400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығатын газдың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғылардың принципиалдық сұлбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1


«Бейнеу политехникалық колледжі» МКҚК







Ашық сабақ


Тақырыбы: Шығатын газдың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғылардың принципиалдық сұлбасы



Пәні: Өндірістік-технологиялық практика

Мамандығы:1405043 – Газ обьектілері құрал-жабдығын

пайдалану технигі 4-курс

Пән оқытушысы: А. Мукангалиев















2018-2019 оқу жыл
















Бейнеу-2015ж.

ы






Сабақтың тақырыбы: Шығатын газдың жылуы регенерация-

лаушы газ турбиналы қондырғылар-

дың принципиалдық сұлбасы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік мақсаты: Студенттерге шығатын газдың жылуы

регенерациялаушы газ турбиналы

қондырғылардың принципиалдық

сұлбасы туралы түсініктерін

қалыптастыру,теориялық білімдерін

практикамен ұштастыру.

б) Дамытушылық мақсаты: Газ турбиналы қондырғылардың

принципиалдық сұлбасы бойынша

сұлбалар көрсетіп сабақты

дамыта жүргізу.

в) Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттыру, кәсіби

біліктілікке, еңбек сүйгіштік

қасиеттерге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта,

слайдтар,сұлбалар,видеороликтер.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ


Пәнаралық байланыс: Химия,физика, сызу.


Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі: (2 мин) Студенттермен амандасу. Сыныпты

ретке келтіру. Студенттердің сабаққа

қатысын тексеру


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру,сұрау: (12- 13мин)

Үйге тапсырма тақырыбы: Газ айдағыш агрегаттарда қолданылатын газ турбиналы қондырғылардың принципиалдық сұлбалары

1. Газ турбиналы қондырғылар (ГТҚ)?

2. Газ турбиналы қондырғыларының негізгі элементтері?

3. Жұмысшы денеге жылу берудің, жұмысшы денеде сығылу және

ұлғаю процестерін ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, газ

турбиналы қондырғылар нешеге бөлінеді атаңыздар?






4. Қарапайым ашық циклді газ турбиналы қондырғылар механикалық құрылымдылық жағынан нешеге бөлінеді атаңыздар?

5. Бір білікті қондырғылардың бойында қандай қондырғылар орналасқан және олардың айналу жиіліктері қандай?

6. Қарапайым ашық циклді газ турбиналы

қондырғылардың принципалдық сұлбалары қандай қондырғылардан тұрады атаңыздар?

7. Қарапайым ашық циклді газ турбиналы

қондырғылардың принципалдық сұлбаларын схемаға қарап,жұмыс жүйесін түсіндіріп беріңіздер?

8. Газ турбинасынан кейін шығатын жану өнімділігі қанша градус температурамен атмосфераға шығарылады?


ІІІ. Жаңа сабақ (түсіндірмелі-иллюстративтік)


Жаңа сабақ тақырыбы: Шығатын газдың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғылардың принципиалдық сұлбасы.

Турбинадан кейінгі шығатын газдың жылуын жану камерасына баратын ауаны жылытуға пайдалануды – жылуды регенерациялау (қайта пайдалану) дейді.

Жылуды регенерациялау газ турбиналы қондырғыларына берілетін отын шығынын азайтады және қондырғының экономикалық көрсеткіштерін жақсартады.

Бұл кезде қондырғылардың пайдалы әсер коэффициенттері 32–35% дейін жетеді, яғни шығатын газдардың жылуын регенерацияламайтын қондырғыларға қарағанда ПӘК-і 4–5% көбейеді. Шығатын газдардың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғының принципиалдық жұмыс сұлбасы төменде 1.3-суретте көрсетілген. Шығатын газдардың жылуын регенерациялаушы қондырғыларда (1.3-сурет) жұмыстық процесс төмендегіше өтеді:

Атмосфералық ауа сүзгі жүйелерінен өтеді және осьтік компрессорда 1 сығылып ауа қыздырғышқа (регенератор) 2 келеді, онда газ турбинасынан шыққан газдардың жылуы арқылы оның температурасы 200...250°С-ге дейін көтеріледі.

Регенератордан кейін сығылған ауа жану камерасына (ЖК) түседі, бұл жерге екінші жақтан отын газы беріледі. Отын жанғаннан кейін жоғары қысымды турбина (ЖҚТ) алдындағы жанған өнімнің температурасы турбина дискілері мен қалақшаларының ыстыққа төзімділік температурасына дейін (900 0C) жетеді.







1.3-сурет. Пайдаланылған газдардың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғының принципиалдық сұлбасы:

1–осьтік компрессор; 2–регенератор; 3–жану камерасы; 4–жоғары қысымды турбина (ЖҚТ); 5–төменгі қысымды турбина (ТҚТ); 6 –пайдалы жүктеме (газ айдағыш)

Газ төменгі қысымды турбинада ұлғайып жанған өнім регенераторға 2 өтеді, бұл жерде температураның бір бөлігі –компрессордан сығылып келе жатқан ауаны қыздыруға жұмсалады, ал салқындатылған газ түтін құбыры арқылы атмосфераға шығарылады.

Бұл жерде қаптарланған (пластинкалы) регенераторлардың конструкциялық және технологиялық кемшіліктерін айта кеткен жөн, себебі газ турбиналы қондырғыны бірнеше рет қосып ажыратқаннан кейін регенератордың саңылаусыздығы жоғалады.

Осыған байланысты регенератор өз көрсеткіштерін жояды, регенерациялау дәрежесі азаяды және газ турбиналы қондырғының техникалық сипаттамасы төмендейді. Қазіргі кездері бұл регенератордың орнына құбырлы (трубчатый) және термоқаптар ланған регенераторлар қолданылады.

Ауаны сатылы сығымдаушы және аралық салқындатушы газ турбиналы қондырғыларының принципиалдық сұлбасы

Ауаны сатылы сығымдаушы, аралық салқындатушы және шығатын газдың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғының принципиалдық жұмыс сұлбасы 1.4-суретте көрсетілген.

Атмосфералық ауа компрессор К1 мен сорылады және белгілі қысымға дейін сығылады, сосын ауаны салқындатқышқа (АС) бағыттайды, онда ол ауа тұрақты қысымда салқындайды және сосын компрессор К2-ге барады, онда белгілі қысымға

дейін сығылады. Бұдан кейін ауа регенератор Р арқылы өтеді, онда ол турбинадан шығатын газдың жылуымен қыздырылып жану камерасына ЖК барады. Жану камерасынан жану өнімділігі жоғары қысымды турбинаға бағытталады, ал сосын

төменгі қысымды турбинада ұлғайып, регенератор арқылы атмосфераға кетеді.

Газ айдағыш агрегаттарды пайдалану кезінде ауаны сатылы екі осьтік компрессорлар-мен сығымдаушы газ турбиналы қондырғылар қолданылады және олар да аралық

салқындатылмайтын күштік еркін турбиналары болады. Мұндай газ турбиналы қондырғылар авиациялық түрлерінде жасалған, жоғары сығымдау дәрежесі (18...25), іске қосу және өзгермейтін режимдерде компрессорлардың орнықты жұмыс істеуін





қамтамасыз етеді. Жанған өнімнің турбина алдындағы жоғары температурасына және жоғары сығымдау дәрежесі бұл қондырғылардың ПӘК-нің деңгейін 33...35 %-ға және одан да жоғарылатуға мүмкіндік туғызады.

Төменгі және жоғарғы қысымды компрессорлар жетегі орта және жоғарғы қысымды турбиналардан «біліктегі білік» сұлбасында іске асады (1.4-сурет). Бұл қондырғыларда үш турбина болады: жоғары, орта және төменгі қысымды турбиналар. ЖҚТ – жоғары қысымды турбина; ТҚТ – төменгі қысымды турбина; К1–төменгі қысымды осьтік компрессор (ТҚК бірінші сығылу сатысы); К2–жоғары қысымды осьтік компрессор (ЖҚК) (екінші сығылу сатысы); Р – регенератор; ЖК – жану камерасы; АС – ауа салқындатқыш; ПЖ – пайдалы жүктеме (айдағыш);


1.4-сурет. Ауаны сатылы сығымдаушы, аралық салқындатушы және

шығатын газдың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғының принципиалдық сұлбасы.


ІV.Бекіту: Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында сұрақ-жауаптар.(тосыннан)

1. Жылуды регенерациялау (қайта пайдалану)дегеніміз?

2. Пайдаланылған газдардың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғының принципиалдық сұлбасын қайта түсіндіріп өтіңіздер?

3. Ауаны сатылы сығымдаушы, аралық салқындатушы және

шығатын газдың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғының принципиалдық сұлбасын қайта түсіндіріп өтіңіздер?


V.Қорытынды: Интерактивті тақтадағы ведеоролик бойынша қорытындылау.

VI.Оқушыларды бағалау: Студенттерді сабаққа белсенді қатысына және сұрақтарға жауап бергендігіне қарай бағалаймын (2 мин).

VII.Үйге тапсырма: Шығатын газдың жылуын регенерациялаушы газ турбиналы қондырғылардың принципиалдық сұлбасы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі