400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығармашылық қабілет - ХХІ ғасырда адамның рухани байлығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мектепке дейінгі жастағы баланың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру арқылы шығармашылық қабілеттілігін дамыту жайлы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алимбекова Акмарал Султангазиевна

Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы

«Ұлан» бөбекжай бала -бақшасы

МКҚК тәрбиешісі


Шығармашылық қабілет - ХХІ ғасырда адамның рухани байлығы



Аңдатпа. Мақалада мектепке дейінгі жастағы баланың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарын сіңіру арқылы шығармашылық қабілеттілігін дамыту жайлы айтылады.


Аннотация. В статье говорится о развитии творческих способностей ребенка дошкольного возраста через осмысление духовно-нравственных ценностей.

Ключевые словa: творческое нaследие, воспитaние, личность, логика.


Annotation. The article talks about the development of creative abilities of a preschool child through the comprehension of spiritual and moral values.


Key words: creative heritage, education, personality, Logics



Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19 қара сөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”-деп ақыл- естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады.  Оларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас, тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау, кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау, ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Сөйтіп, олармен бейбіт қатарлы өмір сүруге дайындау.

Біздің балабақшамызда қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып, әр тәрбиеші балалардың жұмысты шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни балалар бірі тіл алғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық әрі жайдарлы болады. Сондықтан олардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі.

Рухани-адамгершілік тәрбие – баланың жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі бағыттарының бірі. Ғасырлар бойы рухани-адамгершілік тәрбие жоғары бағаланған.   ХХІ ғасырда адамның рухани байлығы, оның шығармашылық қабілеттілігі қоғамның негізгі қоры ретінде  саналады.

Балабақшамыздың алдындағы басты мақсат - ол балаларды жан-жақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзіретті тұлға тәрбиелеу болғандықтан курс барысында менің тандап алған өзіндік жұмыс тақырыбым: «Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту» болды.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін.  Логика  (грек тілінен алынған logic-сөз, ой, ойлау, ақыл -ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі. Бұл кезде балалардың ойлары нақты – бейнеліден абстрактылы – логикалық ойлауға қарай дамиды. Логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай - ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

  Баланың жас ерекшелігін ескере отырып сабақта түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз – ойлау формасы, мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады. Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады.

«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиешібалаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. 
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. 

Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорлары мен қатар логикасын дамытады. Мысалы: заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өткізіп. «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б.Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, асық, ребус, суреттер құрастыру қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «Не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

  Қорыта келе, балабақшада рухани-адамгершілік тәрбиені бала бойына қалыптастыру әртүрлі формаларда: әңгіме, ситуацияларды шешу, ойын барысында, иллюстрацияларды қарастыру, телебағдарламаларды көру және т.б. жағдайларда жүзеге асырылады. Ең бастысы балалар адамгершілік нормалары туралы білім  алып қана қоймай, сонымен қатар осы нормаларды күнделікті өмірде қолдана алып, құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынаста басшылыққа алуға үйренуілері қажет. Ал аталған жұмыс түрлері, бала үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше, сондықтан, мен өзімнің тәжірибемде балалардың қиялын, ойлау, таным қабілеттерін жетілдіріп,  логикалық ойлауын дамыту үшің әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағыма қолданамын.


Әдебиеттер:

  1. Абайдың психологиялық-педагогикалық көзқарасы және қазіргі ауыл мектебі.  Қ. Тәлімұлы.

  2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет

  3. Шегебаева Б. Бала логикасын дамыту. //Отбасыжәне балабақша.-2008-№4.

  4. Шиназбаева Д. Логикалық ойлауды дамыту жолдары. Отбасы және балабақша. 1999ж №1-2.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі