2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жұмыс
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі Әбілқасым Меруерттің

«Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» атты шығармашылық жұмысына


Пікір


Әбілқасым Меруерт Әбдірахманқызы информатика пәнінің мұғалімі, осы аталған мектепте 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Білімі жоғары, педагогикалық еңбек өтілі 22 жыл. І санатты мұғалім, біліктілігі педагог-сарапшы. Әбілқасым Меруерт еңбек сүйгіш, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ізденімпаз ұстаз. Педагог өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін тек талдап қана қоймай, алғыр ойлармен бөлісіп, өз шығармашылық деңгейін жүйелі түрде толықтыру үшін кәсіби, шығармашылық байқауларға белсене қатысып отырады.

ҚР ОҚ облысы «Qurmet-AB»Қоғамдық бірлестігінің шешімімен

«Білім беру ісінің үздігі» медалімен марапатталды 2014 ж.

2017 ж. Аудандық пән олимпиадаға информатика пәні бойынша олимпиада жеңімпазын дайындап, белесене араласқаны үшін Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен». 2017 ж. Информатика және физика пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Робототехника негіздері» біліктілікті арттыру курсында шығармашылық белсенділігі мен идеялық бастамашылдығы үшін, «Өрлеу»БАҰО АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Мадақтамамен». 2018 ж. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі игілікті істер және ұлағатты ұстаздық жолындағы шығармашылық ізденістері арқасында өз шеберлігін, біліктілігін жоғары дәрежеде танытқаны үшін, Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен». 2018 ж. USTAZ tilegi Республикалық ұстаздар сайтында белсенділік танытқаны үшін, «Алғыс хатымен» марапатталды. 2019 ж. «Қазақстан Ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Информатика» пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғарғы көрсеткіштерді иеленгені үшін І дәрежелі «Дипломмен» марапатталды.т.с.с. жетістіктері өте көп деңгейде.

Әбілқасым Меруерттің шығармашылық жұмыспен айналысып жүргеніне бірәз жыл болды. Бұл шығармашылық жұмысының мақсаты: информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың пән бойынша білім сапасын арттырудың мүмкіндіктерін анықтау. Мұғалім сабақ барысында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді жүйелі түрде енгізіп отырады. Ұсынылып отырған жұмысында оқушылардың белсенділігі мен білім сапасын арттыруда қолданылатын тапсырмалар мен әдіс тәсілдер туралы ізденісі байқалады.

Өз тәжірибесінде сын тұрғысынан ойлау технологиясына басымдық беріп отырған. Аталған технологияның әдіс-тәсілдерін басшылыққа ала отырып, әр бір сабақта жаңа әдістерді пайдаланып, тақырыпты күнделікті іс-әрекетпен байланыстыруға тырысқан.

Пән апталығында және әр ашық сабағында қолданған әдіс-тәсілдері ұстаздарға ұнады. Оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады, оқытудың тиімді тәсілі мен әдістерін қолданады, әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасайды, жалпыға міндетті орта білім берудің мемлекеттік дағдыларын, іс –әрекет тәсілдерін жүйелі түрде қалыптастырады. Нәтижесінде, оқушы еркін, өзіндік дәлелдемелерін анық жеткізе білетін сенімді, сыни ой-пікірі мен көзқарастары дамыған болып қалыптасады. Әбілқасым Меруерт заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Информатика пәнінің мұғалімі: Г.Рахманкулова




























Мазмұны



І. Кіріспе. 
ІІ. Негізгі бөлім. 
2. 1. Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу. 
2. 2. Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. 
ІІІ. Қорытынды. 

Пайдаланылған әдебиеттер


































Кіріспе



ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес. . . Осы заманғы экономикалық өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға белгілі. 
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. 
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б.,тіркестер мен тығыз байланысты. 

Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. 
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. 
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
• үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту; 
• оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. . Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.

Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек. 
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» 
«Білім туралы» Заңының 8-бабы Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. 
Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім - бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.  Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «. . . ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі – мектептерді компьютерлендіру. 
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. 

Оқыту үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім – оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi. Ақпараттандыруда технологияның негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Оқу процесінде қолданылатын технологиялық құралдарын орналастырудың бірнеше жолдары бар. Ең перспективтісі және мазмұндысы жіктелу критерийі ретінде тағайындау облысы болатын жол құрылымдық элементтері болып табылады. Ақпараттық технология құралдарын меңгеру, жаңа элементтің енгізілуінің негізінде адам қызметінің өзгеруі сияқты мәселелер көп уақыттан бері психологтарды қызықтыруда.

1937 ж. Л. С. Выготский былай деп жазған: «Адамның өмір сүру процесіне құралдың ендірілуі осы құралды қолдану және басқарумен байланысты көптеген жаңа қызметтерді өмірге әкеледі, осы құрал орындай алатын көп жай процестерді керек емес қылады, психикалық процестер және олардың ұзақтылығын, интенсивтілігін, жүйелілігін өзгертіп, бір қызметті екінші қызметпен ауыстырады, қысқаша айтқанда, бүкіл өмір сүру құрылымын өзгертеді».  Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. 
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар:оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығарма шылық бағытта дамыту; нәтиже. Бұл технологияның мақсатын төмендегі сызбадан көре аласыздар. 

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал. Бірақ әлі күнге дейін біз осы зор құралдың шексіз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. 
Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүріміз педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланылады. 
Технологиялардың танымал түрлерінің бірі Модульдік оқыту – оқытуды оңтайландыру, тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса, дамыта оқыту – оқушының жеке тұлғасын, оның біліктеріндамыту. 
Осыны ескере отырып, мен оқу үрдісінде М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» қолданып жүрмін. Мұндағы менің мақсатым - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ал жекелеп (даралап) оқыту – бұл қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу, белсенді оқыту – танымдық белсенділігін, шығармашылығын ұйымдастыру. Сондай-ақ түрлеріне тоқталсақ:
Олай болса, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін иновациялык құрылғыларды пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқу үрдісінде осы технологияның тиімді жақтарын төмендегі сызбадан көре аласыздар. Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде бірден бір талап десек те болады ол - ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э. Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпаттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі». 
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация элементтерін пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс жолдарды пайдалану. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз. 
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. 
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу. 
Өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың
«деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземін. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы да оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, қолданбалы программаларды пайдаланып немесе алгоритмдер құру арқылы программа құрастыруды, үйренеді. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда «Бетпе-бет», «Жұлдызды сәт» сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, он лайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңіненқолданылады. 
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту

барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі. 
Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. 
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ.  Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды дамыту.  Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. 
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарын электрондық оқыту жүйесіне енгізу. /e-learning/. «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін» жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік –тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыруларды т с с бар мәліметтер, ДҚ арқылы енгізіледі. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген болса, міндеті – оқу-тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу –тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса білім беру саласында информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалануға , әлемдегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артықболмас. 
К. Д. Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. 
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады. Мен өз тәжірибемде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма «тірек сызбалар» жасаудан бастадым. Сызбаны жаңа сабақ өткенде, бекітуде жиі пайдаланамын. Мысалы: Құжаттармен жұмыс, файлдарға , бумаларға амалдар қолдану тақырыбын өткенде көшіру мен қиюды салыстыру үшін Венн диаграммасын қолдану. «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель сызуға да дағдыланады. 
Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін. 
Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер бұл тәжірибе жаңалықты ендіру емес бұл педагогикалық , шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді. Өткен ғасыр соңында әлем түкпіріндегі білім берушілер жүзе асырылатын нақты мақсаттардың алдын –ала жасалған жүйесінің тәжірибедегі жобасы «Жобалап оқыту технологиясы» болып саналады. Техника тіліндегі жобалау –іс жүзінде орындалатын нәрсенің алдын –ала берілген макеті. Педагогика тілінде -жоба түсінуді талап ететін «еркін шығарма» ретінде қарастырылады. 
Технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнын заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды. Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.  Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым. 
•Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану. 
•Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.)сабақтажиіқолдану. 
•Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру. 
Информатика сабақтарында электрондық оқулықтың элементтерін пайдаланып өткізген сабақ жоспарымды ұсынамын. 
Оқушылардың өздігінен танып - білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың
интерактивті формаларын сабақта қолданамын.

Олар:
•Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар. 
•Блок – схема, графиктер, диаграмма, карта т. б. Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары. 
•Ойын арқылы оқыту. Сөз жұмбақ, ребустар. Логикалық есептер. Тестілеу және бақылау. 
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. 
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:

•Бағдарлама бойынша барлық сынып оқушыларына қолайлы;
•Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
•Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
•Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
•Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
•Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады. 
Алдын ала дайындаған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін арттырады. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады. Осындай әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса, бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың мәдени құндылықтарын өздігінен пайымдауға қадам бастайтын, рухы мықты азамат тәрбиелейміз.

Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесіне сүйеніп, информатика сабақтарында деңгейлік тапсырмалар орындатып жүрмін. Жаңашыл ұстаздың жаңа технологияларын қолдану барысында оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс, сайыс сабақтарын, әр түрлі ойын түрлерін қолданып, оқушыларды ізденімпаздыққабаулимын. 

Осы мақсатта қолданған сабақ берудегі тиімді әдістер нәтижелі болуда көбіне оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратын тапсырмалар орындатамын. Мысалы, қызықты жағдайлар, оқушылардың өз ойларынан, қиялынан туындаған дүниелер, шығармашылық жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар, жарыстар, сайыстар және әр түрлі танымдық ойындар оқушылардың ойлау қабілеті, шапшаңдығы, есте сақтауы, қабылдауы бірдей емес. Мысалы , Жеңілден ауырға қарай біртіндеп даму арқылы оқыту, оқушыны белсенді, өзіндік пікірі бар тұлға етіп тәрбиелеуге көмектеседі. Сол себепті оқушылардың жас ерекшеліктерімен білім деңгейлерін ескере келе сабақ барысында оқушыларға 4 түрлі деңгейде тапсырма беремін. 
1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті. 
2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға құқылы, ал 4-деңгейде шығармашылық жұмыс беріледі, бұл деңгейді оқушы түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгелге жуық орындайды да, жақсы оқитындар алға кетеді. 
-
«Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді» - деп неміс психологі

Н. Энкельман айтқандай әрбір мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары болады. Сол мақсатқа жету үшін әрбір мұғалім тығырықтан шығатындай жол іздейді. Оқушының пәнге деген қызығуын және сабақтың сапасын арттыруда менің алға қойған мақсатыммынадай:
- логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
- оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту;
- оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. 

Енді осы сабақ жоспарларын назарларыңызға ұсынамын.


Қорытынды


Оқытуда инновациялық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі

таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі,

елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл

шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет.

Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуына жан жақты зерттей

отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс.

Информатика пәнін өту барысында сабақ мақсаты мен міндеттерінің

сабақтаса қойылуына үлкен мән беремін. Мақсат айқын, нақты және қолжетімді болуы керек. Басқа сөзбен айтқанда іс әрекет оқу мақсатына сәйкес келіп, қалаулы нәтижеге жетумен аяқталуы тиіс.

Сонда ғана оқушылар тапсырманы орындауға өте қызығып, оны қалай орындау керектігін білетіндей және осы сабақтың алдында алған

білімдерімен қалай байланысатынын әрі ол болашақта жаңа білімге

қол жеткізуді қамтамасыз ететінін түсініп кірісуі керек.

Қызығушылық білдірген және белгілі мақсатты көздеген оқушылар

табысқа жетеді және бұның өзі оларды бұданда қызығып, мақсатқа

ұмтылуға итермелейді.

Оқушыларға қандай да сұрақ немесе тапсырма ұсынғанда оларға келесі ретпен жұмыс жасауды ұсынған тиімді: «жеке – шағын топ

құрамында немесе жұппен бүкіл сыныппен». Мұндайда оқушы оқу

материалы бойынша алдымен өздігімен ойланып және басқа да

белсенді әрекет атқарып, осыдан соң өз ойларымен басқалармен бөліседі, өз идеяларын бөгде пікірлермен салыстырады, оларды

толықтырады, өзгертеді, дамытады. Топпен жұмыс жасағанда оқушылар бір бірімен ақылдасады, бірлесе мәселелерді шешеді, бір

бірімен диалог жүргізеді.

Сонымен инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. МАН /мұғалімге арналған нұсқаулық, үшінші басылым;/ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.

  2. А.Әлімов, «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер»

  3. Алиасқаров Д. Бейсеков Ж, Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған, Шымкент.

  4. М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы».

  5. Ж. Қараев «Деңгейлік оқыту жүйесі».






Түркістан облысы

Ордабасы ауданы

Амангелді атындағы жалпы орта мектебі













Shape1

БАЯНДАМА









Шығармашылық жұмыс тақырыбы:

«Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану»




информатика пәнінің мұғалімі: Әбілқасым Меруерт Әбдірахманқызы













Темірлан -2023 ж

25 Наурыз 2025
36
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі