Еске алу
Атам,Рахадилов
Сұлтанбай 1934жылы қаңтар айының бірі
күні Райымбек ауданы Көмірші ауылында
үлкен атам мен әжемнің берекелі отбасында
дүниеге келіпті. Отбасындағы екінші
бала. Жалпы отбасында 1932жылы Бексұлтан
атам әулетіміздің тұңғышы болып өмірге
келіпті,1934 жылы менің атам Сұлтанбай
отбасының екінші перзенті болып дүние
есігін ашыпты,үлкен әулетіміздің Рахаділ
атам мен Күлімжан әжемнің сүт кенжесі
болып Күләй апам 1937жылы дүниге келгенді.Ал
үлкен атам Рахаділ 1935жылдан бастап
Қошқар,Шәлкөде,Саржаз ,Көмірші ауылдарында
сельсовет болып сайланған.Менің атамның
балалық шағы соғысқа тұспа тұс
келгендіктен болар атам қиыншылықтың
қамшысының астында қалған. Содан болар
соғыстың сергелдеңіне түсіп балалық
балғын шағын бос күлкісіз өткізіп
алыпты. Оның үстіне бар арқа сүйері,отбасының
тірегі Рахаділ атам 1941жылы екінші
дүниежүзілік Ұлы Отан соғысының қанды
майданына аттанып,сол жерде от пен оқтың
арасында соғыстың қызған шағында
1943жылға дейін жанаямай Отанды қорғау
үшін жан алысып жан беріскен,алайда
1943жылы қайтыс болды деп ауылымызға яки
әулетімізге қаралы қағаз мамыр айында
келген екен.Үлкен атам дәл кәзір Ресей
империясының Сталинград қаласында
"Бауырластар"зиратында жер
қойнауында жатыр.Ол кезде менің атам
тым кішкентай еді, бар болғаны
9жаста.Осындай қиын сағаттың сың
уақыттарында атам өмірінің ауыртпалық
кезеніңе еш бой ұсынбаған еді.Тылда
күні-түні аянбай еңбек етті. Еңбегі
елеусіз қалған жоқ, атам 1989жылы тыл мен
еңбек ардагері деген марапатқа ие
болды. Әрине менім ойымша жеңісті
жеделдетуге тылдағы ата-апаларымыздың,
аға -әпке ,бауыр қарындастарымыздың
ерен еңбегі зор.Осыдан кейін 2005 жылы
жеңістің 60жылдығына орай атам ерекше
марапатқа ие болды.Осындай ереулі еңбек
марапаттарына барша тыл ардагерлері
ие болу тиіс.Ардақты атамның артында
11ұл-қызы,32-немересі,18-шөбересі қалды.Егер
атам тірі болғанда 86-жастын сатысына
шығар еді. Заңғардай биік,асқар тау
атам жанын жәннәттік болсын,не қайыр,
не іс бар мына өмірде бар болғаны
75-жасында көз жұмдың.Аз ғана ғұмырының
зейнетінен гөрі бинеті басымырақ болған
Жойкын
соғыс,балалықты ұрлаған,
Отан үшін
кімдер қарсы тұрмаған.
Ұмытылмас
атамыздың еңбегі,
Осы күні
үлгі болып тұр маған.
Менің
атам,сенің атаң бір адам,
Ұрпағының
амандығын сұраған.
Сіз тер
төккен мынау алып өлкеде,
Мақтанышпен
мен қасқайып тұра алам.
Өсті міне
төккенің мен еккенің,
Біздер үшін
қандай бейнет шекпедің!?
Ал бүгінде
тек естелік боп қана,
Ілініп тұр
терің сіңген шекпенің.
Немересі
Сұлтанбай Мөлдір
И.Нүсіпбаев атындағы Алматы облыстық
мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы