығын оятады. Топырақты лупамен қараңыз.


Сабақтың мақсаты:

Тұқым отырғызып, гүл өсірудің кез -келген жастағы бала үшін танымдық мәні зор. Үй -жайдың ішіне де, далаға да егуге де болады. Өсімдіктерді өсіру үшін не қажет екендігі туралы қарапайым ұғымдар қалыптасады. Бұл көлем, пішін, түс, өзгерістер туралы да ұғымдарды да бекітеді. Балалар өздерінің жауапкершілігін сезінеді, өз еңбектерінің жемісін көреді. Олар бау бақшаны бақылай отырып, жыл мезгіліне қарай қалай өзгеретінін байқайды.


Қажетті құралдар:

Жайдың ішінде: гүл отырғызатын ыдыстар немесе жәшіктер, тұқымдар немесе көшеттер, қалақ, су, тастар, топырақ.

Далада: Бақша құралдары, қазықтармен жерді өлшеп белгілеу үшін жіптер, тұқымдар немесе көшеттер, су сепкіш не шелек.


Дайындық:

Үй-жайда:

- Әрбір бала ыдыстың түбіне сусіңгіштік үшін бірнеше тастар салып, оны дымқыл топырақпен толтырады.

- Бақша көктерінің (жуа, тасшөп, ақжелкен, базилик), бөлме өсімдіктерінің, гүлдердің тұқымдарын отырғызыңдар. Кішкене топырақпен жауып, бетін тегістеп жіберіңіз.

- Су құйып, күн жаққа терезенің алдына қойыңыз.

Көшеде:

- Балалар әр-түрлі шөптер, гүлдер көкөністер отырғызып, өсіре алатындай қолайлы жер таңдаңыз. Әрқайсысына шағын үлескіден бөліп беріңіз.

- Бақшаға қажетті заттар мен балаларға арналған құрал -саймандарды: тырмалар, жерді және қатарларды белгілеу үшін қазықтар мен жіптер жинаңыз.


Үйдің ішіндегі сабақтың жүрісі:


Мүмкіндігінше әр бала «өзінің бақшасын» өзі отырғызсын. Тәрбиешілер егер бала сұраса, кеңес беруі мүмкін, дегенмен балалар нені отырғызатынын, қалай отырғызатынын өздері шешсін. Бірнеше қосымша өсімдіктер отырғызыңдар. Бірнеше ыдысты күннен алыс жерлерге қойыңыз. Тағы екі ыдыстағы көшетті суармаңыз. Балалардан: «Гүлдерді күн түсетін, көлеңке, су құймай өсірудің айырмашылығы бар ма?» деп сұраңыз. «Дәнге көктеп шығып, өсіп кетуі үшін не қажет? Барлық тұқым бір мезгілде көктеді ме?»деп сұраңыз.

Балалардың назарын барлық көшеттер біркелкі өсіп келе жатқанын, дегенмен айырмашылықтар да бар екеніне аударыңыз. «Жалпы ортақ ұқсастықтары бар тіршілік иелерін естеріңе түсіріңдер, олардың қандай өзіндік ерекшеліктері бар?»


Далада өткізілетін сабақтың жүрісі:


Жақсы бақшаны алдын-ала жоспарлаңыз. Күніне кем дегенде бес сағат күн түсетін тегіс жерді таңдаңыз. Әртүрінен бірнеше дақыл отырғызу үшін ауданы 2.5х2.5 метр жер қажет, отырғызған дақыл аз болса да жер артықтық етпейді. Топыраққа тыңайтқыш немесе қорда қосыңыз.

Балалар көкөністер, гүлдер мен әртүрлі шөптерді отырғызу үшін оларға бақша құралдарын беріңіз. Бағбандықпен айналысқанда, үнемі жұмыс істеуге тура келеді.

Қопсыту, суару, егінді жинау бірлескен қызғылықты ойын түрінде өтсін. Гүлденген бақтың жұпар иісі мен қанық түстеріне қарап рахатқа бөленуді ұмытпаңыз.

«Неліктен өсімдіктер күнге ұмтылады? Гүлдер мен шөптер өсуі үшін не қажет?» т.с.с. балаларды ойландыратын сұрақтар қойыңыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі