Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық жұмыс " ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы


ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ


Оқытудың интербелсенді әдістемесінің басты мақсаты – жалпы орта мектеп мұғалімдеріне интербелсенді оқытудың негізгі идеялары мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, интербелсенді әдіс-тәсілдермен сабақ өтуді үйретеді.
Ұстаз өтілетін тақырыпқа шәкіртінің қызығушылығын тудырып, олармен бірге ізденеді, жұмыс жасайды, өзіндік білім құрастырады. Мұғалім берілген сұрақтарға дайын жауап беруге ұмтылмай, оларға шәкірттердің жауап беруіне оңтайлы жағдай жасайды.
Ұстаз мұнда «білім көзі» емес, ол – білімге апаратын жолды нұсқаушы, ол тек қажет кезде ғана шәкіртіне жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады.
Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары:
-Дәстүрлі білім беру - білімді жинақтауға негізделеді. Оқыту, үйрету, білім беру.
-Интербелсенді оқу – білімді өздігімен игеруге негізделеді. Оқу, үйрену, білім алу.
Президент Н. Ә. Назарбаев Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында былай деп айтқан еді: «Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді., ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі іске асыруы мен өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді».
Мұндай философиялық ұстаным бүгінгі күні бүкіл әлемде жүріп жатқан білім беру жүйесі реформасының негізін құрайды.
Бұл реформа білім беру жүйесінде басты назарды нәтижеге бағыттап отыр. Мәселе «өмір бойы азық боларлықтай білім беру» идеясының енді «өмір бойы өздігімен үйрену» ұстанымына өзгеруінде болып отыр.
Нәтижеге бағытталу оқу процесінде шәкіртті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір ұстазға шәкірттерді белсенділендіретін оқу/оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді, өйткені бүгінгі күні оқу процесі бұрынғыдай «үйрету», «оқыту», «беру» сынды етістіктерден құралмай, «ұйымдастыру», «жағдай жасау», «бағыт-бағдар беру» сияқты ұғымдардан тұрады. «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» және «Тек әрекеттесу арқылы ғана үйренуге/үйретуге болады».
Міне, осы себептерге байланысты оқу процесінің негізін интербелсенді (интерактивті) әдістемелер құрауы керек., әрбір педагог интербелсенді құралдар мен тәсілдерді өзінің әдістемесінің төрінен көруі қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 1-қыркүйегінде Білім күнін интербелсенді сабақ түрінде өткізуі Елбасының интербелсенді әдістемесінің тұлғаны дамыту мен маман қалыптастырудағы ерекше маңызын баса көрсеткендігі деп түсіну керек.
Интербелсенді әдістемесінің басты мақсаты - ұстаздар мен шәкірттердің назарын интербелсенді оқу/оқытудың ерекшеліктеріне аударып, осы әдістеменің негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдері ауқымында құрастырылған сабақ жоспарларымен таныстыру. «Интербелсенді оқу/оқыту» ұғымы жан-жақты, кең мағыналы болғандықтан, оның философиясы мен әдістемесін көптеген оқу/оқыту жүйелерінен көруге болады. Олардың қатарына біздің еліміздің педагогикалық жұртшылығы арасында кеңнен танымал, педагогикалық қолданыста жан-жақты көрініп жүрген «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» халықаралық жобасын, М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» және де басқа жобалар мен бағдарламаларды жатқызуға болады.
Интербелсенді оқу/оқыту бірінші мезетте диалогқа негізделген.


НЕЛІКТЕН ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУ/ОҚЫТУ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕМЕГЕ АЙНАЛҒАН?

Алдымен қазіргі күннің негізгі ерекшеліктері мен проблемаларын айтар болсақ:
1. Динамика – қазіргі әлем дамуының негізгі ерекшелігі.
-Бүгінгі күні әлемдік экономика және саясат тұрақты (статистикалық тұрғыда) әрі болжауға тұрарлықтай дамыған.
-Бүгінгі күннің негізгі ерекшелігі - динамика, яғни өзгерістер, тұрақсыздық, белгісіздік және болжаусыздық.
2. Ақпараттың мейлінше өсуі.
-Бүгінде ақпараттың жетіспеушілігі емес, керісінше, оның адам миының мүмкіншіліктерінен шамадан тыс көптігі проблема болып табылады.
-Әр салада ақпарат әрбір 4 жылда ескіріп, екі есе ұлғайып отырады.
-Дамудың мұндай қарқыны сақталатын болса, онда, ғалымдардың пікірі бойынша, жақын болашақта ақпарат әрбір 76 күнде екі еселенетін болады.
3. Ақпараттық коммуникациялардың жаңа формалары.
-Коммуникациялық жылдам құралдардың дамуы (Интернет, ұялы байланыс және т.б.).
-Интернет арқылы сауда жасау және оқу.
-Жоғарғы технологиялар 
4. Постиндустриалды заман экономикасының ерекшеліктері.
-Экономикалық шекаралар жойылған әлем (жаһандану).
-Әлем деңгейінде еңбек бөлу процесінің дамуы.
-Кәсіптер әр 4 жылда 25% -ке өзгеріп отырады.
5. Әлеуметтік ерекшеліктер.
-Адам қоғамының қызмет көрсету қоғамына айналу.
-Адамдардың бос уақытының ұлғаюы және демалу мәдениетінің дамуы.
-Гендерлік саясат (әйелдер рөлінің өсуі).
-Қоғамдағы тұлға рөлінің өсуі.
6. Интеллектуалдық өзгерістер.
-Адам миының мүмкіншіліктерін бұрынғыдан тиімді пайдалану.
-«Өзің жасап ал!» идеясының кең етек алуы.
7. Білім жүйесіндегі өзгерістер.
-Репродуктивтік оқытудан конструктивтік оқуға көшуі.
Адам енді өндірістің элементі емес, оның басты құндылығы мен артықшылығына айналуда. Экономика бүгін экономика үшін емес, адам үшін дамуда.
-ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;
-проблемаларды шешу және шешім қабылдау;
-өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу;
Бұл мәселені тағы да нақтылай түсетін болсақ, білім алушылар оқуды аяқтағанда мынандай құзырлылықтарды меңгеруі керек:
-Проблемаларды шешуге дайын болуы.
-Өзіндік тұрғыдан танымдық әрекеттерге дайын болуы.
-Тұлға аралық қарым-қатынасқа дайындық (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).
Бүгінгі күні интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту барлық дерлік дамыған елдердің білім беру жүйелерінің басты әдістемесі ретінде танылып отыр. Бұл әдістеменің басты ерекшелігі үйренушіні белсенділендіру.
«Интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
1) барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
2) әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талққылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.
Интербелсенді оқу/оқыту диалогтық қатынасқа негізделеді, ал диалог өз кезегінде өзара түсіністікке, бірлескен әрекеттерге, таным процесінде туындаған мәселелер мен проблемаларды бірлесе шешуге алып келеді. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:
-терең ойлануға;
-ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;
-ақпаратты жан-жақты талдауға;
-өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;
-пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін ділелдеуге;
-жауапкершілікке (өз білімен, өміріне);
-басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.
Интербелсенді оқу/оқыту келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады: 
-бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныптың), 
-жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,
-ситуативтік және рөлдік ойындар,
-ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.);
-шығармашылық жұмыстар, т.б.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
933
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12