«Екібастұз
қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Атығай жалпы
орта
білім беретін мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
ЭССЕ
Тақыыбы:
Мен ұстазбын...
Дайындаған:
Шарифолла Елена
2020-2021
оқу жылы
Мен
ұстазбын...
Ұлт
болашағын ойлап, жас ұрпақтың нағыз
азамат болып өсуі бар күш-қуатын жұмсап
білім беретін, өнегелі іс-әрекетін
көрсететін тәрбиелі де тәлімді ұстаздар
көп-ақ.
Ұстаз
болу, шәкірт бойына абзал қасиеттердің
нәрін себе білу, екінің біріне бұйыра
бермейтін қасиет. Өмірде адам баласына
ақ сүт беріп, тәрбиелеп, аялап өсірген
анаң қандай қымбат болса, баланың білімге
деген құштарлығын оята білген, оны
сөзімен де, ісімен де еліте білген
ұлағатты ұстаз да соншалықты құмбат.
...Ауыл
баласы үшін қазақ тілі мен әдебиеті
пәні басты пән болушы еді ғой. Әр сабақты
мұқият тыңдап, мұғалімнің тапсырмаларын
мүлтіксіз орындауға тырысатынбыз.
...Дәл қазіргі уақытта өзім де осы тіл
мамандығы бойынша жұмыс істеймін.
Қазақстанның әрбір азаматы өз мемлекетінің
тілі үшін қызмет ете білу керек деген
пиғылмен қазақ тілінің дамуына үлесімді
қосуға әбден дайынмын дегім келеді.
Адамның
кіндік қаны тамып, туып өскен жері- ауылы
ғой. Керекудің Баянауыл ауданында 1979
жылы қаңтардың 20-ші жұлдызында қарапайым
удмурт ұлты Сайдуллин Шарифолла отбасында
дүниеге келдім.
Бал
дәурен балалық шағым өткен Баянауылға
жететін жер жоқ. Туған жердің көгілдір
таулары, күрең белдері, мөлдір көлдері
неткен көрікті, ғажап!
Уақыт
– тоқталмайтын көш-керуен. Кешегі тұлымы
желбіреп, ойнақтаған сәби қыз бүгін
бойжетті. Көбелек қуып, гүл терген,
алаңсыз ойнап-күлген «армандай асыл ақ
дәурен» қол бұлғап қыр астында қалды.
Кәмелеттік жасқа жетіп, алтын ұя мектептен
қош айтысатын, мектеп қабырғасында он
жыл бойы алған білім сарапқа түсетін
жауапты сәт те келіп жетті. 1996 жылы
Баянауыл ауданына қарасты Жаңажол орта
мектебін аяқтап шықтым.
...Студенттік
жылдар...білім асқарына ұмтылған, ізденуге
толы, қызық-думаны мол жылдар еді-ау.
1996 жылы Екібастұз Жоғарғы педагогикалық
колледжінің филология факультетіне
оқуға түстім. Сол жылдары колледждің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
студенттеріне Қ.Жүсіпов, А.Шнайдер,
Ғ.Резуанова, Е.Серік секілді білікті
оқытушылардың оқыған лекциялары әлі
күнге дейін есімде сақтаулы. 2000 жылы
Екібастұз қаласындағы Қазақ мемлекеттік
Қыздар педагогикалық институтын аяқтап
шығып, орыс мектептеріндегі қазақ тілі
мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығын
алып шықтым.
2000
жыл 1-қыркүйек – Екібастұз қаласына
қарасты Атығай орта мектебінде ең алғаш
ұстаздық еңбек жолымды бастадым.
Атығай
ауылының мектебі- өз ісіне берілген,
рухани дүниелері бай, кәсіби біліктіліктері
жоғары небір майталман ұстаздар қызмет
еткен құт дарыған шаңырақ. Мұндағы
ұстаздар өздерінің бойындағы жақсы
қасиеттерін әріптестеріне, жас ұстаздарға,
оқушыларға дарыта білген өз ісінің
білгірлері еді. Жас маман болып қызмет
ете бастағаннан бүгінгі күнге дейін
Атығай орта мектебінде ұстаздық еңбек
жолымды жалғастыудамын.
Мектеп
пен оқушы қатынасындағы негізгі тұлға-
мұғалім. Бұл ұғымға түсінікті ұлы ғалым,
ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының
«Мектептің жаны- мұғалім» деген үінмен
беруге болады. Осы бір анықтама оқушылар
қауымына жүктелетін зор жауапкешілікті
айқын байқатады. Себебі мектепте жан
беріп, оны қозғалысқа келтіретін,
келешекке жетелейтін- мұғалім. Сондықтан
да оның әрдайым ізденісте, тынымсыз
қозғалыста болуы заңды құбылыс.