Оңтүстік Қазақстан
обылысы
Шардара
ауданы
«Қоссейіт»жалпы орта
мектебі
Тақырыбы:
Мен жастарға
сенемін
Орындаған:7 «а»сынып оқушысы Ибрагим
Роза
«Мен жастарға
сенемін»
Қазақтың аса дарынды ақиық
ақыны Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз
орнын анық тауып, артына өшпес
мол мұра қалдырғанын анық білеміз.Мағжан баршамызға ұлтшыл ақын
екені анық білеміз.Мағжан баршамызға ұлтшыл ақын екені аян.Жастарға
арналған өлеңдері де біршама.
Ақынның «Мен жастарға
сенемін»өлеңінде нағыз қазақ жастарының қандай болу
керектігін,түр-тұлғасын айқын суреттегені байқалады.Сондықтан
Мағжанның «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқи отыра,жастарымыздың
басты қасиеттерін қазіргі кезімен,сол кездерін ашығырақ таныстыруды
жөн көрдім.
Біз Мағжан Жұмабаевтың «Мен
жастарға сенемін»атты өлеңін насихаттап,жастардың рух,жігерін
көтеріп,әр тілге аударып қазақ ұл-қыздарының болмыс бітімін өзге
елдерге де паш етіп,қазақ жастарының бойындағы қасиеттерін биік қоя
отырып,қазақ жастарының өз еліне деген сүйіспеншілігіне,елінің
үмітін ақтауға жетелеуге жол ашар едік ақын өзің немесе өзінің
лирикалық кейіпкерін ғана емес айналысындағы жастарды
да
«Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай қайратты» қалыпта
көргісі келеді. Халқының болашағы үшін күресетін негізгі күш
–жастар.Олай болса,өмір бойы «Алаш ұранын көтеріп кеткен Мағжан
үшін жастардың тәрбиесінің қайраттылығының орны бөлек.Өз өлеңінде
ол жастарға үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның
қанатындай күштілікті таза жүрек пен ер мінезді,туған жерге деген
шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанады.Шабыттана
жырлайды.
«Мен жастарға сенемін» деп
асқақтай сөйлейді.
Бірақ, біз жастар осы ақын
ойын ақтап жүрміз ба?-деген сұрақ көкейде тұрады.Өлеңдегі
қайраттылық,рух-жігер табандылық әдептілік, бәрі-бәрі тәрбиеден
бастау алады.Тәрбиелікті көрсетеді.Әрине ондай тәрбиені біз басты
тәрбиені ата –анадан, ортамыздан және осы өлеңнен
аламыз.
Көздерінде от
ойнар,
Сөздерінде жалын
бар
Жаннан қымбат оларға
ар,
Мен жастарға сенемін!-деп
жастарды намысшылдыққа,қыздарымызды атақ абыройларына дақ
түсірмеуге шақырады.Жастарды ақиқаттың ауылынан алшақтатпай,ар
намысын бірінші орынға қоюға үндейді.
Намыс-тұлғасының
күзетшісі.Мағжан да әділетсіздікке қарсы шығып, ар намысын алға
қойып өмірден озбады ма...
Сондықтан осындай Мағжан салып
кеткен өлең жолына жастарды бағыттау үшін тәрбие керек.Сонда ғана
сенім ақталып білім парасатына сай жастарымызға елін, ары мен
намысын таптатпауға,болашақтың тізгінін жастарға
сеніп:
Алаш атын
аспанға
Шығарар олар бір
таңда,
Мен жастарға сенемін?-деп
Мағжанның өлеңінің өмірлік ұран қылып бойымызға сіңірер
едік...
Мен жастарға сенемін-деп
сипаттап,бойларын енді тіктеп,бойына қуат жинап қол жетпес аспанға
ұмтылғанын,сенімділігін көрсетеді.Ақынның ойы екі тарапта тұрса
да,бір-бірінің ойы бір жерден шығып қалатын өлең жолдары бар.Сөзім
дәлелді болуы үшін Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін!»деген
өлең жолынан жастарға сеніп,үміт артатынын айқын көрсетіп
тұр.
«Жастар жалын жүректі,өршіл
намысты,биік рухты болса,ол елдің еңсесі биік болады»-кемеңгер
басшымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай бүгінгі жастар бұрынғылармен
салыстырғанда өзгешелеу.Олардың ой өрісі,талпынысы,сауық- сайран
құруы,былай айтқанда адами құндылықтары бөлектеу. Бірақ жастар
жалпы адамзаттың мәңгілік рухани адамгершілік құндылықтарында бар
екенін естен шығармаулары қажет.Онсыз жастар толыққанды қалыптаса
алмайды.Жастардың санасымен тұлғасының қалыптасуына әсер ететін
жағдаяттар мол.Айталық ол ата-анасы ,өмір сүріп отырған
ортасы...
Жастардың тұлғалық сипаты жас
кезінен бастап қалыптасады.Мысалы:жас сәби табиғатынан таза пәк,бұл
жастарды әлі өмірден ештеңе көрмеген,көңілі түймеген шағы.Міне, дәл
осындай кезде ата анасының тәрбиесін ,білім беру мекемелердегі
мұғалімдердің балабақшадан бастап бірте-бірте рухани адамгершілік
құндылықтарды6Отанына деген
сүйіспеншілікті,намыстылық
пен қайраттылықты бойына
жинақтау маңызды іс.Жастар бойындағы қайрат,жігер,сенімділік Мағжан
өлеңінде айтылғандай:
«Жұмсақ мінез
жібектер,
Сүттей таза
жүректер,
Қасиетті
тілектер
Мен жастарға
сенемін!»-дегендей жастар бойында қасиеттер әлі де сақталғанына
сенімдімін.Мағжан үшін ең негізгі мәселе қазақ елінің,жерінің
тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы қалпында.Қазан төңкерісінің
даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбады.Сондықтан да ақын
ендігі үміт пен арманын жастарға артады.
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай
қайратты,
Қырандай күшті
қанатты,
Мен жастарға сенемін!- деп
басталатын өлеңінде ақын,өзінің ертеңінен үміт
үзбейтіндігін,бүгінгі кеткен есені,ұтылысты ертең-ақ көздерінде от
ойнаған ар-намысты жандарынан қымбат көретін жастардың
қайраттылығына кәміл сенеді.Жастардан күткен үміт ақталып келе
жатыр деген ойдамыз.
«Мен жастарға сенемін»
өлеңінде ақынды «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» деген теңеу
сөздері көп қолдана білген суреткер деп танимыз. Өлең құрылысына
талдау жасағанда:
А-рыс-тан-дай
\ай-бат-ты,7(а)
Жол-ба-рыс-тай \қай-рат-ты,
7(а)
Қы-ран-дай күш-ті \қа-нат-ты,
8(а)
Мен жас-тар-ға\ се-не-мін
7(ә)
Өлеңнін шумағының әрбір
тармақтары 7-8 буыннан, ырғақтан тұратын шұбыртпалы ұйқасқа
жататынын байқадық.Шұрбыртпалы ұйқаста өлеңнің әрбір жолдары
ұйқасып отырады.Ұйқаспайтын жолы соңғы тармағы өлең
4тармақтан,8шумақтан құралған .Әр тармақтың 1,2,3жолдары ұйқасып
тұр.
Қорыта келгенде,Мағжан ақынды
ақындық жағынан сөзсіз сүретші деп айтуға болатын суреткер ретінде
таныдық.Жалынды жырларымен,өткір сөздерімен халық қалаулысына
айналған ақының еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа жететіні
даусыз.