Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шығыс классикасындағы қазақ ғалымдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда Әл-фараби мен Абай Құнанбайұлының ғылым үндестігі жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әл-Фараби және Абай үндестігі - Ұлы даланың тұтастығы

...Бізді олардың балама біріне де,

Ұлыға да санама, іріге де.

Қалам тартқан қазақтың бәрі ақын,

Абай бірақ қайтадан тіріле ме...

М. Мақатаев

Қазақ жері- бізге адуынды ақынды, қайсар мінез батырды, уыт тілді шешендерді, әрі есімі әлемге мәшһүр ата-бабамызды, олардың еңбектерін бізге сый қылып тарту еткен киелі мекен. Топырағы тозбаған, ғылымы тоналмаған ұлы даламызбен, көкірек көрсетіп мақтанбау , әсте, ұят шығар. Қазақ жерінде, қазақ-араб мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, атақты ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби өмір сүргендігі күллі қазақ халқына мәлім. Әл-Фарабидің сарынымен жолы тоғысқан,халықтың көзі пайдасыз пақырмен байланған тұста, қалың елдің санасын оятуға жол нұсқаған Абай Құнанбайұлы да, қазақтың алтын бесігінің перзенті. Ендеше, "дана мен дараны" тарту еткен Қазақстан, біз өзіңе мәңгі бақи борыштармыз!

Шығыстың ғұлама-ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы қазіргі таңда Отырар аталатын, Сыр сағасындағы Фараби қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби еңбектері күні бүгінге дейін өз мағынасын жоғалта қоймады. Қоғамның ілгері дамуында, саяси көзқарастарда маңыздылығы аса зор.

Абай Құнанбайұлы 23 тамызда 1845 жылы Семей обылысы, Шыңғыстау баурайында өмір есігін ашқан. Абай 13 жасынан бастап, ел билеу ісімен айналыса бастаған. Ал, алғашқы өлеңін 10 жасында « Кім екен деп келіп ем түйе қуған» деп бастаған екен. Ақынның қағазға өлең құюы, кейіннен ұстаздық қызметке жетелеген.

Әл-Фараби мен Абайдың шығармашылығы параллель сызықтардай емес, біріккен ұзақ үндестіктей. Екі ғұламаның туындылары Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда ойып тұрып орын алары сөзсіз. Ойшылдардың өмір сүру аралығын ширек ғасырлар қамтысада, шығармашылық ойлары бір-бірімен тұтасып жатыр. Әл-Фараби мен Абайдың бір адамдай еңбек сіңірген салалары: шығыс әдебиеті, қазақ-араб мәдениеті, қиссалар мен трактаттар, философия және дінтану. Заманнан озық туған тұлғалар , біртұтас ұлы даланың үндестігіне айналды.

Қорыта келе , құдайдан басқасына бас ұрмаған ойшылдарымыздың, тәуелсіз елде, мерейтойы аталып өткізілуі көңіл қуантады. Яки, 2020 жылдың 29 қаңтарында ЮНЕСКО-ның қолдауымен, Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының салтанатты түрде бастау алуы, әрі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның шешімімен Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойының тойлануы, әрі күнтізбелік мерекеге енуі, жүректі жадыратар жағымды жаңалықтар болды. Ғылым жолында тер төккен ғалымдарымыздың мерекелік шараларын,назардан тыс қалдырмай тойлап тұрсақ, өскелең ұрпақтыңда білімге құлшынысы артпақ керек.

Сөз соңында:

-Алашым, сан ғасырға шырақ жаққан ғұламаларымыздың мерейтойы ғұмырлы болғай!

Сайын Айдархан Муслимұлы





Пайдаланылған дереккөздер:

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Әбу_Насыр_Әл-Фараби

  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Абай_Құнанбайұлы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
317
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12